Пособие Көркем шығарманы талдау indd



Pdf көрінісі
бет22/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
Көркем шығарманы талдау

Үшінші оқиға: 
етжемеС ешІмоВ
Қырғызстанда Етжемес Ешімов деген адам ғұмыр кешіпті. Жұрт «бұл ет жемейді» 
десе, шынымен, ет жемей қоя салады екен. Етті сырт көздерден жасырын түрде 
ғана жейтін көрінеді. Сондықтан да қалың ел оны «Етжемес Ешімов» деп атап кетіпті.
Ешімов көз жұмған соң оның ұлдары өте ауқатты, республикаға белгілі кәсіпкерлер 
боп жетіліпті. Бір перзенті қала шетінде жұрт назарын бірден өзіне аударарлық тамаша 
үй салыпты. Өз басым өрнектеуі мен тапқырлығы жағынан оған тең келер үйді Қазақстан 
мен Қырғызстаннан кездестірген емеспін. Үйдің арқа тұсына әрқайсысы бірнеше тонна 
нән тастар бір-біріне мінгестіріле қаланған. Әлгі тастардың үстінен су ағызып қойған. 
Бұл көріністі тамашалаған қонақ нақ бір қырғыз Алатауының ең бір шырайлы жеріне 
еніп кеткендей әсер алады. Сол үйді Ешімовтер әулеті үкіметке жалға берген екен. 
Ш.Айтматов халықаралық Ыстықкөл форумын өткізгенде Қырғызстан президенті Асқар 
Ақаев ЮНЕСКО-ның бас директоры Федерико Майорды сол үйге түсірген болатын.
Бір күні үй иелері Шыңғыс Айтматов екеумізді арнайы қонаққа шақырады. Шікең 
олардың бүкіл қырғыз еліне аңыз боп тарап кеткен Етжемес Ешімовтің перзенттері 
екенін жадынан шығарып алса керек. Менің қонаққа барғым келмеген-ді. Себебі нақ 
сол күні тамақтан уланып, ас ішпей жүргенмін. Шікең қоймаған соң амалсыздан әйелім 
екеуміз ілестік.


26
Үй иелері әлгі таңғажайып үйдің үлкен залына керемет дастарқан жайған. 
Жалпы, қырғыз халқы етке өте жомарт келеді. Кейде бір қойдың етін бір-ақ асады. 
Алдымызға жылқының басы мен үлкен астау ет келді. Қызығып-ақ отыр мын. Бірақ бүгін 
маған тамақ жеу ге болмайды. Дәрігердің тапсырмасы солай. Үйден шығарда Шікеңе 
де жайлап ескерткенмін. Шікең оны ұмытып кетсе керек: «Неге ет жемей отырсың? 
Әлде Етжемес Ешімовке еліктегің келе ме? – деп әзілдеді. – Біздің қырғызда, – деді 
ол әңгімесін жалғап, – Етжемес Ешімов деген жарыместеу біреу болыпты. Өзінің ет 
жегісі келіп тұрса да, әзілқой құрдастары «Ешімов ет жемейді» десе, бітті, табанда ет 
жеуден бас тартады екен». Нақ осы сәтте Айтматовтың санынан шымшып алдым. Ол: 
«Не болды?» – деп үдере құлағын тосты. «Ойбай, Етжемес Ешімов мыналардың әкесі 
ғой», – дедім сыбырлап. Үлкен үстелді жағалай қоршаған Етжемес Ешімовтің ұлдары 
мен қыздары және олардың әйелдері мен күйеулерінің нақ сол кезгі нарттай қызарып, 
өзгеше ыңғайсыз жағдайға түскенін сөзбен суреттеу мүмкін емес. Әкесін келеке еткенді 
кім жақсы көрсін?! Ешімовтің ұрпақтары жанын салып, жайылып жастық, иіліп төсек 
болардай ықыласпен бізді күтіп отырғанда, Шікеңнің әзілі ортаға найзағай түскендей әсер 
етті. Айтматовтың да ыңғайсызданғаны соншалық, не дерін білмей сасқалақтап қалды. 
«Шіке! – дедім мен жиналғандардың бәріне естірте тамағымды кенеп. – Өзіңіздің туған 
жеріңіз Шекер айылында болған шағымда бала кезден бірге өскен құрдастарыңыз маған 
сіз жөнінде талай әзіл әңгіме айтқан. Солардың бір-екі томпақтау әзілін ортаға салсам, 
өзіңіздің де ыңғайсызданып қалуыңыз әбден мүмкін. Құрдастар не демейді? Ешімов 
ағамыздың да құрдастары әзілге мықты болған сияқты. Егер Ешімов жарымес болса
осындай парасатты перзенттерді тәрбиелеп шығарар ма еді?! Ендеше, сол қадірменді 
Ешімов ағамыз үшін арнайы тост көтерудің реті келіп тұр».
Үстел үстіндегілердің бәрі иығынан ауыр жүк түскендей сергіп, жапа-тармағай 
жадыраса рюмкелерін соғыстыра бастады.
Үйге қайтып келе жатқанда Шікең: «Өмірімде дәл осындай ыңғайсыз жағдайға 
қалғаным саусақпен санарлықтай шығар. Дегенмен бұл жолғы дәрменсіздіктен сенің 
тапқырлығың құтқарды», – деп арқамнан қақты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет