Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет97/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   119
Авакова фразеосемантика

Авакова Р.А. Фразеосемантика
190
компонент кірмейді. Пікірін дәлелдеу негізінде мынандай тұжырымдар 
келтіреді: 
1. Эмоционалдық бояу мен экспрессивтілік – тілдің қасиетін, ал олар 
функционалдық-стилистикалық қасиетке сөйлеу кезінде ие болады. Мы-
салы, Атырау, Маңғыстау аймақтарында ауызекі тілде қолданылатын ау-
ыздап жіберу «ән салу, ән шырқау» мағынасындағы фразема: Есентайдың 
домбыраға қосылып ауыздап, ауыздап жіберітіні бар.
2. Эмоционалдық бояу мен экспрессивтілік лексикалық мағынаның 
өзгеруіне әкеп соғады. Ал стилистикалық микро-компоненттер мұндай 
қасиетке ие емес. Мысалы, талқылау бұрын «теріні талқыға салып 
жұмсарту» мәнінде қолданылса, кейін оған «мәселені жан-жақты тексеріп, 
пікір алысу» мәнінде қолданылатын болды. Сонымен қатар байланыс – 
тілдегі белгілі бірінші мағынасы «қарым-қатынас, аралас» мәніне қосалқы 
«хат-хабар, телефон, телеграф арқылы қатынас жасау орны, мекеме» мәніне 
ие болды.
3. Сөздің фукционалды-стилистикалық бояуы (эмоционалдық және 
экспрессивтік микрокомпоненттермен салыстырғанда) сөздің ұғымдық 
мазмұнына айтарлықтай әсерін тигізбейді. Салыстырыңыз: мүмкіндік және 
мүмкіншілік бір түбірлі сөздердің мағынасы бірдей және т.б.
Л.Е. Кругликованың көзқарасы А.В. Филиппов пен Э.Г. Ризель 
пікірлеріне қарама-қарсы. Бұл пікір В.И. Шаховскийдің коннотация 
белгілерінің кең мағынасымен де (эмотивтік, экспрессивтік, бағалағыштық 
және стилистикалық бояу) үйлесе қоймайды. В.И. Шаховский бағалау және 
экспрессия мағынаның денотативтік аспектісінің микрокомпоненті, себебі 
– экспрессивтіліктің негізінде қарқындылық (интенсивтілік) жатыр, ол – 
атау номинациясы белгісінің көрсеткіші болып табылатын ұғымдық кате-
гория. Сондықтан экспрессивтілік сөздің денотатының құрамдас бөлігіне 
кіреді. Салыстырыңыз: аусар, алаңғасар, дөкір, ожар, есерсоқ, даңғой, 
әңгүдік, дарақы, жынды және т.б. сөздердің әрқайсысының өздеріне тән 
жеке-жеке мағынасы бар. Бірақ олардың барлығының басын біріктіріп 
тұрған интенсионал мағына – жек көру, ұнатпау мәні қарқынды мағынаны 
беру мақсатында қолданылады.
Экспрессивтіліктің конструктивті негіздерінің қатарына атаудың 
номинациясының көрінісі, яғни сөздің бейнелілігі (образдылығы) жатады. 
Номинативті бірліктердің көпшілігінің экспрессивті қызметінің негізінде, 
олардың табиғатына тән бейне жасау мен көркемдік елес қасиетінің 
семантикалық микрокомпоненті жатыр. Бұл қасиет сөздің прагматикалық, 
яғни ықпал ету, әсер ету әсерін күшейтеді. Мысалы: жазғыру, сөгу, кіналау, 
кінараттау, айыптау, қаралау, бетіне басу, қара бет қылу, жерден алып, 
жерге салу, аузын ашырмау және т.б. 
Сонымен, В.И. Шаховскийдің пікірінше, қарқындылық пен бей-
не лілік атау номинациясының көрінісі болып табылады, сондықтан 
да экспрессивтіліктің негізі – сөздің денотациясы. Сонымен қатар ав-


191
Фразеологиялық коннотация
191
тор экспарессивтіліктің өзін екіге бөліп қарайды: бірінші – жеке автор-
лар қаламына тән семасиологиялық категория, екіншісі – жеке ав тор лар 
қаламына тән, тілдік құралдар мен стилистикалық тәсілдер не гі зінде 
жасалатын стилистикалық экспрессивтілік. Мұндағы бізге қажеттісі – 
мағына аспектісінің денотативті микрокомпоненті болып табылатын 
экспрессивтіліктің семасиологиялық категориясы. Көптеген лек сико-
логияға арналған оқулықтар мен оқу құралдарында лексикалық мағынаның 
эмоциоанлды-эксперссивті бояуы туралы сөз қозғалады. Сонда осы аталған 
терминнің қолданысы қаншалықты орынды? Қолданыс дұрыс болған 
жағдайда, лексикалық мағынаның микрокомпоненті туралы пікірге не ай-
тамыз? Ол денотативті ме, әлде коннотативті ме?
Алдымен айта кететін жайт: зерттеушілердің басым көпшілігінің сөз 
мағынасы мен фразеологизм мағынасының құрамында эмотивті семаның 
барлығын мойындайтындығы. Эмоционалдық сема сөйлеушінің атау но-
минациясын қабылдауда нақты сезімін білдіреді. Бұл сезім сөйлеушінің 
талабына орай әр қилы болуы мүмкін: сүйсіну, қуану, таңырқау, жиіркену, 
жек көру, күрсіну және т.б. Мысалы: мақтану, қораздану, қоқилану, ісіну, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет