Правила организации учебного процесса по кредитной технологии обучения, утвержденные приказом и


ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсырудың Қазақстандық үлгісі шеңберіндегі академиялық ұтқырлық



бет5/17
Дата02.01.2022
өлшемі483 Kb.
#453647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
kredittik oku tekhnologiyasi (1)

5. ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсырудың Қазақстандық үлгісі шеңберіндегі академиялық ұтқырлық
80. Қазақстанның жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлықты жоспарлау және ұйымдастыру кезінде қолдануға қажет төмендегідей нормативтік құжаттар көрсетілген:

ұтқырлық бағдарламалары бойынша кететін студенттің өтініші;

ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу туралы келісім;

оқу туралы транскрипт;

ақпараттық пакет (курстар тізімдемесі).

81. Жоғары оқу орны ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсыру туралы ереже әзірлейді, ол ECTS-ті қолдану бойынша жоғары оқу орнындағы негізгі құжат болып табылады.

82. Ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту үшін осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес жоғары оқу орны ақпараттық пакет – курстар тізімдемесін (АП) әзірлейді.

83. АП мемлекеттік, ағылшын немесе орыс тілдерінде дайындалады.

84. АП жоғары оқу орнының академиялық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, ғылыми тәрізді едәуір маңызды қызмет салаларын сипаттайды және қосымша ақпаратты (спорттық-көпшілік іс-шаралар, мәдени-бос уақыт қызметтері, материалдық-техникалық база және тағы басқа) қамтиды.

85. АП-да жоғары оқу орнының төмендегі негізгі бөлімдер бойынша сипаттамалары бар:

1) жоғары оқу орны туралы жалпы ақпарат;

2) оқу бағдарламалары туралы ақпарат (курстар тізімдемесі);

3) білім алушыларға арналған қосымша ақпарат.

86. АП-ның «Жоғары оқу орны туралы жалпы ақпарат» атты бірінші бөлімде жоғары оқу орнының қысқаша сипаттамасы – толық мекен-жайы мен веб-сайты; тарихы мен жетістіктері; Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесіндегі орны; жоғары оқу орнының құрылымы (басшылық, академиялық және қосымша бөлімшелер); дайындық бағыттарының тізімі; білім алу бағыттары бойынша оқу құны; жоғары оқу орнына оқуға қабылдау және тіркеу ережелері мен жолдары; алдағы оқу жылының академиялық күнтізбесінің (мерекелік күндер мен демалыстарды есепке алып) сипаттамасы; білім беру бағдарламалары мен ECTS үйлестірушісінің фамилиясын тану ережесі.

Сондай-ақ университет корпустарының орналасу картасын енгізу ұсынылады.

87. АП-ның екінші бөлімі, «Оқыту бағдарламалары туралы ақпарат» төмендегідей сипаттамаларға ие:

1) оқу деңгейлері (сатылары);

2) мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) және білім алудың белгілі бір сатысында академиялық дәреже алуға қажетті кредиттердің жалпы саны;

3) жалпы алғанда білім алатын мамандықтардың және оқу жоспарының сипаттамасы;

4) жеке мамандықтар бойынша оқитын әрбір пәннің бөлек сипаттамасы;

5) мамандық бойынша оқуды аяқтағаннан кейін берілетін дәреже.

88. Курстар тізімдемесінде әрбір пән (сабақ) бойынша пререквизиттер, пәннің мәртебесі, сондай-ақ мамандықтардың оқу жоспарына сәйкес кредиттер саны көрсетіледі.

Курстар тізімдемесінде әрбір жеке оқытылатын пәннің мақсаты мен міндеті, әдебиеттер тізімі, оқу әдістері, баға қою саясаты, оқу тілі, әрбір пән (сабақ) бойынша дәріс берушілердің аты-жөні бар.

89. Үшінші бөлім – жоғары оқу орны туралы білім алушыларға арналған қосымша ақпарат. Бұл бөлімде төмендегі бағыттар бойынша мәліметтер бар: студенттерді орналастыру (тұрғылықты жердің жағдайы және оның ақысы), тамақтану құны, медициналық қызметтер, дене немесе басқа да кемшіліктері бар студенттердің жағдайы, студенттерге қаржылай көмек көрсету (грант, шәкіртақы), студенттік кеңседегі жұмыс, оқуға арналған материалдық-техникалық база (кітапхана, компьютерлік зертхана), халықаралық бағдарламалар, студенттердің бос уақыттары үшін жағдайы, спорт секциялары, студенттік қауымдастықтар.

90. Білім алушының өтінішінде студентті жіберетін жоғары оқу орнының атауы және толық мекен-жайы, факультеттің/департаменттің және жалпы алғанда, жоғары оқу орнының академиялық ұтқырлық бағдарламасын үйлестірушісінің аты-жөні, сондай-ақ студенттің жеке ақпараты (аты-жөні, тегі, туған күні, айы, жылы, мекен-жайы) көрсетілуі тиіс.

Өтініште ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін білім алушының уәжділігі туралы ақпарат, білім алушылардың шетелдегі оқу тілі бойынша біліктілік деңгейі, еңбек тәжірибесі және алдағы шетелде білім алуы туралы мәліметтер жазылады, шетелде оқу грантына ие болу мүмкіндігіне белгі осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

91. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу келісімі студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту процесін реттейтін негізгі құжат болып табылады және осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес ағылшын тілінде толтырылады.

92. Қабылдаушы жоғары оқу орны студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуы туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қабылдайтын жоғары оқу орны, студент және жіберетін жоғары оқу орны – үш тарап келісімге қол қояды.

93. Ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттің білім алуын растайтын соңғы құжат білім алу туралы транскрипт болып табылады. Білім алу туралы транскрипт ағылшын тілінде осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес толтырылады.

94. Білім алу туралы транскриптке оқу бағдарламасы (курс (пән) коды), пәннің атауы, пәннің оқыту ұзақтығы (жыл, семестр, триместр), оқу бағасы (ұлттық шкалада (егер болған жағдайда) және ECTS шкалада), ECTS-тегі берілген кредиттер саны туралы мәліметтер енгізіледі.

Оқудың толық бағдарламасында ойдағыдай оқыған жағдайда берілген дәреже/диплом туралы белгі жасалады.

95. Білім алу туралы транскриптте оқу бағдарламасының ерекшелігі туралы мынадай (қосымша) мәліметтер көрсетіледі: бағалаудың жоғары оқу орындық жүйесін сипаттау; ECTS бағалау жүйесі, оқу жылы, семестр, триместрдегі ECTS кредиттер санын бағалау жүйесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет