«Өмірде жоқ жануар» тесті.
Тест психомоторлы жүйемен байланыстырылып шығарылған. И.М.Сеченовтің айтуынша, психикада пайда болатын кез-келген тенденция қозғалыспен аяқталады.
Егерде шынайы қозғалыс орындалмай қалған жағдайда , онда бұлшық еттер энергия жинап, жауапты қозғалысты береді. Мысалы, қорғанып, қорқыныш болса, ашу келсе, бұлшық еттер жиырылып, адамның жұдырығы ұрғысы келіп тұрады.
«Өмірде жоқ жануар» тесті проективті әдістеме болып табылады.
Нұсқау: «Өмірде жоқ жануарды өмірде жоқ есімімен сал.»
Көрсеткіштер мен интерпритация.
Суреттің параққа орналасуы. Сурет парақтың жоғары жағына орналасқан болса, өзін жоғары бағалайды, өзіне сенімді, өзінен төмен адамдарды менсінбейді.
Сурет парақтың төмен жағына салынған болса, өзін төмен санайды, өзіне деген сенімі жоқ.
Фигураның орталық мәндік бөлігі. (бас және оның бөліктері). Басы оң жаққа бұрылған- өз ісін толық жасай алады, алға қойған мақсаттарына жете алады.
Басы сол жаққа бұрылған- көп ойланады, шешім шығаруға қиналады.
«Анфас», яғни, басы өзіне қарап тұрған болса, бұл эгоцентризмді білдіреді.Басында сезім мүшелер салынған болса, мысалы, құлақ, ауыз, көз. «Құлақ» бөлшегінің мағынасы- өзі туралы ақпараттарға үлкен мән береді, әңгімелерге қызығады.
Ашылып тұрған ауыз-көп сөйлейтіндікті білдірсе, тісі бар ауыз- агрессияны немесе қорғанышты білдіреді.
Негізгі зейінді көзге ауыстырады.Сонымен қатар,кірпікке де назар аударған жөн. Кірпік- сұлулыққа қызығушылықты білдіреді.
Үлкен бас сыналушының өз қабілетін және өзгелердің қабілетін силайтындығын білдіреді.
Баста тағы қосымша бөлшектер болса, мүйіз- қорғаныс, агрессия.
Фигураның жоғары жағында тұрған қосымша бөлшектер. Қанаттар, қосымша аяқтар, қауырсындар, бантиктар- бұның бәрі өзіне деген сенімділікті, өзін көрсеткісі келетіндігін білдіреді.
Құйрықтар. Құйрық сол жаққа қарап тұрса- өзінің шешімдеріне, өз ойына қатынасын білдіреді.
Құйрық оң жаққа қарап тұрса- өзінің іс-әрекеттеріне және тұрыс-тұрыстарына қатынасын білдіреді.
Құйрық жоғары қарап тұрса – осы қатынастарға жағымды қарау.
Құйрық төмен қараса – өзіне деген сенімсіздіктің жоқтығы, өзіне көңілінің болмауы.Өткенге, жасаған әрекеттеріне өкіну.
Фигураның контуры. Инелер, шиттар, ұзын сызықтар- агрессияны білдірсе, қара бөліктер- қорқыныш пен үрейді білдіреді.
Тематикалық жануарлар қауіпті, қауіпсіз және нейтральді(арыстан, бегемот, қасқыр және құстар, ұлулар, құмырсқа, тиін, иттер, мысықтар) болып бөлінеді.
Агрессия суретте салынған көп бұрыштардан байқалады. Әсіресе, агрессияның тура белгілері- тырнақтар, тістер, тікенектер.
Адамға ұқсас фигураларда төс салынса – сыналушының секске қатысты мәселесі бар екенін білдіреді.
Фигураның шеңбері (еш нәрсемен толтырылмаған) сыналушының жасықтығын, жабықтығын, тұйықтығын, өз әлемінен сыртқа шықпайтындығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |