Постановление Правления алматы қаласы город Алматы



Дата23.06.2016
өлшемі68.29 Kb.
#155039
түріПостановление



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






ЖОБА
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

Алматы қаласы





город Алматы






Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы



«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне мынадай шектеулер белгіленсін.

2. Екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі – банк):

қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда қарыз алушыға қарыз беру;

қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;

қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы шешімдер қабылданғанға дейін қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.

Банктің қарыз алушыға қарыз алу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ кредиттеудің осындай нысанына арналған банктің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларында және шартта айқындалған сомасы және уақыт шегінде қарыз алушыны кредиттеу міндеттемесі кредиттік желі деп түсініледі.

Кредиттік желінің шекті сомасы кредиттік лимит (оның ішінде кредиттік/төлем карталары бойынша) деп түсініледі.

Банктің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін пайдалануға ниет білдірген немесе пайдаланатын, орташа айлық табысы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында соңғы жарияланған, қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асыру күні қолжетімді орташа айлық жалақыға тең немесе екі есе мөлшеріне тең болатын Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлға қарыз алушы деп түсініледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген қарыздарды, қамтамасыз етілуі сатып алынатын автокөлік болып табылатын қарыздарды, қамтамасыз етілуі банктік салым шартына сәйкес банкте орналастырылған және берілетін қарыздың сомасын толық жабатын ақша болып табылатын қарыздарды және білімдік кредит беру жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға қарыз алушыларға берілген қарыздарға қолданылады.

3. Қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициенті қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасын қоса алғанда қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары бойынша орташа ай сайынғы төлем және осы қаулының 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда туындайтын қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасының қарыз алушының соңғы алты айдағы орташа ай сайынғы табысына қатынасы ретінде былайша есептеледі:

мұндағы:


БЖК – борыштық жүктеме коэффициенті;

ӨҚТi – қарыз алушының өтелмеген қарызы (өтелмеген қарыздары) бойынша, осы қаулының 4-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа төлем;

МТi – қарыз алушының өтелмеген қарызы (өтелмеген қарыздары) бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасы;

ҚТ – қарыз алушының жаңа берешегі бойынша, осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа төлем;

n – қарыз алушының өтелмеген қарыздарының саны;

К – қарыз алушының осы қаулының 7-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа табысы.

4. Қарыз алушының өтелмеген қарызы (өтелмеген қарыздары) бойынша ай сайынғы орташа төлемі өтелмеген қарыз (өтелмеген қарыздар) бойынша алдағы төлемдер сомасының осы қарыздың (осы қарыздардың) айлармен көрсетілген қалған мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.

Өтелмеген қарыз бойынша алдағы төлемдер сомасына негізгі борыш бойынша қалдық пен қарыз бойынша сыйақы сомасы кіреді.

Қарыз алушыға бұрын жасалған банктік қарыз шартын (шарттарын) қайта қаржыландыру мақсатында қарыз беру жүзеге асырылған жағдайда, өтелмеген қарыздар бойынша алдағы төлемдер сомасынан өтелмеген қарыз бойынша қайта қаржыландырылуы тиіс берешек сомасы алып тасталуы тиіс.

Қарыз алушының өтелмеген қарызы бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасына мерзімі өткен негізгі борыш, мерзімі өткен сыйақы сомасы және банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, микроқаржы ұйымының, сондай-ақ тізбесі «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында белгіленген өзге де ақпарат жеткізушілердің (бұдан әрі – ақпарат жеткізушілер) балансынан тыс есептен шығарылған берешек сомасы кіреді.

Қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша алдағы төлемдердің және өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдердің болуы және сомалары туралы ақпаратты банк кредиттік бюродан сұратып алады.

Қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша алдағы төлемдер сомасының және өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасының есебіне барлық ақпарат жеткізушілер кредиттік бюроға ұсынатын мәліметтер кіреді.

Қарыз алушының өтелмеген қарыздарына осы қаулының 2-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген қарыздар, жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген қарыздар, қамтамасыз етілуі сатып алынатын автокөлік болып табылатын қарыздар, қамтамасыз етілуі банктік салым шартына сәйкес банкте орналастырылған және берілетін қарыздың сомасын толық жабатын ақша болып табылатын қарыздар және білімдік кредит беру жүйесі шеңберінде берілетін қарыздар кіреді.

5. Қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлемі өтеу кестесіне сәйкес есептелген, негізгі борыш бойынша төлемдер мен сыйақы сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 тіркелген) бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларының 8-тармағында белгіленген, қарыз алушының банктік қарыз шартын жасауымен және орындауымен байланысты өзге де төлемдер сомасының осы қарыздың айлармен көрсетілген мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.

6. Қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша алдағы төлемдер сомасының, сондай-ақ жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлемінің есебіне кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігі бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы кіреді.

Кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігі бойынша ай сайынғы орташа төлемнің сомасын бағалау кредиттік лимит бойынша сыйақының болжанған көлемі ескеріле отырып оның пайдаланылмаған бөлігінің мөлшерінің осы лимиттің шартта айқындалған, айлармен көрсетілген ең ұзақ мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.

Банктің ашық кредиттік желі шеңберінде қарыз алушыға қарыз беру жөніндегі шартты міндеттемесінің сомасы кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігі деп түсініледі.

7. Қарыз алушының ай сайынғы орташа табысы қарыз алушының соңғы алты айдағы жалақысы және (немесе) өзге де табыстары сомасының алтыға қатынасы ретінде есептеледі.

Банктер қарыз алушының ай сайынғы орташа табысын есептеуді қарыз алушының өтініш жасау алдындағы қатарынан алты айдағы қарыз алушының табыстары туралы мәліметтердің негізінде жүзеге асырады.

Банк қарыз алушының ай сайынғы орташа табысының есебіне алатын табыстар түрлері қарыз алушының өтініш жасау алдындағы қатарынан алты ай ішіндегі кем дегенде екі кез келген айға алынуы тиіс.

8. Қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің ең үлкен деңгейі 0,5 құрайды.

9. Егер қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің мәні осы қаулының 8-тармағында белгіленген мәндерден жоғары болып табылған жағдайда банк:

қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда қарыз алушыға қарыз беру;

қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;

қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы оң шешімдер қабылдамайды.

10. Банк қарыз алушының борыштық жүктемесін қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін бағалаудың меншікті жүйесі негізінде өздігінен айқындайды. Егер банк қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін бағалаудың меншікті жүйесі негізінде айқындаған қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің мәні осы қаулының 8-тармағында белгіленген борыштық жүктеме коэффицентінің ең жоғары деңгейінен төмен болса, банк:

қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда, қарыз алушыға қарыз беру;

қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;

қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы шешімдер қабылдау кезінде қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін бағалаудың меншікті жүйесін басшылыққа алады.

11. Осы қаулы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.



Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет