Жоба
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
|
|
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
|
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
|
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
ПРАВЛЕНИЯ
|
Алматы қаласы
|
|
город Алматы
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген, 2007 жылғы 25 сәуірде «Заң газеті» газетінде № 62 (1091), 2007 жылғы наурыз-сәуірде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде:
29 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Банктер синдикаты синдикатталған қарызды беру кезінде осы Ереженің 8, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарында көзделген кредиттеу жөніндегі құжаттама түпнұсқада агент-банкте және көшірмелер түрінде синдикатталған қарызға қатысушы банктерде сақталуға жатады.
Кепіл берушінің кепілге салынған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығын) растайтын құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқалары және қабылданған қамтамасыз ету бойынша басқа құжаттардың түпнұсқалары синдикатталған қарызға қатысушы банктердің бірінде, синдикатталған қарызға қатысушы басқа банктерде - көшірмелер түрінде сақталады.»;
«31. Кредиттік мониторингті және осы Ереженің 25-тармағында көзделген кредиттік мониторинг бойынша құжаттаманы қалыптастыруды агент-банк жүзеге асырады, ол мониторинг есебінің көшірмелерін синдикатталған қарызға қатысушы барлық банктерге жібереді.».
2. «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6877 тіркелген, 2011 жылғы 31 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 226-227 (26625), 2011 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 16 жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) банктік қарызды ислам банкі берген жағдайда – Банктер туралы заңның 52-8, 52-9, 52-10, 52-12-баптарында көрсетілген талаптар;»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. 10-тармағының бірінші бөлігін қоспағанда, осы қаулының талаптары шарттың шет мемлекеттің құқығымен реттелетіндігі көзделген, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын кредитор банктердің қатысуымен синдикатталған қарыз беру жөніндегі шарттарға қолданылмайды.».
3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов
Достарыңызбен бөлісу: |