Шырайлы мекен – шығыс қазақстан облысының биоалуан түрлілігін сақтау шараларын жүзеге асыру жолдары



Дата16.06.2016
өлшемі92.06 Kb.
#138653
ШЫРАЙЛЫ МЕКЕН – ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БИОАЛУАН ТҮРЛІЛІГІН САҚТАУ ШАРАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
А.С. Шәріпханова, З.С. Даутова, А.Қ. Смағұлова

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік Университеті, Өскемен, Қазақстан
Шығыс Қазақстанның таулы өңірлері мен орман алқаптары Алтай-Саян экологиялық аймағының ғаламдық маңыздылығының бір бөлігі болып табылады. Осы аймақта сирек кездесетін хайуанаттардың едәуір бөлігі өмір сүреді және өсімдіктердің эндемикалық түрлері өсетіні белгілі. «Алтай-Саян экоаймағының Қазақстан бөлігінің биоалуантүрлілігін сақтау және тұрақты пайдалану» жобасы қорғалатын территориялардың аймақтарын кеңейтуге, менеджментін жақсартуға және аймақтың бірегей биоалуантүрлілігінен хабардар етуге жұмыс істеуде. Жоба бойынша қарастырылған тұрғын халықпен оларды биоалуантүрлілікті, соның ішінде іс-қимылдың баламалы түрлерін дамыту арқылы сақтауға қызмет етуде маңызды рөл атқаратыны мәлім [1]. БҰҰДБ ғаламдық маңызды биологиялық алуан түрлілікті сақтау, ғаламдық жылудың және озон қабатының жұқаруының алдын алуға арналған шараларды жүргізудегі Үкіметтің іс-әректтерін қолдайды. Сулы-сазды жерлерді, жайылымдарды, далалық экологиялық жүйелер мен таулы агробиоалуантүрліліктің генетикалық қорын сақтаудағы тиімді басқаруды қолға алу қажет деп есептейміз. Басқа маңызды шаралар жылыту мен ыстық сумен қамтамассыз етудің энергетикалық тиімділігін жоғарлату, сонымен қатар қалпына келетін энергия көздерін енгізумен байланысты болатыны анық.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайымен анықталатын, Қазақстан Республикасының су қорларына бай және ең қамтамасыз етілген аймағына жатады. Облыстың су қоры - өзендер, көлдер, батпақтар, тоғандар және мұздықтар. Тұщы судың сомалық қоры облыс тұрғындарының біреуіне шаққанда жылына шамамен 50 мың м3 құрайды, бұл әлемдік стандарт бойынша жоғары көрсеткіш болып саналатыны белгілі.

Ертістік бассейндік су шаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша төмендегідей облыстың су қорын құрайды:

1017 өзен 30 млрд. м3 орташа жылдық ағынды және жалпы ұзындығы 28 мың км; 1967 көл су масса көлемі 6,5 млрд. м3 (Алакөл және Сасықкөл көлдерінсіз); 75 жуық су қоймасы және кіші тоғандар (сиымдылығы 53 км3) бекітілген пайдалану қоры жылына 2,4 млрд. м3 жер асты сулары Өнеркәсіпте, құрылыста, көлік және тұрғын үй-коммуналдық салаларда суды тұтыну және суды бұру көлемін тіркеу 2-ТП-су шаруашылық статистикалық есептеме формасы бойынша жүргізілуде. Жер беті сулары мен жер асты суларының көп бөлігі пайдалануда тіркеумен қамтылған.

2008 жылы Шығыс Қазақстан Облысы бойынша 0,942 км3 көлемінде суды бөгеуге лимит бекітілгендігі белгілі болған. 2008 жылда таза суды бөгеу облыс бойынша 581,49 млн.м3 құрады, сонымен қатар Ресейден 4,12 млн. м3, соның ішінде 1,8 млн. м3 жер асты суы алынған болса, Ертіс өзені бассейнінде бөгеу 548,76 млн.м3, Балқаш көлі бассейнінде 25,08 млн.м3, Алакөл және Сасықкөл көлдері бассейнінде 11,77 млн.м3 құрағандығы анықталған. Соңғы он бес жылғы суды бөгеуді салыстыра отырып, есеп жылында ең аз көлемдегі бөгеу болғандығын белгілей отырып, Балқаш-Алакөл бассейнінде 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда бөгеу 54 млн. м3 азайса, ал 2007 жылы тағы 3 млн.м3 азайғандығын көреміз. Ертіс бассейнінде бөгеу соңғы сегіз жылда орташа көрсеткіш мөлшерінде көрсетілген болса, жалпы су бөгеуде 191,85 млн.м3 (32,9%) - бұл жер асты және шахты-кен сулары және 389,64 млн.м3 (67,1%) - бұл жер беті сулары болып табылады. Ертіс өзені бассейнінде жалпы көлемнен 544,64 млн.м3 және Ресейден алынған көлемнен 4,12 млн м3 коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 90,78 млн.м3 алынған (16,5%), өнеркәсіп қажеттілігіне 215,75 млн.м3 (39,3%), ауыл шаруашылығымен - 207,76 млн.м3 (37,8%), балық шаруашылығымен - 7,35 млн.м3 (37,8%) және тағы басқа қажеттілікке 27,08 млн.м3 (5,1%) жұмсалған. Басқа қажеттілікке жер асты және шахты-кен сулары бөгеуге кірген, олар пайдаланылмайды транзитпен су нысандарына ағызылуда [2].

Ағымды жылда ауыл шаруашылығының қажеттілігіне 240,51 млн.м3 алынған, оның 223,30 млн.м3 (92,8%) жер беті және 17,21 млн.м3 (7,2%) жер асты суларына келеді. Соңғы төрт жылда суды бөгеу және осы қажеттіліктерге пайдалану 90 млн. м3 азайған және ол суармалы жерлерді аз пайдалануымен байланысты болып келеді деп ойлаймыз. Соңғы тоғыз жыл бойынша суды пайдалануды талдай келе, оны төмендегідей белгілейміз: шаруашылықта ауыз су қажеттілігі бойынша азғана ауытқулар байқалуда; өндіріс қажеттілігі бойынша өнеркәсіп өндірісінің ұлғаю себептері бойынша суды қолдану мөлшерінің үдемелі өсуі байқалуда; жүйелі суару бойынша суды пайдалану суарылылатын алаңға байланысты (соңғы жылдары суарылатын жерлердің санының азаюы 5 мың га. құраған, бұл суды бөгеуді 22,8 млн.м3 төмендетуде); жайылмалы суару бойынша суды пайдалануда алаңының кішіреюіне қарай азайған; ауыл шаруашылықты сумен қамтамасыз ету бойынша суды пайдалану айтарлықтай өзгермеді; жайылымдарды суландыру бойынша суды пайдалану мал басының өсуіне қарай өсуде (2001ж. бері мал басының өсуі қарқынды жүруде және осы кезеңде суды пайдалану екі есе өскен); тоғанды-балық шаруашылығы бойынша суды пайдалануда отырғызу материалын өндіру мөлшерінің азаю себебімен біртіндеп кемуде. Соңғы жылы бөгеу азғана төмендеді және 7,35 млн.м3 құрағандығы байқалады.

Айналымды суды пайдалану көлемі есептік кезеңде 235,44 млн.м3 құраса, суды қайта пайдалану 35,85 млн.м3 құрайтыны анықталған. Он жылғы айналымды пайдаланудағы судың пайдалану көлемін саластыра келе, басында (1997-2000жж.) біртіндеп өсуін, ал содан кейін соңғы жылдары көлемінің төмендегенін белгілейміз. Осы кезеңдегі қайта пайдалану азғана өсу беталысына ие болып отыр. Есептік жылда ағында сулар пайдаланылған жоқ. Шахты-кен сулары 3,76 млн.м3 көлемінде қолданылған. Коллекторлы-кәрізді сулар қолданылған жоқ.

Ағынды сулармен ластандырғыш заттардың түсірілуі бойынша 2ТП-су шаруашылық есептің мәліметі су көздерінің ластануының шынайы жағдайын көрсеткен жоқ. Шығыс Қазақстан Облысы аумақтық ҚОҚ басқармасының Ертіс өзенінің бассейні су нысандарының ластануы бойынша мәліметтері 2ТП су шаруашылығы есебінің қорытындысынан барлық көрсеткіштер бойынша біршама ерекшеленіп отыр. Шығыс Қазақстан Облысы аумақтық ҚОҚ басқармасының мәліметтері бойынша 2007 жылы Ертіс бассейні су нысандарына түсірілген ластандырғыш заттардың көлемі 74,79 мың тоннаны құраған болатын [3].

 Соңғы тоғыз жылдағы қажеттілік бойынша суды пайдалануды талдай келе төмендегідей қорытынды жасауға болады: шаруашылықта ауыз су қажеттілігі бойынша азғана ауытқулар байқалуда; өндіріс қажеттілігі бойынша өнеркәсіп өндірісінің ұлғаю себептері бойынша суды қолдану мөлшерінің үдемелі өсуі байқалуда; жүйелі суару бойынша суды пайдалану суарылатын алаңға байланысты (соңғы жылдары суарылатын жерлердің 5,32 мың га. төмендеуде, суды 2,7 млн.м3 төмен пайдалануға берілген); жайылмалы суару бойынша суды пайдалануда алаңының кішірейуіне қарай азайған; ауыл шаруашылықты сумен қамтамасыз ету бойынша суды пайдалану айтарлықтай өзгермеді; жайылымдарды суландыру бойынша суды пайдалану мал басының өсуіне қарай өсуде (2001 ж. бері мал басының өсуі қарқынды жүруде және осы кезеңде суды пайдалану екі есе өскен); тоғанды-балық шаруашылығы бойынша суды пайдалануда отырғызу материалын өндіру мөлшерінің азаю себебімен біртіндеп кемуде, соңғы екі жылда бөгеу 7,47 млн.м3 шегінде орныққаны анықталған.

Ертіс өзені - облыстың бас су артериясы және трансшекаралық болуда, өйткені ол Қытай, Қазақстан, Ресей сияқты үш мемлекеттің аумағынан ағып өтетіні бәрімізге мәлім. Сондықтан оның ағысы Қытай шекарасынан Ресей шекарасына дейін бақыланғаны белгілі. Шекаралық қақпаның мәліметтері бойынша Қытайдан келетін су орташа ластанған және Ресейдің шекарасына дейін сол қалыпта сақталуда деп мәлімдейді (сурет 1).



Сурет 1. Ертіс өзенінің ластану индексі (ВК ЦГМ мәліметтері)


 Ертіс өзенінің экологиялық жағдайын қарастыратын болсақ, «Су құрғаған жерде тіршілік бітер», «Су - өмір көзі»- деп жатамыз. Ал біздің Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстарға, оның ішінде су ресурсына бай өлке болып келетіні барлығымызға да белгілі. Облыс аумағында 2000 мыңнан артық өзен ағып жатыр. Республикамыздың жер үсті суларының жалпы ағысының 30 пайызға жуығы облысымызда шоғырланған.

Облысымызда бір тұрғынға ауыз судың жалпы ресурстарын есептегенде бұл көрсеткіш жылына 50 мың текше метрге жуық шаманы құраған. Бұл сан әлемдік стандарттар бойынша жоғарғы көрсеткіштер болып табылады.

 Су ресурстарының сапасына әсер ететін ерекшеліктің бірі тау-металлургиялық кешенінің негізгі кәсіпорындары ең тығыз су желісінде орналасқандығы. Су маңында жылу энергетикасының ең ірі кәсіпорындары да орналасқан. Бұл дегеніміз өндірістік кәсіпорындардың газ тәрізді, сұйық және қатты қалдықтары ластаушы заттармен су желісіне түсіруде. Ертіс өзені болса Кенді Алтай шегінде ауыр металдардың аса ластануына ұшырауда деп есептейміз. Кенді Алтайда 12,5 мың шаршы километрден асатын ауданда ірі биогеохимиялық аумақ қалыптасқан. Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығының соңғы 30 жылдағы бақылауларының көрсеткіштері Қазақстан қарамағындағы Қара Ертістің суының азаю тенденциясын белгілеген, әсіресе бұл Бұқтырма бөгенінің жағдайына әсерін тигізеді. Гидрометеорология орталығында жүргізілетін су ресурстарының мемлекеттік мониторингі деректері бойынша, Ертіс өзенінің жағдайы 2-3 сапа класымен бағалануда: егер Боран ауылында су сапасы «таза» деп танылса, Өскемен қаласының маңында «біркелкі ластанған» деп бағаланады.

 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ертіс экология Департаменті өз тарапынан аймақтағы экологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін мемлекеттік әсер ету шараларын қолданылуда. Мемлекеттік экологиялық инспекциясы жағынан табиғат қорғау заңнамасын, су пайдалану көлемін азайту бөлігінде табиғат пайдалануға деген рұқсат алу жағдайларын және су айналымы жүйелерін енгізу мерзімдерін сақтау жөніндегі талаптарды нығайтқаны Ертіс өзені бассейініне ағынды сулардың төгінділерінің көлемін қысқартуға жол беруде.

Өскемен қаласындағы ірі жылу энергетикалық орталықтарында гидрокүлді жоюмен айналым жүйесі бар екі күл үйінді іске қосылғаны белгілі. Бұл жайт Үлбі және Ертіс өзендеріне ағынды сулар төгінділерін 3,0 млн. м3 астамға қысқартуға мүмкіншілік береді. Өскемен мен Риддер қалаларындағы «Казцинк» АҚ-ның өндірістік алаңшақтарында сумен жабдықтаудың айналымдық жүйелері енгізілген. Тек қана кәсіпорынның Өскемен алаңшағында суайналымын енгізу Үлбі өзеніне ластаушы заттардың төгінділерін жылына 18 млн. м3-ден 200 млн. м3 -ге қысқартуына жол беруде. Малеев кенішінің шахта суларының тазарту ғимараттары 2001 жылы пайдалануға берілгенін және әкімшілік қазіргі уақытта тиімді жұмыс істеуде деп мәлімдейді [4].

Уәкілетті органдарының алдында тұрған бастапқы мәселелерді анықтау үшін Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық мәселелердің тізімін әзірленген. Тізімге Шығыс Қазақстандағы шешімін табуы керек мәселелер енгізілген. Бұл Семей ядролық полигоны, байырғы қылқанды орманның азаюы, шекаралық Ертіс өзеннің тау өндіру өндірісінің аршынды жыныстарының үйінділерімен және Өскемен мен Семей қалаларының толық тазартылмаған тұрмыстық-шаруашылық ағындыларымен ластануы деп көрсетілген. Бұл мәселелер жергілікті деңгейде «2008-2010 жылдарға Шығыс Қазақстан Облысының қоршаған ортасын қорғау» аймақтық бағдарламасының құрамына енгізілген.

Өскемен мен Семей қалаларында тазарту ғимараттарының құрылысы жалғасуда. Ертістің ластану мәселесі трансшекаралық сипатта екендігін айтып кеткенбіз, оны шешу үшін республикалық бюджеттен қаражат қажет. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде бекітілген Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 жылғы жоспарына кірмей қалған инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесін шешу үшін жұмыс жүргізіліп жатқаны - «Өскемен қаласында канализацияның тазарту ғимараттарының дамуы», «Семей қаласының ағынды суларының биологиялық тазартуымен тазарту ғимараттардың қайта құрылуы және кеңейтілуі» деген жобалар екені белгілі. 2009 жылға республикалық бюджетті қарастырғанда, осы жобаларды қаржыландыруға қаражаттарды бөлу кезінде Парламент Мәжілісі депутаттарының, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің қолдауы болды [5].

Сонымен қатар, 2008 жылы жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен Өскемендегі канализациялық коллекторларды қайта құру үшін 200 млн. астам теңге бөлінген. Трансшекаралық Ертіс өзеніне су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық жағдайды тұрақтандыру өз маңыздылығына ие. Оны шешу үшін Ертістің су ресурстарын пайдалануға қызығушылық білдірген барлық жақтардың келісілген саясатын жүргізу керек деп ойлаймыз. Саясат ұстанған кезде қоршаған ортамыздың сапасын сақтауын алдыға қою басты қажеттілік деп есептейміз.

Атқарылған жұмыстар бойынша және мониторинг мәліметтерінен төмендегідей мәселелер анықталған: Ертіс өзенінің қақпаларында 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы судың сапасы біршама жақсарған.

Өскемен қаласының шекарасында; Өскемен ГЭС бөгетінен 0,8 км. төмен, 2005 ж. су посты қақпасында СЛИ 0,70 тең, ол 2 класты сапаға сәйкес, таза су, 2006 ж. СЛИ 0,68 құрады және 2 класты сапаға сәйкес, таза су;

Семей қаласында 4 км жоғары; 2005 ж. супостыдан 4 км жоғары СЛИ 1,12 құрады, ол 3 класты сапаға сәйкес, орташа лас су, 2006 ж. СЛИ=1,05, ол 3 класты сапаға сәйкес, орташа лас су;

Өскемен қаласында 3,5 км төмен қақпада; Прапорщикова ауылының шекарасында; Бражный жылғасының құйылысынан 15 км төмен: 2005 ж. СЛИ 1,45 тең, ол 3 класты сапаға сәйкес, орташа лас су, 2006 ж. СЛИ=1,15, ол 3 класты сапаға сәйкес, орташа лас су; Предгорное а. шекарасында; Красноярка өзенінің құйылысынан 1 км төмен: 2005 ж. СЛИ=2,93, ол 4 класты сапаға сәйкес, лас су; 2006 ж. СЛИ=1,75, ол 3 класты сапаға сәйкес, орташа лас су;

Ертіс өзенінің келесі қақпаларында судың сапасының біршама нашарлауы байқалуда:

Боран ауылының шекарасында; өзен кемежайынан 0,3 км жоғары; супосты қақпасында 2005 ж. СЛИ 1,15 құрады, ол 3 класты сапаға сәйкес, орташа лас су, 2006 ж. СЛИ=1,34, ол 3 класты сапаға сәйкес, орташа лас су;

Ауыз су сапасын жақсарту; өндіріс өнеркәсіптерінің жер үсті суларын ластауды болжау мен бағалау. Тұрғын-үй аймақтарының жер үсті суларын ластауды болжау мен баға беру. Топырақ, атмосфераға ластаушы фактор ретінде жер асты және жер үсті суларына баға беру. Жер асты су көздерін ластанудан қорғай отыра, кешенді санитарлы шаралар әзірлеу қажет деп ойлаймыз.
Әдебиеттер


  1. Баешов А. Экология және таза су проблемалары. Оқулық / А. Баешов – Алматы: «Дәнекер», 2003. – 224 б.

  2. Өскемен қаласындағы су ресурстары [Электронный ресурс]. – Электрон. дан. – Режим доступа : http: // Priroda. gov. kz /kaz/, свободный. – Загл. с экрана. – Яз. каз.

3. Өскемен қаласындағы сулы-батпақты жерлер [Электронный ресурс]. – Электрон. дан. – Режим доступа : http: // WWW. inform. kz /kaz/, свободный. – Загл. с экрана. – Яз. каз.

4. Шығыс Қазақстан облысы туралы мақалалар [Электронный ресурс]. – Электрон. дан. – Режим доступа : http: // Visitkazakhstan nur. kz /kaz/, свободный. – Загл. с экрана. – Яз. каз.



5. Өскемен қаласындағы орман және аң шаруашылықтары [Электронный ресурс]. – Электрон. дан. – Режим доступа : http: // WWW. akimvko. gov. kz /kaz/, свободный. – Загл. с экрана. – Яз. каз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет