Постерлермен (плакат) қалай жұмыс жасау керек?


Фотосурет пен жұмыс жасаудың алгоритмі



бет3/4
Дата30.11.2022
өлшемі442.25 Kb.
#466163
1   2   3   4
деректер қазақша

Фотосурет пен жұмыс жасаудың алгоритмі:



  • фотосуреттерде көргеніңізді сипаттаңыз. Суретте бейнеленген ұсақ деталдарға да назар аударыңыз;

  • Суретте қандай нысан басты назарда? Автордың неге көніл бөлгісі келгендігін анықтаңыз;

  • Фотосуреттегі адамдар қандай іс-әрекет пен айналысуда?

  • Ойланыңыз, неліктен суретші осы уақытта және осы оқиғаны фотоға түсіргенін анықтаңыз;

  • Фото мазмұнында мәтіндік ақпарат, плакат, жарнама, қолтаңба көрініс тапқан ба?

  • Егер фотосуреттің уақыты анық болмаған жағдайда, барлық мүмкіндікті пайдалану арқылы мерзімін анықтауға тырысыңыз.

  • Әрқашан фотосуреттің т.б деректермен (статистикалық деректер, тарихи оқиғалар, карикатуралар т.б) байланыстығын анықтаңыз;

  • Егер тарихи деректер бір-біріне қарама-қайшы келсе, оның неліктен солай болғанын анықтаңыз. Қарама-қайшылықтардан тағы да қандай тың деректерді алуға болады? Қайсы дерек неғұрлым шынайы екендігіне көз жеткізіңіз?

  • Фото мазмұнында қандай оқиға, ақпарат, мәлімет т.б.жеткіліксіз болып тұр?



Ескерткіштермен қалай жұмыс істеу керек?



Ескерткіштер, мемориалдар және мүсіндер тарих сабағында қызықты әрі пайдалы дереккөздердің бірі болып саналады. Бұл Ескерткіштер, мемориалдар және мүсіндер-қоғамдық пікірлердің физикалық және материалдық бейнесі. Олардың міндеті тарихи оқиғалармен кейіпкерлерді белгілі бір құндылықтармен байланыстыру болып табылады. Сондықтан ескерткіштер, мүсіндер және мемориалдар әдетте белгілі бір құндылықтардың көрінісі ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, олар ашық аспан астындағы музей болып табылады. Біреуге ескерткіш орнату немесе бір оқиғаға мемориалға арнау үшін, оның белгілі себептері болуы шарт.
Ескерткіштерді, мүсіндерді, ескерткіштерді бұзу немесе саяси негізделген монтаждау Орталық немесе Шығыс Еуропаның типтік феномені болып табылады. Бұл тарихи ескерткіштер, мүсіндер, мемориалдар өз орындарын өзгертеді, бұзылады, аударылады, қайта жазылады, жойылады немесе ашық аспан астындағы музейге айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет