Правила технической эксплуатации жилищного фонда


Мониторинг тағайындалуы, міндеттері және мақсаттары



бет10/28
Дата09.06.2016
өлшемі1.83 Mb.
#124608
түріПравила
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

10.10.1 Мониторинг тағайындалуы, міндеттері және мақсаттары


10.10.1.1 Пайдаланатын ғимараттар мониторингі жаңадан салынатын нысандар және қоршаған ортаны қорғауға ықпал жасау аймағында тұрған ғимараттардың және имараттардың сенімділігін қамтамасыз етуге арналған кешенді жүйе болып табылады.

10.10.1.2 Мониторинг мақсаты құрылыс жүргізгенде немесе қайта құрылымдауда оның айналасындағы ғимараттарға және имараттарға, құрылысты салу мерзіміне және келесі жылдары пайдалануда атмосфералық, геологиялық және гидрогеологиялық ортаға тигізетін әсерін, олардың жағдайларының өзгеруіне болжам жасау, мерзімді ақауларды дер кезінде табу, келеңсіз процестерден сақтау және жою, болжау нәтижелерін дәлдеу және жоба бойынша белгіленген шешімдердің түзетулерін бағалау болып келеді.

10.10.1.3 Мониторинг міндеттері қолданыстағы ғимараттардың және имараттардың пайдалану сенімділігін және мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге шешімдер шығару, тар ортада келеңсіз өзгертулерді болдырмау, конструкциялардың ақауларын сақтау және жою, сонымен қатар қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау жүргізуді жүзеге асыру болып келеді.

10.10.1.4 Мониторинг жүргізудің мерзімдері:

- кепілді мерзім, ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін;

- ғимаратты пайдаланғаннан кейін 25 жылдан астам уақыт аралығында;

- ғимаратқа күрделі жөндеу немесе қайта құрылымдаудан кейін;

- техникалық тексеру нәтижелері бойынша.

10.10.1.5 Мониторинг процесінде жаңа құрылыс немесе нысандарды қайта құрылымдау, олардың пайдалану жарамдылығының әсерінен пайдаланатын ғимараттар және имараттардың жағдайларының сипаттамасын сапалы және сандық өзгерістерге әкелетін статикалық, динамикалық және техногенды әсердің барлық кешендері қарастырылуы тиіс. Олардың пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда конструкциялық немесе басқа да қорғау шаралары жасалуы тиіс.

10.10.1.6 Мониторинг тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасы бойынша жоба бойынша белгіленген шешімдерді және жұмыстардың орындалу технологияларын жасайтын, геотехникалық зерттеу жұмыстарымен айналысатын мамандандырылған ұйым жүзеге асыратын жаңа құрылысқа немесе нысанды қайта құрылымдауға ғылыми - техникалық жолдама беру жұмыстарының құрама бөлігі болып келеді.

10.10.1.7 Жаңа құрылыс жүргізгенде немесе нысандарды қайта құруда, әсіресе құрылысы тығыз орналасқан, тарихи ескерткіштер және сәулет ескерткіштер бар аудандарда мониторинг ғылыми - зерттеу ұйымдарынан және бас мердігерден, ғылыми-техникалық тапсырыс беруші өкілдерден, бас жобалаушыдан құралған координациялық кеңес басшылығымен жүзеге асады.

10.10.1.8 Мониторинг арнайы дайындалған жоба немесе бағдарлама бойынша өткізілуі қажет. Құрылыс немесе қайта құрылымдау жобасының құрамына «Құрылыстағы мониторинг жүйесі» бөлімін кіргізген жөн. Бұл бөлімді құрастыруға мамандандырылған ұйымдарды қатыстыру тиіс.



10.10.2 Мониторинг құрамы


10.10.2.1 Мониторинг атқаратын қызметі бойынша келесі бөлімшелерден тұрады:

- нысанды, жаңа салынатын құрылыстың нысаны немесе қайта құрылымдауда, олардың айналасындағы ғимараттар және жерасты имараттары, сонымен қатар инфрақұрылым нысандарында негіздердің, іргетастардың және салмақ түсіретін конструкциялардың жағдайларын бақылаудың барлық түрлері кіреді;

- геологиялық-гидрологиялық, топырақтардың, жерасты суларының деңгейінің, құрамының өзгерістері және бұзылған процестерді жетілдіру: эрозияның, көшкіндердің, карст-ажырату құбылыстардың, жер бетінің шөгуі және т.б., сонымен қатар температуралық, электрлік және басқа физикалық өрістің өзгерістерінің режимді бақылау жүйелері;

- экологиялық - биологиялық, радиациялық және т.б., жағдайларда қоршаған табиғи ортаның өзгерістерін бақылау жүйесі

- аналитикалық, бақылау нәтижелерін бағалау және талдау, есептік болжамдарды орындау, болжам шамаларының параметрлерін өлшеу нәтижелерімен салыстыру, зиянды әсерлерден келеңсіз зардаптардың алдын-алу шараларын дайындау немесе осы зиянды әсерлердің қарқынды күшеюін жою және болдырмау;

10.10.2.2 Мониторингке қосымша мыналар кіреді

- қажетті есептік болжамдарды орындауға арналған қосымша инженерлік-геологиялық іздестірулердің құрамына және көлеміне қойылатын талаптарды дайындау;

- ғимараттардың және имараттардың техникалық жағдайына қойылатын талаптарды дайындау

- ғимараттардың және имараттардың рұқсат етілетін шекті және біркелкі емес деформация шамаларына қойылатын талаптарды дайындау;

- іргетастарға әсер ететін жүктеме шамаларын есептеу, іргетас табанындағы топыраққа түсетін нақты қысымды есептеу және оның есептік кедергісімен ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 бойынша топырақты негіздермен тең болуы;

- қадалы іргетастардың жүктемелерін ҚР ҚНжЕ 5.01-03-2002 бойынша есептеу;

- ғимараттардың және имараттардың конструкциялары бойынша жерүсті және жерасты бөліктеріне техникалық мәліметтерді жинақтау және саралау;

- салынған құрылыстың іргетастарын және негіздерін күшейту бойынша техникалық құжаттама немесе жобаны саралау;

10.10.2.3 Мониторинг әдістері және техникалық құралдары салынған имараттардың жауаптылық деңгейіне, олардың конструкциялық ерекшеліктеріне, жаңа нысандарды тұрғызу тәсілдеріне, алаңдардың геологиялық және гидрогеологиялық шарттарына, салынған құрылыс тығыздығына, геотехникалық болжамдардың нәтижелерімен сәйкес имараттардың пайдалану талаптарына байланысты белгіленуі тиіс.

10.10.2.4 Геотехникалық категория нысанның қиындығын мониторинг бағдарламасында бейнеленген имараттың жауаптылық деңгейін және өткен жылдарда іздестірілген материалдарды саралау негізінде мониторинг басталғанға дейін анықтайды. Бұл категория жобалаудың барлық сатыларында және мониторинг жүргізу барысында анқыталған болуы мүмкін.

10.10.2.5 Геотехникалық категорияняң үш түрі белгілі (I, II и III).

Әртүрлі топырақтық жағдайда жатқан, әртүрі деңгейдегі нысаналарды олардың геотехникалық категориясына және топырақтардың сипаттамасы мен қадалардың көтергіштік қабілеттілігіне байланысты ҚР ҚНжЕ 5.01-03-2002 бөлімдеріне сәйкес орындау керек.

10.10.2.6 Қоршаған ортаның қасиеті өзгерістерін, радиациялық және т.б. жағдайларды байқайтын эколого-биологиялық байқаулар қауіпті процессті құрылыс өндіріс нысандарында, иондаушы сәулелену көздерінде, атмосфераның кірленуі, топырақтардың қасиеттернің бұзылуы, сонымен бірге топырақтар мен сулардың, олардың құрылыс материалдарына агрессивтігі кезінде жүргізілуі керек.

Экологиялық байқаулардың құрамы мен көлемі қолданыстағы нормативті құжаттардың бағдарламалық жұмыстарына сәйкес болуы керек.

10.10.2.7.Мониторингтің іске асуы бірнеше кезеңдерде жүргізіледі:

- қайта салынып жатқан нысананың іргетастар мен негіздерінде мүмкін болатын топырақтар деформациясының теориялық есептеулері;

- жаңа құрылыспен жұмыс өндірісінің қолданыстағы үймереттер мен ғимараттарға әсерін бағалау;

- жаңа құрылыстың қолданыстағы үймереттер мен ғимараттарға әсерін байқайтын байқау жүйесін өндеу;

- болмыста құралдарды орнату;

- құрылыс барысында мониторингті іске асыру, негіздің қалпына келуіне дейін.

Мониторингті барлық ауытқуларды тез анықтайтын, барлық процессті реттейтін автоматтандырылған жиынтықты бағдарламаларды қолданумен жүргізу жөн болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет