Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидалары Жалпы ережелер



Дата02.07.2016
өлшемі73.42 Kb.
#173055


2015 жылғы «__» _____ № ___

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

бұйрығымен бекітілді

Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидалары


  1. Жалпы ережелер

1. Осы Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік органдардың ашық бюджеттер интернет-порталында бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыру, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды көпшілік талқылау үшін өткен қаржылық жыл бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді орналастыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда ашық бюджеттер интернет-порталының (бұдан әрі - Портал) автоматтандырылған жұмыс орны «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторымен (бұдан әрі - Оператор) ұсынылатын қосымшаны білдіреді, ол ашық бюджеттер интернет-порталына орналастырылатын контентті және күйлеулерді басқаруға арналған.

3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын барлық өзге ұғымдар мен қысқартулар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы және «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы заңдарында көрсетілген мағынада пайдаланылады.





  1. Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібі




  1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Порталға Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 124-бабы 1-тармағының 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында және 4) тармақшасының екінші абзацында (тиісті қаржы жылына республикалық бюджетті орындау туралы жылдық есеп бөлігінде) көрсетілген бюджеттік есептілікті орналастырады.

Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Порталға Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 118-бабында көрсетілген шоғырландырылған қаржылық есептілікті есептік жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей орналастырады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Порталға Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 124-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының жетінші, сегізінші абзацтарында көрсетілген бюджеттік есептілікті орналастырады.

Бюджеттік есептілікті Порталда оны қалыптастыру уақыты өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде орналастырылады.

Тиісті қаржы жылына республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп Порталға бекіткеннен кейін ай өткен соң орналастырылады.

Бюджеттік есептілік және шоғырландырылғын қаржылық есептілік қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.


  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Порталға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан алғаннан кейін он бес жұмыс күн ішінде орналастырады.

  2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Порталға бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, бюджеттік бағдарламалар жобаларын, оператормен ұсынылған өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді орналастырады.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік есептілікті орналастырады немесе оны Порталда одан әрі орналастыру үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы операторға береді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі ақпаратты Порталда ақпараттық жүйе арқылы орналастыруды (беруді) және автоматтандырылған жұмыс орнымен жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерді және қызметкерлерді айқындайды.

Оператор мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлерің Порталға бюджеттік есептілікті, шоғарландырылған қаржы есептілігін, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін, бюджеттік бағдарламалар жобаларын және өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді орналастыру үшін автоматтандырылған жұмыс орнын пайдалануды оқытуды жүргізеді.


  1. Порталға қол жеткізу шектелген ақпаратты қамтымайтын бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржылық есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері, бюджеттік бағдарламалар жобалары өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер орналастырылады.


3. Ашық бюджеттер интернет-порталында өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер, бюджеттік бағдарламалар жобаларын талқылау тәртібі


  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі Порталда өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді, бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастырады.

Көпшілік талқылауға арналған бюджеттік бағдарламалар жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жанындағы қоғамдық кеңестер отырысына (егер бар болса) ұсынғанға дейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының 15 мамырынан кешіктірмей орналастырады.

Порталда көпшілік талқылауға арналған бюджеттік бағдарламалар жобаларының болу мерзімі оларды Порталға орналастырған күннен бастап он жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.



  1. Порталға бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастыру кезінде ақпаратты пайдаланушыларға бюджеттік бағдарламалар жобаларын «келісемін» және «қарсымын» деген дауыс беру мүмкіндіктері беріледі.

  2. Өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді Порталға бюджеттік бағдарламалар әкімшілері оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жанындағы қоғамдық кеңестер (егер бар болса) отырысына ұсынғанға дейін, бірақ келесі есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей орналастырады.

Көпшілік талқылау үшін өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептердің Порталда болу мерзімі олар Порталға орналастырылған күннен бастап он жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.

  1. Өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер және бюджеттік бағдарламалар жобалары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

Өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру фактілерін растайтын фотоматериалдар қосымша орналастырылады.

  1. Көпшілік талқылау үшін орналастырылған бюджеттік бағдарламаларға және өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ақпаратты пайдаланушылардың ұсыныстары қабылданады.

  2. Ақпаратты пайдаланушының ұсынысында мыңнан аспайтын символ көрсетіледі. Бюджеттік бағдарламалар жобаларының және өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептердің таңдалған құрылымдық бөлігіне ұсыныстарды жіберген кезде балағат сөздерді, қорлайтын сөздерді, жарнаманы, спамды пайдалануға және таңдалған бюджеттік жобасына немесе өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепке қатысты емес өзге де ақпаратты пайдалануға жол берілмейді.

  3. Бюджеттік бағдарламалар жобаларына және өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге ақпаратты пайдаланушылардан ұсыныстар ақпарат пайдаланушыларда «электрондық үкімет» веб-порталында есепті жазбасы болған жағдайда, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруды талап етпейді.

  4. «Электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толтыруды жүзеге асыру шеңберінде оператор Порталға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін, бюджеттік бағдарламалар жобаларын және өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді орналастыруға белгіленген шарттардың орындалуына мониторинг жүргізеді.

  5. Оператор екі жұмыс күні ішінде ақпаратты пайдаланушылардың ұсыныстарын тексеруді жүзеге асырады және ұсыныстарды жариялау немесе қабылданған шешімнің жариялаудан бас тарту туралы негіздемесі бар шешімді қабылдайды.

  6. Бюджеттік бағдарламалар жобалары және өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді көпшілік талқылау үшін Порталға орналастыру мерзімі аяқталғаннан кейін орналастырылған құжаттарды көпшілік талқылау нәтижелері бойынша есеп жасалады, ол оны әрі қарай жұмыста пайдалану үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жіберіледі.

  7. Бюджеттік бағдарламалар жобаларын, өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілік талқылаудың аяқталғаны туралы есеп осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

Ашық бюджеттер интернет-порталында

ақпарат орналастыру қағидаларына

қосымша


Нысан
Бюджеттік бағдарламалар жобаларын, өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілік талқылаудың аяқталғаны туралы

есеп
«_______________________________________________»

(құжаттың атауы)




Есепті жасау күні:




Жобаға «келісемін» дауыстарының барлығы:




Жобаға «қарсымын» дауыстарының барлығы:




Ұсыныстардың барлығы:




«Келісемін» дауыстарының барлығы (ұсыныстар):




«Қарсымын» дауыстарының барлығы (ұсыныстар):

Бюджет түрі:

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды мен атауы:

Қамтылатын жылдар:



Бюджеттік бағдарлама басшысы:


















р/с

Орналастыру күні

Құжаттың құрылымдық бөлігі

Ақпаратты пайдаланушы ның ұсынысының мәтіні

Мемлекеттік органның жауабының мәтіні

«Келісемін» дауыстары ның саны (ұсыныстар):

«Қарсымын» дауыстары ның саны (ұсыныстар):

1

2

3

4

5

6

7





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет