Өскемен қаласы әкімі аппаратында және құрылымдық бөлімшелерде жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін орындау бойынша 2014 жылда өткізілген жұмыс қорытындылары
Өскемен қаласы әкімінің аппаратына 2014 жылы 20718 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті. 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік қызмет көрсету бойынша заңнамада өзгертулер есебінен 48566 өтінішке азайғаны байқалады (69284 өтініш).
Өтініштер сипаты бойынша келесіні көрсетеді:
- 70% – жер мәселелері бойынша (жер телімдерін бөлу, гараж және саяжай телімдерін жекешелендіру және т.б.);
- 20% – тұрғын-үй-коммуналдық мәселелер (тұрғын үй бөлу, жолдар, аулалық аумақтарды көркейту, лифттерді жөндеу, автобус бағыттары қозғалысы және т.б.);
- 10% – әлеуметтік мәселелер және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау бойынша әр түрлі сұрақтар.
Көрсетілген кезеңде оңды шешілгені:
- 5 млн. 204 мың теңге сомасында 118 қалалыққа материалдық көмек көрсетілді;
- 4485 адам жұмысқа орналасты;
- «Мектепке жол» акциясы аясында 14 млн. 131 мың теңге жалпы сомасында 2858 оқушыға көмек көрсетілді;
- қаланың қурап кеткен 1618 ағаш тамырымен алынып, 3246 ағаш артық бұтақтарынан кесілді, сонымен қатар қала бойынша тұрғын үй аулаларында, оқу орындары аумақтарында және скверлерде 6461 дана ағаштар мен көшеттер отырғызылды;
- орта жөндеумен 21,4 км жалпы ұзындығымен қаланың көшелері мен жолдарының 16 телімі қамтылған. Сонымен қатар 17 мың.м2 жалпы аумағымен қаланың көшелері мен жолдарының асфальт-бетон жабынын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар атқарылды;
- қаланың жеке секторында 65,647 мың м2 жалпы аумағымен құм-қиыршықты қосындысын қосумен профилін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді;
- қаланың көп қабатты тұрғын үйлерінің лифті жабдықтарын толығымен ауыстырумен 10 лифтіге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді;
Көрсетілген мерзімде қала әкімі Т.Ж. Қасымжановпен қаланың кәсіпкерлері мен ірі кәсіпорындарымен мүгедектер өтініштеріне көмек көрсетілді;
- 1 топ мүгедегі М.Г. Чернышеваның пәтеріне жөндеу жүргізілді;
- 3 топ мүгедегі Л.В. Турдиеваның терезелеріне ауыстыру жүргізілді;
- 2 топ мүгедегі А.И. Олжабаевқа Мәскеу қаласы Современная гуманитарная академиясы оқу орнындағы оқуына 1 жылға төлем жүргізілді.
Сонымен қатар 2365 жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерінің жалға алу мерзімін ұзарту, 347 саяжай телімдерін жекешелендіру, 575 бұрыннан бар гараждарының жер телімдерін жекешелендіру бойынша өтініштер оңды шешілді.
Қала әкімі аппаратының сенім телефоны арқылы 2216 ауызша өтініштер келіп түсті, соның ішінде 1650-і оңды шешілді, 17-і жұмыс бақылауында тұр, 549-ына ҚР заңнамасына сәйкес түсініктеме берілді.
Қала басшылығымен 68 жеке және заңды тұлғаларды қабылдау өткізілді, соның ішінде қаланың шағын аудандарында 8 көшпелі қабылдау өткізілді. Қабылдаулар барысында 460 өтініш қабылданды, қала тұрғындарымен көтерілген сұрақтардың 73-і қанағаттандырылып, 387 сұраққа түсіндірмелер берілді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс қала әкімімен үнемі бақылауға алынған.
Жеке және заңды тұлғалар барлық өздерін толғандыратын мәселелер бойынша Пермитин көшесі, 17 мекенжайындағы, телефоны 268568, Өскемен қаласы әкімдігі, 108 кабинетке өтініштерін білдіре алады.
Достарыңызбен бөлісу: |