Постановление Правления



бет1/19
Дата14.06.2016
өлшемі2.06 Mb.
#135845
түріПостановление
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


Жоба



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ


Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы




Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.


  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.



Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігінің

Статистика комитеті

_________________

2015 жылғы ___ _____________

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 244 қаулысына
қосымша
Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 268 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3832 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесінде:

1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада берілген акциялар шығарылымының мыналар қоса тігілген проспектісі:

қоғам ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесін;

қоғамның таза кірісті бөлу тәртібі;

эмитенттің соңғы екі қаржы жылындағы, аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелері, сондай-ақ эмитенттің аудиторлық есептерінің және есеп саясатының көшірмелері. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда аудиторлық есеппен расталған шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Осы абзацтың талаптары жаңадан құрылған эмитенттердің акциялар шығарылымына қолданылмайды;

акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмелері. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар құжаттарды ұсыну алдындағы тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күніне дейін ұсынылған жағдайда акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмесі (еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі) ұсынылады;

акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшыларының жалпы жиналысы не жалғыз құрылтайшысы бекіткен инвестициялық декларация (акционерлік инвестициялық қорлар үшін).

Осы тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге тігілген акциялар шығарылымының проспектісі, оған енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын қағаз пломбамен бекітіледі және қоғам мөрінің таңбасы қойылады.

Акциялар шығарылымының проспектісіндегі мәліметтер акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын акциялар шығарылымы проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке сәйкес көрсетілетін, қоғамның қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты (осы Ереженің 1-қосымшасының 4 және 5-тарауларында көрсетілетін) қоспағанда, құжаттарды уәкілетті органға тапсыру күнінің алдындағы айдың соңғы күніне келтіріледі.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 маусым аралығындағы кезеңде аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі болмаған жағдайда қоғам уәкілетті органға соңғы аяқталған жылдың алдындағы екі жыл үшін аудит жасалған қаржылық есептілігін және көрсетілген кезең үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебін ұсынады. Аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есепті және қаржылық есептілікті қоғам «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап бір айдың ішінде ұсынады.»;

6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қоғамның органының негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген шешімінің көшірмесі.

Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген шешімінің үзінді-көшірмесін ұсынған жағдайда, осы үзінді-көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;

акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;

акционерлердің жалпы жиналысында ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының саны туралы мәліметтер;

акционерлердің жалпы жиналысының кворумы;

акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;

акционерлердің жалпы жиналысында негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін мәселе бойынша дауыс беру тәртібі;

акционерлердің жалпы жиналысы төрағасының (президиум мүшелерінің) және хатшысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты;

акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібінің дауыс беруге қойылған, негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін әрбір мәселе бойынша акционерлер дауыстарының жалпы саны;

негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін мәселе бойынша қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешім;

акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер.

Акционерлердің жалпы жиналысының шешімінен үзінді-көшірме жиналыс хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және қоғам мөрінің бедерімен куәландырылады.

Жалпы жиналыста қоғамның директорлар кеңесін сайлау (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау) туралы мәселе қаралған жағдайда, қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының хаттамасынан үзінді көшірмеде директорлар кеңесінің сайланған мүшесі қай акционердің өкілі болып табылатыны және (немесе) директорлар кеңесінің сайланған мүшелерінің қайсысы тәуелсіз директор болып табылатыны көрсетіледі.

Егер қоғамның негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген шешімі қоғамның директорлар кеңесінің не атқарушы органының шешімінен үзінді-көшірме нысанында ұсынылған болса, осы үзінді-көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;

отырысты өткізу күні, уақыты және орны (қатысу тәртібімен өткен отырыс болған жағдайда);

отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;

отырыс кворумы;

отырыс күн тәртібінің шешімдері акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге әкеп соққан мәселелері;

отырыс күн тәртібінің дауыс беруге қойылған, негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер енгізілетін әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері;

мәселе бойынша қабылданған, негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін шешім.

Директорлар кеңесінің отырысы шешімінен үзінді-көшірме директорлар кеңесі хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және қоғам мөрінің бедерімен расталады.

Атқарушы органның отырысы шешімінен үзінді-көшірме қоғамның бірінші басшысының (не оның орнындағы адамның) қолымен және қоғам мөрінің бедерімен расталады.».

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Эмитент облигациялардың (облигациялық бағдарламаның) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

Эмитент агенттік облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа оның Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға өкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.

Жай акцияларға айырбасталатын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін акционерлердің жалпы жиналысының шешімінде айырбасталатын бағалы қағаздардың түрі, саны, облигациялар айырбасталатын акцияларды орналастыру бағасы, сондай-ақ айырбастау нәтижесінде сатып алынған облигацияның қайта орналастыруға жатпайтыны туралы ақпарат көрсетіледі.

Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта және электронды тасымалдауышта Acrobat Reader форматында мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде екі данада жасалады (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда). Екi дананың әр қайсысында мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi акциялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi қамтылады.

Мыналар облигациялар шығарылымы немесе облигациялық бағдарлама проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады:

эмитенттің соңғы екі қаржы жылындағы, аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелері, сондай-ақ эмитенттің аудиторлық есептерінің және есеп саясатының көшірмелері. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда аудиторлық есеппен расталған шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Осы абзацтың талаптары жаңадан құрылған эмитенттердің облигациялар шығарылымының немесе облигациялық бағдарламасының проспектісіне қолданылмайды;

облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмелері. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар құжаттарды ұсыну алдындағы тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күніне дейін ұсынылған жағдайда соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмесі (еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі) ұсынылады;

облигацияларды ұстаушылардың өкiлдерiмен жасалған шарттардың көшірмелері (облигациялық бағдарламаның проспектісін қоспағанда);

егер осындай ұйымдармен шарт жасау Заңның талаптарында көзделсе, эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылмаған нарықта облигацияларды орналастыруды жоспарлайтын эмитенттер үшін қор биржасының ресми тізіміне енгізу және орналасқан жері мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері (облигациялық бағдарламаның проспектісін қоспағанда);

эмитенттің кірісін оның қатысушылары арасында жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастыру құқықтық нысанда құрылған эмитенттер үшін бөлу тәртібі.

Мыналар облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымы проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады:

облигацияларды ұстаушылардың өкiлдерiмен жасалған шарттардың көшірмелері;

егер осындай ұйымдармен шарт жасау Заңның талаптарында көзделсе, эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылмаған нарықта облигацияларды орналастыруды жоспарлайтын эмитенттер үшін қор биржасының ресми тізіміне енгізу және орналасқан жері мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері;

облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмелері. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар құжаттарды ұсыну алдындағы тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күніне дейін ұсынылған жағдайда соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің (еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептіліктің) көшірмесі ұсынылады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа концессиялық шарттың және кепiлдiк шарттың көшiрмелерi инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.

Оригинатордың соңғы жыл үшiн аудиторлық есебi, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған осы секъюритилендiру мәмiлесi бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

Облигациялар шығарылымы немесе облигациялық бағдарлама проспектісіндегі мәліметтер акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын облигациялар шығарылымы немесе облигациялық бағдарлама проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке сәйкес көрсетілетін, қоғамның қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты (осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларының 5-тарауында көрсетілетін) қоспағанда, құжаттарды уәкілетті органға тапсыру күнінің алдындағы айдың соңғы күніне келтіріледі.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 маусым аралығындағы кезеңде аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі болмаған жағдайда қоғам уәкілетті органға соңғы аяқталған жылдың алдындағы екі жыл үшін аудит жасалған қаржылық есептілігін ұсынады (қоғам аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржылық есептілігін акционерлердің жалпы жиналысы аудит жасалған қаржылық есептілікті бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады).

Осы тармақтың талаптары екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының бір пайызын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі иеленген ұйымның (бұдан әрі – екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым) облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымына қолданылмайды.

Егер эмитенттің негізінде облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымы жүзеге асырылатын шешімі эмитент органының отырысынан үзінді-көшірме нысанында ұсынылған болса, осы үзінді-көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

эмитенттің атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;

отырысты өткізу күні, уақыты және орны (қатысу тәртібімен өткен отырыс болған жағдайда);

отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;

отырыс кворумы;

отырыс күн тәртібінің шешімдері облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымына әкеп соққан мәселелері;

отырыс күн тәртібінің дауыс беруге қойылған, негізінде облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымы жүзеге асырылатын әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері;

мәселе бойынша қабылданған, негізінде облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымы жүзеге асырылатын шешім.

Эмитенттің жоғары органының шешімінен үзінді-көшірме жиналыс хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады. Эмитенттің басқару органы отырысының шешімінен үзінді-көшірме басқару органы хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады. Эмитенттің атқарушы органының шешімінен үзінді-көшірме эмитенттің бірінші басшысының (не оның орнындағы адамның) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады.»;

2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Эмитенттің жоғары органының шешімінен үзінді-көшірме жиналыс хатшысының қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады. Эмитенттің басқару органы отырысының шешімінен үзінді-көшірме басқару органы хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады. Эмитенттің атқарушы органының шешімінен үзінді-көшірме эмитенттің бірінші басшысының (не оның орнындағы адамның) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады.»;

2-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2-4. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитент Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта және электронды тасымалдауышта Acrobat Reader форматында (мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде) екі данада жасалады (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда). Екi дананың әр қайсысында мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi акциялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi қамтылады. Бұл ретте Ереженің 1-қосымшасының 9, 11, 25, 27, 30, 31, 32, 33, 42 және 44-тармақтарында көрсетілген ақпарат екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламасын) шығару кезінде толтырылмайды.»;

3-тармақта:

бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «өзге борыштық бағалы қағаздар» санатының «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізуге және олардың сонда болуына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің орындауы;»;

екінші бөліктің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектісінде осы облигациялардың қор биржасының сауда жүйесінде айналыста болуы көзделсе, қор биржасының эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың қор биржасы тізімінің «өзге борыштық бағалы қағаздар» санатының «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізуге және олардың сонда болуына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы қорытындысын, сондай-ақ биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдарын.»;

5-1-тармақта:

бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мемлекеттік тілде және орыс тілінде қағаз тасымалдауышта екі данада жасалған, бірінші басшы, бас бухгалтер қол қойған және эмитент мөрінің бедерімен расталған облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектісіне жасалған өзгерістер мен толықтырулар қамтылған.

Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектісіне енгізілген, осы Ереженің 1-қосымшасының 46-тармағында, осы Ереженің 2-қосымшасының 23-тармағында, осы Ереженің 3-қосымшасының 3-тармағында көрсетілген облигациялар туралы мәліметтерге қатысты өзгерістер мен толықтырулар қолдану мерзімі көрсетіле отырып оларды қолдану тәртібін қамтиды;»;

бірінші бөліктің 4) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Эмитенттің жоғары органының шешімінен үзінді-көшірме жиналыс хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады. Эмитенттің басқару органы отырысының шешімінен үзінді-көшірме басқару органы хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады. Эмитенттің атқарушы органының шешімінен үзінді-көшірме эмитенттің бірінші басшысының (не оның орнындағы адамның) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады;»;

9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингтік бағалау немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар хаылқаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп Ереженiң 5-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдауышта және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдауышта мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде екі данада ұсынылады.»;

9-1-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Эмитент облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті орналастырудың есепті кезеңі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде, сондай-ақ облигациялар толық орналастырылған күннен бастап бір ай ішінде ұсынады.»;

15-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»- тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шкаласы бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акцияларымен;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет