Пирзадаев арман нургабылович


ЖЫМҚЫРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата31.05.2024
өлшемі1.21 Mb.
#502160
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Dissertatsiya Pirzadaeva-Armana-Nurgabyilovicha-KAZGYUU

3 ЖЫМҚЫРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ 
БҰЗУШЫЛЫҚТАРДАН 
КЕЛЕТІН 
ҚОҒАМҒА 
ҚАУІПТІ 
ЗАРДАПТАРДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
3.1 Жымқырудан келетін зардаптардың құны 
Қылмыстық құқық бұзушылық зардабына деген қызығушылық - тек 
қылмыстық құқықта емес, соңғы уақыттары криминология ғылымында да 
артып отыр. Оны криминология ғылымының біртіндеп өркендеуімен, 
дамуымен байланыстыруға болады. Және қылмыстылық категориясын 
қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін зардаптарсыз, олардың 
мөлшерін білмей терең зерттеу мүмкін емес. Сондай-ақ қылмыс құрамы 
элементтерінің ішінде криминологияның зерттеу объектісіне айналған 
элемент қылмыс зардаптары ғана деп толық айта аламыз.
Тек криминология ғылымында қылмыс зардаптарын қылмыстық- 
құқықтық тұрғыда ғана емес, қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
әлеуметтік зардаптары тұрғысында зерттейді. Бұл дегеніміз, қылмыстық 
құқық бұзушылықтардың әлеуметтік зардаптары қоғам үшін орасан зор және 
маңызды екенін көрсетеді. Себебі, қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
басты қаупі қылмыстық құқық бұзуышлықтардың істелуінде емес, қылмыскер 
зұлымдықты (іс-әрекетті) жасау арқылы жетуді көздеген туындауы мүмкін 
зардабынан көрінеді.
Дәл осы қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін зардап тарихи 
жағынан алғанда мынадай жетістіктерге жетеледі: 
– қылмыстық заңдардың пайда болуына, оларды қолданудың 
процессуалдық ережелерінің пайда болуына, қылмыстық жазалардың 
түрлерінің пайда болуына әкелді; 
– қылмыстық юстиция жүйесін өмірге әкелді (милиция, полиция, тергеу 
аппараты, прокуратура, сот, адвокатура және т.б.); 
– криминалдық циклдағы пәндердің жүйесін (қылмыстық құқық, 
қылмыстық іс жүргізу құқығы, криминалистика, қылмыстық-атқару құқығы, 
құқықтық статистика, криминология мен виктимология, соттық медицина мен 
соттық психиатрия және өзге де ғылым салалары) туындатты; 
– қылмыстылықтың салдарын жоюға бағытталған шаралар мен 
құжаттарды тек қана мемлекетішілік деңгейде емес, халықаралық құқықтық 
деңгейде дайындауды ұйымдастыратын ұйымдарды құру мен қалыптастыруға 
әкелді; 
– қылмыстылықтың алдын алу үшін қылмыстылық көрсеткіштерін 
жинақтап, талдау жүргізу мен криминологиялық болжамдар жүргізудің 
негізін қалады.
Бұл 
жетістіктер 
қылмыстылықтың 
әлеуметтік 
салдарын 
қылмыстылықпен 
күресудегі 
ғылыми, 
құқықтық, 
методологиялық, 
ұйымдастырушылық, құқық қолданушылық, техникалық, атқарушылық және 
т.б. міндеттерді шешу құралы болып қалыптасқанын білдіреді. Дегенмен осы 
зерттеу көрсетіп отырғандай қылмыс зардабы мәселесі әлі де жетілдіріле 


79 
түсуді қажет етеді. Ал бөтеннің мүлкін жымқырудан келетін зардап мәселесі 
өз алдына.
Қылмыстың әлеуметтік зардабы әр түрлі нысанда көрініс алуы мүмкін: 
зиян, залал, жоғалту, шығын сияқты жалпылама терминдер салдар ұғымымен 
бірге тек қана теорияда емес, қылмыстық заңнамада да өзінің заңдық 
бекітілімін тапқан. Олардың арақатынасы мәселесі алдыңғы тарауларда 
нақтыланды, мұнда біз осы категорияларды біріктіретін криминологиялық 
ұғым ретінде «әлеуметтік зардап» мәселесін қарастырамыз. 
Дей тұрғанмен, әлеуметтік зардап шын мәнінде әр түрлі және әр нақты 
жағдайда нақтыланып отырады. Ол адамдар өмірі мен қызметінің әр түрлі 
салаларын әр түрлі деңгейде және түрде бұзады. Қылмыстық құқық 
бұзушылық әлеуметтік зардабы моральдық, отбасылық, денсаулыққа, 
экономикаға, саясатқа, өндіріске, ғылым мен техникаға, әскери қызмет 
мүддесіне келетін және т.б. зардап түрінде болуы мүмкін. Оларды белгілі бір 
шекте немесе сандық көрсеткіш арқылы түсіндіру өте қиын. Тіпті 
мемлекеттік орган тарапынан жүргізілетін арнайы есептер де қылмыстық 
құқық бұзушылықтардан келетін зардап мәселесін материалдық жағынан ғана 
бере алуы мүмкін, оның өзі қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін 
зардаптың мөлшерін дәл және анық көрсетіп бере алмайды. Ал қылмыстық 
құқық бұзушылықтың әлеуметтік зардабын анықтау мен біріздендіру әр түрлі 
қылмыстық-құқықтық циклдағы пәндер шегінде дербес жүргізілгенмен, 
қылмыстың әлеуметтік зардабын кешенді түрде жинақтау осы күнге дейін 
жүргізілмеген.
Себебі, біз қылмыстылықтың көлемін статистикалық мәліметтер арқылы 
алғанымызбен нақты әрі шынайы көлемін білмейміз; оның әлеуметтік 
зардабын, қылмыстылықпен шын мәнінде тиімді күресуді білмейміз, әлемдегі 
өзгерістерге сәйкес оның қандай деңгейде болатындығын болжамдай 
алмаймыз. Оларды білген күннің өзінде біз алдымызда тұрған мәселелерді 
шешуге қауқарсыз екендігімізді түсініп «білмейміз» деп оңай құтыла 
саламыз.
Меншікті жымқыру қылмыстылығының мүмкін болатын әлеуметтік 
зардабын анықтау барысында төмендегідей салдарлар есепке алынуы мүмкін: 
1) криминогендік фактор ретінде, яғни жаңа қылмыстық құқық 
бұзушылықтарды туындататын фактор ретінде болады; 
2) 
қылмыстық 
құқық 
теориясында 
немесе 
криминологияда 
ескерілгенімен, бағалық тұрғыда көрініс таппауы мүмкін (500 мын мен
700 мын теңге зардап келтірген қылмыскерлер бірдей жаза мерзіміне кесілуі 
мүмкін т.б.); 
3) криминологиялық болжамдар үшін маңыздылыққа ие болады.
Меншікке қарсы қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасы Бас 
Прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есептер 
жөніндегі комитетінен алынған мәліметтерге назар аударсақ, меншікке қарсы 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы қылмыстылық ішінде алатын 
орнының жоғары екенін аңғаруға болады. Меншікке қарсы қылмыстар 


80 
бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы Құқықтық 
статистика және арнайы есептер жөніндегі Комитетінің мәліметтеріне назар 
аударсақ, меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы 
қылмыстылық ішіндегі үлес салмағы жоғары екенін көреміз. Мәселен 
республикамызда тіркелген жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
ішіндегі меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлесі: 2010 
жылы - 67,4%, 2011 жылы - 80%, 2012 жылы – 81%, 2013 жылы – 77,9%, 2014 
жылы – 79,5%, 2015 жылы – 75% құрап отыр[6]. 
Көріп отырғандай, жоғарыда көрсетілген жылдар ішінде елімізде 
қылмыстылыққа қарсы белсенді күрес шараларына, сондай-ақ мемлекет 
тарапынан құқық қорғау органдарының саны мен сапасын арттырудағы 
жасалынып жатқан жұмыстарына қарамастан қылмыстылықтың жалпы 
көрсеткіштерінің ішінде меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылылқтар 
үлесі аз емес. 
Оның бірнеше себептерін көрсетуге болады: 
– қылмыстылыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік аппараттардың (әр 
түрлі органдарда ұйымдастырылатын шаралар мен жұмыстар өз алдына, дербес 
және жеке жүргізілуінде) жұмыстарының өзара үйлесімсіздігі және жүргізілген 
жұмыстар нәтижелерін талдаудың жеткіліксіздігі;
– қылмыстылықтың алдын алуға байланысты кешенді криминологиялық 
болжамдардың жүргізілмеуі; 
– әлемдік жаһандану жағдайында қылмыс істеу құралдары мен тәсілдері 
үнемі жетілдіріле түсіп қылмыстармен күрес шараларының алдын орап кетуі; 
– 2010-2012 ж.ж. бастап қылмыстар бойынша құқық қорғау органдарында 
түскен барлық арыздар мен хабарламаларды біріңғай тіркеу жүйесін енгізу 
нәтижесінде сапаға емес, санға таласу жағдайларының орын алуымен 
түсіндіріледі. 
Әрі қарай талдауымызды жалғастыратын болсақ, осы меншікке қарсы 
қылмыстық құқық бұзушылықтар арасында бөтеннің мүлкін жымқырумен 
байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлес салмағы келесі 
картинаны көрсетеді:
– 2010 жылы: Ұрлық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 175-бап) – 67,4%; 
Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иелену немесе ысырап ету (сол жылдағы 
қолданыстағы ҚК 176-бап) – 2,25%; Алаяқтық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 
177-бап) – 11,4%; Тонау (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 178-бап) – 12%; 
Қарақшылық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 179-бап) – 1,8%; Ерекше құны 
бар заттарды жымқыру (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 180-бап) – 0,0045%. 
– 2011 жылы: Ұрлық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 175-бап) – 73,5%; 
Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иелену немесе ысырап ету (сол жылдағы 
қолданыстағы ҚК 176-бап) – 1,4%; Алаяқтық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 
177-бап) – 9,6%; Тонау (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 178-бап) – 10,95%; 
Қарақшылық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 179-бап) – 12%; Ерекше құны бар 
заттарды жымқыру (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 180-бап) – 0,002%. 


81 
– 2012 жылы: Ұрлық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 175-бап) – 76,4%; 
Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иелену немесе ысырап ету (сол жылдағы 
қолданыстағы ҚК 176-бап) – 1%; Алаяқтық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 
177-бап) – 9,95%; Тонау (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 178-бап) – 8,7%; 
Қарақшылық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 179-бап) – 0,7%; Ерекше құны 
бар заттарды жымқыру (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 180-бап) – 0,002%. 
– 2013 жылы: Ұрлық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 175-бап) – 75%; 
Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иелену немесе ысырап ету (сол жылдағы 
қолданыстағы ҚК 176-бап) – 1,3%; Алаяқтық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 
177-бап) – 13%; Тонау (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 178-бап) – 6,7%; 
Қарақшылық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 179-бап) – 0,5%; Ерекше құны 
бар заттарды жымқыру (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 180-бап) – 0,001%.
– 2014 жылы: Ұрлық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 175-бап) – 76,3%; 
Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иелену немесе ысырап ету (сол жылдағы 
қолданыстағы ҚК 176-бап) – 1,5%; Алаяқтық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 
177-бап) – 13,5%; Тонау (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 178-бап) – 5,3%; 
Қарақшылық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 179-бап) – 0,4%; Ерекше құны 
бар заттарды жымқыру (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 180-бап) – 0,0007%. 
– 2015 жылы: Ұрлық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 188-бап) – 71,9%; 
Сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу (сол 
жылдағы қолданыстағы ҚК 189-бап) – 2,1%; Алаяқтық (сол жылдағы 
қолданыстағы ҚК 190-бап) –12,3%; Тонау (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 191-
бап) – 4,2%; Қарақшылық (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 192-бап) – 0,3%; 
Ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру (сол жылдағы қолданыстағы ҚК 
193-бап) – 0,002% [6]. 
Аталған жылдар ішінде тек қана қарақшылық қылмыстық құқық 
бұзушылықтар саны азайған, қалған қылмыс құрамдарының саны жыл артқан 
сайын артып отырғанын байқаймыз. Яғни, ауыр және аса ауыр қылмыстық 
құқық бұзушылықтар қатарына жататын бөтеннің мүлкін қарақшылықпен 
жымқыру қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі осы жылдар аралығында 
төмендегенмен, басқа құрамдар бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
саны артқан.
Ал қолданыстағы ҚР ҚК 193-бабы «Ерекше құндылығы бар заттарды 
жымқыру» құрамы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық салыстырмалы 
түрде аз әрі бір деңгейде сақталып тұр. 
Енді осы меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың зардабына 
тоқталып, 2010 жылдан 2015 жылға дейінгі істелген барлық қылмыстық 
құқық бұзушылықтардан келетін материалдық залал сомасы мен олардың 
қайтарылуына қатысты статистикалық мәліметтер қарастырсақ: 
2010 жылы 216261055,457 мың теңге залал келсе, 12008311,543 мың 
тенгелік мүлікке тыйым салынған, ал 54315298,530 мың тенге ерікті немесе 
мәжбүрлі түрде қайтарылған.
Соның ішінде меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан 
52553176,000 мың теңге, 1134152,866 мың тенгелік мүлікке тыйым салынған, 


82 
20628592,777 мың теңге қайтарылған.
2011 жылы 152939612,065 мың теңге залал келсе, 3243939,296 мың 
теңгенің мүлкіне тыйым салынған, 41026413,980 мың теңгенің мүлкі 
қайтарылған. 
Соның ішінде меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан 
36549169,833 мың теңге материалдық залал келген, 2127866,354 мың теңге 
мүлкіне тыйым салынып, 12446656,704 мың теңгенің мүлкі қайтарылған. 
2012 жылы 79976310,492 мың теңге залал келсе, 15416867,325 мың 
тенгелік мүлікке тыйым салынған, ал 21437236,594 мың тенге қайтарылған.
Соның ішінде меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан 
40190062,239 мың теңге материалдық залал келген, 7868726,598 мың теңгенің 
мүлкіне тыйым салынып, 14449935,683 мың теңгенің мүлкі қайтарылған. 
2013 жылы 239377234,920 мың теңге залал келсе, 50419532,501 мың 
теңгенің мүлкіне тыйым салынған, 41877454,972 мың теңгенің мүлкі 
қайтарылған. 
Соның ішінде меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан 
52342286,768 мың теңге материалдық залал келген, 1722741,149 мың теңгенің 
мүлкіне тыйым салынып, 7831577,798 мың теңгенің мүлкі қайтарылған. 
2014 жылы 136756611,415 мың тенге залал келсе, 8867411,245 мың 
тенгенің мүлкіне тиым салынған, 33780618,481 мың тенгенің мүлкі 
қайтарылған. 
Соның ішінде меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан 
104202811,096 мың тенге материалдық залал келген, 2373651,847 мың 
теңгенің мүлкіне тиым салынған, 25632226,908 мың тенгенің мүлкі 
қайтарылған.
2015 жылы 245513655,6 мың тенге залал келсе, 21938333,71 мың 
тенгенің мүлкіне тиым салынып қайтарылған. 
Соның ішінде меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан 
58671292,09 мың тенге материалдық залал келтірілген, 6828219,554 мың 
теңгенің мүлкіне тиым салынып қайтарылған. 
Талдау 
нәтижесінде 
біз 
салыстырған 
жылдардағы 
жалпы 
қылмыстылықтан келетін материалдық шығындар орасан зор сомманы 
құрайды. Ал осы материалдық зиянның ішінде меншікке қарсы қылмыстық 
құқық бұзушылықтардан келетін зардаптар осы жалпы қылмыстылықтан 
келетін зардаптардың жартысынан да көбін құрайтынын байқадық. 
Сонымен қатар, келтірілген залал мөлшерінің жымқыру зардабын 
анықтау үшін маңызды орынға ие екендігін тұжырымдаймыз [131]. 
Ал енді мешікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
зардабының ішіндегі жымқырумен байланысты жасалған қылмыстық құқық 
бұзушылықтарының зардаптарының құнына тоқталсақ.
2014 
жылы 
меншікке 
қарсы 
жасалған 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтардың зардаптарының 90% (102527992,697 мың тенге) 
жымқырудан келетін зардартар құраған. Оның ішінде 11,5% (13025301,215 
мың тенге) – ұрлықтан, 8,5 % (9625423,845 мың тенге) – бөтеннің сеніп 


83 
тапсырылған мүлкін иелену немесе ысырап ету, 69,6% (79176507,980 мың 
тенге) - алаяқтықтан, 0,3% (362214,630 мың тенге) – тонаудан, 0,3% 
(338545,027 мың тенге) –қарақшылықтан келген зардаптар. 
Сонымен қатар, осы қылымыстық құқық бұзушылықтар бойынша, 
әсіресе 2103160,868 мың тенге ұрлық бойынша, 1711790,347 мың тенге 
бөтеннің сеніп тапсырған мүлікті талан-таражға салу бойынша, 478406,246 
мың тенге алаяқтық бойынша, 4005,600 мың тенге тонау бойынша, 10620,000 
мың тенге қарақшылық бойынша мүлікке тиым салынған. 
2014 жылы жымқырудан келген зардаптардың 74,4% (76302413,755 мың 
тенге) заңды тұлғаларға, 20,4% (20878081,793 мың тенге) – жеке тұлғаларға, 
5,2% (5350210,849 мың тенге) – мемлекетке келтірілген. 
Заңды тұлғаларға келтірілген жымқырумен байланысты қылмыстық 
құқық бұзушылықтар зардаптаптарының құнының 7,5 % - ұрлықтан, 9,8% - 
сеніп тапсырған мүлікті жымқырудан, 82,5% - алаяқтықтан, 0,04% - тонаудан, 
0,03% - қарақшылықтан құралған. 
Жеке тұлғаларға келтірілген жымқыру зардабының 33,8% – ұрлықтан, 
3,1% - сеніп тапсырылған мүлікті жымқырудан, 60% – алаяқтықтан, 1,6% – 
тонаудан, 1,5% – қарақшылықтан келтірілген. 
Мемлекетке келтірілген жымқыру зардабының құнына келетін болсақ, 
оның 3,1% - ұрлықтан, 27,4% - бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иелену 
немесе ысырап ету, 69,4% - алаяқтықтан, 0,0006% - тонаудан тұрады. 
Жоғарыда көрсетілген 2014 жыл бойынша статистикалық мәлеметтерден 
жымқыру зардабының құнынының ауқымды бөлігінің «алаяқтықтан» 
келтірілгенін байқаймыз. 
2015 жыл ішінде жоғарыда көрсетілген меншікке қарсы жасалған 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың зардаптарының 86,4% (50724526,449 
мың тенге) жымқырудан келетін зардаптардың құны құраған. Осының ішінде 
0,04% (24604,843 мың тенге) - ұсақ-түйек жымқырудың, 17,8% (10547542,51 
мың тенге) - ұрлықтың, 19,9% (11673670,85 мың тенге) - сеніп тапсырылған 
бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу, 47,2% (27710291,59 
мың тенге) - алаяқтық, 0,9% (528992,616 мың тенге) - тонаудың, 0,4% 
(239379,04 мың тенге) - қарақшылықтың, 0,00008% (45 мың тенге) - ерекше 
құнды заттарды жымқыруға салудың зардаптары. 
Және жымқырушының ұсақ-түйек жымқыру бойынша 3,25 мың теңге, 
ұрлық бойынша 267120,032 мың теңге, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті 
иемденіп алу немесе талан-таражға салу бойынша 5433141,998 мың тенге, 
алаяқтық бойынша 1098516,94 мың тенге, тонау бойынша 17437,91 мың 
тенге, қарақшылық бойынша 3446,002 мың тенгенің құнында мүлкіне тиым 
салынып алынған. 
2015 жылы тіркелген жалпы меншікке қарсы қылмыстық құқық 
бұзушылықтарының зардабының 27% - мемлекетке, 25% - заңды тұлғаларға, 
48% - жеке тұлғаларға келтірілген. 
Енді олардың әрқайсысына жымқырудан келтірілген зардаптардың 
құнына келетін болсақ, мемлекетке 12% - мемлекетке, 25% - заңды 


84 
тұлғаларға, 63% - жеке тұлғаларға келтірілген.
Ал мемлекетке келтірілген жымқыру зардаптардың құнының 1% - ұсақ-
түйек жымқырудан, 46,7% - ұрлықтан, 11,4% - сеніп тапсырылған бөтен 
мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салудан, 40,9% - алаяқтықтан, 
0,006% - тонаудан болып отыр. 
Заңды тұлғаларға келтірілген жымқыру зардаптарының құнының 0,06% - 
ұсақ-түйек жымқыру, 7,79% - ұрлық, 35,7% - сеніп тапсырылған бөтен мүлікті 
иемденіп алу немесе талан-таражға салу, 55,7% - алаяқтық, 0,1% - тонау, 0,6% 
- қарақшылық зардаптары құраған. 
Жеке тұлғаларға келтірілген жымқыру зардаптарының құнының 0,06% - 
ұсақ-түйек жымқыру, 25,9% - ұрлық, 2,3% - сеніп тапсырылған бөтен мүлікті 
иемденіп алу немесе талан-таражға салу, 69,1% - алаяқтық, 1,9% - тонау, 0,6% 
- қарақшылық, 0,0001% - ерекше құнды заттарды жымқыруға салу
зардаптары құраған. 
2015 жыл бойынша мәлеметтерден де, жымқырудан келтірілген 
зардаптардың ауқымды үлесі «алаяқтықтан» екенін байқаймыз, бірақ бұл 
жылғы мәлеметтің бір ерекшелігі мемлекетке келтірілген зардап құнының 
ауқымды бөлігінің «ұрлық» зардабынан келтірілгені. 
Осы жоғарыда көрсетілген жымқырудан келетін зардаптың құнының 
еліміздің аймақтарындағы үлесі бізді қызықтырмай қоймады. Сонымен, 2014 
жылы жалпы мемлекетіміздегі жымқыру зардабының үлесі Ақмола 
облысында -1,8%, Ақтөбе облысында – 8,7%, Алматы облысында – 1,2%, 
Алматы қаласында – 6,7%, Астана қаласында – 2,4%, Атырау облысында – 
0,8%, Шығыс Қазақстан облысында – 7,9%, Жамбыл облысында – 0,8%, 
Батыс Қазақстан облысында – 1,6%, Қарағанды облысында – 1,5%, Қостанай 
облысында – 0,5%, Қызылорда облысында – 1%, Манғыстау облысында – 
2,2%, Павлодар облысында – 0,4%, Солтүстік Қазақстан облысында – 0,4%, 
Оңтүстік Қазақстан облысында – 62,2%
2015 жылы Ақмола облысында -1%, Ақтөбе облысында – 2,4%, Алматы 
облысында – 6,5%, Алматы қаласында – 36,4%, Астана қаласында – 0,08%, 
Атырау облысында – 3,5%, Шығыс Қазақстан облысында – 9,6%, Жамбыл 
облысында – 2,5%, Батыс Қазақстан облысында – 2,5%, Қарағанды 
облысында – 7,2%, Қостанай облысында – 8,2%, Қызылорда облысында – 
4,5%, Манғыстау облысында – 1,8%, Павлодар облысында – 2,7%, Солтүстік 
Қазақстан облысында – 1,5%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 9,5% [6].
Яғни, 2014 жылы жымқырудың зардабы бойынша бірінші орында 
Оңтүстік Қазақстан облысы болса, 2015 жылы біз жоғарыда байқағанымыздай 
алғашқы орынға Алматы қаласы шығып отыр. 
Егер, латенттік қылмыстар деңгейінің меншікке қарсы қылмыстарда 
жоғары екендігін ескерсек, бұл цифрлар өздігінен-ақ еселеніп шығары сөзсіз. 
Сондай-ақ, қылмыстылықтан келетін материалдық зардаптарды қайтару мен 
шығынның орнын толтыру бірмезеттік шаруа емес, оларды қайтаруға бір жыл 
емес, ондаған, жүздеген жылдар қажет болуы мүмкін, тіпті келген 
материалдық зиянның орны толтырылмауы да мүмкін. Соған қарамастан 


85 
қылмыс істегені үшін сот үкімімен кінәлі деп танылған тұлғаны қылмыстық 
жазаға тартып қана қоймай, қылмыскерлерді меншік иесіне жымқыру 
нәтижесінде келтірген материалдық залалының орнын толтыру түрінде 
шешім қабылдау қажет. 
Қылмыс зардабы мәселесіне Л.В. Кондратюк және B.C. Овчинский 
өздерінің «Криминологическое измерение» атты еңбегінде криминалдық 
мінез-құлықты биологиялық, экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, 
саяси, рухани-этикалық контекстік көпөлшемді жүйеде қарастырып,
биологиялық, психикалық және рухани тұрмыс секілді үш кеңістікті 
өлшеммен өлшейді. Осылай адамның жүріс-тұрысы оның өзінің ішкі 
дүниесіндегі рухани жағдаймен, сонымен қатар онымен қатынасқа түсуші 
қоғамның рухани жағдайымен тікелей байланысты деп ұйғарады. Және осы 
ұйғарымды басшылыққа ала отырып қылмыстылықтың құнының мәселесін 
шешуге тырысады. Сонымен қатар, авторлар, мысалы: кісі өліміне 
байланысты қоғамға келтірілетін залал өлшеу үшін жәбірленушінің орташа 
жалақы көрсеткішін, жасын және орташа өмір сүру ұзақтығын есепке ала 
отырып келесі формуланы ұсынады: Ус=(t-t2)S. t-орташа өмір сүру ұзақтығы, 
t2-жәбірленушінің жасы, S-жәбірленушінің орташа жалақы көрсеткіші. (t-t2)- 
жәбірленушінің орташа өмір суруге мүмкін жасы.
Ал, осы қылмыс түрімен келтірілген жалпы залалды есептеу үшін (Усо), 
жеке залалды (Ус) жалпы жәбірленушілер санына көбейтеміз(N): Усо=УсN. 
Осы формулаға сәйкес, бір қылмыстың залалын анықтау үшін: Ус=Усо/N 
сүйенуге болатынын қарастырады [132, с. 8-13]. Әріқарай ол И.А. Ильинге 
сілтеме жасайды «Зұлымдық – адам бар жерде бар, және бұл жерде адам 
денесі емес, оның жан дүниесі мен рухани әлемі – қайырымдылық пен 
зұлымдықтың шынайы орналасатын жері» [133, с. 23].
М.Х. Хутыз «Энциклопедия права» атты еңбегінде «өзінің құқықтық 
табиғаты бойынша құқық бұзушылық қоғамға қауіпті болып табылады, 
өйткені қоғамдық қатынастарға белгілі бір зиян келтіреді немесе мұндай 
зиянды нақты тудыру қауіпін төндіреді... Зиянның болуы әрбір 
құқықбұзушылықтың міндетті белгісі [134, с. 111]. Ол болмаса іс-әрекеттің 
қоғамға қауіптілігі болмас еді»-дейді.
Әр түрлі авторлар әр түрлі пікірлер білдіруі заңды. Дегенмен 
криминология үшін ең бастысы қылмыстық құқық бұзушылық зардабының 
құны деуге болады. Қылмыстылықтың көптеген әлеуметтік салдары шын 
мәнінде түбегейлі зерттелмейді, математикалық (статистикалық) тұрғыда 
бағаланбайды, жалпыланбайды, нәтижесінде қылмыстылықпен күрестің 
құқықтық негіздерін қалыптастыруда ескерілмейді.
Қылмыстылықтың нақты құнын білу біздіңше елдегі криминогендік 
жағдайды бағалаудың, қылмыстылықты минимизациялау мен оның алдын 
алудың негізіне алынуы тиіс. Қылмыстылықтың нақты құнын білу тиімді, 
экономды және ақылға қонымды ғылыми-негізделген жолдар іздеуге мәжбүр 
етеді. Қылмыстылықтың салдары ретінде оның нақты құнын білу арқылы 
қоғам өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын әр түрлі қылмыстық 


86 
қолсұғушылықтардан қорғай алады. Қылмыс құнын білу тек қана нақты 
қылмыстың қандай зардап келтіргенін білумен шектелмейді, ол материалдық, 
материалдық емес, жеке басылық, моральдық, әлеуметтік, экономикалық, 
саяси және құқықтық тұрғыда келтірілген зардаптарды бағалауға мүмкіндік 
береді [135].
Қылмыстық құқық бұзушылық құны дегенде шартты түрде қылмыстық 
құқық бұзушылық іс-әрекеттерден тікелей немесе жанама түрде келетін 
зардапты, сонымен қатар сот, құқық қорғау органдарын және 
қылмыстылықтың алдын алу міндеті жүктелген басқа да органдарын ұстап 
тұру үшін қажетті зардаптарды айтамыз.
Жекелеген дамыған мемлекеттерде (Ұлыбритания, АҚШ, Германия, 
Австрия, Канада, Жапония және т.б.) билік органдары қылмыстылықтың 
құны анықтауға біршама ресурстарын жұмсауға әзір. Себебі олардан алынған 
көрсеткіштер қылмыстылықпен күресті жоспарлау үшін аналитикалық 
жұмыстарда пайдаланылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың құны 
туралы ақпарат бұл елдерде ашық түрде таратылады. Бұрынғы КСРО 
елдерінде, соның ішінде біздің мемлекетімізде қылмыстың құны туралы 
ақпараттарды жинақтап талдау түгілі қылмыс құнының мазмұны мен оны 
анықтаудың методологиялық базасы қалыптаспаған.
Қылмыстық құқық бұзушылық құнын зерттеуге соңғы уақыттары 
криминология ғылымында қызығушылық артты. Зерттеушілер қатарында 
В.В. Лунеев [136], М.М. Бабаев [137], В.Е. Квашис [138], В.С. Овчинский 
[139], У.С. Джекебаев, Р.Т. Нуртаев, И.Ш. Борчашвили, Б.М. Нургалиев 
секілді отандық ғалымдардың арнайы еңбектері болмағанымен, ғылыми 
мақалалары жарияланып жур. Бұл мәселенің аздаған ғалымдар арасында 
қызығушылық тудыруы қылмыстық құқық бұзушылық құнын анықтау 
методологиясын қалыптастырудың күрделілігімен және криминологиялық 
тұрғыда қылмыстылық құнын есептеуден қандай тәжірибелік пайда келетінін 
түсіндірудің қиындығымен байланысты болуы мүмкін.
Қылмыстылықтың әлеуметтік салдарының негізгі құқықтық базасы 
ретінде қылмыстық кодекстер мен халықаралық құқықтық актілерден бастау 
алады. Сол сияқты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде де 
қылмыс зардаптары қандай да бір іс әрекеттің криминализациялануының 
негізіне алынып, әр түрлі көрініс табады. Мысалы, аса ауыр зиян, ірі мөлшер, 
елеулі түрде бұзу.
Бұл зардап түрлері әр түрлі қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
нәтижесі болғандықтан жалпыланбайды, оларға анализ жүргізілмейді. Бұған 
қоса еліміздегі қылмыстық құқық бұзушылықтардың латенттілігін, 
жаппайлылығын, 
жәбірленушілердің 
құқыққорғау 
органдарына 
арызданбауын қосатын болсақ қылмыс салдарын толық әрі нақты бағалау, 
оның құнын дәл белгілеу кедергісі көп түйінді мәселе екендігі көрінеді.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың (мысалы, пәтер, 
қалта ұрлығы немесе тонау қылмыстары) латенттілігі жоғары. Пайдакүнемдік 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың шанайы жағдайын эксперттік бағалау 


87 
криминологиялық оқулықтар мен әдебиеттерде кеңінен жазылып жүр [140,
с. 15-21].
Қылмыстылық жайлы картинаны толық білу үшін тек қана денсаулық 
пен өмірге келтірілген зиянды, меншікті немесе өзге де игіліктерді 
жоғалтуды, басқа да қаржылық және матерималдық залалдарды, моральдық, 
құқықтық немесе өзге де қыспаққа алуларды білу жеткіліксіз, әрбір қылмыс 
жөнінде осылардың бәрін кешенді түрде талдау жүргізу қажет.
Еліміздің қылмыстық заңнамасының міндеттері қылмыстық заңмен 
қорғалатын объектілерді қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау болса, олар 
тікелей және жанама түрде зардаптар, яғни әлеуметтік салдар 
қалдырғанымен, бұл қылмыстарды саралауда ескерілмеуі де мүмкін. Мысалы, 
бөтеннің автокөлігін ұрлау арқылы отбасының жалғыз табыс көзінен айыруы 
мүмкін, нәтижесінде отбасындағы автокөлік қана емес, балаларының аш 
қалуы немесе үйдегі мүгедек қария кісіні емханаға апара алмай салдарынан 
ол кісі қайтыс болуы мүмкін.
Сондықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде іс-
әрекеттердің барлық зардаптарды бағаламай, тек қана тікелей зардаптары 
белгіленген (яғни қылмыстарды дұрыс саралау үшін өте қажет деп 
заңшығарушымен танылғандары ғана енгізілген). Айта кету керек кінәнің екі 
нысанымен жасалатын қылмыстарда тек қана тікелей зардап емес, негізгі 
зардаппен бірге туынды зардап ескерілуі мүмкіндігін заң нормаларында 
кездестіруге болады. Яғни қасақана істеген іс-әрекет нәтижесінде абайсызда 
екінші бір заңмен қорғалатын объектіге қол сұғылады. Мысалы, ҚР ҚК
106-бабының 3-бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру 
нәтижесінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет қылмыстық 
жауаптылық туындатады. Мұндай салдары бар құрамдар меншікке қарсы 
қылмыстарда да кездеседі. ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігінің 5-тармақшасы 
бойынша бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында шабуыл жасау нәтижесінде 
«адамның денсаулығына ауыр зардаптар» әкелсе немесе 3-бөлігінің
1-тармақшасы бойынша «абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелсе» деген 
құрамдар енгізілген. Бұл зардаптардың маңыздылығын ескеріп заң шығарушы 
қылмыстық заң нормасының конструкциясына тікелей енгізген.
Ал бұл зардаптардың сыртында қаншама әлеуметтік салдары жатыр, 
болашақта қаншама адамдарға қиян келуі мүмкін. Айталық, қарақшылық 
қылмысының жәбірленушісі абайсызда қайтыс болса, ол жалғызбасты ана 
болса оның баласының болашақта қылмыскер болмасына кім кепіл? Мұндай 
жәбірленушілерді криминологияда қылмыстың «рикошеттік құрбандары» деп 
атайды. Мүлкінен айрылған құрбандар әр түрлі психологиялық күйзеліске 
түсуі мүмкін, экономикалық-материалдық жағдайы нашарлауы мүмкін, үй-
мүлкінен айрылып қана қоймай қоғамдағы орнынан айрылуы мүмкін, 
ішімдікке, маскүнемділікке салынуы т.б. мүмкін. Мұндай зардаптардың бәрін 
қылмыстық заңнамада бекітудің реті келе қоймас, алайда қылмыстық құқық 
социологиясы, криминология секілді ғылымдар ол зардаптарды терең зерттеп, 
оларды туындататын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен 


88 
күрес шараларының тиімділігін арттыру мәселесін қарастыра алады.
С.В. Землюков қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін мұндай 
әлеуметтік зардапты төрт топқа бөлуді ұсынады: біріншісі материалдық 
немесе материалдық емес игіліктерді жоғалтумен сипатталады; екіншісі 
зияндық жағдайды анықтаумен сипатталады; үшіншісі заңмен тыйым 
салынған қызметпен айналысумен сипатталады; соңғы төртіншісі қоғамдық 
игілікке қол жеткізе алмай қалуымен сипатталады [141, с. 5]. Бұндай бөлу 
шартты болса да шындыққа сай келетінін мойындауымыз қажет. 
Біз зерттеп отырған қылмыстылықтың қоғамға қауіптілігі өте жоғары, 
жеке тұлғаларға, ұйымдарға, мемлекет пен қоғамға елеулі материалдық залал 
әкеледі. Сонымен қатар бөтеннің меншігін жымқырудан келетін зардап тек 
қана меншік иесіне ғана емес, онымен күрес жүргізетін, осындай 
қылмыстылықтың алдын алатын мемлекеттің аппараттың да қызмет етуіне 
кететін орасан зор қаржы салуды қажет етуімен ерекшеленетін зардаптар да 
елеулі болып отыр.
Жалпы қылмыстық пайдақорлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
негізгі белгілеріне: біріншіден, бұл өзгенің мүлкіне қол сұғу. Пайдақорлық 
қылмыстар негізінен заттарға, соның ішінде ақша, бағалы қағаздар, өзге де 
мүліктерге қол сұғады; екіншіден, пайдақорлық мақсат біреудің мүлкін 
құқыққа қайшы қайтарымсыз алып қою; Үшіншіден, пайдақорлық қол 
сұғушылық шаруашылық қызметтен тыс не кінәлінің материалдық 
құндылықтармен жұмыс, өндіріс, бөлу салаларындағы өзінің жағдайын 
пайдаланбай-ақ жасалады.
Қазіргі уақытта жоғарыда айтқандай жалпы қылмыстылық ішінде 
жартысынан астамын алатын меншікке қарсы қылмыстылықтың құны 
мәселесін зерттеу арқылы мемлекет қылмыстылықтың экономикалық тұрғыда 
криминологиялық алдын алуға мүмкіндік алады. Қылмыстылықтың құны 
жөніндегі мәліметтер қылмыстық саясаттың нақты әрі тиімді, экономикалық 
жағынан және өзге де жақтарынан тиімді түрде қылмыстылықтың 
профилактикасына бағытталуын қамтамасыз етеді. Қазіргі және алыс-жақын 
болашақтағы меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
масштабын азайту үшін болжамдарды есептеуге көмектеседі, олардан келетін 
қоғамға қауіпті зардаптардың көлемін төмендетуге, ең бастысы адам өмірі 
мен денсаулығын, мүлігі мен тыныштығын қамтамасыз ету үшін қаншалықты 
құралдар мен қызметтерді қамтамасыз етуге кететін шығындарды алдын ала 
білуге ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар мүлікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
құны туралы мәліметтерді қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамға 
қауіптілігін 
есептегенде 
пайдалануға 
болады. 
Қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтардың қоғамға қауіптілік дәрежесін көрсететін индекстер 
криминологтар үшін қашанда қызықты. Әдетте мұндай индекстер тіркелген 
жалпы қылмыстылық пен сотпен тағайындалған жаза негізінде есептеледі 
[132, с. 164].
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құнын білу үшін 


89 
біздің зерттеуіміз жеткіліксіз. Біз тек осы жұмыста қылмыстылықтың 
құнының неден, қандай құрамдас бөліктерден тұратындығын түсініп 
көрмекпіз. Бұл мәселеге қатысты криминологияда түрлі көзқарастар бар. 
Мәселен, М.М. Бабаев, В.Е. Квашис «қылмыстылық құны» туралы кең және 
тар мағынада қарауды ұсынады.
Кең мағынада, қылмыстылық құны – бұл қылмыстылық нәтижесінде іс-
әрекетпен тікелей немесе жанама түрде әлеуметтік (экономикалық, 
адамгершілік, құқықтық және т.б.) құндылықтарды негативті өзгеріске 
ұшыратумен себепті байланыста болатын, сондай ақ қылмыстылықпен күрес 
және қылмыстылықтың алдын алуды ұйымдастырумен байланысты нақты 
зиян [137, с. 246].
Тар мағынада, қылмыстылықтың құны бұл келтірілген зиянның құндық-
бағалық көрінісі, ол мыналардан тұрады:
1) қоғамға қауіпті қылмысты іс-әрекеттің тікелей және жанама түрдегі 
зардабынан;
2) 
мемлекет 
пен 
қоғамның 
қылмыстылықпен 
күрес 
және 
құқықбұзушылықтардың алдын алуға жұмсайтын шығындарынан (әлеуметтік 
пайдалы және объективтік түрде қажетті) тұрады [137, с. 248].
Л.В. Кондратюк пен В.С. Овчинский де қылмыстылықтың құнын 
құрайтын элементтерді өздігінше бағалауға тырысты [132, с. 228-256]:
а) криминалдық экспансия құны (жымқырылған игіліктің құны);
б) криминалдық агрессия құны (адам өмірі мен денсаулығына қолсұғушылық 
құны) в) криминалдық алдау құны. Мұнда авторлар мемлекет пен қоғамның 
қылмыстылықпен күресу мен оның алдын алуға жұмсайтын шығындарын 
қоспайды.
Шетел криминологиясында қылмыстылық құнының мазмұнына қатысты 
түрлі пікірлер бар. БҰҰ тапсырыстарымен жұмыс істейтін World Federation 
аналитикалық тобы қылмыстылық құны ретінде қылмыстық ұйымдардың 
активтерін түсінеді [132, с. 255].
Американдық криминолог Х.Г. Деммерт қылмыстылықты құрайтын үш 
компонентті көрсетті:
1) қылмыстық мінез-құлықтан келетін тікелей зиян;
2) 
қоғамның қылмыстылықтың алдын алумен, қылмыскерлерді 
қылмыстық жауапқа тартумен байланысты шығындары;
3) қылмыскердің өзінің жоғалтулары (мысалы, қылмыс істеуге кеткен 
немесе жазасын өтеуге кеткен уақыты құқыққа сай өнімді қызметке 
жұмсалуы мүмкін еді) [142, р. 2-5].
Ұлыбритания Ішкі Істер Министрлігінің 2000 жылғы «Қылмыстылықтың 
экономикалық және әлеуметтік зардабы» [143], атты баяндамасында 
қылмыстылық құнын келесі компоненттерден тұрады деп көрсетеді:
1) «қылмысты күтетін құн» («costs in anticipation of crime» қылмыстың 
құрбанына айналу тәуекелін азайтумен байланысты қоғамның шығындары 
(қорғау жүйесіне, қылмыстық құқық бұзушылықтардан сақтандыруға, өзге де 
қауіпсіздік шараларына жұмсалатын шығындар);


90 
2) қылмыс жәбірленушісіне қылмыс істеу нәтижесінде келген зиянды 
ақшалай бағалау;
3) қылмыстық юстиция жүйесін ұстап тұруға кететін шығындар. Соңғы 
екеуін «қылмыстылыққа реакцияның құны» (costs in response to crime) деп 
атайды. Бұл баяндамадан Ұлыбритания үкіметінің қылмыскердің өзінің 
шығындарын, қылмыс құрбанының отбасының шығындарын, және өзге де 
жанама зардаптарды қоспайтынын көреміз. Көріп отырғанымыздай, 
қылмыстылық құнына қылмыс істеу нәтижесінде келетін зиянның кіретіні 
даусыз. Бағалауға тек қана тікелей негативтік салдар емес, жанама зардаптар 
да кіруі қажет. Олар қоғамға үлкен соққылар (зардаптар) әкеледі.
Қылмыстылықтың негізгі себептерін ашу үшін қоғамның әлеуметтік-
экономикалық құрылымына үңілу керек, сол әлеуметтік құрылымды тудыратын 
байланыстар мен қатынастарды зерттеу қажет. 
Сонымен қатар, экономикалық дамуы барысындағы кең ауқымды 
процестерге байланысты қайшылықтар қылмыстылықты өздігінен, бірден 
туындата салмайды, басқа әлеуметтік процестермен өзара әрекеттесіп, 
қоғамдық ортаның қалыптасуына, адамның өмір-тірлігіне қатысып барып 
туындатады. 
Қылмыс жасау дегеніміз әлеуметтік қайшылықтардан ғана туындайтын 
адам мен қоғам арасындағы дау. 
Қылмыстылықтың 
тікелей 
субъективтік 
себептері 
әлеуметтік 
қайшылықтардан, яғни, объективтік сипаттағы себептерден туындайды. 
Экономикалық қатынастардың қылмыстылықпен байланысы жайында тек 
соңғы кездері ғана айтыла бастады. Соның өзінде де толық емес, тиіп-қашып, 
экономикадағы кейбір кемшіліктерге талдама жасау түрінде. Дегенмен, 
ғалымдар қоғам өміріндегі кез келген проблеманың түбірі экономикалық 
қатынастарда жатқандығын мойындайды. 
Жоғарыда көрсетілгендерді ұмыт қалдыру қылмыстылықтың себептері 
туралы барлық ой-болжамды аяқсыз қалдырады. Көптеген ғалымдар 
«психологияға кетуге» ұмтылды (ұмтылуда), экономикалық қатынастардың 
бірінші екендігін ашып айта алмады. 
И.И. Карпецтің пікірінше, «қылмыстылық әлеуметтік сипаты бар, 
социализм үшін заңды құбылыс: оның себептері біздің қоғамымыздың 
дамуындағы қайшылықтар мен кемшіліктерде жатыр». Сондықтан да 
қылмыстылық қоғамда бар себептерден туындайды. Қылмыстылық көбейгенде 
ондай іс-әрекет жасауға бұрын қатыспаған адамдар онымен айналыса бастайды, 
әртүрлі әлеуметтік топтағы адамдар әскери қызметкерлер, ғалымдар, 
студенттер, т.б. қылмыскерлер қатарын толтырады. Қоғам келбеті өзгергенде 
қылмыстылықтың келбеті де өзгереді. Бұл жерде айта кететін бір ерекшелік: 
қылмыстылық, өз кезегінде, қоғамдық қатынастарға теріс ықпал жасай алады. 
Тағы да бір шындық, ол, қоғамымыздың қазіргі даму кезеңінде заңды 
түрде меншік иесіне айналып, кәсіпкерлік қызметке құқық алған адамдар мен 
оларға жалданып жұмыс істеушілердің мүдделері арасында туындайтын, күн 
асқан сайын шиеленісе беретін қайшылық. 


91 
Кезінде М. Гернет айтқандай, қылмыстылық факторлары жеке меншік 
институтымен тығыз байланыста болады [144, с. 32].
Қоғамға қарсы құбылыстардың себептерінде объективтік сипат бар, 
оларды тек объективтік қана емес, субъективтік факторлар да, олардың өзара 
әрекеттестігі де тудырады. Мысалы, экономикалық жағдай, негізінен, 
объективтік мүмкіндіктерді, сонымен қоса объективтік шекті алдын ала 
анықтайды, ондағы басқа факторлар (идеологиялық және әлеуметтік-мәдени) 
адамның тұлғасына ықпал жасайды. 
Демек, экономикалық қолайсыз жағдай, қоғамның және жеке адамның 
санасына ұялап, қоғамға жат мінез-құлықты тудырады, бірақ ол белгілі бір 
әлеуметтік топ деңгейінде, жеке адам деңгейінде көрініс табады. Сондықтан да, 
әрбір нақты жағдайда, қоғамға жат көріністердің себептеріне жататын 
объективтік жағдайлар мен субъективтік факторлар арасындағы өзара 
байланысты ашып, оның кімге көбірек ықпал жасайтынын ескеру керек. 
Әлеуметтік және экономикалық проблемалар кең ауқымда шешілсе ғана 
қылмыстылық азаяды, ол ахуал қоғам мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік 
және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүмкіндігін арттырады. 
Қылмыстылықтың түп-тамырын түсіну үшін мұнда әлеуметтік тұрмыстың 
ерекшеліктері, қайшылықтары және құрылымы жатқандығын ескеру қажет. 
Қоғамдық қатынастардың қалыптан теріс ауытқуы қалайда сананы 
өзгертеді, құндылықтарға көзқарас басқаша болады, адам азғындайды, мінез-
құлық өзгереді дейді ғалым-криминологтар. Онысы дұрыс. Мысалы, егер 
жастар өздерін еңбекте, оқуда және қоғамдық өмірде көрсете алатындай 
мүмкіндіктен айырылса, және де бос уақытын дұрыс пайдалана алмаса 
бойындағы барлық мүмкіндік-қабілетін қылмыстық іс-әрекеттерге жұмсауы 
мүмкін. 
Өмірде теріс ауытқу неғұрлым кең ауқымда болған сайын заң нормаларын 
жаппай бұзушылық көбейеді, қылмыстылық етек алады. 
Кезінде Д.А. Дриль қылмыстылықты әлеуметтік сырқаттың бір түрі деп 
қарастырған, ол өте орынды айтылған пікір еді, оның дұрыстығын соңғы 
кездері ғана мойындай бастадық. Қылмыс - әлеуметтік денедегі сырқат, адам 
бойындағы сырқат сияқты, одан жазылу үшін оны тудырған және себепші 
болған барлық факторларды зерттеу қажет.
Қарама-қайшылықтың екі түрі қылмыстық іс-әрекетке ұйытқы болады. 
Біріншісі - адамның мұқтаждығы мен оны қанағаттандырудағы әлеуметтік 
мүмкіндік арасындағы, екіншісі – құқықтық нормалар мен халықтың алдына 
қойған мақсаты арасындағы. 
Соңғы кездері қайшылықтың бұл екі түрі экономикада, саясатта, рухани 
өмірде болып жатқан құбылыстарды шиеленістірді, олар жаңа мазмұнға ие 
болды. 
Ұзақ уақыт бойы тұтынушылық бір арнада ұсталды, оны аталған 
қайшылықтардың талдамасы көрсетіп отыр. Халықтың басым көпшілігінің 
талабы шектеулі болды, ал басқаларынікі күрт өсті. Нарықтық қатынастардың 
қалыптасуына байланысты мүмкіндіктер де басқаша бола бастады. 


92 
Сұраным мен ұсыныс арасындағы қайшылық тұтынушылық дағдарысын 
шиеленістірді. 
Бұл 
экономикалық 
тұтынушылықтың 
себептері 
мен 
жағдайларының қалыптасуына және көрініс табуына әкеп соқты, бәрінен бұрын 
ұрлық, қорқытып алушылық, ұйымдасқан қылмыс бой көтерді. 
Қылмыстылықтың себептері жайлы сөз болғанда В.Н. Кудрявцев былай 
пайымдайды: «біріншіден, мәселе, өндірістің қысқаруында, бағаның 
босатылуында, сыртқы экономикалық байланыстардың бостандығында, 
сауданың бостандығында, саудагерлікке, оның ішінде валютамен саудаласуға 
рұқсат бергендікте. Халықтың қайыршылық күйін айналып өтуге болмайды. 
Халықтың 40%-тен астамы қазір кедейліктен де нашар тұрады. Бұл 
процестер экономикалық жағынан қылмыстылықпен тығыз байланысты». 
Осы айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады: қылмыстылық – 
адамзат тарихында бұрын болған және қазіргі бар қоғамдардың барлығының да 
ажырамас бөлігі. Оның болашақ тағдырын болжау үшін қажетті деректер әзірге 
жоқ, бірден бір жолы, ол – болжамды сәуегейлікпен немесе аксиомамен 
алмастыру. Сондықтан да, қоғамның және оның интеллектуалдық 
потенциалының мақсаты қылмыстылыққа жан-жақты әсер ете отырып оның 
деңгейін төмендету, құрылымын жұмсарту. Қылмыстылыққа әлеуметтік 
бақылау жасау және оны жүзеге асыруға болады. 
Пайдақорлық қылмыстылығының негізгі себептеріне мыналар жатады:
– 
әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің криминогендік рөлі;
– 
материалдық жоқшылық;
– 
экономикалық қызметті мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық 
бақылаудың әлсіреуі;
– 
пайдақорлық қылмыстылықпен күрестің заңды қамтамасыз етілуінің 
артта қалуы;
– 
құқық қорғау органдары қызметіндегі кемшіліктер.
Ал, ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық сияқты меншікке қарсы 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың тікелей себептері ретінде келесідей 
негативтік құбылыстар танылады:
– 
отбасылық-тұрмыстық ортада, жұмыс және оқу орындарында 
пайдакүнемдік мотивациясы қалыптасуы;
– 
жинақтау, көрсеқызарлық, пайдакүнемдік сияқты қасиеттерді тарату мен 
енгізу;
– 
бос уақытты ұйымдастырудың деформациялануы, маскүнемдік, 
алкоголизм мен наркотизм құмар ойындар, соның негізінде жеке тұлғаның 
деградациялануы;
– 
тұтынушылық-эгоистік көңіл-күй;
– 
мәдениеттің төмендігі.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды істеуге әсер ететін 
жағдайлардың қатарында:
– 
тұрғын үйлер мен ғимараттардың техникалық жағынан әлсіз қорғалуы 
немесе мүлде қорғалмауы;
– 
ұрланған мүлікті өткізумен күрестің жеткіліксіздігі;


93 
– 
қылмыскерлердің 
қолында 
есепсіз 
тіркелмеген 
түрлі 
қару-
жарақтарының болуы;
– 
өз мүлкін сақтауға азаматтардың құлықсыздығы; қоғамдық орындарда 
бейтаныс адамдардың жүріп-түруына шектеу мен бақылаудың болмауы;
– 
жәбірленушілердің виктимдік мінез-құлқы, жымқырумен байланысты 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылуының төмендігі т.б. бар. 
Сонымен 
қатар 
криминологияда 
қылмыстылықтың 
құны 
қылмыстылықтың көрсеткіштері (сандық және сапалық) сипатында 
қаралатындықтан, оны есептеу коэффициенті әр түрлі болғандықтан, 
бөтеннің мүлкін жымқырудан ғана емес, жалпы қылмыстық құқық 
бұзушылықтардан келетін зардаптарды «қылмыс құны» ұғымы шеңберінде 
дәл есептеу мүмкін болмай отыр. 
Бұл сандардың сыртында мемлекеттің қылмыстылықты ауыздықтау мен 
алдын алу үшін құқыққорғау органдарын ұстау үшін кететін шығындары 
қаншама. Өйткені, қылмыстылықтың құны дегенде қылмыстық құқық 
бұзушылықтардан 
келетін 
зардаптармен 
қатар 
міндетті 
түрде 
қылмыстылықпен күресу үшін қоғамның жұмсайтын шығындары да бар. 
Алайда бұл шығындардың табиғаты екіжақты: бір жағынан мәжбүрлі 
(міндетті) болса, екінші жағынан ерікті, ол ресурстар баламалы мақсаттарға 
жұмсалуы мүмкін.
Міндетті шығындарға мемлекеттілікті сақтап қалу үшін жұмсалатын 
шығындарды айтады. Мемлекет құқықтық тәртіпті қорғау мен құқық 
бұзушылықтардың алдын алу мен күресусіз өмір сүре алмайды. Бұл орайда 
мемлекет мұндай шығындардан келетін жағымды салдарды болжамдай білуі 
тиіс. Мәселен, елдегі жұмыссыздық деңгейін ескеріп құқыққорғау органдары 
жұмысы нәтижесінде жұмыс орнын болжамдау т.б. 
Қоғамның криминалдық қауіптерден қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 
жұмсалатын шығындары баламалы шығындарға жатады, криминал аз болған 
жағдайда бұл шығындар басқа мақсаттарға жұмсалуы мүмкін. Дегенмен 
қылмыстың жағымсыз салдарына ғана жұмсалады дегеніміз орынсыз, кейде 
осындай баламалы шығындар үлкен қауіптің алдын алуда басты роль атқаруы 
мүмкін. Мысалы экономикалық контрабанданың жолын кесу үшін мемлекет 
шекара қызметін қатаңдатып, шығындар көлемін арттыруы нәтижесінде 
кеден шекарасын заңсыз кесу фактілерінің алдын алу мүмкіндігіне ие болды. 
Немесе бандалық топтарды құру сатысында-ақ әшкерелеп, қарақшылық 
қылмыстарының алдын алуды жүзеге асыру үшін құқыққорғау органдарының 
арнайы жасақтарын құрды. Сол сияқты мысал ретінде үлкен қалаларда, соның 
ішінде Астана қаласында жаяу, атты және велокөлікті полицейлерді көше 
қылмыстарының, оның ішінде бұзақылық пен тонау қылмыстарының алдын 
алу бағытында жаңадан енгізуін айтуға болады. Бұл шаралар экономиканың, 
нарық пен ғылымның дамуына үлес қосатын позитивтік шаралар болуы 
мүмкін.
Олай болса, қылмыстылықтың құны бұл ақшалай баға:
а) белгілі бір уақыт аралығында ел аумағында жасалған қылмыстық 


94 
құқық бұзушылықтардан келген (тікелей немесе жанама) зиян;
б) белгілі бір уақыт аралығында ел аумағында жасалған қылмыстармен 
күресу үшін мемлекеттің экономикалық және өзге де ақшалай тұрғыда 
бағаланатын міндетті шығындары (полиция қызметін қамтамасыз етуге 
кеткен шығындары, түзеу мекемелері мен түрмелерді, бас бостандығынан 
айыру орындарының қалыпты жұмысы мен ұстау стандарттарын сақтауды 
қамсыздандыру үшін қажетті шығындар т.б.);
в) қоғамның криминалдық қатерлерден қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 
жұмсайтын шығындары.
Ал қылмыстылықтың көрсеткіштерінің мәнін зерттеуші беретіндіктен, 
бұл абсолютті көрсеткіш бола алмайды. Біздің елімізде қылмыстылық 
көрсеткіштері белгілі бір уақыт аралығындағы ел аумағында жасалған барлық 
тіркелген қылмыстар негізінде есептеледі. Ал шындығына келгенде біздің 
елімізде жалпы қылмыстылықтың ең көп істелетін және ең үлкен 
материалдық залал әкелетін қылмыстар меншікке қарсы қылмыстар құрайды. 
Сондықтан бүгінгі таңда теорияда және практикада қолданылып жүрген 
қылмыстылықтың көрсеткіштерін анықтауда белгілі бір уақыттағы белгілі бір 
аумақта жасалған барлық тіркелген қылмыстар бойынша мәліметтер емес, 
ауыр немесе күрделі қылмыстар негізінде анықталуы тиіс деп есептейміз. 
Мұндай тәжірибе өзге шетелдер тәжірибесінде де бар және ол өзінің 
тиімділігін көрсетіп отыр.
Мысалы, АҚШ тек қана 8 «күрделі қылмыстар», ГФР 24 қылмыс; 
Англияда 70 қылмыс; Францияда қылмыс негізінде қылмыстылық 
коэфициентін есептейді. Осы сияқты қылмыс зардаптарын да ескеру керек. 
Барлық зардаптар көлемін барлық қылмыстар санына бөліп, қылмыстылықтан 
келітін барлық зияндарды бағалай алмаймыз. Сәйкесінше қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың құнын дәл анықтай алмаймыз.
Мемлекет кейбір қылмыстармен күресуге көп күш және қаржы жұмсауға 
мәжбүр болуы мүмкін. Ал жекелеген қылмыстар заңдағы «жұмыс істемейтін 
құрамдар» түрінде өте аз не мүлде істелмей тасада қалуын жоққа шығара 
алмаймыз. Мәселен, біз зерттеп отырған бөтеннің мүлкін жымқыру 
қылмыстық құқық бұзушылықтары арасынан «ерекше құндылығы бар 
заттарды ұрлау» 2010-2013 жылдар аралығында бар болғаны 3-5 қылмыс 
фактісі көлемінде болғанын статистикалық мәліметтерден көреміз. Ал осы
3-5 қылмыс елдегі жалпы қылмыстылықтың көрсеткіштерін анықтауда ролі аз 
екендігін, сәйкесінше мемлекеттің бұл қылмыспен күресу мен алдын алу 
бойынша құқыққорғау органдарының қызметкерлерін ұстауға аз шығын 
жұмсалатынын аңғарамыз.
Дей тұрғанмен бұл қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін 
зардаптардың мөлшеріне, көлеміне мән бермеу керектігін білдірмеуі тиіс. 
Сөзіміз дәлелді болуы үшін мына мәліметтерге назар аударайық.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше 
бөлімінің «Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар»
4 тарауына кіретін 10 қылмыс құрамы бойынша бар-жоғы 32 қылмыс 


95 
тіркелсе, 2013 жылы 50 қылмыс тіркелген. Алайда бұл топтағы қылмыстық 
құқық бұзушылықтардан келетін зардап материалдық жағынан (ақшалай 
құны) есептелуі қиын болғанымен, мемлекеттердің дүниежүзіндегі бейбіт 
қатар өмір сүруі үшін орасан зиян келтіреді.
Материалдық жағынан бағаланатын, ақша немесе өзге де мүліктермен 
зиян сомасы тіркелетін қылмыс түрлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық 
кодексі бойынша бесеу: меншікке қарсы қылмыстар, экономикалық 
қылмыстар, коммерциялық және өзге де қызмет мүдделеріне қарсы 
қылмыстар, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар, 
мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар. Яғни материалдық зиян 
келтіретін зардапты қылмыстарға осы топтық объектідегі қылмыстар жатады. 
Қалған қылмыс топтары бойынша материалдық зиян көлемін нақты белгілеу 
мүмкін болмай отыр.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін зиянды есептеу үшін 
барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін зардаптарды ескеру 
арқылы шешілмейтін сияқты. Бұған қоса ол криминализация мен 
декриминализация процесінің де жиі өзгеруімен қиындай түседі.
Статистикалық мәліметтер негізінде бөтеннің мүлкіне қол сұғатын 
меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың барлық қылмыстылық 
ішінде 60% дейін жетіп отыр [145, с. 19]. Бұл дегеніміз мемлекеттің меншікке 
қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтармен күресуді ешқандай жағдайда 
әлсіретуге болмайтынын білдіреді. Өйткені кез келген алдын алу шараларын 
әлсірету нақты қылмыстылықтың санының күрт артуына ықпал ететін 
білеміз.
Э. Ферри: «Кісі өлтіру, ұрлық сияқты қылмыстарды зерттегенде олардың 
жазалау тәсілдеріне қатысты жекелеген ерекшеліктерін қоспағанда рим 
құқығы заманынан бері ешқандай өзгеріске ұшырамаған» [146, с. 14].
Осындай іс-әрекеттердің криминализациясы қоғамдық мүдделерді 
қамтамасыз етумен қатар барлық жағдайда да нақты тұлғалардың 
(потенциалды құрбандардың) қүқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге 
бағытталған. Қоғам үшін дәл осындай өзгермейтін қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың құнын білу маңызды.
Бұл секілді қылмыстар жәбірленушінің еркінен тыс жағдайларда 
істелуінде [147, р. 5-8]. Автордың пікіріне біз де келісеміз, себебі меншік иесі 
ешққандай жағдайда өз иелігіндегі мүлікке қатысты құқығынан айырылу 
үшін шаралар қабылдамайды, бөтеннің мүлкі ашық немесе жасырын түрде 
немесе күш қолданып меншік иесінің иелігінен шығарылады [148, с. 4].
Қылмыс зардабын қарастырғанда оны істейтін адамдардың «жеке тұлға 
бұл нақты, тарихи тірі индивид, ол шынайы өмірдегі шынайы қатынастарға, 
соның ішінде қылмыстық іс-әрекеттер де бар, түседі» [149, с. 245].
Ал қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін зардаптың қоғамға 
қауіптілігі 
жоғары 
болса, 
меншікке 
қарсы 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтардан келетін зардаптың құнын бағалау үшін методологиялық 
мәселелер ғылыми негізделген кешенді түрде болуы керек. 


96 
Қылмыстық жолмен табылған ақша қайда жұмсалды деген сұраққа 
мынадай жауап алынды: а) заттар сатып алдым 23,7%, жолдастарымды 
(жолдастарыма) сыйладым 9,4%, жақындарыма сыйлық сатып алдым – 7,2%, 
көңілдесіме сыйлық сатып алдым 4,1%, автомобиль, мотоцикл сатып алдым 
4,8%, үй, пәтер, саяжай сатып алдым 13,6%, аудио, бейне, радио аппаратура 
алдым 9%, есірткі сатып алдым 4,7%, құмар ойындарын ойнадым 2,8%.
Сотталғандардың тұрмыстық өмірін зерттегенде біз мынаны анықтадық: 
олардың 37,4% қылмыс жасағанға дейін жақсы жабдықталған жайлы пәтерде; 
26,9% өз үйінде, 16,1% жатақханада тұрған, 2,6% бөлме жалдап тұрған, 
16,3%-інің тұрақты тұратын жері болмаған.
Осы мәліметтерге қарап, біз қылмысқа материалдық тапшылықтың негіз 
болмағанын көреміз. 
Алкоголизм, отбасылық кикілжіңдер, еңбексіз табыс, критикадан 
үрейлену, шындықтың болмауы, ...бөтеннің мүлкін жымқыру, парақорлық 
секілді жағымсыз құбылыстардың барлығы да мемлекет пен адамзат дамуына 
кері зиянын тигізбей қойған жоқ [150, с. 180]. 
Олар криминогендік маңызға ие және олармен күрес қылмыстылықтың 
алдын алудың тиімділігіне де байланысты.
Меншік қатынастарына қол сұғатын қылмыстар мен олардан келетін 
зардаптардың ғылыми негізделген құнын білу методологиясы арқылы бұл 
кеселдің алдын алу шараларының тиімділігі бар немесе жоқ деп айтуға 
болады. Сондықтан қылмыс зардабына қатысты қазақстандық криминология 
ғылымының алдындағы міндет шетелдік озық тәжірибе мен ғылыми 
зерттеулерге сүйеніп қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін 
зардаптардың құнын анықтаудың ғылыми негізделген методологиясын табу 
болып отыр. Жеңіс пен жеңіліс дәл осы методологияға байланысты десек, 
меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құнының негізінде 
меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін зардаптармен 
күресу тиімділігін арттыруға мүмкіндік ашылады. Осы мәселе жұмыстың 
келесі тарауында зерттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет