ПОӘК 042. 18-24 03/03 2013 18. 09. 2013ж №1 басылым



бет2/6
Дата14.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#134230
1   2   3   4   5   6

Габитусты анықтау


Габитус – малдың сыртқы түр тұлғасы. Оған малдың өзін кеңістікте ұстауы, қоңдылығы, дене құрлысы, дене температурасы кіреді.

Дене құрылымын бағалағанда оның сүйектері мен бұлшықеттерінің даму дәрежесіне көңіл бөледі. Дене құрылымы мықты, әлсіз, орташа болуы мүмкін. Денсін кеңістікте ұстауы қалыпты және қалыпты емес (амалсыз) болуы мүмкін.

Жылқы мен сиыр сау болса, көбінесе тұрып тұрады. Жылқы артқы аяқтарын кезек-кезек босатып, тек бір аяғымен тіреліп тұрады. Ірі қара малдар төрт аяғымен бірдей толық тіреліп тұрады. Ал азықтанған соң жатып күйіс қайырады. Қойлар да ірі қара мал сияқты жатып күйіс қайтарады.

Ауру малдарда амалсыз тұру және жату мақсатсыз жүру байқалады. Амалсыз тұру плевритте, жіті эмфиземада, перикардитте байқалады. Амалсыз жату аяқ ауруларында, төлдеуден кейінгі парезде, шошқалар температурасы көтерілгенде астына жайылған сабанға көміледі.

Мақсатсыз жүру, қимылдау мишық, сопақша ми ауруларында, құлақ лабиринті ауырғанда байқалады.

Дене қомақтылығы – организмдегі зат алмасу процессіне және дұрыс уақытында қоректенуіне байланысты. Қомақтылықты жақсы, орташа, орташадан төмен, жаман немесе арық деп бөледі.

Темперамент (мінез) – жануардың сыртқы орта тітіркендіргіштеріне жауап беру жылдамдығы мен дәрежесі. Оны жануардың өзін ұстауына қарап анықтайды. Жануардың көзіне, құлақ қозғалысына және тітіркендіргішке жауап беру жылдамдығына байланысты сипаттайды. И.П. Павловтың анықтағаны бойынша темперамент жоғарғы жүйке қызметіне байланысты төрт типке бөлінеді:

Жоғарғы жүйке қызметінің күшті ұстамсыз қозғыш типі;

Жоғарғы жүйке қызметінің күшті ұстамды, ширақ типі;

Жоғарғы жүйке қызметінің ұстамды баяу типі;

Жоғарғы жүйке қызметінің әлсіз типі.

Конституция - организмнің анатомиялық, морфологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Н.П. Кулешов, Е.А. Богданов бойынша конституцияның төрт түрі бар: ірі, нәзік, тығыз және балбыр. 1) Ірі конституция – сүйектері ауыр, басы үлкен, терісі қалың, бұлшық еті жақсы дамыған, май ұлпасы нашар дамыған. Көп қоректенеді, бірақ өнімі аз. 2) Нәзік конституция- сүйектері жеңіл, жіңішке, басы жеңіл, мойны жіңішке, аяқтары жіңішке, ұзын болады. Терісі жұқа, сирек, қысқа, жіңішке түктермен жабылған. Бұлшық еті, май ұлпасы нашар дамыған. Зат алмасуы интенсивті. Темпераменті ширақ. 3) Тығыз конституция- май ұлпасының жақсы дамуымен ерекшеленеді. Басы қалақты, мойны қысқа денесі қопақты, дөңгеленген, аяқтары қысқа болады. Қозғалысы баяу болып келеді.

Таза конституция сирек кездеседі. Жиі олардың қосындысы болады. Ірі қара малдарда жұмысқа бейімделген болса, ірі конситутция мен тығыз консититуцияның қосындысы, ет тұқымды жануарларда нәзік конституциялы мен болдыр конситутцияның қосындысы, сүт тұқымды жануарларда нәзік конституциялы мен тығыз конситутциялы қосындысы болып келеді.

Жылқы, сиыр, қойдың өзіндік тексеру бойынша габитусын анықтау. Нәтижесін оқытушыға тексерту.


Тері және тері асты клетчатканы тексеру


Тері және тері астындағы клетчатканы көру және сипалау арқылы тексереді. Кейде нұқуды пайдаланады. Паразиттік және инфекциялық ауруларда микроскоптық әдісті қолданады. Алдымен терінің физикалық жағдайын (тері қабының, құстың қауырсындарының жағдайын, тері түсін, ылғалдығын, иісін, қызуын және иілгіштігін), ал содан кейін терінің патологиялық өзгерістерін (ісік, қабыну, эмфизема), бүтіндігінің бұзылуын тексереді.

Терідегі болуы мүмкін патологиялық өзгерістер


Мұнда тері көлемінің ұлғаюы- қабынулар, тері асты клетчатканың эмфиземасы, элефантиазис жатады. Тері бөртпелері біріншілік болып және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік бөртпелерге – дақ, төмпешік, күлдіреуік немесе күлдіреу жатады. Екіншілік бөртпелерге – қабыршық, қыртыс, эрозия жатады. Екіншілік бөртпелер біріншілік бөртпелерден түзіледі. Тері бүтіндігінің бұзылуына – сызат, жарылу, жарақат, ойық жара, шіру, тері жарасы мен тыртықтар жатады.

ТАҚЫРЫБЫ: Көрінетін кілегей қабықтарды және беткі лимфа түйіндерін тексеру.

Жұмысты ажырату әдістемесі


1. Жануарлардың (жылқы, сиыр, қой, қоян) конъюнктивасының және кілегей қабаттарының түсіне, ылғалдығына, ісінулеріне және түзілістердің бар-жоқтығына назар аудару.

Сау малдарда кілегей қабаты қызғылт түсті, қалыпты ылғалданған, ісінулер мен түзілістерсіз болу керек. Жылқылардың танау аралық пердесінің кілегей қабатының түсі көкшіл болады. Ауруларда кілегей қабаттар өзгереді. Қан кетуде кілегей қабаттары ақшыл түсті болып кетеді. Пневмонияда, жүрек мүкісі, қызба, қозу кезінде кілегей қабаттарының қызаруы байқалады. Сары ауру, инфекциялық анемияда кілегей қабаты сарғыш түсті болады. Кілегей қабаттарының домбығуы қабынуларда байқалады. Үлкейген конъюнктива көз саңылауынан қызыл валик тәрізді қатпар түрінде шығып тұрады. Ол инфлюэнца, жұғымтал ала өкпе, оба ауруларында кездеседі.

Кілегей қабаттарында ақ және сұр түсті түзілістер болады. Асқорыту трактісінің ауруларында ақшыл-сұр түсті түзіліс байқалады. Жылқылардың энфлюэнца ауруында конъюнктивада фиброзды түзілістер пайда болады.

Кілегей қабаттарының секрециясының көбеюі қабынуларда байқалады. Конъюнктивалық қап, ауыз, танау және қынап ауруларымен сипатталады. Ағындылар сірлі, кілегейлі, іріңді т.б. болады.

2. Дені сау жылқы, сиыр, қойдың лимфа түйіндерін және ауру малдардың лимфа түйіндерін тексеру.

Көру және сипалау арқылы лимфа түйіндердің көлеміне, пішініне, тығыздығына, қозғалғыштығына және лимфа түйінін жауып тұрған терінің қызуына назар аударады. Жылқыларда жақ асты, тізе қатпары және шап лимфа түйіндерін тексереді.

Ірі қара малдарда және ұсақ малдарда жақ асты, жаурын алды, тізе қатпары және желін үсті лимфа түйіндерін тексереді. Түйелерде жақ асты, жоғары және төменгі мойын, жаурын алды, тізе қатпары және шап лимфа түйіндерін тексереді.шошқаларда лимфа түйіндерін сипап табу өте қиын, бірақ оларды жұтқыншақ арты безі міндетті түрде тексеріледі, өйткені олар туберкулез, сібір жарасы кезінде зақымдалады. Иттерде, мысықтарда шап бездерін, ал құстарда төменгі мойын бездерін тексереді.

Ауруларды (лейкоз, туберкулез, сақау және т.б.( лимфа түйіндерінің ісінуі мен үлкеюі байқалады.

3. Әрбір студент жылқы, қой, сиырдың дене қызуын максимальді малдәрігерлік термометрді тік ішекке, ал құстарда клоакоға салу арқылы өлшейді. Дене қызуын өлшегенге дейін термометр дезинфекциялық ертінді құйылған сауытта тұрады. Дене қызуын өлшеу алдында термометрге вазелин жағады, түсіп қалмау үшін арнайы құрал арқылы құйрық түбіне қыстырып қояды. Дене қызуын жұмыс дәптеріне жазып алу керек.

Қызба. Патологиялық тітіркендіргіштердің әсеріне ағзаның жалпы жақсы жауап беруі, ал жылу түзілудің бұзылуымен және дене қызуының көтерілуімен және дене қызуының көтерілуімен сипатталады. Қызбалық процесте қалтырау, асқорыту, тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйелері мүшелерінің, жүйке жүйесінің өзгерістері байқалады.

Дене қызуының көтерілу дәрежесіне байланысты қызба төмендегідей бөлінеді:

1) субфибрильді (1° жоғарылауы);

2) Фибринді (2° жоғарылауы);

3) Перитикалық ( 3° жоғарылауы);

4) Гипер перитикалық (3°ары қарай жоғарылауы);

Қызба түрлері:

Эфимерлік және өткінші:

Тұрақты;

Әлсіздендіргіш;

Аралық;

Қайталанбалы;

Антиптік;

Арықтандырғыш

Қызба ауруын емдеудің үш кезеңі:

Дене қызуының жоғарылау кезеңі;

Дене қызуының ең қатты жоғарылау кезеңі;

3) Дене қызуының төмендеуі, ол литикалық және критикалық болады.



4. Оқытушы берген мәлімен бойынша студенттер дене қызуының қисығын құрады да, қызба түрін және ол қай ауруды кездесетінін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет