Маңғыстау өнер колледжі МКҚК
Оқу сабағының жоспары
Сабақтың тақырыбы: Евгений Брусиловский. Қазақ музыкасының інжу-маржанына
айналған«Қыз Жібек» операсы.
Модуль /пән атауы: КМ04 – Музыкалық шығармаларды фрагменттік және тұтас
талдауды жүзеге асыру. «Қазақ музыка әдебиеті» пәні
Педагог дайындады: Хасанова Айгерим Данияловна "15" маусым 2023 жыл
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топтар: ІІ-курс, «Хор дирижеры» мамандығы
Сабақ түрі
2. Мақсаттары, міндеттері
Қазақстандағы алғашқы кәсіби музыканың пайда болу кезеңдерін, кәсіби өнер саңлақтарының шығармашылық жолымен танысу. Композитордың өмір және шығармашылық жолына шолу жасау арқылы, оның жетістіктерін, елең еңбектің арқасында қаншама жылдар өтсе де, шығармалары ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқандығын үлгі-өнеге ретінде қабылдау.
3. Білім алушылар оқу сабағы процесінде игеретін күтілетін нәтижелердің және (немесе) кәсіптік дағдылардың тізбесі: Студенттердің бойында өнерге, білімге деген құштарлықты арттыра отырып, музыкалық-теориялық білімін дамытып, музыкалық талғамын қалыптастыру.
4. Қажетті ресурстар: опера клавиры, ноталар, кітаптар, видео презентация.
5. Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (1мин)
2.Үй жұмысын тексеру (15мин)
3.Жаңа сабақ (25мин)
4.Үй тапсырмасы (2мин)
5.Қорытынды (2мин
І.Ұйымдастыру кезеңі (1мин)
ІІ . Үй жұмысын тексеру (15мин)
Қазақ музыка әдебиеті пәнінде 1 курста ауызша музыка әдебиеті, халық композиторларымен таныссақ, 2-курста Қазақстанның кәсіби музыкасының басталу кезеңдерін және қазақ музыкасын алғаш зерттеушілерімен таныстық. Олар кімдер? Әрине Александр Затаевич және Борис Ерзакович. Қазіргі болып жатқан жағдайларға байланысты қашықтықтан оқыту жүйесі енгізіліп студенттер үй жұмысын видео арқылы жіберсе, кейбіреулері презентация жасап орындап жатыр. Ендеше бастайық!
Достарыңызбен бөлісу: |