Пікір жазғандар


Күйзеліс. Күйзеліске тұрақтылық шиеленістің алдын алу тәсілі ретінде



бет99/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Күйзеліс. Күйзеліске тұрақтылық шиеленістің алдын алу тәсілі ретінде

Кез келген шиеленістің сaлдары – күйзеліс. Оның белгілері (жоғары қозу, ой жинақтай алмау, себепсіз шаршау, т.б.) бірден пайда болып, айқын көрініп тұрады. «Ашуланбаңыз», «Тыныш- талыңыз» дейді басқалар. Біз қуана ашуланбас едік, бірақ бұл қолымыздан келе бермейді.

Күйзелісті жағдай бізді жаулап алып, жібермейді: жағымсыз ойлар, себепсіз жағымсыз сөздер айтылып кетеді. Бұлай жалғаса берсе адамдар түрлі ауруларға шалдығып та қалады. Бұдан қалай құтылуға болады? Оған үш жағдай әсер етеді: 1) күйзе- лістің бастапқы кезеңінде; 2) күйзелісті жағдай барысына мүм- кін болатын шекара туралы айқын көрініс; 3) күйзеліске тұ- рақтылыққа қол жеткізуге белсенді дайындық.
Күйзеліс түсінігі мен табиғаты
«Күйзеліс» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қысым» деген мағынаны білдіреді. Ғылымға бұл терминді Канада физиологы Ганс Селье (1927-1982) 1936жылы енгізді, экстремалды жағдай- ларға организм реакциясының бейімделуінің жалпы концепциясын жасады. Концепцияның және жетекші түсінігінің атақты болуы- ның себебі оның көмегімен қарапайым күнделікті өміріміздің құбылыстарына жауап ала аламыз: пайда болған қиындықтарға, шиеленісті жағдайларға, күтпеген оқиғаларға, т.б.

Күйзеліс түсінігі және даму фазалары

Г. Сельенің классикалық анықтамасы бойынша, күйзеліс – бұл организмнің оған қойылған кез келген талапқа специфи-

калық емес жауабы, бұл жауап пайда болған талап және туын- даған қиындықтарды жеңуге бағытталған организмнің қысылуы болып табылады [62].

«Спецификалық емес» дегеніміз бұл жағдайда организм бейімделген барлық реакциясына тән деген мағынада. Мысалы, аязда организмнің жылыуын арттыруы үшін көбірек қимыл- дауға талпынамыз, ал қан тамырлары терінің беткі қабатында қысылып, жылу алмасу төмендейді. Ыстық күнде организм керісінше рефлексивті түрде тер бөліп, жылу алмасуды жоға- рылатады. Бұл – қоршаған ортаның нақты талаптарына жауап беретін спецификалық реакциялар.

Организмнің кез келген сыртқы әсеріне бейімделіп, қайта құрылуы – бұл күйзелістің негізгі мәні. Таңқаларлық, бірақ Г. Сельеның ойынша, суық, ыстық, қуаныш, қайғы, дәрі-дәрмек барлығы организмде бірдей биохимиялық серпін туғызады. Мұндайды электр құрылғылары: тоңазытқыш, жылытқыш, шам, қоңыраудан байқай аламыз, олар физикалық ортаны әр кезде әртүрлі өзгертеді, бірақ олардың жұмысы бір ғана факторға байланысты бұл – электр энергиясы.

Дәл осылай күйзеліс эффектісі сыртқы әсерлерге, оларға берілетін жауаптарға байланысты емес. Мұндай жауаптардың мәні жалғыз.

Г. Селье күйзеліске жауаптың динамикасын үш фаза көр- сетеді:


  1. үрей реакциясы, организм ресурстары мен қорғаныс күштерінің тез икемделуінен пайда болады;

  2. қарсы келу фазасы, күйзеліс әсерін туындатушылармен табысты жеңе алуы;

  3. тозу фазасы, ұзаққа созылған және өте қиын күрес, организмнің бейімделуі ауруларға қарсы келу қабілеті төмен- дейді.

Күйзелістің физиологиялық табиғаты

Күйзелістң физиологиялық және биохимиялық табиғаты қазіргі уақытта жақсы зерттелген. Сызба арқылы күйзелістің физиологиялық табиғатын былай көрсетуге болады. Қандайда бір күйзеліс факторы әсерінен (шиеленіс, күтпеген жағдай, қобалжулар т.б.) адамның ми қабатында күшті қозу нүктесі

пайда болады – оны доминанта деп атайды. Оның пайда болуы тізбекті реакцияның пайда болуына себепкер: сонымен қатар ми аралық құрылым – гипаталамус қозады, ол өз кезегінде өзі- мен тығыз байланысты ішкі секрецияның теміріне байланыс- ты – гипофизді белсендіреді. Гипофиз қанға арнайы гормонды (АКТГ – адренокортикотропнты гормон) бөледі, бүйрекүсті безі адреналин және басқа да физиологиялық белсенді заттар (күйзеліс гормондары) бөледі, ал бұл бәріміз білетін күйзелісті жағдайды туындатады: жүрек қағысы жиілейді, тыныс алу жиілейді, қан қысымы жоғарылайды т.б.

Күйзелістегі биохимиялық серпіндер ұзаққа созылған эво- люция барысында қалыптасқан организмнің сыртқы қауіпке қорғаныс қабаты болып табылады. Оның физиологиялық мәні – жауымен күресте организмнің барлық күштерін жылдам икемдеу немесе одан қашу.

Бірақ заманауи адам алғашқы адамдарға қарағанда мәселе- лерін физикалық күш қолдану немесе жылдам жүгірумен шеш- пейді. Сондықтан сіздің қаныңыздағы қолданылмаған гормон- дар организмді қоздырып, оған тынышталуға мүмкіндік бер- мейді.

Егер сол гормондар физикалық белсенділікке жұмсалған болса, күйзеліс салдары қауіпті үлкен болмас еді. Бірақ мұндай мүмкіндік қазіргі адамға беріле бермейді. Сондықтан өзі құрған күйзелісті тұзаққа өзі түседі: күйзелістің қанға авариялық бө- лінуі мидағы оның қорын азайтады, ал бүйрекүсті безі оны тез арада қалыпқа келтіре бастайды. Міне, сондықтанда, әлсіз болса да қайталанған эмоциялық қозуда организм рефлекторлы түрде гормонның көп мөлшерде бөлінуі байқалады. Күйзелістің био- химиялық табиғаты осылайша ашуланшақ, адекватты емес адам іс-әрекетінің артында жасырын тұрады.

Күйзелісті жағдай қауіпті болумен қатар, организмдік бұ- зылыстарға жүрек-қантамырлары, аллергиялық, иммундық және басқа да аурулардың туындауына себепкер. Осынымен қатар адамның еңбекке жарамдылығы, өмірлік және шығармашы- лық белсенділігі төмендейді. Себепсіз шаршап, пассивтілік, ұйқысыздық немесе ашуланшақтық, барлық әлемге көңілі тол- мау – күйзелістің белгілері. Осы жерде бұл жағдайға бір нәрсе

жасауға бола ма? деген сұрақ туындайды. Күйзелісті айналып өтуге бола ма?

Бұл сұраққа жауап – міндетті түрде қарсы. Күйзелістен мүл- дем құтылу мүмкін емес. Себебі олардың табиғаты рефлектор- лы. Бұл – организмнің қолайсыз жағдайларға автоматты түрде жасалатын реакциясы. Бұл – адамның табиғи қорғанысы. Оны өшіру – адамның өмірін жою, сыртқы ортаны сезіне алмайтын- дай ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет