Презентация тақырып: Зақымдануға организмнің жалпы серпілістері. Орындаған: Баймырзаева а тобы: ФҚА-01-21 Қабылдаған: Бердалиева Г. Б



бет1/2
Дата15.02.2024
өлшемі448.89 Kb.
#491855
түріПрезентация
  1   2
Айка патфиз срс 1


“Патология және сот медицина” кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырып:Зақымдануға организмнің жалпы серпілістері.
Орындаған:Баймырзаева А
Тобы: ФҚА-01-21
Қабылдаған: Бердалиева Г.Б.

Жоспар:


I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Зақымдануға жалпы әсерленістер туралы түсінік, мысалдар келтіру.
«Жедел кезеңнің жауабы», себептері, дәнекерлері және олардың әсері.
Сілейме. Этиологиясы және патогенезі бойынша жіктелуі.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

  • Жедел кезеңнің жауабы немесе иммундық жауап – зақымдануға организмнің бейнақты серпілісі, жүйелік қабынулық жауаптың бір құрамбөлшегі.
  • Жедел кезең жауабы бактериялық, саңырауқұлақтар, вирустық жұқпалар, қабыну, жарақат, күйік, өспелер, тіндердің ишемиясы, иммундық дерттік үрдістерге дамиды. Клиникалық жағынан аурудың бейнақты белгілері: ауыру сезімі, жайсыз сезіну, буындардағы ауыру сезімі, ұйқышылдық, тәбеттің төмендеуі, жүдеу хабаршы кезеңнің көріністеріне сәйкес келеді. Бұл өзгерістердің патогенезінде «жедел кезең жауабы» дәнекерлері – цитокиндердің жүйелі әсерінің және гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің (стресс) әсерленуінің маңызды орны бар.

Жедел кезең жауабының негізгі әсері

«ЖЕДЕЛ КЕЗЕҢ ЖАУАБЫНЫҢ» ОРГАНИЗМ ҮШІН МАҢЫЗЫ


Қорғаныстық
Жедел кезеңнің нәруыздары микробтарға қарсы, антиоксидантты әсер көрсетеді. Цитокиндер ағзалар мен жүйелердің қызметін өзгертеді, қызбаны тудырады, фагоцитозды әсерлейді, стресс дамытады. Цитокиндер зақымдануға жедел жауап беретін бөліктерге қордағы метаболиттердің (аминқышқылдары сүйек кемігіне, лимфа тіндеріне, бауырға бағытталады) қайта бөлінуін қамтамасыз ете отырып зат алмасуының түбегейлі қайта құрады. Соның нәтижесінде бұзылған гомеостаз қалпына келіп, өліеттенген тіндер шығарылып, артық тіндік протеазалар байланыстырылып, жойылады, тіндердің қалпына келуіне жағдай жасалады.
Патогендік
Цитокиндердің артық әсері организмге теріс әсер етеді. Әсіресе ішек қимылы мен мембраналық асқорытуды тежейтін ИЛ-1 мен ӨТЖЖ біріккен әсерінен құсу, іш өту, гепатоциттердің құрылымдық бұзылысы дамып, гиперкалиемия мен ацидозды күшейте түседі. Бұл цитокиндердің көп мөлшерде бөлінуі және қанағымында ұзақ айналып жүруі ауыр бактериялық жұқпаларда дамитын сепсистік сілейменің дамуын тудырады. ИЛ-1 мен ӨТЖЖ АҚ төмендеуін, микроциркуляцияның жүйелік бұзылыстары, көпағзалық жеткіліксіздік. ИЛ-1 миокардтың жиырылғыштық қасиетіне теріс әсер етеді, тромбопластин түзілуін арттырып, ТШҚҰ-синдромы дамуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет