ПОӘК 042-18. 18. 1 21/01-2014 №2 басылым



бет1/7
Дата25.02.2016
өлшемі1.1 Mb.
#21060
  1   2   3   4   5   6   7

ПОӘК 042-18.18.1 21/01-2014

№ 2 басылым

беттің беті




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-18.1.21/01-2014





«Тарихтағы тұлға рөлі» пәні бойынша

оқу-әдістемелік кешені


№ 2 басылым

11.09.2014



«Тарихтағы тұлға рөлі» пәні бойынша
5В020300 - «Тарих» мамандығына арналған
ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ


1 ЖАСАЛЫНДЫ

Құрыстырған : «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Санкайбаева П.С.

«__04__» __09__ 2014 ж.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 « Қазақстан тарихы» кафедрасында

Хаттама №_1__ « 04_»_09_ 2014 жыл


Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова

2.2 Экономика, заң және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросында

Хаттама «_09_»__09_ 2014 жыл № 1
Төрағасы_________ С.Х.Тойкин


3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және басылымға ұсынылды

Хаттама «_11_»__09__2014 жыл №1
Оқу -әдістемелік кеңестің төрайымы ________ Г.К. Искакова

Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмысы



5 Әдебиеттер

Глоссарий:


  1. Аббат - Католик шіркеуіндегі барлық дін қызметкерлерінің құрметті аты немесе Еркектер монастырының басшысы.

  2. Абсолютизм - бір адамның (император, король, патша) шексіз билігі. Жоғарғы өкімет билігі бір адамның ғана қолында болған басқару түрі.

  3. Анархия - жекелеген адамдар немесе топтардың басшылыққа бағынбауы және соның салдарынан туған жөнсіздік тәртіпсіздік.

  4. Барон - Батыс Еуропадағы феодалдың атағы. VI-VII ғасырларда ауқатты адамдардың бәрі осылай аталды, ал XI—XII ғасырларда корольдің тікелей вассалы - ірі феодалдар ғана осылай аталды.

  5. Басқаң - монғол хандарының жаулап алынған жерлердегі салық жинау және халық санын есепке алумен шұғылданатын өкілі.

  6. Бей - Таяу және Орта Шығыс елдерінде ру-тайпалық, кейінірек ақсүйектерге ғана берілетін феодалдық атақ.

  7. Буржуазия - табыс көзі жалдамалы жұмысшылардың еңбегін қанау болып табылатын өндіріс құрал-жабдықтарының иесі, капиталистік қоғамның үстем табы.

  8. Буси - Жапониядағы өскери-поместьелік дворяндар.

  9. Вербендік жексенбі - Иса Мәсіхтың(Иисус Христос) айқыш ағашқа шегеленіп өлтірілуінен бес күн бұрын оның Иерусалимге бейбіт патша ретінде кірген күні.

  10. Викария - епископтың епархияны басқарудағы көмекшісі.

  11. Габсбургтер - 1516-1700 жылдары Австрияда, Чехия мен Венгрияда, Испания мен оның иеліктерінде билік құрған әулет. 1438-1806 жылдардағы «қасиетті Рим империясының» императорлары.

  12. Герцог - Батыс Еуропада корольден кейінгі баспалдақта түрған ірі аймақ иесі.

  13. Гоминид- адамның арғы ата-бабалары.

  14. Гуманизм — адам табиғаты) — адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды.Қоғамдық жағдайы мен өзінің шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас құқығына тәуелсіз түрде, адамның құндылығын, адамдардын арасындағы тендік, әділеттілік, адамгершілік қатынастарды қуаттайтын көзқарастар мен идеялар жиынтығы.

  15. Дарғы, Даруға - Алтын Ордаға бағынышты қалалардың билеушілері.

  16. Дворяндар - мұрагерлік артықшылықтарды пайдаланған жер иеленуші ақсүйектер сословиесі. Дінбасылармен бірге феодалдық қоғамның үстем табы болды. Капиталистік қатынастардың даму барысында дворяндардың басым көпшілігі жаңа жағдайға бейімделіп, буржуазия табының негізін қалады.

  17. Демократия – сөзі (гр. демос – халық және гр. кратос – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді.

  18. Держава - ірі мемлекет.

  19. Диктатор - шексіз билікке ие болып, басқаруда өзінің қалауын іске асыратын басшы

  20. Диуани хикмет (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы.

  21. Епископ - христиан дініндегі шіркеу округының басшысына берілетін жоғары атақ.

  22. Каролингтер - Франк мемлекетіндегі корольдердің, кейінірек - императорлардың әулеті. Ұлы Карлдың (768-814) атынан шыққан. Әулет 751 жылы Меровингтердің орнына келді, X ғасырда биліктен айырылды. Католик шіркеуі (гректің «әлемдік», «бүкіл дүниежүзілік» деген сөзінен шыққан) - 1054 жылы христиан дініндегі халықтар екіге бөлінгеннен кейінгі Батыс Еуропа халықтары ұстанған христиан дінінің бір түрі.

  23. Коммуна - өзін-өзі басқаратын қалалық қауым.

  24. Коммунизм - [латынша соmmuniс - ортақ] - а) болашақтың қияли көрінісін; ә) кейбір саяси партиялар мен қозғалыстардың идеологиясын; б) ерекше өмір салтын білдіретін ұғым.

  25. Консерватор - а) өзгерістерге, қайта құруларға (қоғамдық-саяси өмірдің, өндірістегі, ғылымдағы, мәдениеттегі жаңалықтарға) қарсы консервативті көзқарастағы адам; ә) консервативті партия мүшесі.

  26. Конфедерация-өзінің егемендігін сақтай отырып, белгілі бір мақсатқа бола біріккен мемлекеттер .

  27. Кортес - Испаниядағы сословиелік өкілдіктің органы.

  28. Күпірлер (гректің «ерекше діни ілім» деген сөзінен шыққан) - үстем діннің басты қағидалары мен ұйымдық құрылымын мойындамайтын ерекше діни нанымды ұстанушылар.

  29. Құрылтай - Шыңғысхан өулетінің басшылығымен өтіп тұрған монғол ақсүйектерінің кеңесі.

  30. Лорд - ортағасырлық Англиядағы жер иеленуші феодал. Бірте-бірте ол ағылшын дворяндарының ең жоғарғы, ортақ атағына айналды.

  31. Магистрат - қалалық басқарма.

  32. Майордом (латынның «үлкен үй» деген сөзінен шыққан) - Франк мемлекетіндегі V ғасырдың аяғы - VIII ғасырдың ортасындағы сарай меңгерушісі, ең жоғарғы мемлекет басшысы.

  33. Меровингтер - Франк мемлекетінде 481-751 жылдары билік құрған корольдер әулеті. Аса көрнекті өкілі - Хлодвиг (481-511).

  34. Метрополия -Отар иемденген мемлекет .

  35. Милитаризм – жаппай қарулануға, соғысқа әзірленуге, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге бағытталған саясат.

  36. Монах (гректің «жалғыз» деген сөзінен шыққан) - жападан-жалғыз өмір сүруші; діни қауымға кірген және монастырь жарғысының талабына сай сопылық құруға уәде берген адам.

  37. Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет.

  38. Нотабель - Франциядағы жоғарғы дінбасыларының, қала тектілерінің өкілі.

  39. Ордонанс - Франциядағы, Англиядағы корольдің жарлығы.

  40. Патриарх (гректің "әке", "басшы" деген сөзінен шық қан) - кейбір елдердегі православиелік шіркеудің басшысы.

  41. Патриархат – аталық рулық қауым.

  42. Подъячий - XVI-XVIII ғасырдың басындағы Ресей әкімшілігіндегі төменгі шен. Дьяктардың басшылығымен подъячийлер орталық және жергілікті мемлекеттік мекемелерде негізгі іс қағаздарын жүргізушілер болды.

  43. Половецтер- қыпшақ тайпалары.

  44. Райя - Осман түріктері империясындағы бүкіл салық төлеуге міндетті халық.

  45. Реакция - озық қоғамдық қатынастарға қарсы бағытталған кертартпа әрекет.

  46. Революция — (бетбұрыс, төңкеріс) табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер.

  47. Реконкиста (испанның "қайтарып алу" деген сөзінен шыққан) - VIII-XV ғасырлардағы Пиреней түбегі халықтарының арабтар жаулап алған жерлерін қайтарып алуы.

  48. Ренессанс (француздың "қайта өркендеу" деген сөзінен шыққан) - Батыс және Оңтүстік Еуропа елдеріндегі ортағасырлық мөдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі. Ол Италияда шамамен XIV-XVI ғасырларда, басқа елдерде - XVXVI ғасырларда орын алды.

  49. Репрессия- жазықсыз жазалау, қудалау шаралары.

  50. Реформация (латынның "қайта құру", "жаңарту" деген сөзінен шыққан) - XVI ғасырдағы Батыс жене Орталық Еуропадағы католик шіркеуіне қарсы қуатты қоғамдық-саяси және діни қозғалыс.

  51. Ронин- Жапониядағы кедейленген самурайлар.

  52. Рыцарь - (немістің «атты жауынгер» деген сөзінен шыққан) - сеньорына атты ескер қатарында қызмет етуге міндетті феодал.

  53. Самурай - Жапониядағы ұсақ дворяндардың әскери-феодалдық сословиесі.

  54. Санскрит - ежелгі және орта ғасырлардағы үнділіктердің әдеби тілі.

  55. Сарациндер - Батыс Аравия халықтарының аты.

  56. Сёгун - жапонның әскери қолбасшысы. Ол өкімет басшысы да болды.

  57. Сейм - феодалдық монархиялардағы сословиелік-өкілдік мекеме.

  58. Сеньор (француздың "үлкен" деген сөзінен шыққан) - орта ғасырлардағы Батыс Еуропадағы жер иесі, феодал. Tap мағынада - вассалдың мырзасы, қожасы.

  59. Сервтер (латынның "құл" деген сөзінен шыққан) - орта ғасырлардағы феодалдарға басыбайлы шаруалар тобы.

  60. Сипахилер, Спахи - Осман түріктері империясындағы сүлтаннан жер иеліктерін алып, ол үшін әскер жасақтап, феодалдың атты әскері қатарында әскери міндет атқаруға тиісті леншілер.

  61. Сойырғал - Темір ұрпақтарының кезіндегі шартты түрде сыйға беріліп тұрған жер үлесі.

  62. Социализм - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, ал мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім.

  63. Статут - Англия жене тағы басқа кейбір елдердегі заңның аты.

  64. Тамғаш - Алтын Ордаға бағынышты қалалардың билеушілері.

  65. Тархан - 1) ортағасырлық түрік халықтарындағы феодалдардың, сондай-ақ кейбір салықтан босатылған адамдардың атауы; 2) мемлекеттік салықты төлеуден босатылған Закавказье, Орта Азия, Қазан, Астрахан және Қырым хандықтарының жері мен мүлкі.

  66. Таурат - иудаизм мен христиандықтың қасиетті кітабы.

  67. Тевтон ордені- XIII-XVI ғасырларда неміс католиктері құрған діни-рыцарьлық ұйым.

  68. Технология - өндірістің әдіс-тәсілі туралы ғылым.

  69. Тиара - Рим папасының ерекше тігілген бас киімі.

  70. Тиран - әрекеттері зорлық-зомбылыққа негізделген басшы.

  71. Тоталитарлық - жойқын билік. Университет (латынның "жиынтық" деген сөзінен шыққан) - құрамында ғылыми білім негізін қалайтын әр түрлі пәндерді қамтитын бірнеше факультеттері бар жоғары ғылым-білім ордасы.

  72. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені.

  73. Тэтчеризм -Ұлыбританиядағы консервативтік үкіметтің Маргарет Тэтчер бастаған саясаты. Ішкі және сыртқы саясат идеологиясындағы шеткі оң тенденциялардың бой көрсетуі.

  74. Утопия (гректің "жоқ жер" деген сөзінен шыққан) - бүл терминді ең алғаш ағылшындық ойшыл-гуманист Томас Mop қолданды. Ол өзінің бірде-бір кемшілігі, қайшылығы жоқ қоғамын орнатпақшы болды. Ол қоғамды "утопия" деп атады.

  75. Ұлтшылдық - саяси және ұлттық бірліктер сәйкес келуі керек дейтін саяси принцип. 1983 жылы бұл анықтаманы Э. Геллнер ұсынды және ол әлі күнге дейін қолданыста

  76. Үшір - Осман түріктері империясындағы халықтың өнім түсімінен төлеген салығы.

  77. Фашизм - (диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі) - 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, І дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы.

  78. Федерация-бір мүдделі бірнеше мемлекеттер одағы.

  79. Феод - феодалдық қоғамдағы жер иелігінің негізгі түрі. Жер әкеден балаға мүрагерлікке берілді. Жерге оның қожасының толық меншігі орнады.

  80. Феодалдық рента (француздың "қайтарып беру" деген сөзінен шыққан) - феодалдың жалға берген жерінен жинап отыратын салығы.

  81. Феодализм - өндірістік қатынастардың негізін феодалдар тобының жерге жеке меншіктігі құрайтын қоғамдық-экономикалық формация. Феодалдар шаруаларды жерді пайдаланғаны үшін міндеткерліктер өтеуге, яғни еріксіз жүмыс істеуге мәжбүр етті.

  82. Флот - теңіз кемелерінің жиынтығы.

  83. Халиф - Мұхаммед пайғамбар өлгеннен кейін арабтар мемлекетінің басшысы болған оның орынбасарлары.

  84. Халифат- халифтер басқарған исламдық Араб мемлекеті, оның құрамына кірген елдер.

  85. Харадж- ислам дінін қабылдаған елдердегі жер салығы.

  86. Цехтар - феодалдық қаладағы қолөнершілердің бірлестігі, экономикалық саяси және соғыс одағы. Негізгі мақсаты - қолөнершілердің мүддесін қорғау. Цехтардың өз жарғысы, таңбасы, туы болды.

  87. Чомпилер - Орта ғасырлардағы Италияның Флоренция қаласындағы тоқыма көсіпорындарының жұмысшылары. 1378 жылы маусым айында олар көтеріліске шығып, қала басшыларының алдына жағдайларын жақсарту талаптарын қойды. Көтеріліс жеңіліп, жұмысшылар талаптары орындалмай қалды.

  88. Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы.

  89. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек.

  90. Шовинизм - (Наполеон Бонапарттың басқыншылық саясатына табынушы солдат Н.Шовеннің атына байланысты шыққан сөз])- шектен шыққан, жауыққан ұлтшылдықтың идеологиясы және саясаты; шовинизм фашизм идеялары мен саясатында ашық көрініс тапты; шовинист ұлтын, тобын, табын басқалардан артық көріп, асыра бағалайтын адам.

  91. Інжу - Шыңғысхан өулетінен шыққан билеушілерге бөлініп берілген жер үлесі.

  92. Этногенез- халықтың шығу тегі.

  93. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын)

  94. Эфталиттер- ақ ғұндар.

  95. Юстиниан заңдары - Византия императоры I Юстинианның (527-565) заңдар жинағы. Заңдар императордың шексіз билігін, құл иеленушілік құрылысты нығайтуды, меншік құқын қорғауды көздеді.

  96. Янычар - сұлтандық Түркиядағы полицейлік және жазалаушылық қызметтерін жауынгерлік қызметімен қоса атқарған, артықшылық жағдайдағы (1826 жылға дейін) жаяу әскер. Алғаш құлдыққа айдап әкелінген жастардан құрылды.

  97. Яса - Шыңғысханның 1206 жылы Ұлы хан болып сайланған кезінде жарияланған заңдар мен ережелер жиынтығы.

  98. Авеста – ежелгі парсының діни кітабы

  99. Агора – ежелгі гректерде қалалық өмірдің маңызды мәселесі шешілген халық жиналысы

  100. Амфитеатр – (грек сөзі көрушілер залындағы орындар) көне рим жұрты түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалауға арнап салған құрылыс.

  101. Аристофан – ежелгі грек комедиясының атасы

  102. Архимед – (б.з.б. 287-212) – ежелгі грек ғалымы, математик, өнертапқыш

  103. Гладиатор – ( грек сөзі - семсер) - ежелгі римдегі өзара сайысу үшін арнайы үйретілген құлдар

  104. Демократия – халық билігі

  105. Демос – (грек сөзі) халық ертедегі құл иеленуші Грекиядағы төменгі еркін халық

  106. Каста – португал сөзі ру, ұрпақ, ежелгі Үндістанда адамның шығу тегі мен құқығы бойынша ерекшеленген және топтық артықшылық қорғайтын қоғамдық топ

  107. Консулдар – (гр. кеңесшісі) – ежелгі римдегі жоғары лауазымды адамдар

  108. Олигархия – ауқатты шонжарлардан тұрған аз адамдардың билігі

  109. Палеста – (грекше күрес) – 12 жастан бастап ұл балалар оқитын қосымша мектеп

  110. Перғауын – ежелгі Египеттің билеушісі

  111. Плебейлер – (латын сөзі қарапайым халық) Римге басқа жақтан келіп қоныстанған адамдар, олардың ұрпақтары

  112. Сенат – (лат.қария) – ежелгі римдегі құлиеленушілер республикасындағы ақсүйектер кеңесі, жоғарғы мемлекеттік органдар

  113. Театр – грек сөзі ойын көрсететін орын

  114. Центруиарт – патрийцилер мен плебейлер жиналысы

  115. Форум – ежелгі римдегі базар алаңы



2 ДӘРІСТЕР
Дәріс сабағының құрылымы

МОДУЛЬ-1. Ежелгі дәуірдегі тарихи тұлғалар

Тақырып № 1.1.1. Ежелгі дәуір ғалымдарының

тарихта алатын орны-2 сағат


  1. Аристотель – әлем ұстазы.

  2. Платон – ежелгі грек философы.

  3. Қытай философы Конфуцийдің тарихи тұлғалық бейнесі.


1.Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 — б.з.д. 322 жылдар) - грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.

Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс философиясының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргі заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғылымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман философияларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік философияға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің философиясына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің философиясының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде.

Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.

— Гиппократтың шәкірті, философия ілімінің бірінші ұстазы сол кездегі басқа да ойшыл ғалымдармен қатар барлық ғылымдардың, оның ішінде морфологияның дамуына да зор үлес қосты. Аристотель салыстырмалы әдістерді пайдалана отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене құрылысын зерттеу арқылы өз заманына сай морфологиялық ғылыми тұжырымдар жасаған. Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратындығын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырларының байланысын дұрыс түсініп, жүйкені (нервті) басқа мүшелерден ажырата білген. Аристотель өзінің ғылыми еңбектерімен салыстырмалы анатомияның, зоологияның және эмбриологияның негізін қалаған.

Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афина қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрға сабап оқытты деседі.

Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін Аристотель Афинаға қайтып оралды. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің мектебін ашып алған болатын. Афинада оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.

Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектердің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың стилі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.

Философияан эстетика, этика, басқару ғылымы, метафизика, саясат, психология, шешендік өнері және құдайтану туралы еңбектер жазды. Ол білім беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын, әдебиет және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының толық жинағы ежелгі гректерге белгілі болған білімнің энциклопедиясы деп атауға болады. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған.

Александр қайтыс болғаннан кейін Афинада македондықтарға қарсы теріс көзқарас қалыптасты. Билеуші Еуромедон Аристотельге «құдайларды қастерлемейсің» деген айып тақты. Аристотель «Афиналықтарға пәлсапаға қарсы екінші рет қиянат жасатпаймын» деп анасының Халкидадағы иелігіне бас сауғалап кетті. Бұндағы оның қиянат деп отырғаны афиналықтардың Сократқа шығарған әділетсіз сот үкімі болатын. Бірақ бір жыл өтпей ол Еубеяда ауырып қайтыс болды (б.з.д. 323 жылы). Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрады.[

Аристотельдің (б.з.б. 384-322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.

Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол "Метафизика" деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі — болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.
Бұл жерде біз Аристотель мен Платонның арасындағы сабақтастық байланысқа тоқталып өткеніміз жөн. Я, Аристотель — Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті, оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау барысында ол Платонның көзқарасына қарама-қарсы шықты. 
Енді біз Аристотельдің "Метафизика" деген кітабындағы Платонға қарсы айтқан біраз пікірлеріне қысқаша тоқталайық. Өйткені, бұл пікірлердің ішінде Платонды сынау ғана негізгі мәселе болып отырған жоқ, сонымен бірге осы ойлар жаңа философияның іргетасын қалайтын келелі мәселелерді қозғады.
Айталық, Аристотель өзіне дейінгі философтар сияқты, болмыс мәселесіне айрықша көңіл бөле келіп, оны адамның білімімен біте қайнастыра қарастырады. Міне, осы болмыс пен білім негізін ашудағы ұғымдардың қандай рөл атқаратыны жөніндегі мәселе де Аристотельді қатты толғандырады. Бұл мәселе, сонау Сократтан бастап, философияның негізгі көкейтесті мәселесіне айналған болатын. Платон сияқты Аристотель де ұғымдардың өзіне тән ерекшеліктерін көрсетіп, олардың болмысты, табиғатты, ғарышты, тағы басқаларының қасиеттері мен негізгі мәнін түсінуде айрықша кұрал екендігін атап көрсетті. Бірақ Аристотель, Платон сияқты, ұғымдар мен идеялар өз алдына дербес өмір сүреді деген ойдан аулақ. Аристотельдің ойынша, осы ұғымдар болмыссыз, табиғатсыз, бізді айнала қоршаған дүниесіз өз дербестігін жоғалтады. Платон ұғымдарды, түрлерді, идеяларды сезімдік заттар дүниесінің мәні деп қарап, оларды бір-біріне қарама-қарсы қойса, Аристотель бүған ашықтан ашық қарсы шықты. Оның айтуынша, мұндай жалған ойдың негізі тарихи жағынан алғавда өзінің бастауын сонау Гераклиттің диалектикалық көзқарасынан алады. Өйткені Гераклит сезімдік заттар дүниесі үнемі өзгеріп, қозғалып отырады деген қағиданы негізге алды. Платон да өзінің философиялық жүйесінде осы Гераклиттің пікіріне сүйене отырып, үнемі өзгеріп, қозғалып отыратын сезімдік заттар дүниесіне қатысты ешбір ақиқат жоқ деп есептеді.
Аристотельдің ойынша, Платон сияқты "идеяларды" өз алдына бөлек болмыс деп, оларды сезімдік заттар дүниесінен бөліп алудың таным теориясына ешқандай пайдасы жоқ. Негізіңде, сезімдік заттар мен идеялардың болмыс табиғаты бір ғой.

Ендеше, Платонның бұларды екіге бөліп, сезімдік заттар дүниесі мен идеялар дүниесі деп атауы ешбір қисынға келмейді. Өйткені, сайып келгенде, Платонның ойынша, қарама-қарсы идеялардың өзі сезімдік заттар дүниесінің көшірмесі, егіздің сыңары сияқты емес пе? Олай болса, Платон екіге бөліп отырған заттардың өзі бір-бірімен бірігудің орнына алшақ келіп, бізге ешқандай білімнің негізін бермейді.

Сондай-ақ, олар білімнің негізі емес. Платонның айтуынша, "идеяларда" жалпылық бар. Мұндай жалпылық жекелеген сезімдік заттарға да тән. Ендеше, осылай бөліне беретін идеяларда мазмұнның болуы неғайбыл. Өйткені сайып келгенде, жекелеген сезімдік заттарда мазмұн болмай шығады ғой. Айталық, адам "идеясының" әрбір жеке сезімдік адамның ортақ белгілерінің жиынтығьшан ешбір айырмашылығы жоқ. Бұл жерде Аристотель өзінің болашақ философиялық жүйесінің негізгі теориясын айқындап беріп отыр. Өйткені Платон өзінің философиясында мазмұн (сезімдік заттар дүниесі) жөне форманы (сезімнен тыс идеялар дүниесі) бір-бірінен бөліп алып, оларды алшақтатып жіберді. Ендеше, мұндай бір процестің екі жағын бір-біріне қарама-қарсы қою болмыстың мәнін аша алмайды.

Аристотельдің өзінің ұстазына бағыттаған екінші қарсылығында, "Платон идеялар дүниесін жеке бөліп альш, оның сезімдік заттар дүниесі мен арасындағы байланысты үзіп жіберді" деп көрсетеді. Әрине, Платон олардың арасын қосуға да әрекетгенді. Сондықтан ол сезімдік заттар дүниесі идеяларға біршама "қатысы" бар деп есептейді. Оның бұл түсіндірмесі баяғы замандағы пифагоршылардың әдісін қайталағаны. Олар заттардың сандарға қатысы бар, яғни соларға еліктейді деген болатын. Мұндай ой желісі мәселені толық шешіп бере алмайды, қайта бұл екі дүниенің арасындағы алшақтықты қайшылыққа әкеліп ұрындырды. Аристотель Платонның идеяларын талдай келе, оның логикалық ілімінің қайшылығын да ашты.


Платон идеяларының логикалық арақатынасы жөніндегі пікірі, тіпті, қисынға келмейді. Біріншіден, "идеялардың" арасындағы логикалық байланыс, екіншіден, "идеялар" мен сезімдік заттар арасындағы қатынастар қайшылыққа толы. Идеялар арасындағы байланыс жеке идея мен жалпы идеялардың арасындағы қатынас арқылы көрініп, жалпы — жекенің мәні деген қорытындыға тіреледі. Ал идеялар мен сезімдік заттар арасындағы қатынаста зат пен оның идеясы бір-бірінен бөлек тұратын көрінеді. Бірақ заттар дүниесі, Платонның ойынша, "идеялар" дүниесінің бейнелеуі ғана ғой. Ендеше, әрбір заттың және оның идеясының екеуіне де ортақ және жалпы бірдеңе болуы керек. Егер сезімдік затгарға қатысты "идеялар" дүниесі бар десек, онда осыларға қатысы бар "идеялардың" жаңа дүниесі де болуы қажет.
Ендеше, бұл — "идеялардың" өзіне тән екінші дүние. Сөйтіп, Платонның идеялар дүниесін амалсыздан сансыз көбейте беруге болады. Яғни, Аристотель көрсеткендей, идеялар дүниесінен келіп, "үшінші адам" шықты деуге мәжбүр етеді. Ол қалай дейсіз ғой? Ол мынандай жағдайға байланысты: "Әуелі жеке сезімдік адам және оның идеясы бар". Одан соң, осылар бағынатын тағы да бір "идея" бар. Ендеше, бұл идея бірінші идея мен сезімдік адамның арасындағы ортақ жалпылықты қамтиды. Олай болса, ол — "үшінші адам".

Сайып келгенде, Платонның идеялар туралы теориясы сезімдік заттар дүниесін түсіңдіре алмайды, оның қасиеттерін ашуға да дәрменсіз. Бұл идеялар заттардың шығу тегін, қозғалуы мен қалыптасуын, пайда болуы мен жойылуын түсіңдіріп, оның мәнін аша алмайды. Өз алдына бөлек тұрған идея заттардың қайдан пайда болып, не себептен қозғалып дамитынына жауап беруге дәрменсіз келеді.

Платон идеялар дүниесі арқылы жаратылыстану саласыңдағы себеп-салдарлы байланысты аша алмады. Сондықтан Аристотельдің ғылыми ілімдерге жете көңіл бөліп, жаратылыстану саласымен кеңінен айналысуы Платон философиясындағы қайшылықтардан шығудың жолын іздегендігі деуге әбден негіз бар.

Осы жерде бұл екі ойшылдың көзқарасын бір-біріне тым қарсы қойып, бірін — материалист, екіншісін — идеалист деуден аулақ болған дұрыс.


Мұндай қағиданы тым асыра дәріптеп жіберуге болмайды. Өйткені Аристотель Платонды сынап, шын мәніндегі басқа бағытқа карай өтейін деп отырған жоқ. Керісінше, Аристотель белгілі бір философиялық мәселені шешу барысында ұстазының қайшылыққа белшесінен батып, одан шыға алмағанын ғана көре білді. Енді өзі белгілі бір жүйе жасау үшін, осы қайшылықтарды қалайда шешуге ұмтылды.

Біз Аристотельдің сынын ақтайық деп отырғанымыз жоқ. Бірақ дөл осы логикалық-диалектикалық, танымдық-теориялық мәселелерді шешуде, көне грек философиясының алыбы — Аристотель үшін басқадай жол қалмаған еді.

Дегенмен, Платонды сынау арқылы Аристотель көптеген мәселелердің бетін ашып тастады емес пе?

Мәселенің өзі осы болып тұр. Біреуді "мынаны істемеді, мына мәселені шешпеді" деп сынау, тағы басқа да себептерді айтып, айыптау оңайырақ. Ал енді сол мәселелерді шешуге бет алған сыншының өзі қайшылықтарға белшесінен батып, тұншығып, шыға алмай қалуы мүмкін.


Мыңмен жалғыз алысқан Абай көне грек философиясының алыбы — Аристотельге ерекше назар аудара отырып, өзінің зар-мұңын шағады, заманның тарылып бара жатқанын айтады...

Сонау көне заманда көрнекті қолбасшы — Александр Македонскийге ұстаз болған Аристотель қазақтың данасы — Абайға дәл осы өзі өмір сүріп отырған дәуірде, адамдардың рухани дүниесі өзгеріп, әрі жұтаңдап келе жатқан кезенде, оларға "ата-анадан мал тәтті" болып, ашкөздікке бет бұрып, "ғылымда жоқ, ми да жоқ, даладағы аңдарға" айналып бара жатқанда аса қажет еді. Сондықтан данышпан ақын:

"Қу емір жолдас болмас, өлі-ақ етер,

Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!

Ұятың мен арынды малға сатып,

Ұятсызда иман жоқ-түпке жетер",—деп түйіндейді...

Аристотельдің ғылымдағы, әсіресе жаратылыстану салаларына, философияға, этика мен эстетикаға, тағы басқа да мәселелерде ашқан жаңалығы мен даналық үлесі ұшан теңіз.

Біздің еліміз — Қазақстан үшін, әсіресе қазіргі нарықтық экономикаға бет бүрған, сол салада айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп отырған кезеңде, халқымызға гректің данышпан ойшылы — Аристотельдің еңбектері баға жетпес рухани байлықтың қайнар көзі болып есептеледі. Тек сол мәңгі суалмас рухани байлықтан нәр ала білу қажет.



2. Платон (Platon) Афиналық (б.з.б. 427-347) - ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі — Аристокл.

407 ж. ш. Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. Сократ өлгеннен кейін Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарга кетті.

389 ж. Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылыми, философиялық, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі — Платон академиясының негізін қалайды.

367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары: “Апология” (Сократты қорғау), “Критон” (заңды сыйлау туралы), “Кратил” (тіл туралы), “Федон” (әдептілік туралы), “Мемлекет” (идеялар теориясы), “Теэтет” (білім туралы), “Тимей”, “Заңдар”, т.б.

Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Қоғамның теқтік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріқтігінің шарты деп жариялады. Төменгі теқтен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белтіленіп қойылған іспен айналысуы қажет. "Өз ісімен айналысу және бөтендерге килікпеу — әділдік деген осы". Әділдіктің платондық анықтамасы қоғамдық теңсіздікті, адамдардың туғаннан жоғары және төменгі болып бөлінуін ақтауға құрылған.

Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады:



  1. себептілік;

  2. заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі;

  3. заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым.

Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым — “хораны” (материя) кіргізді. Хора-материя — көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Платонның материясын таны Платон білуге болмайды, ол — бейболмыстың бір түрі. Материя көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның бұл түрінен физ. материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антик. көзқарастарда қалыптасқан төрт негіз — от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді.

Сезімдік заттар — заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, қайта жоғалып жатады. Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама — әлемдік рух немесе космос рухы шығарм. күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін байланыстырады. Ол заттарды идеяларға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуға көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Ол қарама-қайшылық үш бөліктен тұрады: біріншісі — өзіне-өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі — өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі — сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін — демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтірушісі. Демиург жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар әлемін көріп, таны Платон біледі; бірақ жерге түсіп, адамдардың денесіне орналасқанда көрген-білгенінің бәрін ұмытып қалады. Платон таным процесі — жанның ұмытып қалған идеялар әлемін еске түсіруі деген қорытынды жасайды. Материялық денелер идеялардың бейнесі болғандықтан, жан оларды көргенде, ұмытып қалған идеялар әлемі туралы білгені есіне оралады. Жанның осы жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа жатады. Аспан әлемінің үйлесімділігін зерттейтін ғылымдар арқылы алған білім — ақиқатқа жақын, себебі олар идеялар әлемі туралы тікелей білім бермесе де, соған жақындатады. Ал сезімдік денелер туралы күнделікті тәжірибе арқылы алған білім — шындыққа жанаспайды, себебі ол болмыс, идеялар әлемі туралы білім емес, олардың көлеңкесі туралы алынған білім. Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсіні Платон білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі ол адамдарды шығарм-қа жетелейтін құдіретті күш. Платонның көзқарасы бойынша, идеяны, эросты басшылыққа алған өмір әдептілік идеясын (игілік, қайырымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухани махаббат негізінде ғана мүмкін. Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен үйлесімділігі.

Платонның түсінігінше игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеум. топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған — философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар — әскербасылар, т.б., ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар — қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеум. топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеум. топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды. Өзінің жетілген мемлекет идеясын жүзеге асыруға талпынысы сәтсіз аяқталған соң Платон өз шығармаларында "барлық нәрсенің өлшемі — Құдай" деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекет пошымын табуға ұмтылады. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары, т.б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен, т.с.с айналысады.

Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттілігін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет еркін адамдардың бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократ. мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді. Оның қағидалары адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдер мен дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платонның философиясы ежелгі грек дәуіріндегі Пифагордан басталған діни-мистикалық идеяны дамытумен ғана шектелген жоқ. Платон өзіне дейінгі философтардан қажетті, бағалы деген ой-пікірлерді қабылдай білді. Ежелгі грек философиясының көрнекті өкілі ретінде адам туралы мәселеге кеңінен тоқталып, соған байланысты көптеген мәселелер көтерді. Оның философиясындағы үлкен бір жаңалық — адамды биол. табиғи, сезімдік заттар дүниесінің немесе атомдардың қосылысы деген дөрекі, тұрпайы анықтамадан бас тартуы. Ол, ең алдымен, адамды қоғамдық өмірдің сан түрлі белестеріне көз жүгірте отырып, тануға ұмтылды. Сондықтан Платонның ойынша, адам — әрі қоғамдық, әрі парасатты, әрі мемлекеттік азамат. Платон өзінің көптеген шығармаларында, әсіресе, саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырған сұхбаттарында адамның ішкі дүниесін ашумен қатар оның қоғамдық іс-әрекетіне де талдау жасады. Платонның көптеген ой-пікірлері кейінгі философтарға үлкен ықпалын тигізіп, осы күнге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.



3. Конфуций, Кун-цзы, Құң-фу-цзы (б.з.б. 551, Цзоу, Лу патшалығы (қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйфу қаласы479 ж.ш., сонда) – Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы. Кедейленген ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін Лу патшалығында өткізген. Б.з.б. 11 – 3 ғасырларда болған осы көне мемлекет ежелгі дәуірдегі қытай тарихы мен мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарғанмен, 6 – 5 ғасырлардан бастап құлдырау кезеңін бастан кеше бастаған-ды. Сондай шақта өз отанында өмір сүрген Конфуций өзіне дейін өркен жайған философиялық ой маржандарын оқып-тоқып өсті. Жас шағында төменгі буындағы шенеунік қызметін атқарып жүрді. Сосын жеке мектеп ашып, 22 жасында бала оқыта бастады. Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнының негізін қалаушы атанды.Ең атақты мұғалім ретінде даңқы шықты. Халық оны сүйіспеншілікпен Құң ұстаз деп атады. Конфуцийдің мектебінде төрт пән – ақлақ (мораль), тіл, саясат және әдебиет оқытылды. Конфуций 50 жасында Лу патшалығының жоғары дәрежелі мемлекеттік қызметшісі болып істеді. Сол шақта саяси қызметін бастады. Алайда, қаскөйлік интригалдар салдарынан лауазымды жұмысынан кетуге мәжбүр болады. Содан 13 жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан басқа мемлекеттерін аралайды. Бірақ еш жерде өз идеяларын қолданысқа енгізе алмайды да, ақыры 484 ж. еліне қайтып оралады. Содан өмірінің соңына дейін ұстаздықпен және көне даналық кітаптарды жинап, өңдеп, таратумен шұғылданған. Конфуций өзіне арнайы бөлінген орынға жерленген. Оның қасына ұрпағы, жақын шәкірттері мен ізбасарлары қойылған. Тұрғын үйі ғибадатханаға айналдырылып, Конфуций рухына тағзым етушілер зиярат жасайтын орын ретінде әйгілі болған. Конфуций ілімі ол қайтыс болғаннан кейін б.з.б. 136 ж. мемлекеттік идеологияға айналған шақта ол он мың ұрпақтың ұстазы” деп жарияланды. Мемлекет Конфуцийді 1503 ж. қасиеттілер, әулиелер қатарына қосты. Конфуций есімі Қытайда 1911 ж. болған ұлттық-буржуазиялық революцияға дейін ресми түрде ардақталған.

Конфуций өзіне тән төл ілім жасамаған деген пікір қалыптасқан, ол Ежелгі Қытайдың бес классикалық шығармасын – “Шуцзин” (тарих кітабы), “Щицзин” (әндер мен гимндер кітабы), “Лицзин” (рәсімдер туралы жазбалар), “Юэцзин” (музыка туралы кітап), “Ицзин” (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеген және оларға түсіндірмелер берген. Осы ретте тұжырымдалған басты көзқарастары мен ілімі жайындағы мағлұматтар “Әңгімелер мен пайымдар”' (“Лунь юй”) деген кітапта таратылып баяндалған. Бұл кітап Конфуций айтқан ойлар мен оның жақын шәкірттерімен және ізбасарларымен әңгіме-дүкенінің жазбасы болып табылады. Зерттеушілер Конфуцийдің жеке басына тиісті деп тек “Көктем мен Күздің, Лу мемлекетінің тарихы кітабына” түсіндірмелерін атайды. “Ұлы ілім” мен “Аралық туралы ілім”' атты туындылар да Конфуцийдің өзінікі емес, ол тек мұның екеуін де қайта әңгімелеп берген деп саналады. Конфуций ілімінің өзіндік сипаты антропоцентризммен, яғни адамды ғаламдық ғимараттың кіндігі және ең жоғарғы мақсаты деп білетін көзқараспен айқындалады. Конфуций ой-пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор “5 ізгілікті” ұғындыруға арналған. Конфуций ғарыш пен әлемнің пайда болуы, эволюциясы мәселелерімен әуестенбеген деген пікір бар, өйткені ол рухтар мен о дүние мәселесіне көңіл бөлмеген. Бұл Конфуцийдің:” “Өмірдің не нәрсе екенін білмей тұрып, өлімнің не екенін білу мүмкін бе?”, – деген, сондай-ақ: “Адамдарға қызмет ете білмей тұрып, рухтарға қалай қызмет көрсетуге болады?” – деп түйген қағида іспетті ой-тұжырымдарынан аңғарылады. Ол адам проблемасына, оның ақыл-ойына, адамгершілік кескін-келбетіне мол көңіл бөлді. Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы да осы қатарда. Бұл екі ұғым жасы үлкен мен орны жоғары адамдарға сый-құрмет көрсетіп отыруға, ел басына адалдыққа, т.с.с-ларға негізделген этик. және әлеуметтік қатынастар жиынтығын білдіреді. Ол “текті ерлерді” (цзюнь цзы) шешімді түрде “ұсақ пенделерге” (сяо жэнь) қарсы қойып отырған. Алғашқысы кейінгісін басқарып отыруға, оларға үлгі болуға тиіс деген.

Осындай этикалық теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Конфуцийдің мемлекетті “адамгершілікпен басқару” теориясы оған дейін де болған идеяға – басқарушы билігін құдіреттендіру идеясына сүйенді. Соған сүйене отырып, оны дамытты әрі негіздеді. “Басқару – түзету деген сөз” деген қанатты сөзбен тұжырымдалатын негізгі принципчжень минілімінде көрініс тапқан. Мұнда Конфуций [[қоғам|қоғамдағы әр нәрсені өз орнына қою қажеттігін, әркімнің міндетін қатаң да дәл анықтау керектігін айтты (Конфуций бойынша мемлекет – үлкен отбасы). Ол ел билеушілерін халықты заңдар мен жазалаулар негізінде емес, ізгілік жасаушылар жәрдемімен биік адамгершілік, имандылық қасиеттер танытатын тәртіпті үлгі ету жолымен басқаруға үндеді. Халықты салық, салғырт салумен қинамай, әдет құқығы негізінде басқаруды қош көрді. Ең бастысы – шынайы принципті әрқашан басқарушы қатаң ұстануға тиіс деп білді, сонымен бірге адамдар мен олардың игіліктеріне қамқорлық көрсету – басқарушы парызы. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс. Билеуші үшін – кісі сеніміне ие бола білу өте қажет. Осы пайымынан туындайтын: “Билікке қалай жетуге болады?”– деген сұраққа Конфуций: “Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткіз, – деп жауап берген, – сонда сен билікке жетесің, егер халықтың сүйіспеншілігін жоғалтар болсаң, онда билікті де жоғалтып аласың”.

Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Нашар мінез бен келеңсіз әдетті өзгертудің ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе) зор мән берді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы, Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл (жень), әділ, адал, ақжүрек болу керек деп есептейді. Ол әрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс. Ата-анасына, жалпы қарт адамдарға айрықша ілтипатпен қарым-қатынас жасау ләзім. “Бүкіл өмірің бойы басшылыққа алуға тұратын сөз бар ма?” деген сұраққа орай Конфуций: “Бар, ол сөз – мейірімділік”, – деп жауап берген. Конфуций адамдар арасындағы (отбасында, қоғамда, мемлекетте) мүлтіксіз қарым-қатынас заңын мынандай қанатты сөзбен тұжырымдаған: “Өзіңе тілемейтініңді басқаға жасама”. Бертінгі ұрпақ адамгершіліктің алтын ережесі ретінде дәріптейтін осынау Конфуций іліміндегі тұжырымдама ілгерілі-кейінгі ойшылдар пайымдауында адам мінез-құлқы мен тәртібінің іргетасы іспетте қолданылуда. Конфуцийдің ізбасарлары оның ілімін басшылыққа алып, дамытып отырды. Мысалы, Мэн-цзы (б.з.б. 372 – 289 ж.) өз тұжырымдамасында басқарудағы басты рөлді халыққа берді. “Мемлекетте халық ең бастысы болып табылады, – деді ол, – одан кейін топырақ пен дән рухтары, ал ең соңғы орында ел басшысы тұрады”. Жалпы алғанда, Конфуций ізбасарларына қатаң әлеуметтік жіктелу идеясын, сондай-ақ, қоғам мүшелері міндеттерін отбасындағы қызмет бөлу тәрізді [[иерархия|иерархиялық бөлініске салуды жақтау идеясын қорғау тән. Мемлекет – халық игілігін қамтамасыз ету және қажет тәртіпті орнату құралы. Солай бола тұра, мемлекет бәрін қамтитын және баршаға ортақ, бәрі орындауға міндетті, бірақ бет-бейнесіз заңға да, тиран-билеушінің озбырлығына да сүйенбеу керек, керісінше, мемлекет – билеуші мен оның көмекшілерінің даналығына, ізгілік-мейірімділігіне арқа сүйеуге тиіс. Конфуцийдің саяси доктринасына әр заманда әрдайым мұқият көңіл бөлініп отырды. Конфуций мен оның ізбасарларының ілімінде бейнеленген идеялар осы күнге дейін Қытай саяси мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.


Тақырып № 1.1.2. Қазақстанның ерте заман кезеңінің ел билеген патшалары және олардың тарихи портреттері – 2 сағат



  1. Сақ патшасы-Томирис

  2. Үйсін және қаңлы мемлекеттерінің билеушілері туралы

  3. Ғұн патшасы-шанью Мөде

Сақ тайпаларының көрнекті патшасының бірі-томирис (Тұмар ханшайым) Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен күнгей түркі сақтарды бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың (Томириске) өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.

Бұл Кирдің түркі сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар ханша Кирдің ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Кир өзінің жау қайдалап жұтынған жаужүрек жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді.

Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар ханша олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді.

- Мидиялықтардың патшасы! -, дейді жіберген жаушысы арқылы Тұмар ханша Кирге. - Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауына қарай өзің шеш.

Тұмардың ұсынысын Кир әскери кеңеске салады. Біраз пікір таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Кирдің қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның түркі сақтар жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды.

Түркі сақтар уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, Крездің үйреткен айласымен түркі сақтардың шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмар ханшаның ұлы Спаргапты (Спаргапис) тұтқынға алады.

Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді.

Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің мына ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен сауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін!

Бар аңсары біреудің елін шауып, олжаға батып, атағын шығаруға ауған Кир ханша ақылын тыңдамай, өзінің шайқасатынын айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады.

Тұтқынға түскен Тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір-ақ біледі. Кирден аяқ қолын босатуын өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін өзі өлтіреді.

Келесі күні екі жақтың арасында бұрын соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. Ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған түркі сақтар парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған. Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады.

Тұмар ханша шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кирдің денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып тұрып: «Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ» дейді.

Осылайша күнгей түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалады. Осылайша Тұмар ханша елбасылық ұлы тұлғасымен, қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді.

Түмен ұлы Мөде қаған (ж.ж.с.д. 228-174) Сиуңну (Ғұн) империясының негізін қалаушы, жеке тағдыры қызық та қасіретті оқиғаларға толы, қаталдығы мен даналығы қабат өріліп жатқан күрделі тарихи тұлға. Қытай жазбаларында оның есімін «Маудун», ал билік лауазымын «чәниүй» деп атайды. Чәниүй атауының жеке сөз ретінде не мағына беретіні әлі күнге белгісіз, ал лауазым ретіндегі мағынасы сиуңнулар үшін ортағасырлық түркілердің «Қаған» дегенімен мәнзелдес. Қазіргі тарихшылардың чәниүйді «тәңірқұт» деп алулары қате.

Мүде шамамен 18-19 жасында, ж.ж.с.д. 209 жылы, әкесі ТҮмәнді өлтіріп, Сиуңну хандығының тағына отырып, өзін сиуңну елінің дара билеушісімен деп жариялайды. Содан көп ұзамай шығыста дҮнху, батыста жыужы (юечжи), терістігінде хуниүй, чуйшы, динлиң, гыгун және шыңли, оңтүстігінде лыуфаң, бай иән секілді елдерді жаулап алып, шағын Сиуңну хандығын Шығыста теңдесі жоқ далалық ұлы империяға айналдырады. Осыдан кейін елі оны «ақылы асқан дана» деп мойындап, оған «Чиңтижы» деген ат береді. Бұл қазіргі түсінікте «Тәңірінің күші», яғни «Құдайдың қаһары» деген мағынаны білдіреді.

Ел билігінің басына көсемдік дарыны аса жоғары, қолбасшылық қабілеті тым ерен, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын жігерлі жас Мүденің келуі тек сиуңну халқының ғана емес, бүкіл Шығыс халықтарының тағдырына үлкен өзгеріс әкеледі. Бұрын жеке жеке хандықтарға бөлініп, өзара қырқысып жатқан түркі халықтарының басы бірігіп, бәрі тарихқа танылған үлкен бір далалық империяның құрамына енеді. Елді басқарудың жаңа жүйесі қалыптасады. Бұл жүйе елді үш әкімшілік аумақтық құрылымға бөліп басқару арқылы жүзеге асырылып, бар билік бір адамның чәниүйдің қолына көшеді.

Мүде қаған тұсында мемлекетті басқару жүйесінің шен дәрежесі де белгіленеді. Мемлекеттің шығыс бөлігін Сол тужи уаң, батыс бөлігін Оң тужи уаң басқарды. Қытайша аталған бұл лауазымдардың билік пәрмені кейінгі түркілердің «кіші хан» деген ұғымына келеді. Бұдан кейінгі лауазым иелерін Сол лули уаң, Оң лули уаң деп атайды. Бұлар кіші хандарға бағынышты азық түлікке жауап беретін уәзірлер. Кезінде осы төрт лауазым иелерін топтастырып ортақ бір ақ атаумен чәниүйдің «төрт мүйізі» деп атаған. Мұның сыртында «түмен басы» деп аталатын 24 әкімшілік басшылары болған. Тәрізі қазақтың қария сөзінде жиі айтылатын «24 баулы ел» деген тіркес сол бір шалғай кез кезеңнен келе жатқан үрдіс болуы әбден мүмкін.

Мүденің реформасынан кейін мемлекетте әскери шен жүйесі де (бас қолбасшы, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы) бір қалыпқа түседі. Сиуңну империясы азаматтарының бәрінің бірдей әскер қатарына шақырылуға міндетті болуы, шақырылғандардың әскери бастықтарына сөзсіз бағынуы, әскердің үнемі жауынгерлік рухта болуы үшін әскери жаттығулардың жүйелі жүргізіліп тұруы сиуңнудың тұрақты армиясы болғанын дәлелдейді. Оның саны бір деректе «300 000, екіншісінде 400 000 еді» деп көрсетіледі.

Сиуңнулардың ата-баба дәстүріне негізделген азаматтық, қылмыстық заң жүйесінің өмірге келуі де осы Мүде қағаннан басталады. Бірақ бұл заңдардан қытайдың байырғы жазбалары арқылы бізге жеткені 4-5 бап қана. Олар:

Адамға пышақ, не қанжар салып, өлімші еткендер өлім жазасына кесіледі;

Ұрлық жасаушының мал-мүлкі түгел тәркіленеді;

Жеңіл қылмыс жасағандардың беті тілінеді. Қазақтың «бетің тіліңгір» деген қарғысы осы Мүде қаған заманынан бүгінге жеткен бір белгі болса керек;

Ауыр қылмыс жасағандар өлім жазасына бұйырылады;

Қылмыстыларды қамауға алып, жазасын беру он күннен әріге созылмайды. (Бірақ мемлекетте мұндай қамауға алынатын қылмыстылар онша көп болмаған).

Сиуңнуларға шын ниетімен беріліп, өлгенше чәниүй ордасында тұрып, адал қызмет атқарған қытай оқымыстысы Жүншин Иөннің айтуына қарағанда: «олардың заңдары орындауға жеңіл» көрінеді. Бұл, әрине, оның Сиуңну мемлекетінің заңын Хaн патшалығының заңдарымен салыстырудан шығарған қорытындысы еді.

Сиуңну империясы билігінің тізгінін 35 жыл уысында ұстаған Мүде қаған ж.ж.с.д. 174 жылы қайтыс болғаннан кейін де, кезегімен билік басына келген оның ұрпақтары ол орнатқан ел басқару тәртібі мен заңдылықтарды қатаң сақтап, жарты әлемді жалпағынан басқан алып мемлекеттің үш ғасыр бойы өмір сүруін қамтамасыз ете алады.

Мыңзықұлы Еділ (Аттила) қаған батыстағы Ғұн (сиуңну) империясының аты аңызға айналған әйгілі билеушісі, адамзат тарихында өзіндік орыны бар тарихи ірі тұлға. Оны Еуропа тарихшылары «Аттила», «Атилла», «Атыл», «Аттылы» деп те атайды.

Ежелгі қытайдың әулеттік шежіре тарихы «Хан кітабынан» («Хәншудан») қытайлықтар есімін білмегендіктен, «Солтүстік чәниүй» деп атап кеткен Солтүстік Сиуңну мемлекетінің билеушісінің жаңаша жыл санаудың 92 жылы Хән империясы мен сиәнбилердің біріккен күшінен ойсырай жеңілгеннен кейін, батысқа қарай ығысып кеткені белгілі. Міне, осы сиуңнулар бірден бірге ығыса отырып, ІІ ғасырда Еділ мен Жайықтың ортасында жаңа ғұн ордасының шаңырағын көтереді. Олар кейін күшейе келе IV V ғасырларда Қара теңіз жағалауы мен Еуропаның біраз бөлегін өздеріне қаратып, үлкен далалық империяға айналады.

Руғиланың тұсында Ғұн империясы бұрынғыдан да айтарлықтай күшейе түсті. Ол ата баба дәстүрімен осы үлкен елді інілері Ақтар және Мыңзықпен бірлесіп басқарады. Бұл баяғы Мүде қаған қалыптастырған, елді бір орталыққа бағынған үш әкімшілік аумақтық құрылымға бөліп басқаруға қатысқан үштіктің бірі осы Мыңзықтың баласы.

434 жылы Руғила өлгенде империя билігі оның інілерініңбаласы Бледа мен Еділдің қолына көшеді. Бірақ көп ұзамай Еділ немере туысы Ақтардың баласы Бледаны өлтіріп, билікке өзі жеке дара ие болады. Осыдан кейін ол бұрын білікті қолбасшы ретінде төңірегіне мәлім болса, енді үлкен саясаткер, көреген көсем ретінде жарқырап көзге түседі. «Әділ билеуші» атанады. Оның есімі қарсыластары арасынрда үрей туғызады. Оны «Құдайдың қаһары» деп атайды.

Еділдің тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста Кавказға, батыста Рейнге, терістікте даниялық аралдарға, күнгейінде Дунайға дейінгі жер Ғұн империясының иелігіне айналады.

Еділ бастаған ғұн әскері 447 жылы Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопил мен Константинополь іргесіне дейін жетеді. Шығыс Рим империясы (Византия) Еділге тәуелді екенін мойындап, алым салық төлеп тұрады.

Арада төрт жыл өткеннен кейін Рим императоры Валентин ІІІ-тің қарындасы Онорияның өтінішімен Еділ батысқа аттанып, Галлияға басып кіреді. Галлияны билеуге Рим императоры жіберген атақты қолбасшы Аэций вегтгот, алан, франк корольдерімен тіл табысып, Еділге қарсы көп әскер шығарады. Мұның аяғы тарихта бұрын болмаған үлкен қырғын әйгілі Каталун шайқасына әкеледі. Тарихшылар осы шайқаста майдан даласында 165 мың жауынгердің өлігі қалды дегенді айтады.

452 жылы Еділ Италияны ойрандап, Падуя, Милан секілді қалаларын алады. Рим салық төлеп құтылады. Сөйтіп ол осынау ұлы жорықтан Дунай бойындағы мемлекетінің астанасы Еділқалаға (Этзелбургке) үлкен жеңіспен, салтанатпен оралады.

Осының алдында Еділ герман тайпаларын бағындырған кезде Бургундия ханшайымы Илдионаға (Идилкаға) ғашық болып қалған еді. 453 жылы елінде үлкен той жасап, осы ханшайымға үйленеді. Бірақ алғашқы неке түнінде белгісіз жағдайда кенеттен қайтыс болады.

Оның орнына әкесімен бірге шерулі жорықтарға қатысып, қолбасшылық дарыны танылып, үлгірген батыр баласы Эллақ отырады. Еділ өзінің көзі тірісінде оны мұрагері етіп белгілеген болатын.

Сөйтіп билік басында болған он тоғыз жыл ішінде Ғұн империясының жеріне жер, еліне ел қосып, даңқын алысқа жайған Еділ қаған Шығыстың ұлы жаугер ұлдарының бірі ретінде тарихқа енді. Содан да болар, батыстың тарихшылары оның есімін «адамзат тарихындағы ұлы адамдар Александр Македонский мен Юлий Цезарь есімдерінің қатарына қояды».

Бумын қаған (туған жылы белгісіз – 552 ж.) - түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі. Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жыужән қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы ұлы йабғу (даиеху). Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болған.

Кезінде хатталып, қағаз бетіне түспегендіктен, Батыс Вей империясынан елші келгенге дейінгі түркі елінің де, оның басшысы Бумынның да тарихы белгісіз. Сондықтан да болар тарихшылар ортағасырлық түркілердің тарихын, шартты түрде, осы елшілер еклген да тун жылнамасының он бірінші жылынан, яғни 545 жылдан бастайды.

Елшінің келген мақсаты түркілердің Батыс Вей империясының бақталасы Шығыс Вей империясының одақтасы болып отырған Жыужән мемлекетіне қарсы қойып, қарсыластар күшін әлсірету әрі оларды күресте өздерінің жақтасы ету болатын. Бумынның аса ірі саясаткер, көреген басшы екенін танытатын тұс та, міне, осы кез. Ол алып империяның айдапсалына елігіп, билікке таласушылардың қол шоқпарына айналмай, өз саясатын жүргізе біледі.

Асылы, Бумын өзін империя қолдайды екен деп, аңдаусыз аяқ басудың апатқа ұрындырарын мейлінше ұққан сақ жан. Жылнамалар жеткізген тапшы деректер осыны дәлелдейді. Ол Батыс Вей секілді империяның қолдауын пайдаланып қалайын деп, телылар сияқты жанталасып, бірден атқа қонбайды. Батыс Вейдің елшісі кеткеннен кейін оларға өзінің елшісін жіберіп, бар жағдайды өз адамдары арқылы толық біліп алады. Күресте көмектеседі деген империясының өз көмегіне зәру мүшкіл хәлін көреді. Азаттық күресінде тек өз күшіне ғана сүйену керектігін, қазіргі жағдайында қыздырманың тіліне еріп, қарсы шыққанменен, дәуірлеп тұрған жыужәндарды жеңуге шамасы жетпейтінін түсінеді. Сол себепті де ол ешкім күтпеген әрекетке барып, жыужәндарға қарсы жорыққа аттанған телы тайпаларын қолдау орнына, оларға тосыннан тиісіп, бүкіл елін өз қарауына қосып алады.

Бұл ретте «Жыу кітабы» (Жыушу): «Осы кезде (546ж.) телылар жыужәндарға қарсы жаза жорығына шығады. Тумын (Бумын) өзіне қарасты тайпаларды бастап, оларға орта жолда бүйірден тиісіп, талқанын шығарады. Сөйтіп 50 мың түтіндік бүкіл елін бағындырады» деген дерек береді.

Осылайша еліне ел қосып, жауынгерлер санын көбейтіп, әскери қуатын нығайтып алғаннан кейін барып, ол жыужәндарға қарсы шығудың әрекетіне көшеді. Онда да өзі бірден тиіспей, жыужәндардың өзін соғысуға мәжбүрлейді. Жыужән мемлекетінің билеушісі Анагүйге қызын өзіне әйелдікке беруді сұрап, елшісін жібереді. Бұл сол кездің дипломатиясында: «менің енді сенімен терезем тең. Менімен санасуға тиістісің» дегенді білдіретін еді. Бұған, әрине, Анагүй келісе алмады, тас талқан болып ашуланып, Бумынды балағаттап, «Сен менің темірші құлымсың, бұлай істеуге қалай батылың барады» деп, арнайы шапқыншысын жібереді.

Бумынның күткені де осы еді. Дәстүр бойынша, енді оның қорланған жан есебінде не істеймін десе де еркі бар, халықтың толық қолдауына ие болады. Осыны қапысыз пайдаланған Бумын өшпенділікті одан әрі өршіте түсу үшін Анагүйдің шапқыншысының басын алуға әмір береді. Қаған шапқыншысын өлтіру бұл дағы соғыс ашудың бір сылтауы болатын.

Ақыры фи ди жылнамасының бірінші жылының (552ж.) бірінші айында Хуәй хуанның терістігіндегі кең жазықта жыужәндар мен түркі әскері шешуші айқасқа шықты. Осы шайқасқа жеті жыл бойы қапысыз дайындалған Бумын ашудың жетегінде асығыс жиналған жыужән әскерінің тас талқанын шығарды. Ойсырай жеңілген Анагүй өзін өзі жарып өлтірді. Сөйтіп байтақ далада бір жарым ғасыр бойы дара билік жүргізген Жыужән қағандығы құлады. Оның орнына кейін Ұлы Далаға бірнеше ғасыр бойы үстемдігін жүргізген атақты Түркі қағанаты орнады.

Түркі елі жиналып, Бумынды ақ киізге көтеріп, «Ел қағаны» деп жариялады. Әйеліне «Ел Білге қатын» деген атақ берді. Бірақ Бумын қаған өзі орнатқан қағанаттың дәуірлеп дүркірегенін көре алмады. 553 жылдың қозы айында өз ажалынан қайтыс болды.


Тақырып № 1.1.3. Біздің заманымызға дейінгі кезеңде ғылым, білім, өнер, мәдениет салаларындағы тарихи тұлғалар -2 сағат


  1. Цицерон – Рим қайраткері ғана емес, әлем тұлғасы.

  2. Гомер – ежелгі ақын.


  3. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет