Полудин селолық округі



Дата23.02.2016
өлшемі35.5 Kb.
#11526
Полудин селолық округі
Бүгінгі күні селолық округ аумағында 1861 адам тұрып жатыр,соның ішінде Полудин селосында-1441, Скворцовка селосында-29, Ганькин селосында-222, Ганькин станциясында-169 адам. Барлық үй басы-643 Полудинда-498, Скворцовкада-11, Ганькинде-70, Ганькин станциясында-64. Округ тұрғындары көп ұлтты.

Селолық округтің жалпы аумағы 35813 га, соның ішінде ауылшаруашылығына бағытталған 24994 мың га жері бар.

17009 га егістікке арналған. Селолық округ аумағында 2 ЖШС және 6 ШҚ ауылшаруашылық қызметін жүзеге асырады.ЖШС «Полудинское»,ШҚ «Нива» алқаптарында «Енисей-954» маркалы жаңа комбайындар жұмыс істейді.

Агротехникалық іс-шараларды пайдаланудың және ауылшаруашылық техникаларды жаңартып көбейтудің арқасында 1 гектардан алатын өнім де көбейудеү 2010 жылы 1га жерден 12 ц астық алынды. Ауылшаруашылық өндірушілер бидай мен арпа өсіреді.

Шаруашылықтар 80-нен астам адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді,осы алқаптарда жұмыс істейтін жұмысшылардың 50% жастар. Округ шаруашылық егіушілер субъектілерінің күшімен жолдарды жөндеу және тегістеу жұмыстары жүргізіледі.селоны абаттандыруға көмек көрсетіледі.

Округте шағын және орта бизнесі қарқынды дамуда.Бізде 14 дүкен, тұрғындарымызды нан мен басқа да тауарлармен қамтамасыз ететін өндірістер жұмыс істейді.

Күніне 400 бөлке нан пісіріледі Дүкенде нан бағасы 39-40 теңгені құрайды.

Тамақ өнімдерінің бағалары тұрақты, бірінші қолданбалы тамақ өнімдерінің бағаларына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Полудин селосында 2010 жылы азық-түлік дүкені ашылды. Жаңа жылда қамтылған адамдардың қолдауы негізгі тапсырмаларымыздың бірі болады. Полудин селосында суқұбырлары арқылы сумен қамтамасыз етіледі. 2010 жылы қаржы бөлініп Ганькин селосы мен Ганькин станциясында су құбырларын қайта жөндеу басталды.

Округте 2 мемлекеттік білім беру мекемелері қызмет етеді. 233 оқушы оқиды, Полудин орта мектебінде 191 оқушы сонымен бірге 25 орын шағын орталық, Ганькин орталау мектебінде 42 оқушы және 25 орыншағын орталық жұмыс істейді,тағы Полудин балалар үйі бар.

Мектеп жасындағы барлық балалар оқумен қамтамасыз етілген.Мектептер кадрлармен,компьютермен жабдықталған, телефонмен Интернетке қосылған.

Округіміздің емдеу жүйесі 1СДА және 1ФАП-пен қамтылған. Мемлекеттік дәріхана бар. Флюрографиялық тексеріс-92%, мамография- 100%. Әйелдерді гинекологиялық тексеріс-100%. Балалар өлімі жоқ. Дәрігерлік амбулаторияның штаты толық қамтылған.2010 жылы жұмысты дұрыс жолға қоюдың арқасында 53 адам жұмысқа орналыстырылды.Бағоарлама міндеті орындалды. Тұрғылықты жұмыс орнына 39 адам орналастырылды.

Селолық округте 17 жұмыс орны құрылған жеке кәсіпкерлер-11жұмыс орны,45адам жұмысқа орналастырылды соның арқасында адрест»к көмек көрсету 40% кеміді. Округте 3 адам «Жастар практикасы» бойынша және әлеуметті орындарда 6 адам жұмыс істеді. 2010 жылы әр тоқсанда 18-ге толмаған 87 отбасы 2млн.273,6 мыңтеңге көмек ақы алды. Мемлекеттік әлеуметтік көмек 12 отбасы 487,3 мың теңге алды. 3 әлеуметтік жұмысшылар 18 жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсетеді.

Бір айлық ішінде кәрі және мүгедек адамдарға 229,6 мың теңгеге көмек көрсетілді, 13 адамға автосеруен ұйымдастырылып Петропавл қаласының көңіл бөлетін жерлерді аралады. Қарттар күніне арнап облыстық филармонияның «Қызыл-Жар» ансамблі мерекелік концерт қойды.

Полудин селолық округ аймағында жеке кәсіпкер А.Г Ластовец жұмыс істейді,сол демеулшік көрсетіп, Полудин селосында хоккей коробкасын салысуға материалмен көмектесті және 35аз қамтылған отбасына және ҰОС-ның ардагерін тегін отынмен қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің қарсаңына хоккей коробкасын ашып,тұрғындарға облыстық филармонияның күшімен концерт қойылды.

Селолық округ ұстаздары мен оқушылары,сонымен қатар барлық кәсіпкерлермен ауылшаруашылық құрамындағы жетекшілердің күшімен селода – Жаңа жыл, 8 Наурыз, Наурыз мерекесі, Қазақстан халқының ынтымақ күні, Астана күні, Қарттар күні, Конституция күні, Тәуелсіздік күндері мерекелерін өткізеді. Полудин мәдени үйінде би үйірмесі жұмыс істейді.

Селолық округте спортқа ерекше көңіл аударылады. 100-ден астам оқушылармен жұмыс істейтін жастар спортпен жиі шұғылданады. Мектеп спорт залында баскетбол, футбол, волейбол, тоғыз-құмалақ секциялары жұмыс істейді. Округте қоғамдық-саяси жағдай тұрақты қалыптасқан.

Селолық округ әкімінің аппараты ардагерлер. Кеңесімен тығыз байланыстакез келген бастауларда ардагерлер кеңесінің төрағасы Г.Т.Матухно және ақсақалдар Кеңесінің төрағасы- Қ.К.Есләмов және аз қамтылған отбасылар істерімен айналысатын қоғамдық Кеңес, бірінші көмекшілер болып табылады.

Аймақ инспекторымен және мектептің әлеуметтік ұстаздарымен тығыз байланыста боламыз. Жасөспірімдер істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жағымды нәтижелер көрсеткен.

2010 жылы абаттандыру мақсатында 50 шырша отырғызлды және қоқыстарды бір жерге жинап тағы басқа да жұмыстар істелді.

2010 жылы селолық округ тұрғындарымен кездесіп есеп беру кезіңде 5 ескерту жәңе нұсқаулар берілген.



Тұрғыңдардың осы ескерту мен нұсқауларының 4 уі шешілді, ал біреу әлі толық шешімін тапқан жоқ. Бұл-жолдарда жөндеу жұмыстары, Полудин селосынан трассаға дейін аудандық мағынада.

Селолық округ әкімінің аппараты осындай тиімділіктерді шешу кезінде селолық округтің аумағында орналасқан барлық ұйымдарға ықпалын тигізеді. Бірақта айта кетсек, шаруашылық жетекшілерін және ауыл тұрғынлары мен кәсіпкерлерді қолдау кезінде бірыңғай шарттарымызбен округтің жағдайларын шеше аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет