- Лифтіні пайдаланушы тұрғын үйлер, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қауіпті өндіріс нысандарына жатады және белгіленген тәртіп бойынша Мемлекеттік тізімде қауіпті өндіріс нысандарына тіркеуге міндетті болып табылады.
- лифтілерді жөндеу және күтіп ұстауды, сонымен қатар лифтіні пайдалану қауіпсіздігін ұйымдастыру, қолданыстағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес лифтінің иесі міндетін үйдің не тұрғын үйдің қорына қызмет көрсететін ұйым немесе лифтілермен жабдықталғандар ғимараттар тұрған басқарма, оның ішінде серіктестіктер, меншік иелерінің бірлестіктері атқарады.
- күтіп ұстау және лифтілерді жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй қорына кызмет көрсететін ұйым қолданыстағы нормативтік құқықтық және нормативтік- техникалық құжаттарға сәйкес міндетті:
а) өнеркәсіптік қауіпсіздік облысында нормативтік- техникалық құжаттарды, сонымен қатар ҚР заңдарын және басқа нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамсыздандыру;
б) лифілердің пайдалануымен айналысатын қызметкерлермен толық жабдықталған штаты болу;
в) біліктілікті бағалау талаптарына сәйкес қанағаттандыратын және көрсетілген жұмысқа қайшы медициналық дәлелдері жоқ тұлға жұмысқа жіберілуі тиіс;
г) өнеркәсіп қауіпсіздігі облысында қызметкерлерді дайындау және аттестациялау жүргізу;
д) белгіленген жұмысты басқарудың ережелерін, нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік техникалық құжаттардың жинағы болу;
е) өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын сақтауға өндірістік бақылауды қамсыздандыру;
ж) техникалық диагностиканы өткізу, лифтілерді тексеру және белгіленген пайдалану мерзімінің аяқталуынан лифтілерді шығару;
к) лифт бөлмелеріне бөтен адамдардың кіруін болдырмай;
л) ҚР ТЖМ Мемлекеттік тау-кен-техникалық қадағалау органы және өкілеттікке сәйкес берілген лауазымды тұлға берген кеңесін орындау;
м) лифтіде орын алған апаттардың, сәтсіз оқиғалардың және жазым жағдайлардың жою және оқшаушау бойынша мемлекеттік органдардың ықпалымен техникалық тексеруді жүргізу барысында лифтідегі апаттардың және сәтсіз оқиғалардың себептерін, сонымен қатар көрсетілген себептерді жою және олардың алдын алуға шаралар қолдануды жүзеге асыру;
н) лифтіде орын алған оқиғалардың себептеріне талдау жасау, көрсетілген себептерді жоюға және ұқсас оқиғалардың алдын алатын шараларды қолдану;
п) лифтінің пайдалануымен айналысатын қызметкерлердің денсаулығын және өмірін қорғау шараларын жүзеге асыру; лифтіде орын алған апаттар, сәтсіз оқиғалар және жазым жағдайлар туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік билік өкілдеріне дер кезінде хабарлау;
р) лифтіде орын алған апаттарды, сәтсіз оқиғаларды және жазым жағдайларды есепке алу;
с ) апаттардың саны, орын алған сәтсіз оқиғалар және жазым жағдайлар, олардың себептері және қабылданған шешімдері туралы ақпаратты ҚР ТЖМ Мемлекеттік тау-кен-техникалық қадағалау органдарына белгіленген тәртіппен ұсыну;
т) лифтіде орын алған апат жағдайында, барлық пайдалану мерзімінде денсаулыққа зиян келтіру өмір сүруге, немесе жеке тұлғаның мүлкіне жауаптылықты сақтандыру;
- қызмет көрсетуге және лифтілерді жөндеуге нормативтік техникалық құжаттамамен регламент белгілеуде жұмыстың екі блогы қарастырылған:
1) лифтіні ауысым сайын байқау. Лифтілерді жабдықтау барысында диспетчерлік бақылау жүйелерімен ҚР ТЖМ Мемлекеттік тау-кен-техникалық қадағалау органымен келісілген басқа циклділікпен байқауларды өткізуге болады;
2) жоспарлы – сақтандыратын жөндеу жүйесінің тұрғын үй ғимараттарына қолданылып жүрген техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйелерінен айырмашылығына жалпы мыналар кіреді:
а) жүйелі байқаудан; ағымдық жұмыстардан, апаттық-техникалық қызмет көрсетуден тұратын техникалық қызмет көрсету жүйесі;
б ) күрделі жөндеуден (жабдықтауды ауыстыру); пайдалануды жаңартудан тұратын лифтінің қорын қалпына келтіру жүйесі:
- техникалық қызмет көрсетуге, күрделі жөндеуге және лифтілерді жаңартуға, тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым лифт бойынша техникалық құралдарды орналастыратын және біліктілігі жоғары мамандармен мамандандырылған ұйымды қатыстыра алады.
Тұтас алғанда тұтынушыларға ұйымның көрсететін қызмет түрі, жоғары сапаны қамтамасыз етуі туралы хабарлауда ерікті аккредиттеу өткізіледі.
Лифтілерді тексеру және техникалық диагностикалау қызметі, сонымен қатар диспетчерлік бақылау жүйелері эксперттік ұйыммен жүзеге асады.
Жетекшілер, мамандар және ұйымдардың аттестациялық комиссия мүшелері, тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым және мамандандырылған ұйымдар ҚР ТЖМ Мемлекеттік тау-кен-техникалық қадағалау органдары белгілеген тәртіппен өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша дайындықтан және аттестациялаудан өтуге міндетті;
Көрсетілген тұлғаларда Мемэнергоқадағалау органдары белгілеген тәртіпке сәйкес білікті топты дайындау үшін электр қауіпсіздігі бойынша дайындықтан және білімдерін тексеруден өтуі тиіс;
Лифтілерге кызмет көрсетуші қызметшілер (электромеханиктер, лифтерлер, диспетчерлер) орындалған жұмысқа сәйкес білікті топты дайындау үшін ҚР ТЖМ Мемлекеттік тау-кен-техникалық қадағалау органдары белгілеген көлемде және тәртіп бойынша оқыту, аттестациялау және білімдерін тексеруді жүргізуі (жүйелі және кезектен тыс), сонымен қатар өкілеттік органдары белгілеген тәртіппен электр қауіпсіздігі бойынша дайындау және білімдерін тексеруі тиіс;
ҚР үкіметінің «Қауіпті өндіріс нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауды, өндірістік бақылауды ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес пайдаланушы ұйым және (немесе) мамандандырылған ұйым жергілікті шарттарды есепке ала отырып, өндірістік бақылау ережелерін дайындап шығарады, сосын ҚР ТЖМ Мемлекеттік тау-кен-техникалық қадағалау органымен келісілгеннен кейін ұйымның жетекшісімен (басшылықпен) бекітіледі.
Лифтінің кабинасында және (немесе) негізгі отырғызылатын қабатта лифтіні пайдалану ережелері, қызмет көрсетуші қызметшімен және апаттық қызметпен байланысуға арналған телефон нөмірлері кестеде нұсқаумен ілінуі тиіс;
Кабинада келесі мәліметтер көрсетілген болуы тиіс: лифтінің жүк көтеру қабілеті, сыйымдылығы (адам саны), әзірлеген фирманың атауы және зауыттық нөмірі туралы;
Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым міндетті:
а) лифтіні электрменжабдықтауда электрмен үздіксіз жабдықтау;
б) нормативтік қуаттылықпен қабат алаңдарында, машиналы бөлмеге өтуде стационарлық электрлік жарықтандырудың ақаусыздығын қамсыздандыру;
в) лифтінің кабинасында және еденінде тиісті санитарлық жағдайды ұстау;
г) лифтіні күтіп ұстауда келесі талаптардың орындалуын қамсыздандыру тиіс: жабдықтарды және лифтінің конструкцияларын ластауды болдырмау; мамандандырылған ұйымдардың талабымен келесі жөндейтін - құрылыс жұмыстарын жүргізу: едендерді, машиналы, блоктық бөлмелерді және орлыларды жөндеу; шатырдағы үйде машиналы және блоктық бөлмелерге ыңғайлы орындарда басқа коммуникациялармен қиылысқан бөлмелерде траптарды жөндеу және орнату; тұрғындарға және қызмет көрсетуші қызметшіге қолайсыз және ауыр заттарды, ал үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында әртүрлі құрылыс материалдарын, жабдықтарды және ірі өлшемді сатыларды тасуға рұқсат етпеуді; лифтіні жабдықтауда ұрлықтар және оның істен шығуына қаскүнемдік жасамау үшін күзетпен қамсыздандыру тиіс;
Лифтінің техникалық жағдайы құрылғы ережелерімен және лифтінің пайдалану қаупсіздігіне регламентті белгілеу, толық, жүйелі және жарым-жартылай техникалық куәландыру жолымен жүзеге асырылатын техникалық диагностикалау негізінде белгіленеді.
Лифтінің жұмыс қызметінің өтелген мерзімі белгіленген нормативтік, конструкторлық және пайдаланатын құжатнамада, стандарттарда, қауіпсіздік ережелерінде, қауіпсіз пайдаланудың мерзімін ұзарту мүмкіншіліктерін анықтау мақсатымен тексеруге душар болады.
Лифтінің техникалық диагностикалау нәтижелері лифтінің төлқұжатында және белгіленген түрде актілерде көрсетіледі.
«Өнеркәсіп қауіпсіздігіне сараптамалау нәтижесінде» лифтіні тексерудің нәтижелері, нормативтік өтелген мерзімі, лифтіні қауіпсіз пайдаланудың мерзімінің ұзартылу мүмкіншілігі туралы көрсетіледі.
Техникалық диагностикалау бойынша және лифтілерді тексеру қызметі, сонымен қатар диспетчерлік бақылау жүйелері өнеркәсіптік қауіпсіздік нысандарына сараптамалау жасауға ҚР ТЖМ Мемлекеттік тау-кен-техникалық қадағалаудан берілген лицензиясы бар эксперттік ұйымдармен жүзеге асады.
10.1.8.4. Ерекше аудандарда тұрғын ғимараттарды жөндеу және күтіп ұстау талаптары
Негізгі ережелер
Шөкпелі, ісінген, тұздалған, құмды-жүзгіш топырақтарда, өнделген, қазылған, сейсмикалық және мәңгі мұздалған аудандарда салынған тұрғын ғимараттарды жөндеу және ұстау осы ережелер жалпы талаптарына, ерекше аудандарда құрылысты жобалау нормативті құжаттар талаптарына және арнайы талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.
Ерекше аудандардағы тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар ғимараттың техникалық жағдайын және инженерлік жабдықтарын бақылауды жергілікті басқару органы бекіткен нормативті құжаттар бойынша жүргізуі керек; ғимараттың бұзылған жерлерін жою және алдын-алу бойынша шараларға қатысып, ұйымдастыруы керек, бұзылудың пайда болу себептері: шөкпелі немесе тұздалған топырақтар суланған кездегі негіздің түсуі, ісінген құмды топырақтардың суланған кездегі іргетастың көтерілуі, су сіңіргіш және торфты немесе құмды-жүзгіш топырақтарды басқан кездегі іргетастың төзімділігінің жоғалуы, мәңгі мұздалған топырақтардың еруі және сейсмикалық күштердің әрекеті.
Шөкпелі топырақтарда, қазылған, сейсмикалық және мәңгі мұздалған топырақтар аудандарында салынған ғимараттың төлқұжатында іргетастың конструктивті ерекшелігіне сәйкес келесі қосымша мәліметтер болуы керек: негіз топырағына сипаттама, ғимараты жөндеу және ұстау процесстері кезіндегі топырақтарды сақтау бойынша шаралар, сонымен бірге ғимараттың шөгуі және деформациясын бақылау нәтижелері.
Тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйымдарда барлық коммуникациялардың, қызмет көрсетілетін аланның, қарау құдықтарының, тиектеулі құрылғыларының жобалары болуы керек.
Шөкпелі топырақтардағы аудандар
Шөкпелі топырақтарда түрғын үйлерге техникалық қызмет көрсету ету және күтіп ұстау барысында жалпылардан басқа қосымша шаралар жүзеге асыруға болады:
- ғимараттарда және сыртқы желілерде, канализацияның, су кұбыры жүйелерінен судың ағып кетуін дер кезінде жоюын бақылауда судың ағып кетуі барысында қауіпсіздік сұрақтары бойынша лайықты нұсқау беруді міндеттейді;
- апаттардың барлық оқиғаларын, жүйелердегі құбырлардан судың ағып кетуін, байқау және бақылау құдықтарының жағдайларын байқау нәтижелерін және бөлек конструкциялардың апатты жағдайларын журналға жазу дұрыстығын тексеру;
- барлық байқау және бақылау құдықтарды байқау үшін сумен жабдықтау құбырлары жатқызылған барлық тиекті құрылғыларды, канализацияны қарау үшін каналдарға, тоннельдерге және техникалық еденастына және жертөлелерге кіруге қолайлылықты қадағалау;
- гүлзарларды және тротуарларды (ғимараттардың іргетастарына жақын маңда судың шоғырлануын болдырмау үшін) суару бойынша крандарды жабуды тексеру;
- магистральды құбырға канализацияның шығарылымдары қосылған жерлердің және магистральді құбырларды ластауға кедергі болатын торлардың бар болуын, канализациялық құдықтардың ақаусыздығын жүйелі тексеру;
- ұзаққа созылған нөсерлі жаңбырлардан кейін ( 2-3 күн ішінде ) кезектен тыс нивелирлеуді және құрылымдарды толық байқауды, нөсерлі сулардың жиналу орындарын анықтау және олардың алдын-алу үшін шұғыл шешімдер қабылдау.
Байқау нәтижелерін актілерде белгілеуге болады, деформацияның сипаттамасынан басқа олардың даму орындар көрсету, табылған уақытын және оларды жоюдың шараларын қабылдау .
Іргетастардың жаңа шөгінділерін сақтандыру, топырақтардың қайта сулануы негізінде іргетастардың қосымша тұнбалардың болуы мүмкін болғанда келесі түрлері орындалуы тиіс:
- күрделі жөндеу барысында сумен жабдықтау коммуникацияларын және канализацияны (мысалы, керамикалық құбырларды болатпен ауыстыруы), байқау құдықтарының гидроизоляциясын және т.б ауыстыру;
- атмосфералық тұнбалардың ағынына арналған қажетті еңістерді қалпына келтіру үшін (егер топырақтың сулануы ғимарат астында болса және ғимаратқа жақын маңда атмосфералық тұнба ағындарының бұзылуының себептерінен судың жиналулары) және басқа гидроизоляциялау шараларының және іргетастардың астына нөсерлі сулардың жиналуына кедергі жасауды жоспарлау жұмыстарының орындалуын;
Тұздалған топырақтардағы аудандар
Тұздалған топырақтарда орналасқан ғимараттың тұнбаларын бақылау шөкпелі топырақты аудандар үшін белгіленген ережелерге сәйкес жүргізілуі тиіс.
Тұздалған топырақтарда орналасқан жерасты имараттары және құрылымдары, ғимараттың бөліктері, металды және темірбетонды құбырлар тұздалған тоттылықтан арнайы қорғағыш жабылдармен қорғалған болуы тиіс.
Тұздалған топырақтарда жертөледе және техникалық еденастында қышқылға төзімді бетондардан, қышқылға берік кірпіштерден жасалынған және тотылыққа қарсы жабындылардан жасалынған тереңдетілген тартпаларды, каналдарды, тоннельдерді жөндеу үшін ұқсас материалдарды қолдануға болады.
Тұздалған топырақтардағы жарылуларға, қалау жабындыларына және ғимараттың басқа деформацияларына арнайы маяктар қондыруға болады; олардың жазылып ашылуын қадағалау, суланудың көздері орналасқан орындарды анықтау және оны жою .
Деформацияланған элементтердің бүтіндігін және ғимараттың құрылымдарын ғимараттарды пайдалану барысында тұнбалардың даму мүмкіншіліктері табылғаннан кейін қалпына келтіруді жүргізуге болады. Бұл тұнбаның мөлшері тұздалған топырақтардан тез ерігіш тұздарды толығымен жою шарттарымен анықталады.
Қазылған алаңдардағы аудандар
Өңделетін аумақтарда тұрған үйлерді немесе үйлердің топтарын күшейту бойынша құрылыс - конструктивті шараларды орындау таулы жұмыстар басталғанға дейін жүзеге асырылуы тиіс. Жерасты жұмыстарының ықпалын есепке алмай, тұрғызылған ғимараттарды қорғаудың конструктивті шаралары жоба бойынша тағайындалуы тиіс.
Тау-кен қазбаларын өндіруде ғимараттарды қорғаудың өлшемді көлеміне және сипатына мамандандырылған тексеру барысында кезектен тыс алдын ала байқау өткізуге, ғимарат құрылымдарын анықтауға, ақаулардың болуын айқындауға, ғимараттың салмақ түсіру және пайдалану қабілеттілігіне ықпалын жасауды анықтауға, сонымен қатар келешекте өндірудің материалды зиянын және жүргізетін кәсіпорынның жауапкершілігін, олардың техникалық сипатына байланысты қабылдауға болады.
Байқау нәтижелерін актімен рәсімдеуге болады.
Сырғанау тігістері және деформациялық (тұндырмалы) тігістер тақтайлармен, кірпішпен немесе басқа қатты материалдармен толтырылмауы тиісті. Әрбір қабат бойынша темірбетонды және армотасты белдіктер және цокольдық темірбетонды белдіктер және аралық – іргетастармен тіректер арасындағы байланысты, ауырлық көмегімен қабырғаларды күшейтуді, металл белдіктерді, жабынды арқалықтарды анкерлеу, траншеялардың құрылғысын, ғимараттарға коммуникациялардың иілгіш енгізбелері және т.б. белгіленген талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
Құрылыс жанында немесе жөндеуде (мысалы, жобамен алдын ала ойықтардың бар болуы, құрылымдардың салмақ көтергіш қабілетінің әлсіздігі ескерілмегенде,) жіберілгендер жобадан ауытқуды есеп-қисаппен тексерілуі тиіс.
Деформацияны дамыту кезінде құрама элементтер сенімді тіреуді қамтамасыз ету үшін сонымен қатар, деформация шоғырланатын салмақ түсетін қабырғалардың учаскелерінде зақымданудың азаюына қажетті шамалар қабылданған болуы тиіс. Тау-кен жұмыстарын өндіру кезінде ғимараттың төбелерін фанермен қаптауда деформациялайтын сылақпен, металды немесе басқа торлы аспаларды, терезе және есік ойықтарын ағашты бекітпелерді, күмбез тәрізді аражабындардың астындағы шілтерлерді, терезе және есік рамаларын жасауды, ошақтарды жөндеуді, тығыздықсыздарды нығыздауды және т.б. жұмыстарды жүргізуге болады.
Іргетастардың қозғалу процесі белсенді сатыда болған жағдайда, салмақ түсетін конструкциялардың зақымдалуы қарқынды жоғарылаған болса, тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым тау-кен қазбаларын өндіретін ұйымның өкілдерін, ал қажет болған жағдайда - тау-кен өндірудің ықпалынан қалай қорғанудың сұрақтары бойынша маманды, келешекте ғимараттың пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шешімдерді қабылдау үшін жобалы немесе ғылыми - зерттеу ұйымдарының өкілдерін аумаққа шұғыл түрде шақыруы тиіс.
Үйдің немесе үйлердің топтарының негіздерінде қозғалыс процесінің белсенді сатылары аяқталғаннан кейін өндіруді жүргізетін ұйымдардың өкілдерімен бірге лайықты актіні рәсімдеу арқылы жалпы ақырғы (қайта қарау) қарауды жүргізуге болады.
Тұрғын қорға қызмет көрсету бойынша аумақта тау-кен қазбаларын өндіруді жүргізетін, үйді немесе үйлердің топтарында кезектен тыс және қайта қарау актісімен байқау арқылы кезектен тыс ағымдағы немесе күрделі жөндеуді жүргізуде тау-кен қазбаларын өндірудің әсерінен құрылымдардың зақымдалған көлемін анықтау және оларды жою ұйыммен бірге ұйымдастырылады.
Сейсмикалық аудандар (6 балл және жоғары)
Сейсмикалық аудандарда орналасқан тұрғын үйлерді күтіп ұстау әдетте калыпты жағдайдағы үйлерді күтіп ұстаудың талаптарына сәйкес болуы қажет.
Құрылыс конструкцияларының күшейтуді қабылдау бойынша конструкциялық және инженерлік жабдықтарды қорғау шаралары жер сілкінісі жағдайларында белгіленген талаптарға сәйкес қарастырылған болуы тиіс.
Сейсмикалық аудандарда қызмет көрсететін ұйым түрғын үйлердің құрылымдарының сақталуын, инженерлік жабдықтарды апаттардан сақтандыру бойынша қабылданған шараларды бақылауды, тәртіпті ұстауды, жер сілкінісі кезінде жалдаушылардың қауіпсіздігін және жер сілкінісінен кейін қысқа уақытта ғимараттардың және инженерлік жүйелердің зақымдалуын жоюды қамтамасыз етуі тиіс.
25 жыл және одан көп пайдаланудағы ғимараттың салмақ түсетін құрылымдарының төзімділігін және сенімділігін өлшеу құралдарын және зертханалық зерттеу тәсілдерін қолдануымен инженерлік тексеруден кейін анықтаған жөн. Ғимараттардың эксперименталды құрылысында ұйымның қатысуымен жобалаған үйді тексеруге болады.
Тексеру нәтижесінде сейсмикалық жағдайда ғимараттың жалпы сейсмикалық тұрақтылығының салыстырмалы қорытындыларымен олардың конструкция элементтерінің беріктігіне сәйкес алынған жобалы тағайындауларда ғимараттардың техникалық жағдайын жалпы бақылаудың актісі құрастырылған болуы тиіс.
Ғимаратты күшейту қажет болған жағдайда құрылымдардың беріктігін төмендетуді және сейсмикалық әсердің ерекшеліктерін сипаттайтын жоба бойынша жүргізуге болады.
Тұрғын үйлерде рұқсат етілмейді: салмақ түсетін конструкциялардың қандай жағдайда тұрғанына көз жеткізбей үстіңгі беттердің зақымдалуын және жарылуларды бітеу, конструкцияларды ағымдағы жөндеу жұмыстары орындау, күшейтуге жататындарды жоба бойынша жүргізуге болады; үйдің төбесіндегі бетонды беттерін, соның ішінде құрама темірбетонды төсемдерін (рұқсат етіледі тек қана сүрту немесе бітеу) сылақтау; қабырғаларда немесе іргетастарда сантехникалық коммуникацияларды сыртқа шығаруларын тас қылып бітеп тастау; 8-9 балл болатын сейсмикалық аудандарда газды плиталарды бекітілмеген (еденге немесе қабырғаға) жағдайда қалдыру; антисейсмикалық тігістерді қалаумен немесе бетонмен тас қылып бітеп тастау (жер сілкіністері барысында тігістер ғимараттардың конструктивті элементтерінің өзара ауыспалылықтарына кедергі болмау); темірбетонды элементтерді ашу (тіреулер, ригелдер, панелдер антисейсмикалық белдіктер) және егер бұл конструкцияны күшейту қажет болмаса, онда арматураны ашып қою.
Жер сілкінісі кезінде тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым бірінші күшті дүмпуден кейін мыналарды орындау тиіс: шұғыл түрде жұмысқа кірісу; жылу-, су-, электрмен жабдықтаудың зақымдалған желілерін сөндіріп тастау; өрттің болу мүмкіншілігі туралы ескерту, қажет болған жағдайда олардың ошақтарын жоюды ұйымдастыру; бүлінген ғимараттар және коммуникацияларды айқындау және жер сілкінісінің зардаптарын жою.
Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым қамтамасыз етуі тиіс: ғимараттан бөгетсіз көшіруді; жер сілкінісі кезінде лифтілерді пайдалануға рұқсат етпеу; тротуарларды және аула алаңдарындағы кірме жолдарды пайдалануға рұқсат етпеу (кіреберістер) көліктердің тұрақты аялдамаларына арналған және қойма орындарын; ғимараттан шығуға жақын маңдағы (олар жаяу жүргіншілерге арналған берік төсемдермен жабылған болуы тиіс) орларды және арықтарды жабу.
Жер сілкінісінен кейін, ғимаратқа, оның жабдықтарына, коммуникацияларына кезектен тыс байқау жүргізуге болады. Табылған зақымдарды және деформацияларды толық зерттеу және олардың айтарлықтай жарықтарының ұзындығы мен енін көрсету арқылы актіде көрсетілген болуы тиіс.
Қауіпті аймақтарда маяктар қою қажет. Апаттардың белгісі бар ғимараттарға адамдардың кіруіне тиым салынған болуы тиіс. Қалпына келтіруге жататын ғимаратқа қалпына келтіру жұмыстарының жобасын дайындамас бұрын жобалау ұйымдарымен тексерілген болуы тиіс.
Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым әрбір үйдің және белгіленген талаптармен олардың конструкциялық шешімдеріне сәйкес сейсмикалық сипаттамасын білуі тиіс. Егер аудан (елді мекен) мемлекеттік норма бойынша сейсмикалығы болса, онда ғимаратты кезекті қарау мерзімінде сейсмикалық дәрежесін нақтылау қажет.
Сейсмикалығы жеткіліксіз ғимаратты арнайы жобамен кезекті күрделі жөндеу барысында күшейтілген болуы тиіс. Күшейтуге және қалпына келтіруге жарамайтын өте қауіпті ғимараттарды ең алдымен көшіруге жоспарлаған жөн.
10.2. Тұрғын ғимараттарды техникалық байқау жүйесі
Байқаулардың мақсаты ақаулардың пайда болу себебін анықтау және оларды жою болып табылады. Байқау кезінде, сонымен қатар бөлмелердің қолданылуы мен ұстауына бақылау жүргізіледі.
Жылына бір рет көктемде өтетін байқауда тұрғын бөлмелер иелері мен жалдаушыларына бөлмелерді ұстау, инженерлік жабдықтарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп өту керек.
10.2.1 Тұрғын ғимараттарға жоспарлық байқауды келесі түрде жүргізген жөн:
- жалпы, ғимараттың конструкцияларын, инженерлік жабыдықтарын және ішкі жабдықталуды қоса байқайды;
- жартылай - байқаулар, ғимараттың немесе бөлмелердің жеке элементтерін байқайды.
Жалпы байқаулар жылына екі рет жүргізілуі керек: көктемде және күзде (жылу беретін маусымға дейін).
Ғимараттың элементтері мен бөлмелерінің жоспарлық және жартылай байқауларын өткізуге арналған мерзімдер Б қосымшасында ұсынылған.
Ғимараттың жеке элементтерін бұзатан күтпеген дауылдар, желдер, көптеген қардың түсуі, су басу сияқты және тағы басқа, сонымен бірге ішкі коммуникациялар апаты немесе пайдалану жағдайын бұзатын конструкциялардың деформациясы, инженерлік жабдықтардың бұзылуы сияқты апаттар туған кездерде жоспардан тыс байқаулар жүргізілуі керек.
10.2.2 Тұрғын ғимараттарды байқау және тексеру жұмыстарын ұйымдастыру келесі түрде жүзеге асады:
- жалпы жоспарлық байқаулар, сонымен бірге жоспардан тыс байқаулар тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйымдар арқасында жүргізіледі. Тұрғын қорға қызмет көрсететін техникалық қызметтегі ұйымдар құрамындағы кооперативті үйлерді байқау кезінде, комиссияға ПМК басқармасының төрағасын қосу керек;
- құрылымды элементтер мен инженерлік жабдықтарды бақылайтын жартылай жоспарлық байқауларды мамандар немесе техникалық қызметпен жөндеуді қамтамассыз ететін арнайы қызметтердің өкілдері жүргізуге тиісті.
Байқаулар кезінде, физикалық тозуы 60% астам ғимараттармен, олардың конструкциясына және жабдықтарына ерекше көңіл бөлінуі керек.
10.2.3 Байқаулар кезінде табылған, ғимараттың конструкциялары немесе жабдықтары деформациясы, ғимараттың немесе конструкцияның көтергіштік қабілеттілігі мен төзімділігін төмендететін, жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін бұзатын немесе тоқтататын ақауларды, тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйымды тарту арқылы меншік иегерімен немесе нақты жұмысқа тартылған ұйым арқылы, Д қосымшасында көрсетілген мерзімдерге сәйкес жойылуы керек.
Тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйым, деформациялардың дамуын мәлімдеп, сонымен бірге меншік иесі мен оған уәкіл еткен өкілге болған жағдайды түсіндіріп, адамдар қауіпсіздігін қамтамассыз ететін шұғыл шаралар қолдануы керек.
10.2.4 Байқаудың нәтижелері ғимараттарды техникалық бақылау бойынша арнайы құжаттарында жазылуы керек: журналдарда, төл құжаттарда, актілерде.
Байқаулар журналында байқау процессі (жалпы, жартылай, жоспардан тыс) кезінде табылған бұзылулар мен сынулар, сонымен бірге үй элементтерінің техникалық жағдайы жазылады.
Қысқы жағдайға объектіні пайдалану дайындығы, көктемгі байқаулар нәтижелері объектінің дайындық төл құжатында жазылады.
Тұрғын қор жағдайын тексеретін жалпы тексеріс нәтижелері актілер түрінде рәсімделеді.
10.2.5 Тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйым тексерістер мен байқаулар актісін негізге ала отырып, бір айдың ішінде міндетті:
- келесі қысқы маусымға ғимаратты пайдалануға қажетті инженерлік жабдықтардың, жұмыс көлемдердің және шаралар тізімін құруға (көктемгі байқау нәтижелері бойынша);
- ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жұмыс көлемдерін нақтылауға (осы жыл үшін көктемгі байқау нәтижелері бойынша, келесі жыл үшін күзгі), сонымен бірге күрделі жөндеуді қажет ететін бұзылулар мен сынуларды анықтауға;
- қысқы маусымда пайдаланылатын әр ғимараттың дайындығын тексеруге (күзгі байқау нәтижелері бойынша);
- қолданыстағы нормативті құжаттарға сәйкес, жекешелендірілген тұрғын бөлмелердің жалдаушыларына, иелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын өз қаржысынан жасауға ұсыныстар беруге.
Ұсақ бұзылуларды жою, сонымен бірге санитарлы-техникалық құралдарды орнына келтіру және инженерлік жабдықтарды жөндеу жұмыстарын тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйым жүргізуі керек.
10.3 Тұрғын үйлерге техникалық қызмет көрсету
10.3.1 Тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйымдармен орындалатын тұрғын үйлерді ұстау бойынша жұмыстардың ұсынылған тізімі А қосымшасында көрсетілген.
10.3.2 Жұмыстардың құрамы, оларды орындау мерзімдері, бір аптаға, айға және жылға құрастырылатын жоспар-графикте көрсетіледі.
10.3.3 Тұрғын қордың техникалық жағдайын бақылау және басқару үшін бірікккен диспетчерлік қызметтер (БДҚ) немесе шағынаудандарға, үйлер топтарына бөлінетін аудандық диспетчерлік қызметтер (АДҚ) құралады. Әрбір БДҚ үшін қадағалайтын объектілер мен инженерлік жабдықтар өлшемін бақылайтын тізім орнатылады.
10.3.4 Инженерлік жабдықтардың автоматизация және диспетчеризация құралдары, байланыс құралдары, бақылау-өлшегіш құралдары мен санауыштар арнайы ұйыммен орындалған жоба бойынша дайындаушы-зауыт инструкциясына сәйкес орнатылуы тиіс, сонымен бірге олар сәйкесінше берілген тәртіп бойынша инженерлік жабдықтардың жұмыс істеуін, жұмыстардың бұзылуы немесе апат туралы дабыл беруді қамтамассыз етуі керек.
10.3.5 Біріккен диспетчерлік қызметтер (БДҚ) пәтерлерде, құрылыс конструкцияларында және ғимараттың басқа элементтерінде болған бұзылулар мен сынуларды жойғаны туралы, олардың орындалу мерзімі мен сапасын бақылау туралы арнайы журналдарға тіркеуі керек.
10.3.6 Инженерлік жабдықтар немесе конструкциялардың бұзылғаны туралы мәлімет келген жағдайда, сол күні оны жою жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Егер бұзылуларды жою жұмыстары ұзақ уақытты немесе жоқ бөлшекті қажет етсе, тез арада тапсырысшыға хабарлау керек. Телефон немесе диспетчерлік қызмет жүйесі арқылы алынған тапсырыстарға шаралар қолданылуы тиіс.
Апат тапсырыстары Д қосымшасында көрсетілген мерзімдерге сәйкес жойылуы керек. Тұру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты тапсырыстар, жедел түрде жойылуы керек.
10.4 Ағымдағы жөндеу жұмыстары
10.4.1 Тұрғын ғимараттардың ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру тұрғын ғимараттардың ағымдағы жөндеу жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуы техникалық және іріпанелді тұрғын ғимараттардың алдын-алу жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру сілтемелеріне сәйкес жүргізілуі керек. Ағымдағы жөндеу жұмыстары тұрғын қорға қызмет көрсететін мердігерлік ұйым арқылы орындалады.
10.4.2 Құрылыс конструкцияларының және ішкі инженерлік жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары кейінгі қарқынды тозуды болдырмау, ақауларды қалпына келтіру және конструкциялар мен инженерлік жүйелердің бұзылуын жою мақсатында жүргізіледі.
10.4.3 Ғимараттың ағымдағы жөндеу жұмыстары меншік иелері, пайдаланушылар немесе жалдаушылар бекіткен жоспар-график бойынша жүргізіледі.
10.4.4 Әрбір ғимарат үшін жөндеу жұмысының тізімі ағымдағы жөндеудің жылдық жоспарына кіреді.
10.4.5 Ғимараттың ағымдағы жөндеу мерзімділігі құрылыс конструкцияларының және инженерлік жүйелердің техникалық жағдайын есепке алумен қабылданады.
10.4.6 Ғимаратқа жүргізілетін ағымдағы жөндеу жұмыстарының тізімі «П» қосымшасында келтірілген.
10.4.7 Ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды орындау барысында жоба бойынша белгіленген құжатқа мыналар кіреді:
- ақауы көрсетілген акт;
- жұмыстың (смета) тізімі;
- материалдар шығыны туралы мәлімет (ведомость);
- қажетті жұмыс сызбалары.
10.4.8 Ағымдағы жөндеудің ұзақтылығын ғимараттың күрделілік тобын, физикалық тозуын және жергілікті жағдайын есепке ала отырып, 3-5 жыл аралығында қабылдаған жөн.
10.4.9 Арнайы пайдалану мекемелері техникалық қызмет көрсететін тұрғын ғимараттардың инженерлік жабдықтарын ағымда жөндеу жұмыстарын (жылыту және желдету жүйелері, ыстық және суық су жабдықтары, канализация, электр жабдықтары, газ жабдықтары) осы мекемелер атқарады.
10.4.10 Ағымдағы жөндеу жұмыстарының жылдық жоспарына қосылған әрбір құрылыс жөндеу жұмыстарының тізімі тұрғын қордың иесімен, уәкіл еткен иегермен немесе тұрғын қорға қызмет ететін ұйымның басшысымен келісіліп, орнатылған мерзімде өнделеді.
10.4.11 Алдағы бес жылдың ішінде күрделі жөндеу жұмыстары немесе алып тастау көзделген ғимаратта, тұру жағдайы нормасын қамтитын ағымдағы жөндеу жұмыстарымен шектелуге болады (көктемгі-жазғы және қысқы пайдалануға дайындау, инженерлік жабдықтарды жөндеу).
10.4.12 Орындалған ағымдағы жөндеу жұмыстарын қабылдау құрылыс объектісі иесі, қолданушысы, жалдаушысы немесе уәкіл еткен иегері, пайдалану ұйымының, өндіріс жұмыстарының (өз күшімен жұмыстарды орындаған болса), мердігерлік (мердігерлік әдіс арқылы жұмыстарды орындаған болса), меншік серіктестіктер, және т.б. өкілдері арасында құрылған комиссиямен іске асады.
10.5 Күрделі жөндеу және ғимаратты қайта құру
10.5.1 Тұрғын қорды күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлау қолданыстағы құжаттарға сәйкес іске асырылады.
10.5.2 Ғимаратты пайдалануда күрделі жөндеу жүргізу таралған ғимараттың негізгі физикалық-техникалық, эстетикалық және тұтынушылық сапасын қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.
10.5.3 Тұрғын ғимараттарды қайта құру олардың аудандарын үлкейту, бөлек бөлмелердің функционалды тағайындалуын өзгерту, ғимараттың пайдаланудағы сипаттамасын жақсарту мақсатында орындалады.
10.5.4 Күрделі жөндеу жүргізу және ғимараттың қайта құру мезгілдері техникалық байқаулардың нәтижелерін есепке алумен, ғимараттардың мамандандырылған ұйымдармен бағалаған техникалық жағдайымен анықталады.
Тұрғын ғимаратты тиімді пайдаланудың минималды ұзақтығы «К» қосымшасында көрсетілген, құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелерді тиімді пайдаланудың минималды ұзақтығы «Л» қосымшасында көрсетілген.
Күрделі жөндеуге қатысты жұмыстардың тізімі «Р» қосымшасында келтірілген.
10.5.5 Одновременно с капитальным ремонтом зданий по решению заказчика может проводиться их реконструкций и модернизация (дооснащение недостающими системами инженерного оборудования, перепланировка помещений, замена или усиление отдельных строительных конструкций и инженерных систем и др.).
10.5.5 Ғимартты күрделі жөндеумен қатар бір уақытта тапсырыс берушінің шешімі бойынша оларды қайта құруды және жаңғыртуды (жеткіліксіз инженерлік жүйелерді жабдықтау, бөлмені қайта жоспарлау, бөлек құрылыс конструкцияларын және инженерлік жүйелерді ауыстыру немесе күшейту) жүргізуге болады.
10.5.6 Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ғимараттың барлық тозған элементтері мен жабдықтарын жою, ауыстыру, қалпына келтіру немесе оларды берік, жақсартылған түріне жаңарту, тұрғын қорды пайдалану көрсеткіштерін жақсарту, тұрғын ғимаратқа қазіргі заманға сай су, электр, газ санаушы құралдарын орнату керек.
10.5.7 Алдағы 10 жылда алып тасталынатын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет емес, тек тұру жағдайын қамтамассыз ететін жағдайлар жасау керек. Көшіруге жататын үйлерде күрделі жөндеу, қайтадан қалпына келтіру және сәулеттендіру 10 жылға жақын арада орындаған жөн.
10.5.8 Ғимаратқа күрделі жөндеу барысында құрылыс конструкцияларын және инженерлік жүйелерді тозғанда ауыстырады, бірақ олардың тиімді пайдаланудың ең аз ұзақтылығы «Л» қосымшасында келтірілген.
Ауыстыру жұмыстары көрсетілген уақытқа дейін лайықты негіздеу барысында жүргізілуі тиіс.
10.5.9 Тұрғын үйге күрделі жөндеуге арналған қаражат есебінен жасалынатын тұрғын ғимараттардың күрделі жөндеу жұмыстарының құрамына міндетті түрде мыналар кіреді: пәтерлердің ішкі жағын және зақымдалуын қалпына келтіру жұмыстарын қоршаушы конструкцияларды жөндеу барысында және ғимараттардың инженерлік жүйелерінің бұзылуын; тұрғындардың қатысуынсыз ғимаратты пайдаланудағы температуралық-ылғалдылық режимінің бұзылуы (шатырдан су ағу, қабырғалардың мұздануы).
10.5.10 Күрделі жөндеуді жүргізу процесінде және қайта құру барысында бас мердігерлік ұйым ғимараттың меншік иесін, құрылыс нысанын пайдаланушыны (уәкіл етілген ұйымды) ғимарттарда инженерлік жүйелерді сөндіру және олардың қосудың жоспарланған мезгілдері туралы дер кезінде хабарлауға міндетті. Апаттық жағдайлар орын алғанда бас мердігерлік ұйым оның жоюына дербес шара қолдануға міндетті, сонымен қатар меншік иесіне, құрылыс нысанын пайдаланушыға (уәкіл етілген ұйымды) хабарлауға міндетті
10.5.11 Күрделі жөндеу жұмыстарының басталу және аяқталу жоспарлық мерзімдері тұрғын және әкімшілік ғимараттарды, қалалық тұрмыс объектілерді күрделі жөндеу жұмыстары нормаларына сәйкес белгіленеді.
10.5.12 Күрделі жөндеу жұмыстарының басталу және аяқталу жоспарлық мерзімдері тұрғын және әкімшілік ғимараттарды, қалалық тұрмыс объектілерді күрделі жөндеу жұмыстары нормаларына сәйкес белгіленеді.
10.5.13 Бекітілген жобалық-сметалық құжатқа сәйкес аяқталған жөндеу жұмыстары тапсырушыға көрсетіліп, ҚР ҚН 1.04-04-2002 талаптарына сәйкес мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылдануы тиіс.
10.6 Күрделі жөндеу жұмыстары немесе қайта құру жоспарланған тұрғын ғимараттарға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
10.6.1 Тұрғындарды көшірумен, күрделі жөндеу жұмыстарына дайындалған түрғын үйлерге техникалық қызмет көрсету үшін қосымша келесі талаптар орындалуы тиіс:
- тұрғын үйдің иесі тұрғындарға күрделі жөндеу жұмысының басталуы мен аяқталу мерзімдерін айтуға міндетті;
- қауіпті аймақтарды қоршау;
- көшірілген бөлмелерге күзет қою және бөтен адамдарды жібермеу;
- көшірілген бөлмелерден санитарлы-техникалық, электр және газ құрылғыларын сөндіру.
10.6.2 Апат жағдайында тұрған барлық конструкцияларды күзет құрылғыларымен белгілеу, құлайтыны туралы ескерту.
10.7 Тұрғын үй қорын маусымдық пайдалануға дайындау
10.7.1 Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты маусымдық пайдалануға дайындау мақсаты тұрғын үй қорына қызмет көрсету (күтіп ұстау және жөндеу) бойынша орындалатын жұмыстардың сапасы мен мерзімін, адамдарың өмір сүруі үшін нормативтік талаптарды және қысқы мезгілде инженерлік жабдықтаудың жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз ету болып табылады.
10.7.2 Тұрғын үй қорларын қысқы мезгілде пайдалануға дайындауға жатады:
- ақаулықты жою: қабырғаның, қасбеттердің, үйдің төбесінің, шатыр және техникалық еденасты (жертөле) аражабындарын, өтетін жолдарды, терезелер мен есіктерді толтыру, сонымен қатар жылыту пештерінде, түтін, газ жолдары, жылумен-, сумен қамтудың ішкі жүйелері, электрмен және газбен жылыту қондырғыларымен жабдықтау;
- үй иелерінің аумағын жертөлеге және олардың терезе ойықтарын ірге жаппалардан ағызып жіберу (кіргізу), атмосфералық және еріген сулардың бөгетсіз бұруын қамтамасыз ететін техникалық ақаусыз жағдайға келтіру;
- іргетастарға, жертөле қабырғаларына және іргелікке және олардың кездесетін көршілес конструкцияларына, баспалдақ торларында, жертөле және шатырдағы үйде, лифтінің машина бөлімінде тиісті гидрооқшаулауды, өрт сөндіру гидранттарының ақаусыздығын қамтамасыз ету;
10.7.3 Әрбір тұрғын үйлерді, қазандықтарды, жылу пунктілерін және жылу (элеватор) тїйіндерін қысқа дайындықты бастау және аяқтау мерзімі солтїстік және шыєыс аудандарда - 1 қыркїйекке дейін, орталықта - 15 қыркїйекке, оңтїстікте - 1 қазанға дейін, барлық жўмыстардың аяқталу мерзімін есепке ала отырып, орталық жылыту және пештерді қоса отырып, отты жағуға сынау жүргізу арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органымен (қызмет көрсетуші ўйым ўсынысымен көрсетілген тұрғын үй қоры) бекітіледі. Қысқы мерзімге дайындық жўмыстарының жїргізілуін бақылауды жергілікті өзін-өзі басқару органдары, тұрғын үй қорының меншік иелері және олардың уәкілдері және негізгі мемлекеттік тұрғын үй инспекциясы жїзеге асырады.
10.7.4 Тұрғын үй қорын қысқы маусымға дайындауға және пайдалануға, оның инженерлік жабдықтауына жоспар – кестені құру тұрғын үй қорының меншік иесімен немесе оған қызмет көрсететін ұйыммен қўрастырылады және өткен жылда анықталєан кемшіліктерінің және көктемгі байқау нәтижелерінің негізінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бекітіледі.
10.7.5 Қысқы маусымға дайындық жұмыстарына (гидравликалық сынауды өткізу, жөндеу, тексеру және жөндеу) пәтерлерге тоқтаусыз жылу беруді қамтамасыз ететін (қазандықтар, үйішілік желілер, їйлерде топталєан және жергілікті жылу пунктілері, жылыту жїйелері, желдету) барлық қўрылєылар кешені жатады.
Қазандықтар, жылу пунктілер және тїйіндер автоматтандыру қўралдарымен, бақылау - өлшеу қўралдарымен (БӨҚ), тиекті реттеуші аспаппен, жылыту жїйелерінің ажыратып қосу схемаларымен, ыстық сумен қамту жүйелері (ЫСҚЖ), суық сумен қамтамасыз ету жүйелері (ССҚЖ), құйылмалы-сорылатын желдетумен, әртїрлі пайдалану тәртіптерінде қолданылатын жабдықтаудың (толтырылуда, су ішуге, жылыту жїйелерінен суды ағызу және т.б.) конструкцияларымен, жабдықтаудың техникалық төлқўжаттарымен, режимді карталармен, параметрлерді жазу журналдарымен, жабдықтау ақауларын жазу журналдарымен қамсыздандырылєан болуы тиіс.
Кварталішілік желілерді жөндеу жылу (элеватор) түйінінде дросселді құрылғалардың есептік диаметрлерді тїзетуімен орындалуы тиіс.
Газ шаруашылығының қўрылєылары тиекті – сақтандырғыш клапандары және қысқы мерзімге қысым реттегіштерге жөндеу жүргізу тиіс.
Сорғыш станциялардың жабдықтары, өртке қарсы жабдықтау жүйелері негізгі және резервтегі сорғыштармен жабдықталған болуы тиіс және негізгі сорғыштар реттелмеген және ақаусыз істен шыққан жағдайда автоматты түрде қосылатын резервтегі сорғыштармен қамсыздандырылған болуы тиіс.
10.7.6 Тұрғын үй қорларын қысқы жағдайда жұмысқа дайындау кезінде ұйымдастырылады:
- кадрларды дайындау және қайта даярлау: қазандық, жылу пунктілердің қызметкерлерін, апаттық қызметтің қызметкерлерін және аула тазалаушы, ағымдағы жөндеу жұмысшыларын;
- апаттық қызметті ( автокөлікті, жабдықтауды, байланыс құралдарын, аспаптарды және инвентарьды, материал қорларын), нұсқаушы қызметшіні дайындау;
- дайындау (қалпына келтіру) үйішілік салқын және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің схемаларын, канализацияны, орталық жылытуды және желдетуді, газды тиекті арматураларды және ажыратқыштарды (электриктерге және темір ұсталарына апаттарды жою және үйішілік инженерлік жүйелердің ақаулары бойынша) орналасқан орнын көрсетумен;
- жылытылмайтын бөлмелерде - өртке қарсы су жүргізетін құбырларды, су жүргізетін кұбырларды және канализация құбырларын оқшаулауды жөндеу.
10.7.7 Жертөледе су бар болған жағдайда суаратын су өткізу кұбырынан суды тартып шығаруды, сөндіріп тастауды және бөлшектеу жұмыстарын, су өлшегіш түйінді жылытуды; аула маңындағы желілердің байқау құдықтарын, канализациялық шығарым құбырларының және жертөледе төселген құрама құбырдан ғимараттың шеттеріндегі жалпы шығарылымның (тех. еденасты) тоқтаусыз жұмысын қамсыздандыру қажет.
10.7.8 Жылытылмайтын бөлмелерде қысқы дайындық жүргізу барысында ОЖ және ЫСҚЖ, канализация және су жүргізу құбырларының жағдайын тексеру және құбырлардың оқшаулануын жөндеу, өртке қарсы су өткізу құбырларын жылылау қажет.
10.7.9 Қысқы мезгілде жертөле және техникалық еденасты саңылауларын қатты аяздар болған жағдайда ғана жабуға болады.
10.7.10 От жағатын мезгілдің басын жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.
10.7.11 Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық нысандарының қысқы маусымда пайдалану дайындығы мыналар бар болғанда бекітіледі:
- ғимараттың қысқы маусымда пайдалану дайындығына төлқұжаты болса;
- автоматика қауіпсіздігінің ақаусыздығына және бақылау-өлшеу құралдарының (БӨҚ) ғимараттың қазандық және инженерлік жабдықтау туралы актілері болса;
- ақаусыз өртке қарсы жабдықтау жұмысы және техникалық жағдайы туралы актілер;
- қазандықтарды және тұрғындарды от жағатын мерзім басталғанға дейін отынмен қамтамасыз ету: қатты отын қажеттілігі 70% төмен емес, сұйық отын – қоймалардың бар болуы бойынша, бірақ орташа айлық шығыннан кем емес, 1 мың м2 жинау ауданына жаяу жүргіншілердің жолына құм себу 3-4 м3 есептеуден кем емес;
- инвентарь және жинау техникасының дайындығы туралы актілер;
- ғимараттардың және имараттардың қысқы маусымға дайындық сапасын бағалаумен және әрбір нысан бойынша актілері, сонымен қатар салқын сумен, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін және жылытуды сынау, тазарту, жөндеу туралы қысқы маусымға дайындық туралы актілері;
Барлық актілер 15 қыркүйекке дейін бекітіледі және тапсырылады.
10.7.12 Қысқы маусымда аула маңындағы желілердің байқау құдықтарының, канализациялық шығарым құбырларының және жертөледе төселген құрама құбырдан ғимараттың шеттеріндегі жалпы шығарылымның тоқтаусыз жұмысын қамсыздандыру қажет.
10.7.13 От жағу мезгілі аяқталғаннан кейін қазандықтар, жылу желілерінің жабдықтары және жылу пунктілері, жылытудың барлық жүйелері белгіленген талаптарға сәйкес гидравликалық қысыммен сыналған болуы тиіс.
Қайтадан сынау жүргізілгеннен кейін, сынау кезінде анықталған ақаулар жойылған болуы тиіс. Жылу желілерін сынау белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
10.7.14 Жазғы маусымда келесі жұмыстар жүргізілген болуы тиіс:
а) қазандықтар бойынша арматураларды тексеру және БӨҚ жабдықтау және автоматика, қазандық және түтіндіктердің саңылауларын жоюды, операторлардың контингентін дайындауды және отынды жеткізуді жүзеге асыру: қатты отын қажеттілігін 70% есептеу, сұйық отын – қоймалардың бар болуы бойынша, бірақ орташа айлық шығыннан кем емес. Отынның қажетті мөлшеріне есеп – қисап жүргізу қолданыстағы нормативтік - құқықтық құжаттар бойынша орындалады. Отынды сақтау мерзімі белгіленген талаптарға сәйкес жасалынады.
б) жылу жүйелері бойынша – желілерді тазарту, арматураларды тексеру, каналдардың тұрақты және оқтын-оқтын бітеліп қалуын жою, камераларда, жерасты каналдарында және жертөледе (техникалық еденасты) құбырлардың жылуды өткізбейтін қабатының бұзылуын қалпына келтіру және ауыстыру.
в) жылу пунктері бойынша – арматураларды және жабдықтарды (сорғыштарды, жылытқыштарды және т.б.) тексеру;
г) жылыту жүйелері және ыстық сумен қамту бойынша – крандарды және басқа тиекті кеңейткіш арматураларды және ауа жинағыштарды тексеру, баспалдақ торларында, жертөледе, шатыр астында және санитарлық түйіндердің текшелерінде құбырлардың жылуды өткізбейтін қабатының бұзылуын қалпына келтіру және ауыстыру. Радиаторлар жылытылмайтын жағдайда оларды гидропневматикалық тазартудан өткізу керек. Аяқталған барлық жөндеу жұмыстары бойынша барлық құрылғылар кешені жылумен жабдықтау бойынша от жағуға сынау уақытында пайдаланудың жөндеу жұмыстарына жатады;
д) аула сыпырушылар үшін инвентарь және жинау техникасы бойынша - тексеру, жөндеу, ауыстыру;
е) жаяу жүргіншілердің жолына құм себу үшін құмды тасып жеткізу ( 1 мың м2 жинау ауданына 3м3 кем емес есептеуден алынған) және тұздар (құм массасынан 3-5% кем емес есептеуден алынған) немесе оның ауыстырғышы;
ж) жалдаушыларға, жалға алушылар және тұрғын үй және қосалқы бөлменің меншік иелеріне қысқы маусымға тұрғын үйді дайындаук ережелері түсіндіру (терезе және есік ойықтарына нығыздалған аралық қабат салу, сынған шыныларды ауыстыру және т. б).
к) өрт сөндіруге арналған алғашқы құралдарының бар болуы.
10.8 Біріккен диспетчерлік қызметі, апаттық - жөндеу қызметін ұйымдастыру және атқаратын қызметі
10.8.1 Біріккен диспетчерлік қызметі (әрі қарай БДҚ) шағын аудандарда орналасқан тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерінің жұмысын бақылау және тұрғындардың мәлімдемелері бойынша үйді жабдықтаудың ұсақ ақауларын жою жұмыстарын орындайды. Сонымен қатар БДҚ міндетіне ғимараттың конструкцияларының апаттық жағдайларында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үй иеленушілердің аумақтарын дер кезінде жинау, қардың және мұздың жамылғыларынан тазалау жұмыстары кіреді.
10.8.2 БДҚ инженерлік жабдықтаудың жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады:
- лифтілердің;
- ыстық сумен қамту және жылыту жүйесін (жылу пунктері, бойлерлі, қазандық, элеваторлық түйіндер);
- суық сумен қамту жүйесін (сорап қондырғылар, суды айдап тарту), канализацияны;
- газбен жабдықтау жүйесін;
- тұрғын үйлердің электрқалқаны, баспалдақ торларын, подъездерді және аула аумақтарын жарықтандыру кезекшісін.
- тұрғын үйлерде кодпен бекіткен құрылғыларды;
- ғимараттың жоғарғы қабатын автоматтандырылған өртке қарсы қорғау құралдарын және қондырғыларды;
- жертөленің, шатырдың, машина тұрған бөлмелердің, лифтілердің, қалқандардың есіктерін ашу барысында сигнал беруді.
Сонымен қатар, диспетчерлеу жүйесі қамсыздандырады:
- техникалық еденасты және коллекторлардың газбен бүлінуін бақылау;
- қатты сөйлейтін (екі жақты) абоненттермен байланыс (лифтілердің жолаушыларымен, тұрғындармен, аула тазалаушылармен) қызметтік бөлмелермен, тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйыммен, басқа инженерлік жабдықтау нысандарымен (өртке қарсы су өткізетін кұбыр, түтіннен қорғау, өрт сөндіру дабылы және т.б.).
10.8.3 БДҚ жұмысы тәулік бойы жүзеге асырылады. БДҚ қызметі инженерлік жабдықтау жұмысына үздіксіз бақылау жүргізеді, оның жұмысын тиісті журналға тіркейді және апаттың және басқа ұсақ-түйек ақауларды шұғыл түрде жояды; барлық апаттар туралы немесе сумен жабдықтау жүйелерінің, канализацияның, жылу-, электрмен жабдықтаудың жұмысының үзілістері туралы тұрғын үй қорына қызмет көрсету ұйымына сонымен қатар мамандандырылған ұйымдарға лифтілерге қызмет көрсету, газбен жабдықтау, су өткізгіш – канализациялық құбырлар және т.б. туралы апат қызметіне жедел хабарлайды.
10.8.4 БДҚ ұтымды жұмысты қамтамасыз ету үшін барлық нысандардың, желілер және имараттар, жабдықтау жүйелерінің барлық өшіруші және тиекті түйіндерінің схемалары, жерасты коммуникацияларының жоспарлары, тұрғын үйлердің, жертөлелердің және шатыр асты бөлмелерінің, барлық жұмысшы кілттердің, жұмысшы құжаттама жинағы болуы тиіс.
10.8.5 БДҚ негізгі атқаратын қызметінің бірі тұрғындардың мәлімдемелерін қабылдау және жұмыстарды орындау болып табылады. Мәлімдемелерді қабылдау тұрғындармен телефон арқылы тікелей қатынаста болумен, сонымен қатар ғимарат подъездерінде және лифт кабиналарында орнатылған сөйлесетін құрылғының көмегімен тікелей байланысумен жүргізіледі.
Тұрғындардың мәлімдемелерін тіркеу және жұмыстың орындалуын бақылау тұрғындардың мәлімдемелерін тіркейтін журналдың көмегімен немесе есепке алудың автоматтандырылған жүйелермен есепке алу бойынша жүзеге асады.
10.8.6 БДҚ жетекшісі (аға диспетчер) қамтамасыз етеді:
- диспетчерлік жүйелерге, уақыт релесінің ақаусыздығына ерекше назар аударуды, пульттағы сигнал беру шамдарын, газбен бүлінгенде сигнал бергіштерді, электрлі фотоажыратқыштарға тәулік сайын байқау жүргізу;
- аппаратураға, құралдарға және аппаратураның ішкі бөліктерін ашпай-ақ байланыс сымдарына апта сайын сақтандыруды жүргізу,
- диспетчерлік пульттегі жанатын шамдарды ауыстыру;
- диаграмманы сызуға арналған құралдардағы ленталарға, құралдарға қара сияларды құю, майлауды жүргізу;
- құралдардың, аппаратуралардың немесе байланыс сымдарының ақаулық жағдайын жөндеуге мәлімдемені тиісті мамандандырылған ұйымға тапсыруды;
- түскен мәлімдемелердің сипаттамаларын және олардың орындалмаған себептеріне талдау жасау;
- ай сайын қызмет көрсетуші ұйымның жұмысын, жөндеу жұмыстары бойынша мәлімдемелердің орындалуын бағалау.
10.8.7 Апаттық - жөндеу қызметі (әрі қарай АЖҚ) тұрғын үйлерде көлемді зақымдалған, тоқтап қалған, инженерлік жабдықтаудың және конструкциялардың апаттық жағдайын жедел жою үшін, тұрғын үй қорын, желілерді және нысандарды қалпына келтіру және қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін құрылады.
Апаттық қызмет көрсету нысандары ретінде аудан аумағында орналасқан, меншік түрлеріне қарамастан тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар болып келеді. Апаттық қызмет құрамы қызмет керсететін тұрғын үй қорларының көлеміне және техникалық жағдайына байланысты іріктеледі.
10.8.8 Апаттық қызмет жүзеге асырады:
- канализация және қоқыс құбырларының ішкі құрылымында бітеліп қалуын жедел жоюды;
- апаттық қызмет көрсетілетін, меншікті немесе тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдардың меншігінде тұрған суөткізгіш кұбыр жүйелерінің, жылытудың және канализацияның апаттық зақымдалуын жою;
- тұрғын үй ұйымдарының меншігінде тұрған, апаттық қызмет көрсетілетін электрмен жабдықтаудың ішкі желілерінің зақымдалуын жою;
- жұмыстан тыс уақытта азаматтардың қауіпсіздігін, ғимараттың құрылыс конструкцияларының апаттық жағдайда тұрған қауіпті аймақтарын қоршау арқылы, ілініп тұрған конструкциялардың, апатты жағдайда тұрған немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы азаматтарды бөлмеден көшіру, өмір сүру қауіпсіздігі бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
- апаттық қызметке бекітілген техникаларды ақаусыз жағдайда күтіп ұстау және оларды тағайындалған мақсатта қолдану.
10.8.9 Апат туралы немесе суөткізгіш кұбырлардың магистралдарына, канализацияға, жылумен жабдықтауға, телефон желілеріне, жерасты күшті электрлі және торапты желілерге, трансформаторлық қосалқы станцияларға және кіріс шкафтарына, газ құбырларына және газды жабдықтауға зақымдалуы немесе апаттық жағдай туралы сигнал берілген жағдайда апаттық қызмет тиісті мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындарға, олардың апаттық қызметіне хабарлауға міндетті және көрсетілген қызметтермен апаттарды толық жоюға қажетті жұмыстардың орындалуын бақылап отыруға міндетті.
Апаттық қызмет көрсететін қызметші және материалдық бөлімі апат болған орынға тәуліктің қай сағатында болса да шұғыл түрде бригадалармен шығуды қамтамасыз ету үшін әрқашанда тұрақты дайындықта болуы тиіс,
Апаттық қызметтің бөлмелерінде: аудан схемасы, тізімі және ұйымдардың мекен-жайлары, апаттарды есепке алу журналы, қалалық телефондар, шаруашылық жетекшілерінің үйінің мекен-жайлары, олардың үйінің және қызмет орнының телефондары болуы тиіс.
Жұмыс уақытынан тыс және мерекелік күндері АЖҚ тұрғын үй қорына қызмет көрсететін диспетчерлік қызмет ұйымдарымен бірлесіп тұрғын үйлерде және қызмет көрсету нысандарында инженерлік жүйелердің апаттарын дер кезінде жоюды қамсыздандырады, сонымен қатар стихиялық апаттар (дауылдар, күшті қар жауу, жолдарды мұз басу, температураның күрт төмендеуі және т.б.) болғанда ұйымдық - техникалық шешімдерді қабылдайды; қабылданған шешімдер туралы жоғарыда тұрған диспетчерлік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару органының басшылығына баяндайды.
10.9 Ғимараттардың техникалық жағдайын тескеру жүйесі
10.9.1 Тұрғын үй ғимараттардың техникалық жағдайын тексеру жүйесіне ғимаратты тексеру мақсатына және пайдалану кезеңіне байланысты келесідегідей түрлер кіреді:
- ғимараттың техникалық күйіне жоспарлы және кезектен тыс қараулар (профилактикалық бақылау) процесінде, сондай-ақ тұрғын қорды тұтас техникалық тексеру барысында аспаптық бақылау;
- ғимаратты күрделі жөндеуді және қайта құрылымдауды жобалау үшін техникалық тексеру;
- ғимаратты сараптамалық тексеру;
- күрделі жөнделген (қайта құрылымдалған) ғимараттың техникалық күйін аспаптық қабылдау бақылауы.
10.9.2 Имаратты күйін техникалық тексеру жүйесіне бақылаудың келесідегідей түрлері кіреді:
- алдын ала тексеру;
- толық аспаптық тексеру.
10.9.3 Ғимараттың техникалық күйіне жоспарлы және кезектен тыс қарайлар (профилактикалық бақылау) процесінде аспаптық бақылау пайдаланушы ұйым (ПМК, КСУ, ғимаратты, имаратты пайдалану қызметі) қызметкерлерімен орындалуы тиіс.
Аспаптық бақылау пайдаланушы ұйымның пайдалану қызметіне арналған қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
10.9.4 Тұрғын қорын тұтастай техникалық тексеру пайдаланушы ұйымның қызметкерлері қатысуымен мамандандырылған ғылыми-зерттеу немесе жобалау-ізденістер ұйымдарымен орындалады.
Тұрғын қорын тұтастай тексеру ағымдық және күрделі жөндеулер қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
10.9.5 Ғимаратты күрделі жөндеу мен қайта құрылымдауды жобалау үшін техникалық тексеру, ғимаратты сараптамалық тексеру, күрделі жөнделген (қайта құрылымданған) ғимараттың техникалық күйін аспаптық қабылдау бақылауы және имараттарды техникалық тексеру көрсетілген қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналға тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ғылыми-зерттеу немесе жобалау-ізденістер ұйымымен, тиісті техникалық тапсырма алғаннан кейін жүргізілуі тиіс.
10.9.6 Ғимаратты күрделі жендеуді және қайта құрылымдауды жобалауға арналған техникалық тексеру ғимаратты күрделі жөндеупе (қайта құрылымдауға) арналған қаржы есебінен орындалады.
10.9.7 Ғимаратты сараптамалық тексеру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
- құрылымның, ғимараттың, имараттың 60 % - тен артық белгіленген жалпы табиғи ескіріп тозуында;
- ғимараттарда, имараттарда көтергіш және қоршау құрылымдарының апаталдылық сипатты зақымдарының барлығында;
- ғимаратты, имаратты пайдаланудың нормативтік мерзімдері біткеннен кейін.
10.9.8 Имараттарды техникалық тексеру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
-
мерзімді және кезектен тыс қарауларда, ерекше жауапты әлементтер мен қосылыстардың қирау қауіптілігін танытатын ақаулары мен зақымдарының табылуы;
-
өрттер мен күтпеген апаттарда;
-
ҚР ТЖА жанындағы Мемлекеттік тау-кен-техникалық қадағалау инспекциясының жарлығы бойынша;
-
өндіріс технологиясын өзгерту немесе оны шоғырландыру немесе оны сақтауда;
-
ұйымға өндірісті және объектілерді пайдалануға арналған лицензияларды алу үшін өнеркәсіптік ғимараттар мен имараттардың күйі туралы қорытындының қолда болу қажеттілігінде;
-
тексеру мерзімдерінің немесе пайдаланудың нормативтік мерзімдерінің етуі;
-иегер өзгерген жағдайда;
-
ұйымды сақтандыру кезінде;
-
жөндеудің немесе қайта құрудың экономикалық орындылығын анықтау үшін;
-
қалыпты табиғи-климаттық әсері (қарлы, желді )өсу кезінде
10.9.9 Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) мамандандырылған ғылыми-зерттеу немесе жобалау-ізденістер ұйымымен (онан әрі - «орындаушымен») техникалық тексеру жүргізу кезінде мыналарды атқаруы тиіс:
-
техникалық тексеру жүргізуге арналған техникалық тапсырманы дайындау және Орындаушыға техникалық тапсырмалар жөне жұмыстар бағдарламаларына сәйкес жұмыстарды жүргізуге арналған барлық шарттарды қамтамасыз ету;
-
техникалық тексеру жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ету;
-
техникалық тексеру процесінде анықталған ақаулар мен аяқталмағандарды жоюды, орындалу жөнінде ғимараттың, имараттың төлқұжатында белгі соға отырып, бақылау.
10.9.10 Құрылыс-жинақтау және жөндеу-құрылыстық ұйымдары күрделі жөнделген (қайта құруда) ғимараттың техникалық күйін аспаптық қабылдау бақылау кезінде мыналарды атқаруы тиіс:
-
орындаушыға объектінің тексеруге белгіленген барлық учаскелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету;
-
орындаушыға барлық орындаушылық құжаттаманы (жоба, жұмыстар журналы, жасырын жұмыстарға арналған жене т.с.) ұсыну;
-
орындаушымен белгіленген геодезиялық маркалардың, реперлердің және белгілердің сақталушылығын қамтамсыз ету;
-
аспаптық қабылдау бақылауымен анықталған ақаулар мен аяқталмағандарды дер кезінде жою.
10.9.11 Аспаптық қабылдау бақылауын жүргізу құрылыс-жинақтау (жендеу-құрылыс) ұйымдарынан объектіні пайдаланудың екі жылдық кепілдік мерзімді барысында анықталған ақауларды жоюға арналған жауапкершілікті алып тастамайды.
10.9.12 Орындаушының мынадай құқығы бар:
- тапсырыс берушіден техникалық тексеру бойынша орындауға қажетті барлық жобалау-техникалық құжаттаманы алу;
-
қажетті қайталанба өлшеу кезінде реперлерді, маркаларды и күйбелгілерін белгілеу;
-
жеке құрылымдық элементтерді, олардың күйін бақылаудың бұзбайтын әдістерімен бағалау мүмкін болмаса немесе тексеру нәтижелерін дәлдеу қажеттігі кезінде ашуды жүргізу;
10.9.13 Тапсырыс берушіде ғимаратқа, имаратқа арналған жобалау-техникалық құжаттама жоқ болса немесе толық жинақталмаса. Орындаушы Тапсырыс берушімен жасалған қосымша шартпен (Орындаушыда керсетілген қызметті жүзеге асыру қүқығына арналған тиісті лицензия бар болса және тиісті техникалық тапсырма алғаннан кейін) оны қалыптастыру бойынша жұмыстар орындауы мумкін.
10.9.14 Техникалық тексеруді орындаушы мамандандырылған ұйым жүргізілген зерттеулердің сапасы, шығарылған шешімдердің дұрыстығы және оларды тәжірибеде іске асырудың болуы мүмкін салдарлары үшін жауапкершілікте болады.
10.9.15 Мамандандырылған ұйымның техникалық тексерудің нәтижелері жөніндегі барлық қорытындылары мен нұсқаулары тапсырыс беруші орындау үшін міндетті болып табылады.
10.9.16 Ғимаратты және имаратты техникалық тексеру кезінде қолданылатын сынау, өлшеу және бақылау құралдары дер кезілік тексеруге белгіленген тертіпте тартылуы және метеорологиялық қамтамасыз етуге сәйкес болуы тиіс.
10.9.17 Ғимараттарды және имараттарды техникалық тексеру женіндегі жұмыстарды орындау кезінде және құралдар және жабдықтармен жұмыс кезінде қауіпсіздігін сақтау қажет.
10.10 Ғимараттың техникалық жағдайына мониторинг
Достарыңызбен бөлісу: |