Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет16/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

 
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
1. 
Су тасқыны қандай қирату зардаптарына əкеп соқтырады? 


26
 
2. 
Су тасқанына қалай дайындалу керек? 
3. 
Су тасқыны қаупі туралы ақпарат алғаннан соң не істеу керек? 
4. 
Су тасқыны болғанда қандай əрекет ету керек? 
5. 
Суға батқан кісіге көмектесуде нені білу керек? 
6. 
Су қайтқаннан кейін ғимаратқа кіру кезінде нені білу керек? 
№4 тапсырма. Ормандардағы мен шымдардағы өрт кезінде əрекет 
ету үлгілерін оқыңыз жəне бақылау сұрақтарына жауап беріңіз. 
Ормандардағы жəне шымдардағы барлық өрттер құрғақ ыстық ауа-
райы кезінде найзағай жарқырағанда, отпен абайсыз болғанда, жер 
қабатында кепкен шөптерді өртегенде жəне басқа да себептермен 
болуы мүмкін. Өрттер елді мекендердегі ғимараттар, ағаш көпірлер
электр тасымалдау желілері, мұнай өнімдері қоймалары басқа да 
жанғыш материалдардың жануына, сондай-ақ адамдар мен 
жануарлардың зақымдануына əкеліп соқтыруы мүмкін.
Орман массивтерінде орман төсеніштері, жас ағаштар жəне шағын 
тоғайлар, шөп-бұта жамылғылары, ағаш қалдықтары, тамырсабақтар 
жəне т.с.с. жанған кезде орманның төменгі жақтары жанады (2.1-
сурет)
2.1-
сурет. Төменгі жақтағы орман өрті 


27
 
Құрғақшылық мерзімінде қылқан жапырақ жынысына жататын 
ағаштардың бөрік бастарынан от тараған кезде желді күндері 
орманның жоғарғы жақтары жануы мүмкін. Төменгі жақтағы өрттің 
тарау жылдамдығы минутына 0.1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы – 
жел бағыты бойынша минутына 100 метрге дейін. 
Қорғану шаралары. Елді мекендерді қорғау жəне жаппай өрттердің 
шығынын төмендету үшін алдын ала ормандарда ені 5 - 10 метр, ал 
қылқан жапырақ ормандарында 50 метрге дейін ормандағы жолдарды 
жəне грунт жолағын салу жəне тазалау іс-шаралары жүргізіледі. Елді 
мекендерде 1 гектарға 30 шаршы метрден кем емес есеппен 
есептелетін тоғандар жəне су қоймалары қойылады. 
Елді мекендерде орман жəне шым өртенген кезде елді мекендерге 
жақын жерлерде өрт жағдайын бақылайтын өртке қарсы қызмет 
буындарынан кезекшілік ұйымдастырылады; орман массивтеріне 
жанасып салынған құрылыстар арасындағы грунттық жолақтарды 
тазалау жүргізіледі; елді мекендер құрылысының шекарасына жақын 
орналасқан 1 метр орман төмпешіктеріне 10 литрдан кем емес есеппен 
өрт су қоймаларына толтырылады; құдықтар мен тоғандар қалпына 
келтіріледі; мақта-дəке таңғыштары, респираторлар жəне басқа да дем 
алу органдарын қорғау құралдары дайындалады; құрғақшылық 
мерзімде ормандарға бару тəртібі шектеледі (əсіресе автокөлікпен). 
Орман және шым өртенген кезде өрт ошағына жақын 
жердегілердің әрекет үлгілері:
 
тез арада қауіпті аумақтан шығу қажеттілігі туралы қасыңыздағы 
жақын адамдарға ескертіңіз; 
 
олардың жолға немесе ормандағы жолға, өзен жағалауына немесе 
басқа су қоймасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз; 
 
қауіпті аумақтан тез, от бағытына перпендикуляр бағытта қарай 
шығыңыз. Егер өрттен шығу мүмкін болмаса су киіммен 
жамылыңыз; 
 
ашық жерге немесе алаңқайға шығып, жерге жақын ауамен 
тынысталыңыз – ол жерде түтін аз болады, аузыңыз бен 
мұрныңызды мақта-дəке таңғышымен жабыңыз; 
 
Өрт аумағынан шыққаннан кейін, өрттің болып жатқан жері, 
көлемі жəне сипаты туралы елді мекеннің əкімшілігіне, срндай-ақ 
халыққа хабар беріңіз. 
Өрт сөндіру ережелері: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет