«Экономика негіздері» пәнінен Дәріс 3-тақырып. Жұмыссыздық және инфляция. Әзірлеген: э.ғ.к., аға оқытушы Жакупова Б.А.
Дәріс презентациялаудың мақсаты: жұмыссыздық пен инфляцияның себептерімен, мәнімен, түрлерімен танысу және олардың байланысын анықтау. Дәріс жоспары: 1.Жұмыссыздық: мәні, себептері мен нысандары. 2.Жұмыссыздықтың ЖҰӨ мөлшеріне ықпалы. Оукен заңы. 3.Инфляция себептері, мәні және түрлері. 4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы
Жұмыссыздық
Жұмыс күшінің бір бөлігі өндірісте еңбекке араласпағандығын көрсететін әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Жұмыссыздық
Халықаралық еңбек ұжымының анықтамасына сәйкес, жұмыссыздарға жұмыс орындарының жетіпеуінен жұмысқа орналаса алмай өз бетінше жұмыс іздеп жүрген адамдарды жатқызамыз.
Классикалық Мальтустық Жұмыссыздықты болдырмау теориялары Кейнстік
Жұмыссыздықты болдырмаудың Классикалық теориясы
Егер еңбек ақы өскен уақытта еңбекке деген сұраным төмендейді. Ал бұл жағдайда ұсыным керісінше өседі.
Яғни, еңбекке ұсынымның сұранымнан артып кетуі жұмыссыздықты білдіреді.
Сондықтан да еңбек ақыны төмендету арқылы жұмыссыздықты азайтуға болады.