«Петропавл қаласының білім бөлімі» кмм «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» кмм



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата28.03.2024
өлшемі1.29 Mb.
#496849
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Теректің құрамындағы полифенолды қосылыстар

 4.3 Қолданылауы және мәні  
Теректердің ағашы жеңіл, ақ, жұмсақ, оңай өңделеді және техникалық 
мақсаттарда өте кең таралады:қағазға арналған шикізат, жасанды жібек алу 
үшін, сіріңке шырпысы, фанера, қарапайым жиһаз, полиматериалдар, 
ыдыстар, қашалған кеме және көптеген басқа заттарды дайындау. Ағаш 
сондай-ақ сапасы төмен отын мен ағаш көмірін алуға жіберіледі, өйткені терек 
ағашының жылу бергіштігі мысалы, қайың ағаштарына қарағанда 1,5 есе 
төмен. Орманы аз оңтүстік аудандарында ағаш ғимараттардың құрылысына 
жұмсалады. Терек ағашы сондай-ақ ұзақ уақыт бойы темір жолдар 
құрылысында шпал ретінде қолданылып келді. Бүршіктен сия көк түсті, ал 
жапырақтарынан – сары түс алады. Жапырақтары бар балауса бұтақ малға 
арналған бұтақты азық болып келеді. Қыстың күні терек діңінің 
салыстырмалы тік жайы байқалады, бұл теректің көшелерді абаттандыруға 
оны кең қолдануына негіз болып отыр. Терек жылдам өседі, және жұмсақ 


18 
ағашты жасайды. Салыстырмалы түрдегі жедел өсімі және биомассаның пайда 
болуына байланысты терек талмен қатар жылуды (өртеу) алу мен жанар-
жағармай (этанол) өндірісі үшін қалпына келетін энергия көзі ретінде 
белсенді қолданылады. Бертін келгі зерттеулер, теректердің өсімін бұдан да 
артық жылдамдатуға эндофиттердің кейбір түрлері қабелітті екендігін 
көрсетіп отыр. Қазіргі кезде АҚШ, Канада, ЕС және Қытайда топырақтың 
санациясы (түзету) үшін ауыр металлдардың жиналуы мен игерілуі және 
зиынкестерге тұрақтылық, ағаш сапасын арттыру мақсатында генетикалық 
жетілдірілген теректің далалық сынамалары жүргізіліп жатыр. Американдық 
бальзам иісті теректің (Populus balsamifera) геномасының толық мағынасын 
ашуының арқасында 2004 жылы мысалы, ағаштың генетикалық жетілдірілген 
сұрыптарының тұрақтылығын зерделеу бойынша зерттеудің басқа түрлері 
мүмкін болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет