Пирзадаев арман нургабылович


Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата31.05.2024
өлшемі1.21 Mb.
#502160
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Dissertatsiya Pirzadaeva-Armana-Nurgabyilovicha-KAZGYUU

Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі. Аталған тақырыпты 
қылмыстық-құқықтық және криминологиялық жағынан кешенді түрде 
зерттеуге талпыныс өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдарымен тұспа-
тұс келеді.
Қылмыстың әлеуметтік салдары мәселесіне арналған арнайы еңбектердің 
бірі және алғашқыларының қатарында М.М. Бабаевтың сонау 1982 жылы 
жарық көрген «Социальные последствия преступности» атты еңбекті атауға 
тұрарлық. Бұл еңбек тек қана қылмыс зардабын монографиялық деңгейде ғана 
зерттеп қоймай, тақырыптың криминологиялық жағынан ерекшеліктерін, 
зардаптарды дифференциациялау мен олардың профилактикасы мен жоюдың 
әдістерін көрсететін жұмыс болуымен құнды.
Ол кезеңдегі еңбектерде құқықтық сипаттағы жалпы теориялық 
жағдайларды шешуге мән беріліп, социалистік кезеңнің талаптарын 
қанағаттандыратындай дәрежеде болды деп есептеуге болады.
Кеңестік заман түсінуін қазіргі уақытта қолдану кей кездері ақтала 
бермейтіндіктен, ол кезеңнің теориялық және практикалық зерттеу нәтижелерін 
басшылыққа ала отырып, осы жұмыстың ғылыми негізділігін белгілеу жағынан 
маңызы болды.
Аталған мәселені зерттеушілер қатарында соңғы уақыттары қорғалған 
докторлық диссертацияларды айта аламыз. Олар С.В. Землюков (Преступный 
вред: теория, законодательство, практика. – М., 1993), С.М. Кочои 
(Ответственность за корыстные преступления против собственности по 
законодательству России. – М., 1999), В.В. Векленко (Квалификация хищений 
чужого имущества. – Екатеринбург, 2001), А.Г. Безверхов (Имущественные 
преступления. – Ижевск, 2002), К.Ш. Уканов (Предупреждение хищений в 
Республике Казахстан: уголовно-правовые и криминологические аспекты. – М., 
2003). секілді ғалымдардың және т.б. жұмыстары.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі. Меншікті қорғау мәселесіне 
қатысты көптеген еңбектер бар. Ресейлік және қазақстандық ғалымдар:
Г.А. Аванесов, Ю.М. Антонян, Е.О. Алауханов, К.Ж. Балтабаев, 
М.С.Баймурзин, К.А. Бегалиев, Ф.Г. Бурчак, В.Г. Беляев, Г.Н. Борзенков, И. Ш. 
Борчашвили, В.А. Владимиров, Р.Р. Галиакбаров, Н.С. Гагарин, Л.Д. Гаухман, 
К.К. Горяинова, П.И. Гришаев, М.У. Досанов, А.Ф. Зелинский, Г.А. Злобин, 
У.С. Джекебаев, М.И. Ковалев, Л.В.Кондратюк, Н.К. Котова, Ж.Г. Калишева, 
Е.И. Кайржанов, Ж.К. Кожантаева, С.М. Кочои, Г.А. Кригер, Б.А. Куринов,
В.В. Лунеев, Г.С. Мауленов, А.Х. Миндагулов, М.С. Нарикбаев., А.В. Наумов, 
Р.Т. Нуртаев, Б.М.Нургалиев., В.С. Овчинский, Е.А. Онгарбаев, К.А. Панько, 
А.А. Пионтковский, С.М. Рахметов, И.И. Рогов, Г.Р. Рустемова, А.А. Смагулов, 
А.А. Тайбаков, П.Ф. Тельнов, А.Н. Трайнин, Г.Д. Тленчиева, Н.Н. Турецкий, 
М.Д. Шаргородский, М.А. Шнейдер, К.Ш. Уканов, Р.Н. Юрченко және т.б. 
ғалымдар еңбектерін арнайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет