Учитель музыки ООШ №38 Ибраева А.А
Поурочный план урока 6 класса с казахским языком обучения «Вокальная музыка казахстанских композиторов. Композитор Л.Хамиди.»
А.А. Ибраева №38 ЖНМ музыка пәнінің мұғалімі
6 сынып
Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы.
Ән-романс жанры. Композитор Л.Хамиди.
Сабақтың мақсаты: Композитор Л.Хамидидің шығармашылығы «Қазақ вальсі» әнін үйрену.
Дамытушылығы: есте сақтау, тыңдау, жатқа айту қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Туған жерге, табиғатқа сүйішпеншілігі, махаббатты, достықты қадірлеу
Түрі: Дәстүрлі
Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік сабақ әдісі, топпен жұмыс істеу.
Көрнекілігі: Л. Хамидидің портреті, кітап, фортепиано, домбыра аспабы.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
І. Сәлемдесу;
ІІ. Сабақ дайындығы;
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
- Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырып өттік?
- ХҮІІІ ғасыр соңындағы музыка өнері деген тақырыпты.
- Қандай музыка және өнер жанрларымен таныстық?
- Опера, балет өнері, би музыкасы, аспаптық музыка.
- Сол кезеңде балет музыкасы қай елдерде жедел дамыды?
- Германияда, Швецияда, Голландияда, Ресейде балет музыкасы кең тарады.
- Ресейдің қай қалаларында балет мектебі ашылды?
- 1738 жылы Петерборда, Мәскеуде балет мектебі ашылды.
- Балет туындыларын атаймыз.
- П.Чайковскийдің «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик». Хачатурянның «Спартак», «Гаянэ» жоғары деңгейдегі туындылар.
- Балалар осы балет музыкаларынан үзінділер тыңдаймыз.
- Қай елдерде вокал жанры кең дамыды?
- Славян елдерінде (Ресей, Польша, Чехия) вокалды жанр одан әрі дамып, ұлттық опералар жазыла бастады.
- Композитор И.Кальманның «Принцесса чардаша» опереттасынан Сильваның ариясын тыңдаймыз.
- Балалар осы тыңдаған балет музыкасын ариялар музыканың қандай саласына жатады?
- Классикалық музыка.
-Дұрыс!
- Балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз.Тақтаға қараймыз. «Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы». Ән-романс жанры. Композитор Л.Хамиди.
Романс – Испан ақсүйек байлар қауымының поэтикалық-лирикалық әні. Көбінесе әнді гитара аспабының сүйемелдеуімен орындаған. Қазақстанда кәсіби вокалдық музыка ән-романс жанрынан бастау алады. Ән-романс жанрына алғаш жол салған, шығарған өздеріңе таныс композиторлар: Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский, Мұқан Төлебаев, Бақытжан Байқадамов, Шәмші Қалдаяков, Кенжебек Күмісбеков, Өмірбек Байділдаев, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Сейдолла Байтереков, Латиф Хамидидің романстары жас ұрпақты Отанын сүюге, адамгершілікке, табиғатты қорғауға, әсемдікке үйретеді.
Сонымен бірге біз бүгін композитор Латиф Хамидимен танысамыз, алдарыңда портреті тұр.
ІҮ. Л.Хамиди – қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі. Ол 1930 жылдары қазақтың жазба кәсіби музыка өнерін дамытуға белсене кіріскендердің бірі болды.
Ол композитор Б.Ғизатовпен бірлесіп тұнғыш «Домбыра үйрену мектебі» атты кітабын жазды.
Л.Хамиди атақты «Қазақ вальсі», «Бұлбұл» әндерімен қатар, «Отан», «Аққу», «Алтын бидай», «Романс», «Алматы», «Жайлауым бақша жайнаған» сияқты ән-романстар жазған композитор.. Оның ұлты татар болғанымен – ол Қазақстандағы вальс жанрының негізін салушы болып танылған.
- Балалар қазір Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» әнін тыңдап осы әнді үйренеміз.
- Ән қай екпінде орындалады?
- Вальс екпінінде.
- Өлеңін жазған С.Мұқанов сөзіне көңіл аударамыз.
- Бұл ән – жастардың әдемі көктем шағы, махаббат, табиғат, бақытты, қуанышты кезең-шағын жырлайды. Вальс екпінімен, асқақтата орындалады.
Ү. 1. Дауыс түзету жаттығуларын орындау.
2. Дыбыс қатары.
3. Вокализ орындау.
4. «Қазақ вальсі» әнін үйрену.
Тақырыпты бекіту:
- Балалар осы сабақтан не білдік және үйрендік? – Романс қай елде шыққан?
- Испан елінде.
- Қазақстандағы алғаш ән-романс жазған композиторлар кімдер?
- Ш.Қалдаяков, Л.Хамиди, Н.Тілендиев, А.Жұбанов, М.Төлебаев т.б.
- Композитор Л.Хамидидің шығармаларын атаймыз.
- «Қазақ вальсі», «Бұлбұл», «Отан», «Алматы», «Жайлауым бақша жайнаған» т.б.
- «Қазақ вальсі» әнінде не суреттеледі?
- Бақытты жарқын жастық.
- Өмірге, туған жерге деген сүйіспеншілік.
- Табиғаттың сұлулығы.
- Дұрыс.
- Композитор мен ақынның қандай көңіл-күйінен осы ән туған? Қалай ойлайсыңдар?
- Өмірге деген сүйіспеншілігінен.
- Дұрыс.
Қорытынды:
- Балалар біз бүгін қандай әнді тыңдап-үйрендік?
- Л.Хамидидің атақты «Қазақ вальсі» әнін.
- Сонымен қатар композитор Л.Хамидимен таныстық.
Үй тапсырмасы:
-
Оқулықтың 76-77 бетті оқу, мазмұндау.
-
«Қазақ вальсі» әнін жаттау.
Оқушылардың білімін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |