УДК 378.01
МРНТИ 20.01.45
DOI 10.48371/PEDS.2022.64.1.006
БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН
ПЛАТФОРМАЛАР
Садвакасова А.К.
1
,
*
Рахметов М.Е.
2
1
PhD, қауымдастырылған профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан, e-mail:
sak79@bk.ru
*2
докторант, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-
Сұлтан, Қазақстан, e-mail:
maksot.raxmetov.96@mail.ru
Аңдатпа. Пандемия еліміздегі көптеген аспектілерге, соның ішінде білімге де әсер
етті. Ал барлық білім беру мекемелері де қашықтан оқыту форматына көшуге мәжбүр
болды. Жаңа форматқа күрт көшуіне байланысты оқытушылар
мен білім алушыларға
қолдау мен қосымша дайындық қажет етті. Сол себепті пандемиялық жағдайға және
заманауи талаптарға сәйкес қашықтан оқыту мәселелері туындап отыр.
Осы негізде
қашықтан оқыту үдерісінде жүзеге асыруға арналған білім беру платформаларын дайындау
және тиімді платформаларды саралай алу өзекті мәселеге айналуда. Сондықтан көптеген
бағдарламашылар қашықтан оқытуға арналған платформалар дайындауда. Дегенмен
қашықтан оқыту платформаларының көп бөлігі сұраныс
талаптарын қамтамасыз ете
алмауда. Бұл мақалада қашықтан оқыту және онлайн оқыту талаптарын ескере отырып
білім беруде қолдануға арналған тиімді платформалар қарастырылады.
Қашықтан оқыту
элементтері бойынша болашақ информатика педагогтерін даярлаудағы кейбір мәселелерді
шешу жолдары және оған оқытудың қажеттілігі бар екендігі баяндалған. Қашықтан оқыту
бойынша білім-онлайн платформаларын оқыту мәселелерімен айналысқан еліміздің және
шет елдердің ғалымдарының ғылыми зерттеулеріне талдау жүргізілді. Сонымен қатар
қашықтан басқаруды біріктіру мәселесін талқылау арқылы отандық
білім беру ортасына
білім беру технологиялары мен білім беру платформаларын, онлайн курстарды пайдалану
және цифрлық ресурстарды құру шешімдері анықталып, интерактивті технологияларды оқу
үдерісінде тиімді пайдалану үшін білім алушылар арасында цифрлық дағдыларды дамыту
қажет. Зерттеу материалын дайындау кезінде жалпы ғылыми әдістер қолданылды: талдау;
синтез; жалпылау. Бұл қашықтықтан оқытудың қалыптасқан жағдайында оқытудың
ерекшелігін
анықтауға, жинақталған білімді жүйелеуге, ғылыми ұстанымды
қалыптастыруға мүмкіндік берді.