Қосымша 5
Жеке оқушыға психологиялық - педагогикалық мінездеменің үлгі схемасы
Басты бағдарламада ең маңызды жеке анализіне жататын төмендегі схема-мінездеме берілгенде белгілі бір берілген бағытпен пайдалану керек, оның ішінде, мінездеме материалы мен оның жазуына көп мағына бөлу керек.
І. Ортақ мәселе.Оқушының фамилиясы, аты-жөні, туған жылы, сыныбы, ортақ дене дамуы, денсаулығы, жанұядағы жағдайы мен тұрмысы, жанұядағы орынды тәрбие алу жайы.
ІІ. Ұжым арасындағы өзара қарым-қатынас пен мектепке деген ынта, көзқарас.
1.Әр кластың ортақ мінездемесіне оқушының даму қабілеті дәстүрлі тәрбиесі мен класс ұжымының талабы жатады.
2.Ұжымдағы жағдайы /сүйіспеншілік пен өз бағасын пайдалана біле ме? Оны қалай айыруға болады?/
3. Ұжымдағы қарым-қатынасы /оларды ұнатады, көңілі бейжай, ұнатпайды, ұжым ұсынысымен санасады ма? Достары бар ма? Достығы неге байланысты? Жолдастарымен ұрыс-керіс болып қала ма және де қандай себеппен?/
4.Ұжымдағы өз бағасына /жағдайына/ көңілі тола ма және де қандай жағдайда жүргісі келеді?
5.Мектепте жүргеніне көңілі тола ма? Қандай қасиетін ұнатып қадірлейді?
6.Мұғалімдермен қарым-қатынасы олармен тіл табысуы, сүйіспеншілігі, сыйластығы қандай?
ІІІ. Оқу
1.Оқу үлгерімі /үлгіл бағалары, әр кластағы үлгерім деңгейі/
2.Білімді меңгеру деңгейі
3.Сөз дамуы /оның түрлілігі, мінез-құлқы, сөз байлығы, өз ойын жазбаша және ауызша жеткізе білу қабілеті/
4.Оқуға деген ынтасы мен көзқарасы /қызығып оқи ма, қандай пәнге ынтасы бар, бағаға қалай қарайды, ата-ана мен оқытушының мақтауы мен ескертуіне қалай қарайды, оқуға деген ең басты мәселенің мотиві/
5.Оқуға деген қабілеті.
4. Оқушының психикалық процестерінің дамуы
А) көңіл бөлу ерекшелігі /айтылға сөздің даму дәрежесі, көңіл бөлуі, оның беріліп оқуы, тұрақтылығы, өзін-өзі әр жағдайда ұстай білуі/.
Б) оқудың материалдық мағынасын қабылдау түсінігі, түйсіну жылдамдығы, оқу деңгейі мен алдын-ала есте сақтау мінезінің даму қабілеті, жылдам жаттап алу мен ойда ұстау, алдын-ала жаттап алу жолдарын біле ме? Есте сақтау жүйріктігі мен мықтылығы, қабылдау жеңілдігімен және есте сақтау индивидуалдық ерекшеліктері.
В) Ой жүйесінің дамуы. Пәннің баянды баянсыз белгілерін айыра білуі және де пайда болу туралы; ортақ және өзіндік деңгейі, тіл табыса ала ма, өз бетімен тұжырым жасай білуі, әрбір жағдайдан тез шығу жағын таба біле ме?
Достарыңызбен бөлісу: |