Иммунитеттің фагоциттік жүйесі.
- Организмнің иммунитеттің қорғаныс факторларының арнайы механизмі.
Иммундық жүйені қалыпқа келтіру жөне белсендіру үшін иммунологиялық препараттарды, біріншіреттік және екіншіреттік иммунодефицитте, инфекциялық ауруларга қарсы турушылықты арттыру үшін, ісік клеткаларының осуін тежеу үшін, аллергиялық аутоиммундық ауруларды емдеу үшін қолданады.
Иммунологиялық препараттардың иммундық жүйе әрекетін төмендету қасиетін мүшелер меи ұлпалар трансплантациясында, кейде аутоиммундық, аллергиялық ауруларды емдеуте қолданады.
Иммундық жүйе организмге сырттан түскен немесе функциональдық озгерістер нәтижесінде түзілген потогендік агент әсеріне арнайы және арнайы емес жауап береді.
Бұл жауап реакциялары гуморальды жөне торшалық сипатта болады. Осы реакциялар негізінде көптеген диагностикалық препараттар ашылған.
- Жануарларды иммундеу әдістері.
Иммундеудің нәтижесі қолданылатын дәрмектің иммуногендік қасиетіне ғана емес, оны қолдану әдісіне де байланысты. Сонымен қатар жануарларды жаппай иммундеу оларды ауруға тексеру (аллергиялық тексеру, қан алу) сияқты көп еңбекті қажет етеді.
Жануарларды негізінен екі түрлі жолмен: жекелей және жаппай иммундеуге болады. Дара иммундеу жануарлардың әрқайсысына жеке-жеке вакцина жіберу арқылы, ал топтап иммундеу жануарлардың тұтас бір тобына вакцинамен бірден әсер ету арқылы іске асырылады. Жекелей иммундеу кезінде вакцинаны бұлшық етке, тері астына, тері ішіне, тері үстіне жібереді. Бұл әдістерді парентеральдық деп атайды (ішекке соқпай, яғни ішек арқылы емес, деген мағынада). Парентеральдық жолға көк тамырға енгізу де жатады, бірақ бұл әдіспен іс жүзінде ешбір вакцина жіберілмейді. Энтеральдық жолмен яғни ішек арқылы, дәлірек айтқанда ауыз арқылы, яғни пероральдық жолмен, вакциналау әдісі кеңінен қолданылады. Сонымен қатар вакцинаны әр түрлі кілегейлі қабықтар арқылы да (танау қуысына, көз конъюнктивасына, клоакаға, емшек үрпіне) денеге енгізуге болады.
Вакцинаны денеге енгізу жолын таңдағанда ол дәрмектің антигендік физикалық және химиялық қасиеттері және тиісті аурудың ерекшеліктері ескеріледі. Мысалы, тері астына топалаңның және құтырықтың, бұлшық етке қысаға мен лептоспироздың, тері үстіне шешектің, танау қуысына парагрипптің, емшек үрпіне (интрацистернальдық немесе диалетикалық жолмен) колибактериоз бен қылаудың вакциналары жіберіледі.
Топтап вакциналау екі түрлі жолмен: ауыз арқылы (энтеральдық немесе пероральдық әдіс) және аэрозольдік (аэрогендік немесе аспирациялық) әдіспен іске асырылады. Бұл әдістер еңбек өнімділігін шұғыл арттырып, вакцинациялау жұмысын көп жеңілдетеді. Пероральдық әдіспен алиментарлық жолмен жұғатын, ал аэрозольдік әдіспен респираторлық жолмен жұғатын ауруларға қарсы егу жақсы нәтиже береді. Бірақ бұл заңдылық бұлжымайтын қағида емес. Іс жүзінде жаппай егетін әдістің екеуін де, аурудың табиғи жұғу жолы қандай болмасын (алиментарлық, аэрогендік, трансмиссивтік немесе жанасу арқылы) пайдалана беруге болады. Әйтсе де респираторлық инфекциялар кезінде аэрозольдік, ал алиментарлық инфекциялар кезінде пероральдік егу әдісі жақсы нәтиже береді. Өйткені организмді жұқпалы аурудан сақтандырғанда жалпы иммунитетпен қатар, орны шектелген иммунитет те үлкен рөл атқарады.
Аэрозольдік әдіспен құстарды, шошқаны, қойды, сиырды, терісі бағалы андарды иммундеу жөнінде біраз тәжірибе жинақталған. Құсты Ньюкасл ауруына, шешекке қарсы егу туралы ұсыныстар жасалған. Иммундеу нәтижесі аэрозольдің көлеміне байланысты. Ірі аэрбзольдер жоғарғы тыныс жолдарында шөгеді де, өте майда аэрозольдер өкпенің ең тереңгі бронхиолалары мен альвеолаларына өтеді. Аэрогендік әдіспен иммундеу үшін вакцинаны құрғақ немесе сұйық күйінде де пайдалануға болды. Әйтседе бірдей нәтижеге жету үшін сұйық вакцинаға қарағанда құрғақ вакцина анағүрлым көп мөлшерде қажет болады. Иммундеудің нәтижесі тірі вакцинаның аэрозоль күйінде тіршілігін сақтауына байланысты. Бүркілген вакцина штаммы жылдам кебуінің салдырынан тез өле бастайды. Оның тіршілігін сақтауы табиғатына, ортаның температурасы мен ылғалдығына байланысты. Аэрозольдік жолмен иммундеу үшін тірі вакциналар тиімді. Олардың ауада тіршілігін ұзақ уақыт сақтау үшін әр түрлі тұрақтандырушы қоспалар пайдаланылады. Ондай қоспалар ретінде қолданылатын кептірілген сүт, глицерин аэрозоль бөлшектерінің ылғалын сақтауға көмектеседі.
Аэрозольдік вакцина ретінде аз уақыт ішінде (1-3 тәулікте) иммунитет қалыптастыратын штаммдарды пайдаланған тиімді. Ондай вакцина адам мен жануарлар үшін қауіпсіз болуы керек. Аэрозольдік әдіс тез арада ауруды дауалауға мүмкіндік береді. Бірақ герметикаландырылған қора-жайды, тиісті аэрозольдік генераторлар мен бүріккіштерді керек етеді.
Пероральді иммундеу ең қарапайым және денеге бөгде заттың енетін табиғи жолы болып табылады. Бүл әдісті 1930-жылдары Безредка бактериялық ішек инфекциялары (дизентерия, іш сүзегі) кезінде жан-жақты зерттеген болатын. Бірақ ол кездегі вакциналардың жарамсыздығынан іске аспай қалды. Кейінірек бұл әдіс медицинада пайдаланыла бастады да, кейбір ауруға, мысалы полимиелитке қарсы егуде негізгі әдіске айналды. Ветеринарияда Ньюкасл ауруының ВІ және Ла-Сота штамдарынан даярланған вакциналарды тауыққа суға қосып ішкізеді.
Энтеральдік вакциналарды даярлағанда оларға қарын сөлінің қолайсыз әсері ескеріліп, таблетка жасағанда сыртын қышқылға төзімді қоспамен қорғайды немесе май, балауыз, смола сияқты қосындылармен толықтырады.
Пероральді иммундеу кезінде антиген ішекке жетпей, тіпті ауыз қуысында сіңіріле бастайды, мысалы, шешек вирусы мен аденовирустар. Жалпы ішек-қарын жолынан антигендік заттар қан мен сөлге өтіп, сөл түйіндері мен көкбауырда іркіледі. Мұндай жолмен иммундегенде гуморальдік, жасушалық және орны шектелген барлық иммунитет реакциялары іске қосылады. Ерекше атап өтетін жағдай антиденелер қанда ғана емес, секреттік А иммуноглобулин ретінде сілекейге, ішек сөліне, капроглобулин ретінде нәжіске шығады. Мұндай антиденелер ішекке тән жас төлдің инфекцияларынан қорғауда маңызды рөл атқарады.
Пероральді вакциналаудың тиімділігін шошқаның тілмесіне қарсы тірі вакцинаны қолданғанда Кулеско (1961) анықтаған. Өте жақсы нәтиже бұзауды колибактериозға иммундеуде алынды. Бұл үшін Сидоров пен Курашвили (1981) колипротектан деп аталатын дәрмек ұсынды. Торайларға колиэнтеро-токсемияға қарсы вакцинаны сумен ішкізу жақсы нәтиже береді. Диктиокаулез гельминтінің балапан құрттарына рентген сәулесімен әсер етіп, пероральдік жолмен иммундеу үшін пайдалануға болатындығы анықталды. Пероральдік әдіс жабайы жануарларды, мысалы қасқырға құтырықтың вакцинасын етке қосып беру арқылы, иммундеудің бірден-бір қолайлы жолы болып табылады.
Жануарларды жаппай иммундеуді жеңілдету мақсатында бірнеше вакцинаны бір мезгілде егуге болады. Бұл әдіс кешенді вакциналау деп аталады. Кешенді иммундеу кезінде әрбір вакцина жеке-жеке егіледі. Әр түрлі вакцинаны даярлаған кезінде араластырып қоспа (ассоциацияланган) вакцина даярлау биология өндірісінде жолға қойылып, дамытылып келеді.
- Иммунитеттің фагоциттік жүйесі.
Фагоциттер туралы И.И. Мечников заманынан бepi жиі айтылып келгенімен олардың иммунитеттегі ықпалының нақтылы орны мен маңызына дәл баға беріле бермейді. Иммунитеттің фагоциттік жүйесі организмге енген микробтарды жұтып, ыдырататын фагоциттер деп аталатын жасушалардың қызметінен туындайды. Фагоциттерің екі түpi бар: микрофагтар және макрофагтар. Оларға ортақ қасиет лизосома деп аталатын диаметрі 0,25-0,5 мкм түйіршік болады. Лизосомада көптеген ферментер: қышқыл фосфатаза, миелопероксидаза, р-глюкуринидаза, колагеназа, лизоцим, катепсин, РНК-аза, ДНҚ-аза т.б. болады. Осы ферменттер арқылы фагоцитоз кезінде микробтар мен бөгде антигендер ыдыратылады.
Фагоцитоздың өзi бірнеше кезеңнен тұрады:
-
Хемотаксис - фагоциттің фагоцитоз объектісіне жақындауы.
-
Фагоциттелінетін бөлшектің фагоцитке жабысуы.
-
Бөлшектің фагоцитке батуы және оны қоршаған жасуша мембранасының бөлігі үзіліп фагосома түзуі.
-
Фагосома мен лизосоманың қосылып фаголизосома түзуі
-
Түйіршіктің қорытылуы. Бұл кезде күрделі заттар ыдырап, полисахаридтер олигосахаридтерге, белоктар пептидтер мен амин қышқылдарына ыдырайды.
Микрофагтарға немесе полинуклеарлы (көп ядролы) фагоциттерге қанның түйіршікті лейкоциттері жатады. Олардың ядросы бунақ-бунақ болып, сегменттерге бөлінген, ал цитоплазмасы түйіршіктеніп тұрады. Бұл түйіршіктер - лизосомалар, олар боялған кезде, әcipece Романовский әдісімен бояғанда, бояуды әрқилы қабылдайды. Бұл қасиеті бойынша түйіршікті лейкоциттер нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдерге бөлінеді. Эозинофилдер қышқыл бояулармен (эозинмен) қызғылт түске, базофилдер негіздік бояулармен (метилен көгімен) көк түске, ал нейтрофилдер метахромазиялық қасиеті бойынша көк бояумен қызғылт-күлгін түске боялады. Бұндай классификация адамның лейкоциттеріне қатысты да, жануарлар лейкоциттерін зерттегенде бipaз жаңылыстар туғызады.
Мысалы, иттің, мысықтың, шошқаның нейтрофилдері адамдікіндей Романовский әдісі бойынша қызғылт-күлгін түске боялады. Жылқы мен күйісті жануарлардың нейтрофильдері қышқыл бояуларды да, негіздік бояуларды да қабылдайды, ал құс пен қоянда қышқыл бояуларға бейім болады. Сондықтан жануарлардың нейтрофильдерін арнайы лейкоциттер немесе гетерофильдер деп атау ұсынылған.
Бактерияларға қарсы ең белсенді фагоциттер нейтрофильдер болып табылады. Эозинофилдер паразит инвазиялары мен жүйелі аллергиялық реакциялар кезінде белсенділік көрсетеді. Базофилдер белсенді фагоцит емес. Оларда гистамин, гепарин сияқты қабыну медиаторлары көп болады да, дәнекер ұлпалардың шүйгін торшалары (орысша - тучные клетки) сияқты жіті қабыну реакцияларының өршуінде маңызды роль атқарады.
Барлық микрофагтар жедел типтi сезімталдықтың қалыптасуына қатысады да, ыдыраған кезде лизоцим және басқа да микробқа қарсы заттар бөліп шығарады.
Макрофагтар немесе мононуклеарлы (бip ядролы) фагоциттер құрылысы жағынан полинуклеарлы торшалардан айырмашылығы олардың сегменттелмеген біртұтас торшаның негізгі бөлігін алып жатқан ядросы болады. Осындай ерекшелігі бойынша лимфоциттерді де мононуклеарлы торшалар деп атайтындығын айта кеткен жөн. Мононуклеарлы фагоциттерге моноциттер мен макрофагтар жатады. Бұлар - мононуклеарлы фагоциттер жүйесін құрайтын ұлпаларда бекітілген және көшпенді фагоциттер. Олар ортақ алғызат - промоноциттен туындайды. Промоноцит сүйек майында түзіледі де, бөлінген кезде моноцитке айналып, қанға түседі. Бірнеше сағат қан айналымында болған соң ұлпаларда ipкілiп, макрофагқа айналады. Бұндай өзгеріс үшін фагоцитоз объекте (бөтен антиген, организмнің өлген торшалары) болуы және оның моноцитпен тұтылуы қажет. Фагоциттің нәтижесінде моноцит әр түрлі ұлпаларда ipкiлiп, мононуклеарлы жасушалар жүйесіне (бұрын ретикулді эндотелий жүйесі деп аталған) жататын макрофаг торшаларына айналады. Оларға жататындар: дәнекер ұлпада - гистиоцит, бауырда -Купфер торшасы, өкпеде - альвеола макрофагы, сөл түйіні макрофагы, көкбауыр макрофагы, сүйекте - остеобласт жасушалары, жүйке ұлпасында -микроглия, құрсақ қуысында - перитонеальдік макрофаг, теріде - Лангерганс жасушалары.
Әр түрлі мүшелердегі макрофагтардың функциялық айырмашылығы болады. Мысалы бауырдың Купфер жасушалары негізінен өлген эритроциттерді жояды, ал көкбауыр макрофагтарының белсенділігі бактерияларға бағытталған. Купфер жасушалары көкбауыр макрофагтарымен салыстырғанда антигендік информацияны да нашар сақтайды.
Макрофагтарды А-жасушалар деп атайды. Олар фагоциттелген түйіршіктерді толық ыдыратпай, антигендік информацияны Т-көмекшілерге береді оның үстіне интерлейкин-1 бөліп, Т-көмекшілерді icкe қосу арқылы баяу типті сезімталдықтың патогенезіне қатысады. Макрофагтар арқылы болған фагоцитоз иммунитет реакциясының бастапқы сатысы болып табылады. Оның нәтижесінде антигендік информация лимфоциттерге беріліп, лимфоциттер icкe қосылады. Сонымен қатар макрофагтар иммунитетке қатысы бар бipaз заттарды: комплементтің кейбір компоненттерін (С1, С4, С2, СЗ,С5), лизоцим, интерферон, пропердин, т.б. синтездейді.
Фагоцитоздың бөтен антигенді ыдыратып, организмнен шығару үшін де маңызы зор. Бұл процеске фагоциттермен қатар антиденелер мен комплемент қатысады. Олар антигенді фагоцитозға дайындайды. Комплемент жүйесі icкe қосылғанда, оның кейбір бөлшектері (СЗ, С5а) хемотаксистік қасиеттері арқылы фагоцитозды одан ары үдетеді.
Иммунитеттің лимфоидтың жүйесі. Иммунитеттің лимфоидтың жүйеci омыртқалы жануарларға тән, әcipece сүтқоректілерде жетілген және арнайы лимфоидтық органдардың қызметіне негізделген. Лимфоидты иммунитет жүйeci деп лимфоциттер пайда болып, жетіліп, функциялық толысатын лимфоидты органдардың жиынтығын атайды. Бұларға бауыр (эмбриональдық дамудың алғашқы кезеңінде), сүйек майы, тимус, көк бауыр, сөл түйіндері, дәнекер ұлпадағы лимфоидты құрылымдар, құстың Фабрициус қалтасы жатады. Бұл органдарда қан түзетін торшалардың алғы затынан Т және В лимфоциттер пайда болып, қызметін атқарады. Аталған жасушалар түзілетін тимус, сүйек майы, эмбриональдық дамудың алғашқы сатысындағы бауыр, Фабрициус қалтасы, орталық лимфоидты ағзалар деп, ал олар қызметін атқаратын сөл түйіндері мен көк бауыр шеткері лимфоидты ағзалар деп аталады.
В-лимфоцит атауы осы жасушалар түзілетін органдардың ағылшынша атауларының басқы әрпінен алынған, құста - Фабрициус қалтасы (Bursa of Fabricius), сүткоректілерде - сүйек майы (Bone morrow). В-лимфоциттердің дамуын екі сатыға бөледі бipiншici - антигеннің әсерінсіз даму, eкiншici -антигеннің әсерімен даму. Антигеннің әсерінсіз дамитын сатысы сүтқоректілерде алғашқы эмбриондық бауыр мен сүйек майында басталып, сөл түйіндері мен көк бауырда аяқталады. Бұл кезеңде лимфоциттің бетінде иммуноглобулиндік рецепторлар пайда болады. Әpбip В-лимфоциттің иммуноглобулиндік рецепторы белгілі бip антигенге ғана бағытталған, сонымен ғана байланысқа түседі.
В-лимфоциттің бетіндегі иммуноглобулиндік рецепторлар тиісті антигенмен әрекеттескеннен кейін бұл жасушаның антиген әсерімен дамитын кезең басталады. Оның нәтижесінде В-лимфоцит антиденелер бөліп шығаратын плазмоцитке айналады.
Т-лимфоцит атауы осы жасуша өciп жетілетін орган тимустың атауымен байланысты. Т-лимфоцитінің үш түpi болады: Т-көмекші, Т-супрессор және Т-эффектор. Т-көмекші В-лимфоциттердің антидене шығаруын үдетеді. Т-супрессор иммунитет реакцияларын, оның iшінe антидене түзуді, тежейді. Т-эффектор баяу типті сезімталдық және басқа да жасушалық реакцияларға қатысады.
Т- және В-лимфоциттердің ешқайсысына жатпайтын лимфоциттердің үшінші тобын "ноль" жасушалар деп атайды. Оларға К-жасушалар жатады (киллер - өлтіруші деген сөзден). К-жасушалар кейбір iciк жасушаларын және вирустармен зақымданған жасушаларды жояды.
Иммунитетке жауапты әр түрлі жасушалар мен макромолекулаларды бip бipінeн ажырату үшін таңба ретінде CD символы (ағылшынша - Claster Designation) қабылданған. Алғашында лейкоциттің антигендеріне қарсы моноклональді антиденелер CD арқылы белгіленсе, кейіннен сол антиденелерге сәйкес антигендік детерминанттар осы атауға ие болды, яғни әрбір антигендік детерминанттың өзіндік CD маркері (таңбасы) болады. Бұл таңбаларды ажырату иммунологиялық зерттеулерге тың cepпілic бepiп, бірқатар иммунитетке қатысты құбылыстардың сырын ашуға мүмкіндік туғызды.
Иммунитетке жауапты жасушалардың әрбір топтамасына (популяция, субпопуляция, т.т.) өзіне тән телімді таңба тиecілi болғандықтан, оларды маркерлері арқылы бip-бipiнeн ажыратады. Мысалы, CD3 Mapкepi Т-лимфоциттерде ғана болады, ал басқа жасушаларда болмайды.
Жасушалардың әpбip жетілу сатысында өзіндік маркері бар. Мысалы, CD1 жетіліп келе жатқан Т-лимфоцитте болады да, жетілген кезде жоғалады. Сондай-ақ, жасушалардың функциялық белсенділігіне сәйкес телімді маркерлер пайда болады. Т-лимфоциттің антигеннің әсерінен белсенді куйге ауысқанын CD25 маркері арқылы анықтайды. Сонымен CD маркерлері арқылы иммунитетке жауапты жасушаларды бip-бipiнeн ажыратады және олардың жетілу сатысын, функциялық белсенділігін анықтайды.
Бақылау сұрақтары:
-
Жануарларды иммундеу әдістері
-
Иммунологиялық қорғаныс факторлары
-
Иммунитеттің фагоциттік жүйесі
Негізгі әдебиеттер
1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.
2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.
2 Қосымша әдебиеттер
1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010
Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.
2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009
Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987
3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007
Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008
4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.
5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007
3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер
3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/
3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен Дәріс № 12
Модуль 2 Биопрепараттардың ветеринариялық іс шараларда қолданылуы
Тақырыбы: Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы және иммунотерапия негіздері
Жоспар:
Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы және иммунотерапия негіздері.
-
Техникалық қауіпсіздік
1. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы және иммунотерапия негіздері.
Иммунитет - организмнің iшкi ортасының тұрақтылығын бөгде заттардан, оның ішінде зардапты микробтардан қорғау қабілеті. Ол үш түрлі жүйенің (конституциялық, фагоцитарлық, лимфоидтық) қызметімен қамтамасыз етеді. Конституциялық иммунитет абсолюта, тұқым қуалайды. Ол таксондар, түр iшiндeгi және индивидуумның иммунитеті деп үш түрге бөлінеді. Фагоцитарлық иммунитет фагоцит жасушалар негізінде макрофагтық жүйеден тұрады. Иммунитеттің лимфоидтық жүйесі лимфоидты ағзаларда пайда болып, қызмет атқаратын лимфоциттер арқылы телімді иммунологиялық икемділікті қамтамасыз етеді. Иммунологиялық икемділік - организмнің бөгде антигенге жауап реакциясы. Ол антидене түзу, жедел және баяу типті сезімталдық, иммунологиялық жады, толеранттылық, идиотип-антиидиотиптік қатынас арқылы icкe асырылады.
Жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет туа біткен және қалыптасқан болып екіге бөлінеді. Олардың әрқайсысы табиғи және жасанды жолмен қалыптасады да, өз кезегінде белсенді және енжар иммунитет деп аталады. Қазіргі заманда әлсіретілмеген микроб вакцина ретінде өте сирек қолданылып, керісінше уыты әлсіретілген микроб штаммдарынан даярланған вакциналар кеңінен пайдалатынатын болды.
Әлсіретілген вакциналар ауру қоздырушы микробтың уыттылығы төмендеген штамының өсіндісі болып табылады. Бұл штамм өзіне тән уыттылығын белгілі мөлшерде төмендетіп, иммунитет тудыратын қасиетін
мейлінше сақтауы қажет. Екінші сөзбен айтканда иммуногендігі толық сақталып, тек қана аз мөлшерде қалдық уыттылығы болуы керек. Вакциналық штамм организмге енгізілгеңде онда өсіп-өніп, өзіне тән ауру қоздырмауы керек. Бұл жағдайда организмде болатын құбылыс вакциналық процесс деп аталады. Оның нәтижесінде сол ауру қоздырушысына қарсы телімді иммунитет қалыптасады. Қазіргі көзқарас бойынша вакциналық процесс ауруға, тіпті оның жасырын түріне де жатпайтын дербес процесс. Вакциналық процесс кезінде организмде болатын өзгерістер зиянды патологиялық емес, керісінше пайдалы иммуно-морфологиялық болып табылады.
Әлсіретілген вакциналық штамм - ауру қоздырушының сапалық жағынан басқа биологиялық қасиеттерге ие болған жаңа бір қалпы деп есептеген жөн. Вакциналық штамм ретінде әлсіреген микробтың табиғи жағдайда пайда болған немесе эксперимент нәтижесінде жасанды жолмен алынған жаңа бір тармағы (клоны) пайдаланылады. Бұндай клондарды табу үшін ауру жануарлардан бөлінген микробтың көптеген штаммдарының арасынан сұрыптау жұмысын жүргізеді. Ал жасанды жолмен алу үшін ұзақ уақыт қоректік ортада өсіреді немесе әр түрлі жануарлардың денесі арқылы өткізеді , не болмаса әр түрлі мутогендік факторлармен әсер етеді.
Иммунопрофилактикалық жұмыс барысындағы қауіпсіздік шаралары
Малдың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау- қоғамдық және адамның жеке басының денсаулығын қорғау үшін жағдай туғызуға және малдың ауруына, өлуіне жол бермеуге бағытталған аса маңызды шара.
Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысу үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.
Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.
Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекші жүргізеді.Бұл нұсқау жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін практика игерудің бастамасы болып табылады.Малмен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.
Мал шаруашылығындағы жұмысшылар арнайы және санитариялық киімдермен қамтамасыз етіледі.Арнайы киім- бұл жұмысшылардың физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резенке, шұлықтар жатады.
Ауру малмен,өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қауіпі төнеді. Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтыру, бұзаутас және т.б. аурулар жатады.
Улы химикаттармен жұмыс істеуге ең кемі 18 жасқа толған, денсаулығы мықты, химиялық дәрілермен жұмыс істеу ережелері жөнінде нақтылы нұсқау алған және патогенез микроорганизмдерді құрту әдістерін игерген қызметкерлерге ғана рұқсат беріледі.
Жас өспірімдер, жүкті және баласын емізіп жүрген әйелдер кейбір аурумен ауырып жүрген адамдар мұндай жұмысқа қабылданбайды.
Улы химикаттармен жұмыс істеген кезде тамақ, су ішуге, темекі тартуға болмайды. Тамақты жұмыс аяқталғаннан кейін немесе үзіліс кезінде ғана ішуге болады, бірақ міндетті түрде арнайы киімді шешіп, беті-қолды мұқият сабындап жуу керек.
Дезинфекциялау шараларын атқаруға міндетті адамдар жұмыс кезінде дезинфекциялағыш дәрілерді көзден таса қалдырмау керек.
ОҚЭБМ газымен дезинфекциялау жұмысын тек мал дәрігерлік- санитарлық немесе дезинфекциялайтын отрядтардың қызметкерлері ғана жүргізеді, мұнда арнайы даярлықтан өткен мал дәрігері немесе фельдшер басшылық етеді.
ОҚЭБМ газымен жұмыс істеген сайын денсаулық сақтау органдарына рұқсат алу қажет.
Бақылау сұрақтары:
-
Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы
-
Иммунопрофилактикалық іс барысындағы қауіпсіздік шаралар
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен Дәріс № 13
Модуль 2 Биопрепараттардың ветеринариялық іс шараларда қолданылуы
Тақырыбы: Ветеринариялық биологиялық препараттар түрлеріне байланысты ветеринариялық мақсатта қолдану үшін таңдауға қатысты ғылыми-теориялық ілімді игерудегі ветеринариялық медициналық таным.
Жоспар:
-
Ветеринариялық биологиялық препараттарды таңдауға қатысты ғылыми-теориялық ілімге сипаттама
Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы және иммунотерапия негіздері.
-
Инфекциялық қабыну аурларына қарсы антибактериальдық терапияның негізгі қағидалары.
«Ветеринариядағы биопрепараттар» – ветеринариялық практикада қолданылатын дәрілік қасиеті бар жұқпалы және жұқпалы емес, паразитарлық аурулармен аллергиялық жағдайларды емдеуге, арнайы алдын алуға арналған, сондай-ақ микроорганизмдер штамдары мен эукаритот жасушаларын өсіру, жануарлар мен өсімдіктер (аллергендер) биологиялық тіндерінен алынған заттар, рекомбинантты дезоксибо нуклеин қышқылы технологиясын, гибридиомды технологияны енгізу, эмбриондардағы тірі агенттерді немесе жануарларды репродукциялау арқылы алынатын дәрілік препараттарға фармакогнозиялық тұрғыдан сипаттама беру.
Сондай-ақ, әртүрлі мақсатта қолданылатын биопрепараттардың өндірілуі туралы биотехнологиялық үрдіске ғылыми-теориялық тұрғыдан мағлұмат беріледі. Себебі ветеринариялық биологиялық препараттардың өндірілу технологиясы туралы білім алу, ветеринар мамандарға мамандық біліктілігін нығайтуға және заманауи технологиялық инновациялық даму үрдістерін жан-жақты түсінуіне қажетті тұғыр болып табылады.
Сонымен қатар биопрепараттардағы – бактериялық шығу тегі бар иммунномодуляторлар және органдар мен талшықтар негізінде жасалған, қан мен плазмадан алынған препараттар, сары сулар, иммуноглобулиндер, пробиотиктер, интерферондық препараттар мен қоса аллергендер, антигендер вакциналар (анотоксиндер), цитокиндер жөнінде мағлұмат бере отырып, іс жүзінде ветеринариялық практикада қолданылуына, әсіресе жануарлардың ішкі жұқпалы емес ауруларын емдеу және алдын алу шаралары мен диагностикалауда қолданылуы. Сондай-ақ, аурудың пайда болу себептері мен патогенездік ерекшеліктеріне байланысты қолданудағы дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары, фармакодинамика мен фармакокинетикасы, әсер ету механизмдері, дәрілік заттардың биотрансформациясы, дәріні организмге енгізу, және оның бөліну жолдарын, токсикологиялық мәселелерін және жануарлар организміндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне және организмнің уланбауының алдын алуды, дерттің ары қарай ұласпауына қатысты мәселелерді түсіндіру және биопрепараттар әсерінен сыртқы ортаға зиян келмеу мәселелерін оқыту болып табылады. Биологиялық препараттарды ветеринариялық мақсатта қажетті белсенді зат көзі ретінде қолдану. Мысалы, биопрепараттардың түрлеріне және қолдану ерекшелігіне қарай оларды қолданудағы тиімділік және сақтау әдістері мен мерзімін дұрыс біліп ажыратуымыз керек.
1. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактика және иммунотерапия негіздері.
Энтеральдік вакциналарды даярлағанда оларға қарын сөлінің қолайсыз әсері ескеріліп, таблетка жасағанда сыртын қышқылға төзімді қоспамен қорғайды немесе май, балауыз, смола сияқты қосындылармен толықтырады.
Пероральді иммундеу кезінде антиген ішекке жетпей, тіпті ауыз қуысында сіңіріле бастайды, мысалы, шешек вирусы мен аденовирустар. Жалпы ішек-қарын жолынан антигендік заттар қан мен сөлге өтіп, сөл түйіндері мен көкбауырда іркіледі. Мұндай жолмен иммундегенде гуморальдік, жасушалық және орны шектелген барлық иммунитет реакциялары іске қосылады. Ерекше атап өтетін жағдай антиденелер қанда ғана емес, секреттік А иммуноглобулин ретінде сілекейге, ішек сөліне, капроглобулин ретінде нәжіске шығады. Мұндай антиденелер ішекке тән жас төлдің инфекцияларынан қорғауда маңызды рөл атқарады.
Пероральді вакциналаудың тиімділігін шошқаның тілмесіне қарсы тірі вакцинаны қолданғанда Кулеско (1961) анықтаған. Өте жақсы нәтиже бұзауды колибактериозға иммундеуде алынды. Бұл үшін Сидоров пен Курашвили (1981) колипротектан деп аталатын дәрмек ұсынды. Торайларға колиэнтеро-токсемияға қарсы вакцинаны сумен ішкізу жақсы нәтиже береді. Диктиокаулез гельминтінің балапан құрттарына рентген сәулесімен әсер етіп, пероральдік жолмен иммундеу үшін пайдалануға болатындығы анықталды. Пероральдік әдіс жабайы жануарларды, мысалы қасқырға құтырықтың вакцинасын етке қосып беру арқылы, иммундеудің бірден-бір қолайлы жолы болып табылады.
Инфекциялық қабыну аурларына қарсы антибактериальдық терапияның негізгі қағидалары.
Антибактериалді заттар көптеген инфекциялық аурулардың ағымы мен нәтижесіне жақсы әсер етеді. Сондықтан да инфекциялық науқастардың комплексті емі, бірінші ретте, аурудың қоздырғышына бағыталуы керек. Препараттарды тандау аурудың этиологиясына, ағзаның физиологиялық ерекшілігін, ауырлығын және аурудың периодтылығын есепке ала отырып оның патогенезіне негізделеді.
Қоздырғышқа әсер ету үшін химиотерапия және антибиотикотерапия жүргізеді. Химиотерапия дегеніміз – химиялық заттар көмегімен микробқа қарсы, паразитке қарсы ем жүргізу. Бұл терминді жалпы фармакотерапиядан микробқа қарсы терапиядан бөлу үшін енгізген. Антибиотикотерапияның мәні – микрооргонизмдер бөлетін табиғи препараттармен емдеу; бұл ем инфекциялық ауруларда ауру тудыратын микробтардың өсуін басуға және жоюға бағытылған көптеген қазіргі антибиотиктер жартылай синтетикалық болып табылады, яғни бастапқы молекуланың түрін өзгерту арқылы пайда болған.
Микробқа қарсы препараттардың ішінен бірінші болып сульфаниламид клиника тәжірибеде қолданылды (1936). Сәл кештеу, 1941 жылы ООксфорд университетінде А.Флемингпен пенициллин алынды және алғашқы рет сәтті қолданылды.
Бүгін нағыз, жартылай синтетикалық және синтетикалық антибактериалдық препараттардың саны мыңдап есептеледі. Бірақта тәжірибеде улылығы аз және бір уақытта антибактериалды әсері айқын, тек оншақты антибиотиктер ғана қолданылуы мүмкін.
Көптеген антибиотиктер көптүрлі патогенді және шартты – патогенді бактерияларға негізделген.
АБР және клиникалық тәжірибе.
АБР ғаламдық мағынаға ие. Резистентті штамдардың таралуының обьективті себебтері бар, бірақ әрбір науқасқа қатысты бұл мәселе жекеленген және нақты бөлім, медициналық және экономикалық ресурстар шегінде шешілуі керек.
АБР көз қарасы бойынша нозокомиальді инфекцияның негізгі проблемалы қоздырғыштары:
-
грам оң микрооргонизмдер: метицилин резистентті алтын стафилококктар (MRSA), сонымен қатар ванкомицинге гетерогенді резистенттілігі бар штаммдар (HRV MRSA), ванкомицинрезистентті энтерококктар (VRE).
-
Грам теріс микрооргонизмдер: klebsiella spp, Enterobacter spp., Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter baumanii.
АБР көз қарасы бойынша аурухана сыртылық инфекциалардың негізгі проблемалы қоздырғыштар:
-
- Streptococcus pneumoniae с множественной АБР;
-
Mycobacterium tuberculosis с множественной АБР;
-
Neisseria gonorrhoeae, резистентная к пенициллину, тетрациклинам и хинолонам;
-
Streptococcus pyogenes, резистентный к макролидам и тетрациклину;
-
E. coli с множественной АБР.
Объективті және субьективті факторлар АБР дамуының себептері болып табылады: микробтардың генетикалық мутациясы; Бір микробтық клеткадан басқасына транспозондар және плазмидтер көмегімен резистенттілік механизмінің кодтайтын гендік ақпаратты беру; антибиотиктерді рациональді емес қолдану; антибиотиктерді жануарларға өсімдік өсіруде, қоршаған ортаны өндеу үшін қолдану.
Антибиотиктерді төмен дозада ұзақ қолдану (тура осылай жануарлар өсіруде қолданады.) АБР мүмкіндігі жоғарлайды. Сол кезде халықтың және әртүрлі азық – түліктердің орын ауыстыруы микроорганизмдердің резистентті штаммдарының бір елден басқаға таралуын жоғарлайды. Әртүрлі елдердегі микроорганизмдердің резистентті штаммдарының таралуына сезімталдығына бөле отырып, клиникалық тәжірибеде есепке алу қажетті АБР – дің региональді ерекшеліктері түзіледі.
АБР таралуының алдын алу үшін оның дамуының себептері туралы және жою стратегиясын болжау қажет немесе бұл құбылысты шектеу керек. Антибиотиктерді шектен тыс және рациональді емес қолдану мәселесі ең маңызды болып табылады. Антибиотиктерді дұрыс емес қолдану мысалы, вирусты инфекциямен ауырған науқас антибиотикті қолдануы болып табылады. Респираторлы вирусты инфекциялар эпидемиялық ауру сипатында сипатталғандықтан, эпидемия таралу фонында антибиотиктерді себепсіз қолдану күрт өседі және бірінші ретте амбулаториялық тәжірибеде.Антибиотиктерге бактериялардың резистенттілігі біртіндеп дамиды, «сезімталдықтың төмендеуі» - нен «резистенттіліктің» дамуына.
Антибиотиктер қандай түрде резистентілік түзеді ?
Басында антибиотиктердің қысымынан резистентті микроорганизмдердің селекциясы жүреді. Осымен бірге қалыпты флораның өлу нәтижесінде экологиялық ниша босатылады.Әрі қарай колонизацияға дайын және колонизацияланалатын резистентті флора массасының көбеюі үшін жағдай пайда болады. Процесстің тура осындай динамикасы ОРИТ –те де байқалады. Антибиотиктерді қолдану қажеттілігінің нәтижесінде резистентті флораның болуы үшін және персистирленуі үшін бөлімшілерде жылдан жадай жасайды. Бөлімше персоналдарымен және науқастардың арасындағы қарым – қатынас резистентті флораның таралу механизмі болып табылады.,бірақ та науқастармен тікелей жұмыс істейтін персонал ең маңызды роль атқарады.
