Техника қауіпсіздігі
Пән бойынша лабораториялық жүүмыстар алдында техника қауіпсіздігінің ережелерімен студенттер танусулары тиіс.
-
Тексеру сүрақтар
-
Басқару бағдарламаны жасағанда өңдеу граф қандай роль атқарады.
-
Өңдеу графта қыр және үш реттерінде не есептеледі.
-
Неден өңдеу граф түйық және бағыталған
-
Графта қашықтық деген не және оның мағнасы қандай.
-
Абсолюттік және қатыстық координат жүйелерді қолданғанда өлшемдік мәліметтер нені анықтайды
-
Абсолюттік және қатыстық координат жүйелерді қолданғанда өлшемдік мәліметтердің бағыт белгілерін қалай таңдайды
№ 2 лаборатория жүмысы Басқару бағдарламаларда мәліметтерді кодалау
-
Жүмыс мақсаты: бағдарламаны тасмалдаушы перфотаспамен танысып онымен жүмыс істеу тәжрірибені алу.
-
Жалпы түсініктер
Басқару бағдарлама деп бағдарламалау тіліде жазылған бүйрық жиынтығын атайды. Бүл жинақтықтар білдектің тетікті өңдеуде жүмыс атқару алгоритміне сәйкес.Басқару бағдарламаларда түрлі көп мәліметтер жазылады:кеусқүралдың қозғалу траекториясы, қозғалулардың бағыттарымен мөлшерлері, қозғалыстар жылдамдығы, шпиндельдің айналу жылдамдығы, кесу қүралдардың ауыстру кезеңдері, сүытқышты қосу – тоқтату, түзетілмелердіеңгізу-шығару тағы басқа.
Басқару бағдарламаның жалпы қүрылымы 2.1 суретте көрсетілген
Бағдарламаны жазу ережелерімен танысу символдарды кодалау әдісінен, олардың мағнасымен, сөздерді, кадрларды, кіші бағдарламаларды, бүкіл бағдарламаны қурастыру ережелерінен бастау жөн.
2.1 сурет.
Басқару бағдарлама
Кіші
бағдарламалар
Кадрлар
Сөздер
Символдар
-
Символдар және оларды кодалау әдістері
Символ бағдарламаның бөлінбейтін-қүрылым элементі ретінде есептеледі.Басқару бағдарламаларда мүндай символдар қолданылады:
-
цифр 0 ден 9 ға дейін,
-
Латын әріптері А, В, С, D...... жалғас;
-
ерекше графикалы символдар – «+», «-», «%», «/», және басқа.
Символдарды кодалау бағдарламаны тасмаулдауштың жеті жолында биттарды комбинациалау арқылы жасалады (2.2 сурет). Бит – мәліметтер өлшем бірлігі.
2.2 сурет
Әрбір көлденең жолдардың және мәлімет жолдарының қиылысында бір бит мәлімет орналасады.бір кодалау тесік - 1ге тең, ал тесік болмаса онда – 0ге тең. .Бағдарламаны тасмауылдышта жеті жолы бар сондықтан бит комбинациясы
26+25+24+23+22+21+20 = 127+1=128,
(0-нөлдік комбинация)
128 кодалау орынға кодалау кесте жасалды,онда .8 тік жол номірлері 0 ден 7 ге дейін және 16 көлдне жол 0 ден 15 дейін . Олардың ішінде 0 және 1 жолдар 32 басқару символдарға арналған, 2 – 7 жолдар 96 графикалы символдардыорналастыруға арналған. Кодалау кестенің әр бір орны екі санмен көрсетіледі X/Y, мүнда X тік жолдың нөмірі, Y – көлденең жолдың номірі (2.3 сурет).
2.3 сурет
-
Басқару бағдарламаның кадр сөзі
Сөз басқару бағдарламаның кадрының қүрамындағы бір бөлігі, онда өңдеу процесіне тиісті параметрлер және басқаруға қажет басқа мәліметтер бар.
Әр сөз қүрамында
-
адрес (латын әрпі);
-
математика белгілері – «+», «-» керегінше;
-
цифрлар.
Символдардың қүрылымымен олардың сөзде орналасу реті сөздің форматы деп аталады.
Мысалы, N2, G2, M2, T3, X33, Z+0.4S03.1
Сөзде бірінші символ ол адрес. Екінші символ ол математика белгілері. Егер форматта математика белгілер көрсетілсе онда олар міндетті түрде жазылады, егер форматта «+» көрсетілсе онда оны көрсетпеуге болады; тек « –« программада жазылады.
Сөздің сандық бөлігі үш цифрдан болуы мүмкін.Егер бірінші цифр «0» болса онда программада сандық мәліметтерді жазғанда маңызсыз нөлдерді жазбауға болады. Формат бойынша бірғана цифр болуы мүмкін.
Мысалдар:
Сөз форматы Бағдарламада жазу
G2 G01, G17, G80
X3 X+046100, X-003450
Z+043 Z23.5, Z-486.35
Басқару бағдарламаның кадрының сөзіндегі адрес сол адрестің соғында түрған сандардың мәнін білдіреді.
Әрбір адрес-символдың стандартқа сәйкес белгілі мәні бар. Ол мәндер қатаң сндықтан өзгертілмейді.
F – беріліс функциясы;
G – дайындау фукция
I,J,K- X,Y,Z остерге қатысты интерполяция параметрлері;
M – көмекші функция;
N – кадр нөмрі;
S – басты қозғалыстың функциясы;
T – кесу қүралдың функциясы;
P,Q,R - X,Y,Z остерге параллеьді үшінші қозғалыстардың үзындығы,
U,V,W - X,Y,Z остерге параллеьді екінші қозғалыстардың үзындығы,
X,Y,Z - X,Y,Z остер бағытында бірінші қозғалыстардың үзындығы.
Келесі адрестер төменде көрсетілген мағнада не сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғының жобалаушының тағайындаған мағнаны атқаруы мүмкін:
А,В,С - X,Y,Z остерге қатысты ббүрылу бүрыштары;
D – кесу қүралдың екінші функциясы (коррекция);
Е – берілістің екінші функциясы (тез қозғалу);
H,I,O – резерв адрестер, олар әр мағнада қолданулары мүмкін.
Басқару бағдарламаның кадрларының барлық сөздері екі топқа бөлінеді: өлшемсіз және өлшемді. Өлшемсіз сөздерге адрестең кейін номірді көрсететін цифрлер, код, не қозғалыстан өлшемдері басқа мәндер (беріліс жылдамдығының өлшемі, шпиндельдің айналуы және басқа) жатады. Қөпте мына өшемсіз сөздер қолданылады:
-
кадр нөмірі (N001, N002 ….);
-
дайындау функция (G01, G02 ….G39);
-
көмекші функция (М01, М02 ….М99;
-
басты қозғалыстың жылдамдығы (S12, S-250.5, S1-450 ….);
-
кесу қүралдың номірі (Т03, Т15 ….);
Дайындау және көмекші функциялардын мағналары стандартпен тағайындалған. Дайындау функция сандық бағдарламамен басқаратын қүрылғының жүмыс режімін көрсетеді: коррекция түрлері, нөлді жылжыту, түрақты циклдарды жүмысқа қосу, басты қозғалыспен беріліс жылдамтықтарының өлшемдерін және басқа. Көмекші функциялармен білдектің әрбір жүйелерімен механизмдерінің жүмыстары басқарылады: тоқтау, бағдарламаны жүмысқа қосу және басқа.
Өлшеді сөздерге, адрестан кейінгі цифрлар білдектің жүмыс мәрімінің қозғалыстарының өлшемін (мысалы бүрылу бүрыш).Қозғалыс өлшемдері мм, градус, радиан, дюйм мен көрсетіледі.
Әрбір сандық бағдарламамен басқарылатын қүрылғының сөздерді жазу: бағдарламаны жазу ерекше ережелері болады.
-
Басқару бағдарламаның кадры
Кадр басқару бағдарламаның қурамындағы бөлік, ол сандық бағдарламамен басқарылатын қүрылғыға бір түтас еңгізіледі және жүмысқа қосылады. Кадр нөмірмен басталады және соңында ПС кадр соңы деген символмен аяқталады. Кадр тнөмірі мен ПС символ екі арасында мәліметтер орналасады. Басқару бағдарламаларда жазылатын кадрлардың сөздерінің қурылымы, олардың орналасуы; және сөздер санын кадр форматы анықтайды. Әрбір сандық бағдарламамен басқарылатын қүрылғының форматы мен өлшемді және өлшемсіз сөздер жазылады.
Мысалы, N03 G2 X+043 Y+043 Z+043 F031 S04 T04 M02 ПС
Кадр форматы сандық бағдарламамен басқаратын қурылғының техникалы сипаттамасы ретінде есептеледі. Басқару бағдарламада бас кадр болады, сол кадрда бағдарламаны қайта жүмысқа қосатын мәліметтер болады Бас кадр «:» символмен белгіленеді. Кейде басқару бағдарламада кейбір кадрлар жүмысқа қосылмайды ондай кадрлар «/» символмен белгіленеді, бүл кадрлар «жіберіп қойылатын кадр» деп аталады.
Сандық бағдарламамен бақарылатын қүрылғыларда көпте үзындықтары өзгеретін кадрлар қолданылады.Ең аз да басқару бағдарламаның кадры нөмірден тыс бір сөз ден түрады, максимумды кадр форматы анықтайды. Сондықтан басқару бағдарламада тек алдындағы кадрларға қатысты өзгерген геометриялық. технологиялық. Және көмекші мәліметтер жазылады. Қатаң өлшемді кадрлар түрақты циклдарда қолданылады.
-
Басқару бағдарламаның жалпы қүрылымы
Басқару бағдарлама «%» с имволмен басталады - Бағдарлама басы, осыдан кейін ПС символ жазылады – Кадр соңы. Кейінгі кадрлар нөмірленеді. Білдекте орындалмайтын символдар ( ) символдың аралығында жазылады. ( ) символ дың аралығында «%» және «:» символдар жаылмайды. ( ) символ аралығында басқару бағдарламаның номірі, жобалашының аты жөні, білдектің моделі, тетіктің коды және басқа. Осындай мәліметтер «%» және ПС символдар арасында жазылады. Деректі сандық бағдарламамен басқарылатын қүрылғының басқару бағдарламасының қүрамы оның форматымен анықталадыалда, аталған ережелрді үстанып және қосымша
-
ондық нүкте көрсетілсе ол DS символмен бағдарламада жазылып белгіленеді;
-
одан кейін кадр форматы жазылады, содан кейін формат соңы символмен белгіленеді.
Мысалы:
% :/DS N03 G02 X+043 Z+043 F05 S04 T04 M02
-
Лабораториялық жүмыстың тапсырмасы
Бастапқы мәлімет ретінде басқару бағдарламадан вариантпен үзінділер беріледі. Осы тапсырылған үзіндіні:
-
декодтау;
-
үзіндіні синтаксис тексеру ден өткізу;
-
жазылған мәліметтерге түсініктеме жасау.
-
Лабораторияпық жүмысты орындау нүсқаулары
-
Тапсырманы әр тәлімгер не тапсырмалар жинағынан өз вариантын дәптерге қол мен сызып түсіріп алады не мүнкішілік болса ксерокопиясын түсіруге болады.
-
Перфотаспадағы – пеерфолентадағы мәліметті оқып декодтау керек. Перфотаспадағы мәліметтерді оқығанда мына ережелерді үстануға болады:
-
5 және 6 жолдардағы орналасқан тесіктер цифрлар кодталғанын белгілейді;
-
7 жолда не 5 және 7 жолдарда орналасқан тесіктер латын әріптерінің кодталғанын, яғни адрестер кодталғанын белгілейді;
-
6 жолда орналаскан тесік ерекше графикалық символдың кодталғанын белгілейді.
-
Декодталған мәліметтерді әрбір кадрды бөлек жазу керек . Жазу түрі:
N047 F10200 S029 T108 M104 N048 дайындайтын 01 әр қарай.
Декодталған мәліметерді оқып түсінік беру керек.
-
Оқылған мәліметтерді синтаксистік тексеру ден өткізіп бар қателіктерді табу керек.
Қателіктер түрі:
-
қолданбайтын символ;
-
сөздің форматынан тыс шығу;
-
кадр форматында қателік,
-
кадр соңында қателік , ПС символ жоқ;
-
символдардың орналасуында қателік;
-
бір кадрда үйлеспейтін дайындау G функциялардың жазылуы;
-
дайындау G функцияныңформатындағы (кодта) қателік;
-
жүпсіз тесіктер саны.
Басқару бағдарламаның үзіндісін декодтағаннан кейін жалпы түсінік беру не өңдеу графті сызуға болады.
-
Тапсыратын жазбаның мазмүны
-
Декодталған басқару бағдарламаның үзіндісі.
-
Табылған синтаксистикалық қателіктер.
-
Өңдеу графі.
-
Тексеру сүрақтар
-
КОИ 7 кодтау кестенің жалпы қүрылу принципін түсіндіріңіз
-
Басқару бағдарламаның сөзбен кадрдың форматтары не
-
Басқару бағдарламаның кадрларының қатаң және ауыспалы форматтары не; олар қайда пайдаланылады
-
G, M, T, S, F адрестерге түсінік беріңіз
-
X/Y позицияларды кодтау кестеде қалай анықталады
-
Өлшемді және өлшемсіз сөздер не
№3 зертханалық жұмыс – СББ Н22 – 1М құрылғысы бар жону станоктары үшін ББ жасау
3.1 Жұмыс мақсаты: СББ Н22 – 1М құрылғысымен жабдықталған жону топтағы станоктар үшін басқару бағдарламаларын жасау бойынша тәжірибелік дағдыларды алу.
3.2 Жалпы мәліметтер
СББ Н22 – 1М құрылғысы төртінші буындағы құрылғыларға жатады және СББ құрудың аппараттық құрылымынан ЭЕМ құрылымына әрекетті болып табылады. Қазіргі уақытқа дейін осы СББ құрылғылар пайдалануда болады, осы құрылғылардың сипаттық ерекшеліктері: сөздің қатты форматы; бас қозғалыс жылдамдығы мен беріліс жылдамдығын программалаудың кодтық әдістері; өлшемдік ақпаратты программалау кезінде координаттың салыстырмалы жүйесін артық пайдалану; орын ауыстыру, аспап өлшемдеріне түрлі түзетулерді енгізу әдістері; ББ бағдарлама тасушы – перфолентадан артық енгізу және т.б. Бірақ ББ жалпы құрылымдық құруы мағыналы дәрежеде СББ құрылғыларының кейінгі буындарға сәйкес келеді, және де СББ құрылғының түрі мен станок түріне тәуелді емес. Сол уақытта да станоктық құрылымдық ерекшеліктері, оның технологиялық мүміндіктері, СББ құрылғының сәулет құрылуы басқару бағдарламасында түрлі ақпаратты көрсетудің ерекшеліктерін ғана анықтайды. Сондықтан осы ерекшеліктерді тез оқу мен меңгеру мақсатында келесі жүйелілікті ұстану жөн:
1. Пайдаланатын мекен-жайлар, олардың тағайындалуы, сөздер форматтары мен ББ кадрының форматымен танысу.
2. Пайдаланылатын даярлау және қосымша функциялармен; оларды ББ енгізу ерекшеліктерімен танысу.
3. Жалпы ББ құрылу ерекшеліктерімен танысу.
Мұндай жүйелілікте осы және келесі зертханалық жұмыстарда сәйкес материал мазмұндалады.
3.2.1 Мекен-жайлар мен сөздердің форматтары
СББ Н22 – 1М құрылғыда келесі мекен-жайлар мен сөздердің форматтары пайдаланылады:
N3 – ББ кадрының номері;
G2 – даярлау функциясы;
M3 – қосымша функция;
F5 – беріліс жылдамдығы;
S3 – айналдырықтың бас қозғалысының жылдамдығы;
T3 – аспап номері;
L2 – түзетушінің номері;
– X, Z осьтері бойынша орын ауыстыру.
– X, Z осьтері бойынша интерполяция параметрлері.
D6 – кесілетін бұранда қадамы.
X, Z, І, К мекен-жайлары бар сөздерде үш форматтарды пайдалануға болады: қысқартылған – төрт дәрежелі саны; қалыпты – бес дәрежелі сан және ұзартылған – алты дәрежелі санмен.
ББ кадры форматының түрі келесідей болады:
N3 G2 X ± 4..6 Z ± 4..6 I + 4..6 K + 4..6 D6 F5 S3 T3 M3 L2
3.2.2 Даярлау функциялары
СББ Н22 – 1М құрылғыларда келесі даярлау функциялары пайланылады:
G01, G10, G11 – сызықтық интерполяция режімі;
G02, G20, G21 – сағат тілі бойынша шеңберлік интерполяция режімі;
G03, G30, G31 – сағат тіліне қарсы шеңберлік интерполяция режімі;
G04 – өңдеудегі үзіліс;
G25 – станоктың жұмыс органын (құралкүймешік, күймеше) нольдік күйге қайтару;
G26, G27 – өлшемдік ақпаратты сәйкесінші салыстырмалы және абсолютті координаттар жүйелерінде программалау;
G33 – бұранданы кескішпен кесу режімі;
G40 – басқару пультынан енгізілген түзетуді жою;
G58 – станок «нолінің» жылжуы, оның шамасы басқару пультынан енгізіледі.
G10, G20, G30 даярлау функциялары өлшемді сөздердің ұзартылған форматтарды пайдалануды белгілейді; G11, G21, G31 – қысқартылған форматтар, ал G01, G02, G58 функциялары – қалыпты өлшемдер.
G25, G33, G58 функциялары сөздердің тек ұзартылған форматтарын пайдалануды жібереді.
ББ даярлау функцияларын енгізу кезінде олардың әрекет ету уақыты мен енгізу тәсілін ескеру қажет:
1. Сызықтық және шеңберлік интерполяция режімін анықтайтын даярлау функциялары бағдарламаға жеке кадрмен немесе M, T, S, F мекен-жайлары бар сөздерді құрайтын кадрмен, сонымен бірге геометриялық ақпаратпен X, Z, I, K енгізіле алады. ББ енгізілген қандай да бір даярлау функцияның әрекет ету уақыты ББ басқа G функцияны – осы топтың функциясын енгізуге дейін таралады. Осы G функцияларының қайта енгізуін G25 және G33 функцияларынан соң жасау жөн.
2. G04 және G25 функциялары ББ кадрының кез-келген жерінде енгізіледі, ал олардың әрекет ету уақыты осы кадрды өңдеу уақытымен шектелген.
3. G33 функциясы ББ әрбір кадрында бұранда кесудің геометриялық ақпаратымен бірге енгізіледі.
4. G40 функциясы жеке кадрмен L мекен-жайы бар сөздің алдында енгізіледі.
5. G58 функциясы жеке кадрмен енгізіледі.
6. G26 және G27 функциялары ББ бірінші кадрында технологиялық ақпаратпен бірге енгізіледі.
3.2.4 Көмекші функциялар
Көмекші функциялар үш мағыналы санмен кодталады. Үлкен дәреже екі мәнді «0» және «1» қабылдай алады, сондағы «0» көмекші функцияның станоктан осы команданы орындау туралы ескертусіз енгізуге сәйкес келеді, ал «1» – осындай ескертуді СББ құрылғысында берумен. Келесі көмекші функциялар пайдаланылады:
М000, М100 – ББ жетілдірудің шартсыз кідірісі;
М001, М101 – растаумен кідіріс;
М002 – ББ соңы;
М003, М103 – айналдырықтың сағат тілі бойынша айналуын қосу;
М004, М104 – айналдырықтың сағат тілне қарсы айналуын қосу;
М005, М105 – айналдырықты қосу;
М008, М108 – салқындатуды қосу;
М009, М109 – салқындатуды өшіру.
3.2.5 Технологиялық ақпаратты программалаудың ерекшеліктері
Беріс жылдамдығы ББ Ғ мекен-жайы және бес дәрежелі санның көмегімен енгізіледі. Осы санның үлкен дәрежесінң үш мәні бола алады:
«1» – 1-1200 мм/мин диапазонда беріс жылдамдығына сәйкес келеді;
«2» – 0,05-60 мм/мин диапазонда беріс жылдамдығына сәйкес келеді;
«7» – тез жүрістің жылдамдығына сәйкес келеді.
Қалған төрт дәрежелер бірінші диапазон үшін мм/мин-та беріс шамасына сәйкес келеді, және екінші диапазон үшін 20 есе кіші болады.
Мысалы:
Ғ10500 – 500 мм/мин беріске сәйкес келеді;
Ғ10500 – 500 : 20 = 25 мм/мин беріске сәйкес келеді.
Тез жүрістің Z координатасы бойынша жылдамдығы 4800 мм/мин тең боалды, ал Х координатасы бойынша – 2400 мм/мин және Ғ70000 кодталады.
Құралкүймешіктің керіқимылы ұстауды програмалауынсыз жіберілетін беріс 300 мм/мин аспау керек.
Айналдырықтың айналу жылдамдығы 3 дәрежелі кодты санмен программаланады, оның үлкен дәрежесі көмекші функцияларды енгізгенде секілді «0» және «1» мәндерді қалбылдай алады. Қалған екі дәрежелер айналдырықтың (айн/мин) айналу жылдамдығының кесте сәйкес коды болып келеді.
-
кесте – Айналдырықтың айналу жылдамдықтарының кодтары
Диапазон №
|
Кодтар мен жылдамдықтар мәндері
|
1
|
Код
|
S11
|
S12
|
S13
|
S14
|
S15
|
S16
|
S17
|
S18
|
S19
|
Айналымдар саны
|
12,5
|
18
|
25
|
35,5
|
50
|
71
|
100
|
140
|
200
|
2
|
Код
|
S21
|
S22
|
S23
|
S24
|
S25
|
S26
|
S27
|
S28
|
S29
|
Айналымдар саны
|
50
|
71
|
100
|
140
|
200
|
280
|
400
|
560
|
800
|
3
|
Код
|
S41
|
S42
|
S43
|
S44
|
S45
|
S46
|
S47
|
S48
|
S49
|
Айналымдар саны
|
125
|
180
|
250
|
355
|
500
|
710
|
1000
|
1400
|
2000
|
Диапазонды ауыстырып қосу қолмен жасалады.
Аспаптық функциясы үш мағыналы санмен кодталады, үлкен дәреже жоғарыда айтылғандай «0» немесе «1» мәнін қабылдайды (М, S және басқа функциялар). Қалған екі қатарлар аспаптың револьверлік бастиекте орналасуына сәйкес келетін номеріне сәйкес келеді. Аспапты ауыстыру Т функциясын енгізу кадрында іске асырылады.
3.2.6 Жұмыс органдарының орын ауыстыруларын программалау
Тікелей тетіктің өңдеуімен байланысты жұмыс органдарының орын ауыстыруын программалау тек қана салыстырмалы координаттар (G26 функциясы) жүйесін пайдаланумен жасалады. Тек құралкүймешік пен күймешенің олардың нольдік күйінен бастапқы күйге абсолютті жүйені пайдаланумен жасалады (G27 фнукциясы).
Қарастырылатын станоктың берістердің қадамдық жатағы болады, сонда орын ауыстырудың шамасы бағдарламаға басқару импульстер (дискрет) саны түрінде енгізіледі.
Өлшемдерді импульстерге аудару келесі формулалар бойынша жасалады:
немесе
немесе
мұндағы , – графтың І төбесінің және кординаттарының мәндеріне сәйкес келетін импульстер саны;
, – графтың аралас төбелері арасында қашықтықтарының мәндеріне сәйкес келетін импульстер саны;
, – бір импульстың бағасы.
Қадамдық жетегі болатын станоктар үшін жиі мм; мм.
Программалайтын орын ауыстырулардың шектері:
– қысқартылған (G11, G21, G31 функциялары – 4 дәрежелі), 0001-ден 9999 импульске дейін, бұл Z осі бойынша 0,01 мм-ден 99,99 мм-ге дейін және Х осі бойынша 0,005 мм-ден 49,95 мм-ге дейін сәйкес келеді;
– қалыпты (G01, G02, G03 функциялар – 5 дәрежелі) 00001-ден 99999 импульске дейін, бұл Z осі бойынша 0,01 мм-ден 999,99 мм-ге дейін және Х осі бойынша 0,005 мм-ден 499,95 мм-ге дейін сәйкес келеді;
– ұзартылған (G10, G20, G30 функциялар – 6 дәрежелі) 000001-ден 999999 импульске дейін, бұл Z осі бойынша 0,01 мм-ден 9999,99 мм-ге дейін және Х осі бойынша 0,005 мм-ден 4999,95 мм-ге дейін сәйкес келеді.
Шеңберлік интерполяция тек салыстырмалы координаттар жүйесін пайдаланумен ғана программаланады. Мұнда ББ кадрына келесі ақпарат енгізіледі:
– G02 және G03 немесе G20 және G21 даярлау функциялары сағат тілі бойынша қозғалыс кезінде; G03 немесе G30 немесе G31 сағат тіліне қарсы қозғалыс кезінде;
– доғаның бастапқы нүктесінен , ақырғы нүктесіне дейін импульстердегі қашықтық (3.1 сурет);
– интерполяция І және К параметрлері, олар доғаның бастапқы нүктесінен доғаның центріне қатысты қашықтыққа сәйкес келеді. Сандық ақпарат І және К мекен-жайлардан кейін «+» белгісімен енгізіледі, ал оның өлшемділігі Х және Z координаттары бойынша секілді болады.
ББ бір кадрында шеңбердің доғасын өңдеу бойынша ақпаратты тек бір квадрант шектерінде орналасқан енгізу ғана мүмкін.
Бұранданы кесу кеізнде ББ бір кадрына келесі ақпарат енгізіледі:
– G33 даярлау функциясы;
– Х координатасы бойынша келесі мәліметтер бойынша бұранда қадамына байланысты бұранда кесудің көрсеткішінің бір айналымына импульстер саны программаланады:
– Z координатасы бойынша кесілетін бұранданың ұзындығы жетпеушілік пен асып кеткіштікті және аспап қозғалысының бағытын ескере отырып программаланады;
– кесілетін бұранданың қадамы, ол импульстерде D мекен-жайды пайдаланумен программаланады. Бір импульстің бағасы – 0,01 мм. Х және D мекен-жайлары бойынша геометриялық ақпарат «+» белгісімен енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |