«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
|
|
Жоба
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
|
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
|
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
ПРАВЛЕНИЯ
|
Алматы қаласы
|
|
город Алматы
|
Кейбір нормативтік құқықтық
актілерге банк қызметін реттеу
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 96 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7623 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газеті 2012 жылғы 21 шілдеде № 405-409 (27483) жарияланған)) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидалардың мақсаттары үшін күмәнді және үмітсіз кредиттер (қарыздар) бас банк берген резервтерінің мөлшері өтелмеген берешек сомасының 5 (бес) және одан астам пайыз деңгейінде қалыптастырылған кредиттер (қарыздар) деп танылады.
Басқа активтер деп кепіл ретінде қабылданған және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін бас банктің немесе еншілес ұйымның меншігіне өткен активтер, сондай-ақ күмәнді және үмітсіз кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын сатып алудан өзгеше мақсаттарға берілген кредиттер (қарыздар) танылады.».
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының алуы тиіс кірістерін Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен кірістерге жатқызу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы
24 ақпандағы № 100 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7606 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газеті 2012 жылғы
21 шілдеде № 405-409 (27483) жарияланған ), мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін банктің еншілес ұйымының алуы тиіс кірістерін Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен кірістерге жатқызу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұйымның негізгі қызметінің түрлері:
Бас банкінің күмәнді және үмітсіз активтері сатып алатын еншілес ұйымы мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) бас банктің күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарын сатып алу;
2) сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жылжымайтын мүлікті және (немесе) аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын сатып алу;
3) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепіл (кеңшілік жасау немесе қамтамасыз ету) ретінде қабылдаған жағдайда оларды сатып алу;
4) кепіл, өзге де қамтамасыз ету ретінде болған немесе бас банктен сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі түрінде алынған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде оның меншігіне өткен жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мүлікті жалға беру немесе осындай мүлікті ақылы уақытша пайдаланудың өзге де нысанын пайдалану;
5) күмәнді және үмітсіз активтерді, оның ішінде азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте қарыз алушының (борышкердің) борышын қабылдау арқылы сатып алу;
6) күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кеңшілік ретінде іске асыру нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жылжымалы мүлікті сатып алу;
7) азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте заңды тұлғалардың акцияларын сатып алу (жарғылық капиталда қатысу үлесі), сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталында осындай акцияларды және (немесе) қатысу үлесін сату және басқару;
8) меншікті мүлікті, сондай-ақ күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде кеңшілік ретінде сатып алынған не алынған мүлікті жалға беру немесе қаржылық лизингке, сенімгерлік басқаруға немесе мүлікті уақытша пайдаланудың өзге нысанына табыс ету;
9) меншікті мүлікті, сондай-ақ күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде кеңшілік ретінде сатып алынған не алынған мүлікті сату;
10) азаматтық заңнамамен тыйым салынбаған мәмілелерді жасау арқылы күмәнді және үмітсіз активтерді өткізу (иеліктен шығару);
11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы «___» ___________ № ____ қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ____ тіркелген) талаптарына сәйкес келетін күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) көрсетілген іс-шараларды іске асыру шеңберінде азаматтық заңнама бойынша қарыз беру;
12) күмәнді және үмітсіз активтерді қаржы лизингіне, жалға, сенімгерлік басқаруға немесе мүлікті өтеулі уақытша пайдаланудың өзге нысанына беру;
13) «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритилендіру бойынша операциялар жүргізу;
14) күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсартуға бағытталған қызметті жүзеге асыру, оның ішінде үшінші тұлғалардан жер учаскелерін және (немесе) аяқталмаған құрылысты, жобалық, мердігерлік қызметті, және басқа ұйымдардан жер учаскелері және (немесе) құрылысы аяқталмаған объектілер түріндегі күмәнді және үмітсіз активтер бойынша құрылысқа және құрылысы аяқталмаған объектілердің құрылысын аяқтауға және (немесе) құрылысы аяқталмаған объектілерді пайдалануға беруге байланысты қызметті сатып алу;
15) берешекті өтеу нәтижесінде алынған уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға (депозиттерге) орналастыру;
16) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген тәртіппен күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша бас банк жол берген кепіл шарты бойынша, сондай-ақ бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алушы еншілес ұйым, оның күмәнді және үмітсіз активтерді басқаруы кезінде өз бетінше жасаған кепіл шарты бойынша кепіл ұстаушының құқығын іске асыру, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікті және (немесе) талап ету құқығын сатып алу мақсатында сауда-саттыққа (аукционға) қатысу;
17) банктердің, басқа қаржы ұйымдарының, тәуелсіз бағалаушы компаниялардың, кәсіби сарапшылардың және халықаралық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың күмәнді және үмітсіз активтерді бағалау, сенімгерлік басқару, қайта құрылымдау және құнын қалпына келтіру (арттыру) жөніндегі қызметтерін сатып алу;
18) осы тармақтың 3) және 7) тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың акциялары және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестері бойынша дивидендтерді алу;
19) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдар көрсетілген Қағидаларда және бас банк қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынған күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген күмәнді және үмітсіз активтер ретінде сатып алатын мүлікпен және (немесе) мүліктік кешенмен байланысты тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді (лицензияланған қызмет түрлерін қоса алғанда) өндіру және сату;
20) бас банкке және (немесе) заңды тұлғаларға күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алуға және басқаруға байланысты қызметті (консультациялық, құқықтық, сот органдарында , өзге де уәкілетті органдарда және заңды тұлғаларда мүддесін білдіру бойынша) ақылы негізде көрсету;
21) үшінші тұлғалардан өз мұқтаждығы үшін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) меншікті немесе уақытша пайдалану құқығында мүлікті және (немесе) талап ету құқығын сатып алу.
4. Ұйым бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдары алуы тиіс кірістерді жатқызуды мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) Ұйымның уәкілетті органы:
Ұйымның негізгі қызметіне байланысты активтердің ішкі тізілімін жүргізуді;
негізгі қызметі бойынша активтердің сапасын жақсарту мақсатында №__ қағидаларға сәйкес жүргізілетін операциялардың түрлерін, сондай-ақ операция немесе оқиға жасалуының және оны жасауға құқығының құжаттамалық куәлігі болып табылатын бастапқы құжаттардың тізбесі мен түрлерін;
Ұйымның негізгі қызметі бойынша активтердің сапасын жақсарту жөніндегі операцияларды жүргізуден Ұйым алатын кірістердің түрлерін;
олармен операциялар жүргізуден алынатын активтер мен кірістерді Ұйымның бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінде көрсету шарттарын көздейтін ішкі құжатты бекітеді;
2) Ұйым активтердің ішкі тізілімінде көрсетілген активтерді қалыптастыруды және олардың №__ қағидалардың талаптарына сәйкес келуі бойынша ай сайынғы тексеруді қамтамасыз етеді;
3) Ұйым операция немесе оқиға жасалуының және оны жасауға құқығының құжаттамалық куәлігі болып табылатын бастапқы құжаттардың негізінде бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінде негізгі қызметі бойынша активтермен жасалатын операциялардан есептелген кірістерді Ұйым негізгі емес қызметі шеңберінде жүргізілетін операциялардан алатын кірістерден бөлек есепке алады.».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Т. Сұлтанов
2014 жылғы « » _________
Достарыңызбен бөлісу: |