ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Ұжымдық іс-әрекеттің педагогикалық бағдарлануы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тобы: 1501-19
Қабылдаған: Сарман Мәншүк
Орындаған: Утебаева Назерке
ЖОСПАРЫ:
I.КІРІСПЕ
1.
Ұжымдық іс-әрекеттің педагогикалық бағдарлануы.
II. Негізгі бөлім
1.Педагогика ғылымындағы «ұжым» ұғымы.
2.Ұжым - тәрбиенің объектісі және субъектісі, ұжымның мәні.
3.Ұжым теориясы мен практикасының қалыптасуы және
дамуындағы А.С.Макаренконың ролі.
Қорытынды
Тәрбиелеуші ұжым - оқушының тұлғалық әлеуметтенуінің
факторы.
1.Педагогика ғылымындағы «ұжым» ұғымы.
Жеке тұлға және ұжым проблемаларымен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік
психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған проблеманың педагогикалық ғылым мен
практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық
теориясын дамытуға П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, П.Н.Лепешинский,
В.И.Сорока-Росинский, С.Т.Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С.Макаренко еңбектерінде жатыр. Ол
ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді.
А.С.Макаренко ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді: ұжым - басқа ұжыммен
органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы;
ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті
қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.
Мектептің балалар ұжымы алғашқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы
ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын
араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне,
құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай
жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай
болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс.
Ұжым проблемасын зерттеушілер
қазір оны зерделеудің әртүрлі әдіс-
тәсілдерін жасауда. Л.И.Новикова
әрбір баланың тұлғалық
қасиеттерін жан-жақты дамыту
құралы ретінде балалар ұжымын
басқарудың барынша тиімді
жолдарын зерттеуде. Т.Е.Конникова
ұсынған ғылыми бағыт ұжымның
басты қызметін оқушының
құлықтық дамуымен
байланыстырады. Р.С.Немов,
А.Г.Кирпичник өз жұмыстарында
балалар ұжымының қызметін
жүйелі бағалауға үлкен мән береді.