Абай облысы білім басқармасының Семей
қаласы білім бөлімінің
Знаменка жалпы орта білім беретін
мектебінің 10-сынып оқушысы
Машенова Нұржамалдың
«Ауыз судың химиялық құрамының Көкентау
тұрғындарына әсері» тақырыбындағы ғылыми
жобасына
ПІКІР
«Знаменка жалпы орта білім беретін мектебінің» КММ-нің 10-сынып оқушысы Машенова Нұржамалдың «Ауыз судың химиялық құрамының Көкентау тұрғындарына әсері» тақырыбында жазған ғылыми жобасы қазіргі таңда қажетті жазылған жұмыстардың бірі.
Оқушы бұл ғылыми жұмысында судың қасиеттерін зерттей отырып, оның медициналық әсерін зерттей отырып, тәжірибе жасау арқылы дәлелдеп, түсінікті тілде жазған. Өз өлкесіндегі ауыз судың сапасын, фильтр және және кран суларымен құрамына сапалық анализ жасай отырып, салыстырмалы түрде толыққанды тоқталған, сауалнамалар жүргізген. Ауыз судың қасиеттері, қолданылуы туралы және одан пайда болатын медициналық әсерін таныстыра отырып, құрамының маңыздылығын білу керектігін және адам ағзасына су құрамының зиянды жолдарын ғалымдар еңбектерін жинастыру арқылы зерттеген. Жоба жазуда оқушы өзінің алдына қойған міндеттерін іс жүзінде орындап, адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғауға өзінше үлес қоса білген. Жұмыс барысында көптеген мәлеметтер жинақталды. Энциклопедиялармен, түрлі баспа көздерімен, мектеп оқулықтарымен жұмыс істей алды. Оқушы бұл жоба үшін жинақталған еңбектерді талдап, материалдарды бір жүйеге келтірді.
Бұл 10-сынып оқушысы Машенова Нұржамалдың «Ауыз судың химиялық құрамының Көкентау тұрғындарына әсері» тақырыбында жазған ғылыми жобасы келешекте жалғасын табады деп сенемін және өз қолданушыларын табатындығы анық.
Пікір жазған :
Достарыңызбен бөлісу: |