Дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды шығару және олардың сапасын бақылау үшiн пайдаланылатын жабдық оны жұмысқа, пайдалануға және қызмет көрсетуге дайындауды барынша жеңiлдететiндей болып құрастырылуы және орналастырылуы тиiс. Жабдық оны дайын өнiм сапасының нашарлауын және ластануын болдырмау үшiн пайдалану үшiн қолданылатын материалдармен ластанбауы тиiс. Жабдық шығыс шикiзатының, материалдардың ағындарын оңтайландыратындай және персоналдың ауысуын барынша азайтатындай етiп орналастырылуы тиiс.
Өнiммен жанасатын технологиялық жабдықтың бөлiктерi онымен реакцияға түспеуi, препараттың белсендiлiгiне ингибирлеушi әсер ететiн заттарды бөлiп шығармауы немесе абсорбцияламауы, өнiмнiң қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiндей дәрежеде әсер етпеуi тиiс. Жағармай заттары мен салқындатқыш сұйықтықтар өнiммен жанаспауы тиiс. Жабдықты жұмысқа дайындау сапасы, сондай-ақ алдын ала тексерулер және ағымдағы жөндеу жүргiзу нәтижелерi арнайы журналда тiркелуi тиiс.
Дәрiлiк заттар мен биопрепараттарды шығару кезiнде пайдаланылатын қолданбалы ингредиенттерге (желатин, сахароза, глюкоза, сүт сарысуы, тұз, лимон қышқылды натрий, натрий бензоаты) қойылатын талаптар құрамында уытты элементтердiң, антибиотиктердiң, микотоксиндердiң, пестицидтердiң қалдық көлемiнiң, радионуклидтердiң және микробиологиялық көрсеткiштердiң болуы бойынша республикада қолданылатын санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және гигиеналық нормалармен анықталады.
Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды өндiрушiлер олардың өндiрiсiн оның қауiпсiздiгiн өндiрiстiк үй-жайлардың iшiнде және одан тыс қамтамасыз ететiндей етiп ұйымдастыруы және ықтимал қауiптi заттарды, микроорганизмдердi (токсиндердi), олардың генетикалық түрлендiрiлген нұсқаларын, сондай-ақ өндiрiсте пайдаланылатын материалдар мен заттардың қоршаған ортаға шығарылуына жол бермеу үшiн алдын алатын iс-қимылдарды көздеуi тиiс.
Тiрi микроорганизмдермен немесе олардың генетикалық түрлендiрiлген нұсқаларымен жұмыс iстеу кезiнде олардың жануарлар популяциясында айналыста болу қабiлетi, патогендiк қасиеттердiң реверсиясының ықтималдығы және патогендiк микроорганизмдермен генетикалық ақпарат алмасу мүмкiндiгi ескерiлуi тиiс.
Микроорганизмдер, оның iшiнде шетелден алынғандары, жануарларға арналған иммунологиялық дәрiлiк заттарды шығару мен олардың сапасын бақылауға арналғандар Ветеринарияда пайдаланылатын микроорганизмдер штамдарының коллекциясына депозитке алынуы тиiс.
Өндiру сатысында ластанудың алдын алу жөнiндегi шараларды көздеу керек. Басқа дәрiлiк заттарды шығару үшiн пайдаланылатын аймақтарда микробиологиялық тектес дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды дайындауға жол берiлмейдi. Қоректiк ортаны таңдау кезiнде ортаның селекциялығы, ашықтығы және зарарсыздандыруға жарамдылығы ескерiлуi керек. Онда уытты және аллергендi қасиеттерi бар заттар болмауы тиiс.
Дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды қолданғаннан кейiн жануарларда, сондай-ақ байланыста болатын жануарларда, мал шаруашылығы өнiмiн қолданған адамдарда және қоршаған ортада асқынулардың болуын анықтайтын негiзгi факторлар: жануарларға арналған дәрiлiк заттардың, биологиялық препараттардың қауiпсiздiгi мен қолданылу тиiмдiлiгi оларды ұтымды тағайындаумен қамтамасыз етiледi. Тағайындау кезiнде аурудың диагнозын, жануардың түрi мен жасын, қолда бар дәрiлiк нысандарды, мөлшерлеменi, қолдану ретiн және емдеу курсының ұзақтығын, жаңа реакциялардың дамуын болдырмау жөнiндегi ықтимал шараларды және жануарларға арналған басқа да дәрiлiк заттармен өзара әрекеттесуiн ескеру керек.
Бақылау сұрақтары:
-
Иммунология ғылымындағы көзқарас
-
Диагностикалық мәселелер
-
Биопрепараттарды өндіру, тасымалдау, қолдану талаптары.
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен Дәріс № 8
Модуль 2 Биопрепараттардың ветеринариялық іс шараларда қолданылуы
Тақырыбы: Ветеринариялық биологиялық препараттар мен диагностикумдарды өндіру және қолдану кезіндегі негізгі іс шаралар. Уытты және аллергенді қасиеті бар заттарға сипаттама.
Жоспар:
-
Антигендік ұғымға ветеринариялық биологиялық сипаттама
-
Ет қоректілердің вирусты инфекциялық ауруына қолданылатын биопрепараттар.
Антигендер және аллергендердің алынуы, бақылауы және қолдануы
Антиген
Р. В. Петров пікірінше (1976) антигендер (грекше anti — қарсы, genus — туыс) генетикалық бөгде хабарлардың барлық белгілері болатын және организмге ентізгенде ерекше иммунологиялық реакциялар туғызатын заттар. "Антиген" деген терминді 1899 жылы венгер зерттеушісі Ладислау ДьйЧ ұсынды. Антигендер молекулалық массасы жоғары (10 қДа-дан кем емес) заттар. Молекула неғүрлым ірі болса. оның антигендігі. яғни тузу қабілеті согұрлым жотары. Бұндай молекулалар коллоид күйінде болады, соныц арқасында олар сорылады және антидене түзілетін жерте жетеді. Кристаллы заттардың антигендік активтігі болмайды.
Антигендерге микроорганизмдер және оның токсиндері, бөгде белоктар, ферменттер, тканьдердің клеткалық элементтері, сол сиякты өсімдік және жаігуар текті улар жатады. Антигендер сапалы және сапасыз деп екіге бөледі. Толық антигендер — организмде антитела түзc алатын және олармен реакцияға түсетін белоктар
Микробтар антигендері. Микроб клеткасында әр түрлі антигендер капсула, талшық және соматикалық түрде кездеседі. Олардың қүрамы, касиеті және әсері жөнінде бір-бірінен айырмашылғы бар. Мысалы капсулалық антигендер — полисахаридтер не полипептидтер (сібір жарасының қоздыргышы); талшық антигені — белок флагеллин соматикалық полисахаридтерден, полипептидтерден және липидтерден құралган комплекс. Талшық антиген термолабильді 60— 80 С-та ыдырайды; соматикалық термостабильді, 100 С-температурада 2 сататқа дейін қайнатуы көтереді.
Спецификалық антигеңдердіц капсула, клетка кабыргаларында және талшыктарында болатындығы аныкталган, цитоплазманың, ядро аппаратының және басқа клеткаішілік құрылымдарының антигендері ауруға ерекше төтеп беру қабілетін қолдамайды, яғни олар вакцинага қажетсіз заттар. Микроб клеткасында антигендіктін осылайша бөлінуі — эволюция мен сүрыптау нәтижесі, сыртқы орта антигендерініц беткейлік қүрылымына күшті, ішкі күрылымына әлсіз эсер етеді (И. С. Станиславский, 1971).
Осы кезде антигендер синтез жолымен алынады, бүлар да вакцина тәрізді иммунитет жасап шығарады. Оларда бөгде, қажетсіз заттар болмайды және қосымша тиімсіз құбылыстар тудырмайды.
Мал антигендері өздерінің ерекшеліктеріне қарай туа біткен,топтық, ағзалық, ұрыктық, гетерогендік және аутоантигендерге бөлінеді.
Туа бітксн антигендер әр түрлі жануарлардың өкілдерін иммунологиялық реакпиялардың көмегімен бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді. Антигендердің туа біткен қаситтері тергеу ісінде каны аркылы иесін аныктау үшін қолданылады. Мал дәрігерлік экспертизасында туа біткен антигендерге карсы бағытталган антиденелсрі бар қан сарысулары күдікке алынған еттер мен ет өнімдерінің қандай жануарлардан өндірілгенін аныктау жүмысында қодданылады.
Топтық антигендер (изоантигендер) — индивидуумдардың түр аралык айырмашыльгқтарына жауапты генетикалық маркерлер (мысалы, эритроциттердің топтықантигендері, трансплантациялық антитендер). Қан құю агзалар мен үлпаларды бір организмнен екіншісіне жамау операииялары екі индивидуумның изоантигендерінің ұқсастыгын қажет етеді.
Ағзалық антигендер. Оларга иммундық жүйеден гистоген матобарьерлердін көмегімен бөлектенген ағзалардың (мидың, көз жанарының, үрык сүйыгының және т.б) антигендері жатады. Гистогематобарьерлер функцияларының бұзылуы организмнің өз антигендеріне қарсы иммундық жауабын қоздырады. Осы себептен оларды аутоантигендер деп атайды.
Ұрық антигендері. Ұрық организмінде оның ана қүрсагындағы дамуының әр түрлі сатыларыида жаңа антигендер пайда болып отырады. Бүл антигендердің пайда болуы ұрықтың үлпершекті аңзаларының қалыптасуымен байланысты. Мұндай антигендер ана организміндс үрық ағзаларына қарсы бағытталган антиденелердің жасалуына себепкер болады.
Аутоаитигендер. Кейбір жағдайларда организм ұлпаларының белоктары (бүйректің. жүректің дәнекер үлпаларының және т. б.) денатурацияға ұшырап, улы химиялық заттармен немесе микробтардың токсиндерімен қоспа түзейді. Мүндай зақымдалған торшалар өз организмі үшін бөгде антигендер болып табылады. Олар организмді өз ағзаларына (ұлпаларына) қарсы антиденелер жасауға мәжбүр етеді. Бұл жағдай аутоиммунды аурулардын дамуына әкеліп соғады.
Соматикалық антигсндер - грам-тсріс бактсриялардың кабырғасындағы липополисахаридтсрдің бүйірін бойлай орналасып жасушалардың бетіне шығып тұратын полисахаридтсрдің тізбектерін бұл тізбектер іс жүзіндс бактериялардың детерминанталары болып табылады. Кейінгілсрдің ұқсастыктарына карай сальмонсллалар мен эшерихиялар О-топтарға біріктірілген. К-антигендер әдетте соматикалық антигендерді калкандап тұрады, сондыктан О - антигендерді аныктау үшін зерттеуте алынған бактерияларды алдын ала температуралык өндеудсн өткізу ксрек.
Н-антигсндер. Жылжымалы қасиеті бар бактериялардың Н- антигсндері немесе қылша антигсндері болады. Қылшалар ыстыққа төзімсіз белокты кешеннсн құралады. Грам-теріс бактериялардың толык антигендік (формуласы О : Н : К тізбегі турінде жазылады) Мысалы, Е. соіі 0П1:Н2:К4; 055:Н10:К5 және т.б.. Бұл өрнсктер бслгілі бір коздырғыштын тұракты маркерлары болғандыктан эпидемиологиялық жәнс эпизоотологиялык талдау кезінде лабораториялык жағдайда аныкталады. Микроб өсіндісінің антигсндік құрылымын аныктау максатында агглютинирлеуші монорецепторлы диагностикалык кан сарсысуларының жиынтығын қолданылады.
Бактсриялардың экзоөнімдерінің антигендеріне олардың жасушаларының белокты метаболиттері, оның ішінде ең жақсы зсрттелген экзотоксиндер жатады. Формальдегидтін әлсіз концентрациясымен өндсгсндс экзотоксиндердін антигендік қасиетгсрі өзгеріске ұшырамай, вакциндік препарат ретінде колданыла алатын анатоксин деп аталатын затқа айналады. Көптегсн микробтардың экзотоксиндері антигснділігі жағынан біркелкі болып кслмсйді. Айталык, CI. perfringcns, CI. botulmum, Staph, aureus микробтарының экзотоксиндсрі бірнеше ссроварианттарға бөлінтсн.
Жануарлар антигсндері организмнің жасушалары ұлпаларының жәнс сүйықтыктарының - плазманың, қан сарысуының, лимфаның, сүттің және т.б. құрамында болады.
Түр-тұқымдық антигендер. Әр түрге жататын жануарлардың осы түрге тән антигендсрі болады. Антигендердің түр-тұқымды қасиеттері күдік туғызған ет немесе ет өнімдерінің қандай жануарлардан алынғандығын аныктауға мүмкіндік береді. Дәрігер сараптап бұл мақсатта түр-тұқымдык антигендсргс қарсы антиденелер бар қан сарысуларын қолданылады.
Аллергия. Аллергия (грекше alios — басқаша, ergon — әсер) — организмнің белгілі бір бөгде затқа жоғары сезімталдыгы. Ол әдетте антигенніц денеге екінші рет енуі кезінде өріс алады. "Аллергия" ұғымын 1906 жылы австралиялық ғалым Пирке үсынған болатын. Ол бұл терминді организмнің өзгеріске үшыраған реактивтігін өзгертетін заттарды аллергендер деп атады. Аллергендер қатарына жануар және өсімдік тектес заттар, липоидтар, күрделі көмірсулар, дәрі-дәрмектер және т.б. жатады. Аллергияны туынды иммупитеттің компоненті деп қарау керек, өйткені ол да баска иммундық реакциялар сиякты денеге енген бөгде заттарға (аллергендерге) карсы бағытталган организмнің жауабы болып табылады. Аллергиялык реакция-лардың екі түрі белгілі: гиперсезімталдыктың шапшаң түрі (ГШТ) және гиперсезімталдыктың баяу түрі (ГБТ).
Ет қоректілердің вирусты инфекциялық ауруына қолданылатын биопрепараттар.
Ет қоректілердің обасына қарсы қолданылатын құрғақ эмбрионды вирусвакцина.
Препаратқа сипаттама: Ет қоректілердің обасына қарсы қолданылатын құрғақ эмрионды вирусвакцинасы аморфты, қызғылт – сұр түсті болып келеді, құрамында биологиялық өзгертілген, тірі, дамып келе жатқан тауық эмбрионына бейімделген етқоректілердің оба вирусының апотогенді штаммы бар.
Препараттың сапасын анықтау шарттар. Вакцинаны тәжірибелік қолдануға шығармас бұрын, қалған ылғалдылығына, стерильділігіне, зиянсыздығына және иммунагенділігіне тексереміз.
Стерилділігін қоректік ортаға 5 ампулды вакцинаны себу жасау арқылы тексереміз. Себіндіні термостатта 10 күн ұстағанда патогенді микрофлораның өсуі байқалмауы керек. Вакцинаның зиянсыздығын бес ақ тышқанға, екі қоянға және екі теңіз шошқасына тексереді. Физиологиялық ерітіндіде 1:10 қатынасында ерітілген вакцинаны жануарларға мынандай дозада : ақ тышқандарға 0,5 мл, қояндарға 5 мл тері астында, теңіз шошқасына 1 мл жамбас бұлшық етіне егеді. Ол жануарлардың өлімін, енгізген жерінде некроз және абцесс тудырмауы керек.
Вакцинаның белсенділігін 2 – 3 айлық және одан үлкен түлкілер немесе песецтердің (қызыл түлкі) күшіктеріне егу арқылы анықтайды. Оны бұлшық ет ішіне мынандай мөлшерде: 3 айға дейінгі күшіктерге 3 мл, ал 3 айдан жоғарыларына 5 мл – дан енгізеді.
Егілгеннен кейін 14 – 20 күндері вакциналанған және 3 бақылау күшіктерін етқоректілердің обасының вирулентті вирусының 100% - ы өлім дозасымен тері астына егу арқылы жұқтырады. Егер вакцинамен иммундалған жануарлар тірі қалса немесе ауруды жеңіл түрде өткізсе, ал бақылау жануарлар обаға тән белгілермен өлетін болса вакцина белсенді болып табылады. Егер бақылау жануарларының біреуі обаның клиникалық белгілерімен ауыр түрде ауырса, бірақ тірі қалатын болса да вакцинаны белсенді деп санауға болады.
Шығару үлгісі: Вакцина ампула түрінде шығарылады. Әр бір ампуланың құрамында 2 – 3 мл вакцина мөлшері болады. Бір дозада 1:10 қатынасында ерітілген вирус вакцинаны үлкен күзеңге (норка) , бұлғынға (соболь) және оның күшіктеріне бір рет қолдануға болады.
Сақтау мерзімі шығарылған күннен бастап сақтау шарттары (қараңғы жерде -10°С – тан жоғары емес) дұрыс сақталған жағдайда 9 айға дейін жарамды.
Қолданылу тәсілі және реті. Құрғақ эмбрионалды вирусвакцинаны обадан таза, қауіпті және таза емес шаруашылықтарда қолданылады.
Аурудан таза шараушылықтарда асыл тұқымды малдарды бірінші рет айдау алдында (желтоқсан – ақпан) және және күшіктеген сон 1 айдан кейін (шілде - тамыз) егеді. Терісі бағалы аңдарды 2 айында, иттерді – 3 айында, ал асыл тұқымға қалтырылған төлдерді үлкендері сияқты вакциндейді (желтоқсан – ақпан).
Обадан таза емес шаруашылықтарда тек клиникалық сау жануарларды, сонымен қатар буаз және емізетін( лактирующих) жануарларды егеді. Обадан таза емес шаруашылықтарда бір жарым айлық күшіктерді вакциндейді және 1 айдан кейін қайта вакцинация жүргізеді.
Егудің алдында ампуланы ашып, этикеткада көрсетілген мөлшерде вакцинаны стерилді дистилденген суда ерітеді.
Вакцинаны жамбас бөлігіне бұлшық ет ішіне келесі дозаларда: үлкен күзендерге, иттерге және салмағы 1,5 кг – ға дейінгі күшіктерге 1,5 дозада, 2 кг – ға дейінгілерге 2 доза, 3 кг иттерге 3 дозада, 3 кг – нан жоғарыларына 5 дозада, 2 – 3 айлық түлкілерге және песецтерге 3 дозада, 3 айдан үлкендеріне 5 доза көлемінде енгізеді.
Вакцинациялаудан кейін 14 – 20 күндері егілген жануарларда иммунитет қалыптасады, төлдерде 6 айға дейін, ал үлкен жануарларда 8 айға дейін сақталады.
Вакцинациядан кейінгі реакция. Негізі жануарлар мен иттерде вакцинациядан кейін жалпы және жергілікті реакция байқалмайды.
Құтырыққа және лептоспирозға қарсы қолданылатын инактивтелген вакцина
Құрамы: әр бір флаконда белсенділіг 2 МЕ – ден жоғары емес, Paster/RIV штамының құтырық вирусының өсіндісінен, инактивтелген мынандай бактериялардан L. canicola (штамм Ca-12-000) 2х108 және мынандай микроорганизмдерден Licterohaemorrahagia (штамм 820К) 2х108 тұрады. Қызғылт немесе сары – қоңырқай түсті сұйықтық. Сау жануарларды құтырыққа қарсы белсенді иммундеуге арналған.
Вакцинациялау: 12 апталық клиникалық сау иттерге жүргізіледі. Керек болған жағдайда 8 – 9 - шы аптада вакцинациялап келесі вакцинацияны 12 аптада жүргізеді. Құтырыққа қарсы иммунитет 3 жылға дейін, ал лептоспирозда 1 жылға дейін сақталады. Тек сау иттерді ғана егеді. Вакцинаны еккенне кейін жоғары сезімталды реакция сирек кездеседі.
Қолданылу реті: алдын ала дұрыстап шайқап, тері астына егеді.
Шығарылу үлгісі: шыны флакон, аузы резина тығынмен тығындалып сырты алюмин қақпақпен бұралып жабылған. 10 флаконды жәшіктерде шығарылады.
Бақылау сұрақтары:
-
Антигенге биологиялық сипаттама
-
Антигендер түрлері
-
Вакциналар классификациясы
-
Ет қоректі
-
Ет қоректілердің вирусты инфекциялық ауруына қолданылатын биопрепараттар.
Негізгі әдебиеттер
1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.
2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.
2 Қосымша әдебиеттер
1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010
Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.
2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009
Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987
3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007
Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008
4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.
5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007
3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер
3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/
3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен Дәріс № 9
Модуль 2 Биопрепараттардың ветеринариялық іс шараларда қолданылуы
Тақырыбы: Ветеринариялық биологиялық препараттардың қолданылуы
Жоспар:
-
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды қолдану кезiндегі қойылатын талаптар
-
Құс шаруашылығындағы іс ветеринариялық шаралар
Достарыңызбен бөлісу: |