Бактериялардың резистентті болуы әртүрлі механизмдер арқылы жүреді. Антибиотиктердің микробқа қарсы белсенділігі, біріншіден, микробтық клетканың ішкі ортасына препараттың тура түсуімен байланысты. Грамм теріс бактериялардың құрлысының модификациясымен байланысты ішкі мембранадағы ақуыз – пориндердің санының азаюымен немесе пенетрациясының азаюы микробтық клеткаға антибиотиктердің түсуіне кедергі жасайтын негізгі механизмі болып табылады. Осы ақуыздар бактериялардың өмірін қамтамасыз ету үшін трансмембранды каналдардың қызметің атқарады. Сыртқы мембрананың өзгеруі антибиотиктерді басып алу механизмнің өзгертуі мүмкін.
Басқа механизм, микробтық клетканың ішінде антибиотиктердің қажетті концентрациясын жасауға кедергі жасайтын, клетканың ішкі ортасынан сыртына антибиотиктердің бағытталған тасымалы көмегімен жүзеге асырады, арнайы насостар болуы мүмкін эффлюкстті помпа деп атайды.
Резистенттіліктің тағы бір механизімнің мысалы,-MRSA – да байқалады, пенициллин байланыстырушы ақуыздар (ПБА) – бета – лактамды антибиотиктерді байланыстыру облысында модификация немесе зақымдалуы болып табылады. Бета – лактамды антибиотиктердің белсенділігі олардың ПБА – мен байланысу қабілетіне тәуелді, тек осылай олар пептидогликанның, микробтық клетканың цитоқанқасынының түзілуін бұзуға қабілетті және сосын клетканың өлуіне әкеледі.Осы ПБА құрлысының кодтайтын облыстын гендердің мутациясымен шақырылған байланысу облысының модификациясы, инфекция кезінде табиғи және жартылай синтетикалық пенициллиндер, цефалоспориндер және карбапенемдер – бүкіл бета – лактамды антибиотиктер қолданбауға алып келеді.
Ақырғысы, маңыздылығы кем емес бактериялардың резистенттілік механизм – антибиотиктердің белсенділігін жоятын ферментердің болуы – бұл бета – лактамды антибиотиктерді бұзуға, аминогликозидтерді және басқа препараттар тобын модифицирлеуге қабілетті ферменттер болып табылады.
Тек грамм (+) микроорганизмдерге әсер ететін антибиотиктер : бензилпенцелиндер, макролидтер
Тек грамм(+) микроорганизмге әсер ететін атибиотиктер :полимиксиндер , азтреонамдар
Кең спектрлі ( грамм (+) және грамм (-) әсер ететін антибиотиктер :цефалоспориндер , тетрацклиндер, аминогликозидтер , левомицидтер
Саңырауқұлақтарға таңдамалы әсер ететін антибиотиктер: нистатин , леворин , амфотерацин В, гризеофульвин
Бактерицидті әсер ететін антибиотиктер :
а) жасуша қабықшасының синтезін бұзатын: пиницилиндер цефалоспориндер және басқа да в – лактамдар
б) цитоплазматикалық мембрананың өткізгіштігін бұзатын: полимиксиндер , саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктер
Бактериостатикалық әсер ететін антиобиотиктер :
А) ақуыздың жасушашілік синтезін бұзатын : тетрациклиндер , макролидтер , аминогликозидтер , левомицетин , линкомицин
Б) Нуклин қышқылының синтезин бұзатын: рифампицин , гризеофульвин .
Химиялық құрылысына қарай жіктелуі
Бета-лактамды антибиотиктер .
А ) пеницилиндер
Б) цефалоспориндер
В) басқада в-лактамды антибиотиктер
Макролидтер
Тетрациклиндер
Левомецитин тобы
Аминогликозидтер
Полимиксиндер
Бета –лактамды антибиотиктер
Әсер ету механизмі микроорганизмдердің жасуша қабырғасындағы синтезін жойып, бактерицдті әсер етеді .
а)Пеницилиндер
1.Табиғи пеницилиндер
А) Әсері қысқа препараттар (3-4)сағ
Б) Әсері ұзақ препараттар
2.Жартылай синтетикалық пеницилиндер
А) Цефалоспориндер
В) Басқа да в-лактамды антибиотиктер
1.Карбапенемдер
2.Монобактамдар
Макролидтер
Әсер ету механизмі :рибосомдық деңгейіндегі ақуыздың жасуша ішілік синтезін бұзып,бактериостатикалық әсер етеді.Микробқа қарсы әсер ету спектіріне байланыты макролидтер 3 буынға бөлінеді.
Макролидтердің 1буыны:Эритромицин,олеандомицин.
2буыны: Спирамицин,рокситромицин, кларитромицн, мидекамицин,джозамицин
3 буыны:Азитромицин,линкомицин,клиндамицин
Окситетрациклин, медациклин ,доксициклин,миноциклин,
Әсер ету механизмі : рибосомдық деңгейінде ақуыз синтезін бұзып,бактериостатикалық әсер етеді Левомицетин
Әсер ету механизмі :Рибосома деңгеінде ақуыз синтезін бұзып, бактериостатикалық әсер етеді.
Левомеколь, Левосин,Левовинизоль,Олазоль,Ируксол
Бақылау сұрақтары:
-
Әртүрлі мақсатта қолданылатын биопрепараттардың өндірілуі туралы биотехнологиялық үрдіске ғылыми-теориялық тұрғыдан мағлұмат
Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы және иммунотерапия негіздері.
-
Инфекциялық қабыну аурларына қарсы антибактериальдық терапияның негізгі қағидалары.
Негізгі әдебиеттер
1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.
2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.
2 Қосымша әдебиеттер
1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010
Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.
2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009
Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987
3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007
Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008
4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.
5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007
3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер
3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/
3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен Дәріс № 14
Модуль 2 Биопрепараттардың ветеринариялық іс шараларда қолданылуы
Тақырыбы: Биопрепаратттар әсерінен жануарлар организміндегі иммунобиологиялық қабілеттіліктің қалыптасу ерекшеліктері мен ондағы қызметтер
Жоспар:
-
Иммундық сары судың маңызына сипаттама
-
Жануарлар организміндегі иммунобиологиялық қабілеттіліктің қалыптасуындағы жағдайға сипаттама
-
Иммунологиялық толеранттылық
-
Иммунологиялық жады
Иммунды қан сарысуы Емдікпен алдын алу иммунды қан сарысуы мен препараттар
Биологиялық өндірісте емдік-профилактикалық қан сарысулары мен иммуноглобулиндер дайындалады, бұларды терапиялық қатаң телімділікке және ауруға күдікті жағдайда профилактикалық енжарлы иммундеу үшін инфекциялық ауру төну қаупі бар деген жағдайларда пайдаланады.
Сарысу препараттары– жануарлар мен адамдарды емдеуде және спецификалық профилактикасы үшін қолданылады. Оларға: қалыпты және телімді қан сарысулары, плазма, иммуноглобулиндер жатады.
Иммунды сарысуды сәйкес вакциналармен гипериммундалған (қарқынды иммундау) жануарлардың (жылқы, есек, қоян) қанынан немесе адамның иммундалған қанының (донорлы, плацентарлы, абортты қан қолданылады) алады. Гипериммундеудің бірінші сатысында жануарларға 1-2 рет вакцинаны егеді де, содан соң оларды уытты микробтың өндірістік штамының үдірісті түрде көбейтіп отыратын мөлшерімен ұзақ уақыт бойы егіп отырады. Иммунизация циклі аяқталған соң, жануарларды арнайы схема бойынша қансыздандырады. Бөлініп шыққан қан сарысуын жинап, оның тазалығын, зияндығын, белсенділігін анықтайды .
Иммундық қан сарысулары нақты бір ауру қоздырғышына үйлесімділігі бар антиденелердің көзі болып табылады. Олар ауруға шалдыққан малды емдеу үшін және аурудың алдын алу мақсатында жүргізіліп отыр. Қан сарысуы егілген организмде енжарлы иммунитет бірер сағаттан соң пайда болып, 12-14 күнге дейін созылады. Мал дәрігерлік практикасында шошқа тілмесіне, жануарлар мен терісі бағалы аңдардың Ауески ауруына, қозылардың анаэробты дизентериясы, мен қойлардың жұқпалы энтеротоксемиясына қарсы қан сарысулары қолданылады. Айта кететін жағдай, гетерологиялық қан сарысулары малдың анафилаксиялық естен тануын немесе сарысу ауруын тудыруы мүмкін.
Нативті иммунды сарысулардан балласты ақуыздарды алып тастау үшін және антиденелердің концентрациясын жоғарылату үшін әртүрлі физико-химиялық әдістерді (спиртті, ферментативті, аффинді хроматография, ультрафильтрация) қолдана отырып тазартады. Тазартылған және концентрацияланған иммунды сарысуды иммундыглобулиндеп атайды.
Жануардың қанынан алынған иммунды сарысулы препаратты – гетерологиялық, ал адамның қанынан алынса – гомологиялық деп атайды. Сарысулы препарат белсенділігін антидене титрімен көрсетеді – антитоксиндер, гемагглютининдер, комплемент байланыстырушы вирусты бейтараптайтын және т.б.
Сарысулық иммунды препараттарды арнайы емдеу және жедел алдын алу үшін қолданады. Емдік және сақтандыру әсерінің негізгі механизмі бактериялар антиденелерінің, вирустардың, антигендердің, токсиндердің байланысы мен бейтараптануына әкеледі. Осыған байланысты вирусқа қарсы, антибактериалды, антитоксикалық иммунды сарысулық препараттар болып бөлінеді.
Сарысулық препаратты бұлшықет ішіне, тері астына, тамырға егеді. Препаратты еккеннен кейінгі тиімділік жылдам корінеді және 2-3 (гетерологиялық антиденелер) аптадан 4-5 (гомологиялық антиденелер) аптаға дейін созылады.
Биопрепараттардың – бактериялық шығу тегі бар иммунномодуляторлар және органдар мен талшықтар негізінде жасалған, қан мен плазмадан алынған препараттар, сары сулар, иммуноглобулиндер, пробиотиктер, интерферондық препараттар мен қоса аллергендер, антигендер вакциналар (анотоксиндер), цитокиндер жөнінде мағлұмат бере отырып, іс жүзінде ветеринариялық практикада қолданылуына, әсіресе жануарлардың ішкі жұқпалы емес ауруларын емдеу және алдын алу шаралары мен диагностикалауда қолданылуы.
Сарысумен емдеуден туындайтын зардапты болдырмау үшін, әcipece өте құнды малға, қан сарысуын жіберер алдында, жануардың бұл препаратқа сезімталдығын анықтаған жөн. Ол үшін көз конъюнктивасына 2-3 тамшы сарысуды тамызады немесе оны 0,1-0,2 мл мөлшерде тepi iшінe жібереді. Жарты сағат өткен сонң сол жердегі қабыну реакциясы арқылы малдың жеке сезімталдығы анықталады. Анафилаксиялық талықсуды болдырмау үшін десенсибизация қолданылады. Бұл мақсатпен алдын ала тepi астына 0,5-2 мл қан сарысуын жiбepeдi де, жарты сағат өткізіп барып, барлық дозасын жібереді.
Әр түрлі малдардан алынған гипериммунді сарысулардың iшiнe зардабы ең азы гомологты яғни жануарлардың өзі тектес түрінен алынған сарысу. Мысалы сиыр үшін жылқының қанынан алынған сарысудан тepi сиырдан даярланған препараттың зардабы аз. Өңделмеген сарысумен салыстырғанда одан даярланған тазартылған иммуноглобулиндердің жағымсыз әсері әлдеқайда төмен. Әcipece протеинсіздендірілген препараттар жағымсыз реакция бермейді. Ондай препараттар иммуноглобулиндерді арнаулы ферменттермен өңдеу арқылы алынады. Ондай ферментпен өңдеп, балласт белоктардан ажыратылған (диализделген) препараттар диаферм деп аталады.
Баяу типті сезімталдық (БТС). Сезімталдықтың бұл түрінің ЖТС-пен салыстырғандағы айырмашылығы - ол антидененің әсерінен туындамайды және енжар жолмен қан сарысуы арқылы берілмейді. Баяу типті сезімталданған организмнің тepici iшiнe жіберілген антиген орны шектелген, яғни дененің антиген енгізілген жерінде, қабыну реакциясын тудырады. Оған мысал - туберкулин реакциясы. Бұл реакция баяу өрбиді 6-8 сағаттан соң басталып, шегіне 24-48 сағат өткен соң жетеді.
БТС - жасушалардың қатысуымен болатын нағыз жасушалық реакция. Оны тудыратын бетінде тиісті рецепторы бар Т-лимфоцит. Бұл рецептор себепкер антигенмен сәйкес болады да, оны сол антигенге қарсы антидене ретінде қарастырса да болады. Рецептор мен антиген әрекеттескенде жасушалық реакцияның медиаторы болып табылатын гуморальдік факторлар бөлініп шығады. Бұл медиаторлардың әсерімен антигенді ыдырату процесіне макрофагтар тартылады. Іске қосылған макрофагтардың көлемі ұлғайып, фагоциттік және ферменттік белсенділігін артады. Сонымен БТС-ка мононуклеарлық торшалардың екі түрлі. Т-эффекторлар мен макрофагтар қатысады. Т-эффектор беткі рецепторлары арқылы себепкер антигенге тән телімді болады да, макрофагтардың антигенге тән өзгешелігі болмайды. Макрофагтар Т-лимфоциттер арқылы ғана icкe қосылып антигенді ыдыратып, аластауға қатысады.
БТС жағдайын басқа организмге сезімталданған жануардың лимфоидтық жасушаларын енгізу арқылы көшіруге болады. Мұндай иммундік жағдайды көшіру адопты иммунитет деп аталады (латынша adopt - қабылдау). Адопты иммунитета қандағы лимфоциттер, көк бауыр мен сөл түйіндері жасушалары арқылы қалыптастыруға болады.
БТС туберкулин реакциясы сияқты жергілікті реакция түрінде ғана емес бүкіл организмнің жалпы жүйелі реакциясы ретінде де білінеді. Бұндай жағдай себепкер антигенді көк тамыр iшiнe жібергенде лихорадка, моноцитопения, терінің бөртуі арқылы байқалады. Аллергиялық реакциялардың арасында БТС телімділігі ең жоғары түpi. Сондықтан оны бруцеллез, туберкулез, маңқа, т.б. жұқпалы ауруларды балау үшін пайдаланады. Негізінен аллергенді тepi iшiнe, конъюнктиваға, тepi астына жібереді. Айрықша жағдайда аллергенді көк тамырға жiбepeдi де, организм реакциясын дененің температурасын өлшеу арқылы анықтайды.
Иммунологиялық толеранттылық (французша tolerance - шыдамдылық) - арнайы бip антигенге (толерогенге) иммундік жауап болмайтын ерекше иммунологиялық құбылыс. Организмнің өз антигендеріне шыдамдылығы болады да, қалыпты жағдайда оларға қарсы жауап бермейді. Толеранттылықтың механизмін организмде тиісті лимфоциттердің клонының болмауымен немесе олардың тежелуімен түсіндіреді. Толеранттылықты қалыптастырудың бірнеше әдістері белгілі. Оның ең ceнімдici - антиге организмге дамуының эмбриональдық сатысында енгізу. Keйбip жануарлар түрлерінде толеранттылықты қалыптастыру қабілеті туғаннан кейін де бipaз уақытқа созылады. Бұл кезең туғаннан соң тышқан, тауық және күркетауықта 1-2 күнге, ит пен егеуқұйрықта 2-5 күнге созылады, ал қой мен қоянда туғанға дейін аяқталады. Бұл уақытты адоптивтік кезең деп атайды. Адоптивтік кезең шартты ұғым, оған толерогеннің ерекшелігі мен дозасы әсер етеді.
Есейген кезде толеранттылықты антигеннің үлкен дозасы арқылы тудыруға болады. Оны иммунологиялық сал (паралич) деп атайды. Бұндай жағдай антигеннің шамадан тыс болуынан туындайды. Ол белгілі кезеңге дейін ғана (негізінен 2-3 айға) созылады. Толеранттылық; антигенді өте аз мөлшерде көп рет енгізгенде де пайда болады. Сонымен тoлepoгeннiң мөлшеріне қарай антигеннен туындайтын толеранттылық; аз дозалы және көп дозалы деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Дене мүшелерін ауыстырып салғанда трансплантанттың орын тeбyi үшін реципиентке иммунитетті тежейтін әр түрлі иммунодепрессанттар (6-меркаптопурин, имуран, аметопетрин, циклофосфамид, т.т.) жіберіледі. Бұндай құбылысты дәріден туындайтын толеранттылық деп атайды. Әйтсе де аталған дәрілер рентген сәулесімен тақілеттес организмге телімді әсер етпейді. Сондықтан бұндай жағдайда белгілі бip антигенге бағытталған телімді иммунологиялық толеранттылық болмайды.
Иммунологиялық толеранттылықтың қанда антидене болмайтын айқын түpi де, антидененің өте аз мөлшерде түзілетін салыстырмалы түpi де табиғатта кеңінен тараған. Эмбриональдік кезеңде пайда болған толеранттылық бактериялық және вирустық этиологиясы бар жұқпалы iш тастау аурулары тұсында жиі ұшырайды. Ондай ауруларға бруцеллез, сальмонеллез, кампилобактериоз, лептоспироз, жылқы ринопневмониясы, сиырдың жұқпалы ринотpaxeтi, т.б. жатады.
Қоздырушысы тікелей (вертикальді) енесінен ұрыққа берілетін бірқатар вирустық жұқпалы аурулар кезінде, кейінгі ұрпақта иммундік жауап реакциясы білінбей-ақ вирус организмде тұрақтап қалады. Мұндай инфекцияларға тышқанның хориоменингиті, тауыктыц лейкозы, адамныц вирустык гепатиті, Борн ауруы, висма-маеди, скрепи, т.б. жатады. Ф.Бернет мұндай ауруларды түбегейлі толеранттанған инфекциялар деп атады.
Иммунологиялық жады - организмнің антигендік әсердің қайталануына гуморльдік және жасушалық реакциялар арқылы әдеттегіден әлдеқайда күшті жауап бepyi. Екінші, немесе қайталанған, жауап анамнездің реакция деп аталады. Оның ерекшелігі антиденелердің титрі жылдам артады және ол антиденелер иммуноглобулиндердің IgG класына жатады.
Иммунологиялық жады лимфоидтық жүйедегі өзгеше өзгерістердің нәтижесінде қалыптасатын "жады жасушаларының" қызметінен туындайды. Осы заманғы көзқарастар бойынша бұл жады жасушалары антиген арқылы күшейтілген Т- және В-лимфоциттердің клоны болып табылады. Бұл жасушалардың қалыптасуы үшiн бастапқыда организмге антигеннің елеулі мөлшepi қажет. Ал қайталау реакциясын тудыру үшiн жады жасушаларын icкe қосуға антигеннің өте аз дозасы да жеткілікті. Сондықтан жануарларға ревакцинация (қайталап егу) кезінде күшті иммундік жауап алу үшін вакцинаның өте аз, шамалы ғана, дозасы жеткілікті болады.
Иммунологиялық жадының қалыптасуы үшін белгілі бip уақыт қажет. Антигеннің ерекшеліктеріне және жануардың түріне байланысты бұл мерзім бірнеше күннен бірнеше айта дейін созылады. Ал қалыптасқан жағдай бipнеше ай, кейде жылдар бойы сақталады. Адамның жады Т-лимфоциттері тыныштық күйін 15 жылға дейін сақтайды. Сондықтан бұндай торшалар ұзақ жасайтын лимфоциттер деп аталады.
Біздің жүргізген арнаулы зерттеулерімізде үй қоянының сиырдың глобулиніне иммунологиялық жадысы 30 күннен кейін қалыптаса бастайтындығы, ал 50-60 күннен кейін ең жоғары деңгейге жететіндігі анықталды.
Иммунологиялық жады организмнің қорғаныс қабілетінің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Инфекцияның немесе вакцинаның әсерінен пайда болған жады жасушалары сол антигендік әсер қайталанғанда иммунологиялық жүйенің жедел жоғары қарқынмен жауап бepyiн қамтамасыз етеді. Бұдан шығатын қорытынды вакцина егудің мәнісі мен нәтижесі иммунологиялық жады қалыптастыру. Инфекция кезінде де, вакцина еккеннен соң да, иммунологиялық жадының қалыптасы мен icкe қосылу тетіктері тақылеттес болғандықтан иммуологиялық реакциялардың инфекция мен вакцинация кезіндегі нәтижелерін ажыратуда қиындықтар туындайды.
Идиотип-антиидиотиптік қатынасы. Иммуноглобулиннің бip класына жататын антиденелердің антигендік құрамы бірдей болады, тек қана антигенмен қосылатын "белсенді центр" деп аталатын азғантай бөлігі антигеннің құрамын қайталайтын болғандықтан әpбip антиденеде телімді болады. Антидененің өзін тудыратын антигеннің құрылысына байланысты телімділігін идиотип деп атайды. Идиотиптің осындай телімділігі нәтижесінде организмде оған қарсы антидене - антиидиотип пайда болады. Антигеннің антиподы идиотип, ал оның антиподы антиидиотип болғандықтан антиген мен антиидиотип толық сәйкес келеді өйткені eкeyi де бip идиотиптің антиподы. Сондықтан антиидиотиип антигеннің орнына организмді иммундеу үшін қолдануға болады.
В- және Т-лимфоциттердің идиотиптік рецепторлары ашылды. Идиотип торы теориясы бойынша жайшылықта лимфоциттердің, әcipece Т-көмекші мен Т-супрессордың, идиотиптік рецепторлары бipiн-бipi тежеп, тепе-тең қалыпта болады. Бұл көзқарас бойынша толеранттылық тепе-тендіктің қайта қалпына келіп, иммундік жауаптың тежелуі.
Бақылау сұрақтары:
-
Иммунды сары судың маңызы
-
Иммунобиологиялық қабілеттіліктің қалыптасуына сипаттама
-
Иммунологиялық толеранттылық
-
Иммунологиялық жады.
Негізгі әдебиеттер
1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.
2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.
2 Қосымша әдебиеттер
1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010
Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.
2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009
Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987
3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007
Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008
4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.
5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007
3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер
3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/
3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен Дәріс № 15
Модуль 2 Биопрепараттардың ветеринариялық іс шараларда қолданылуы
Тақырыбы: Ветеринариялық медициналық ғылымдағы клиникалық-иммунологиялық диагностика
Жоспар:
-
Ветеринариялық медициналық ғылымдағы клиникалық-иммунологиялық диагностикалық қан сары сулары
-
Иммунологиялық реакциялар түрлеріне сипаттама
Достарыңызбен бөлісу: