Презентациялар Педагогтың аты-жөні Әжиева Жанат Күні



Дата01.04.2023
өлшемі1.23 Mb.
#471534
түріПрезентация
4-сынып презентациядағы видео



Қысқа мерзімді жоспары

Білім беру ұйымының атауы

С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектебі

Бөлім

Презентациялар

Педагогтың аты-жөні

Әжиева Жанат

Күні

24.02.2023ж

Сынып: 4 «В»

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Презентациядағы бейне.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.4.2 белгілі бір тақырыпта фотосуреттер, дыбыстар және бейнелерді пайдалану;
4.2.3.3 презентацияға дыбыс пен бейнені кірістіру;

Сабақтың мақсаты:

Презентацияға видео кірістіру командаларын біледі
Видео ақпаратты слайдқа қосады.
Дыбыс пен видеоның ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтайды
Бекітемін: М.Сәрсенбаева
оқу ісі жөніндегі орынбасары
Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Сергіту сәті. бейнеролик



1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Бейнеролик көреді




бейнеролик

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Презентацияға компьютерден не Интернеттен видео кірістіру үшін Кірістіру →Мультимедиа→ Видео → Компьютерден видео немесе Интернеттегі видео командасын таңдаймыз.
Пайдаланылатын видео презентациясымен бірге бір бамаға сақталуы тиіс.
Видеоны таңдаған кезде, Видеомен жұмыс → видео пішімі (формат) командасы пайда болады. Мұнда түрлі параметрлерді орындауға болады; мысалы, видеоны қайта пішімдеу, өлшемін өзгерту және т.б.
Ойнату (Воспроизведение) батырмасынан дыбыс деңгейін, көру параметрлерін реттей аламыз. Видеоны қысқарту үшін Ойнату батырмасына өтеміз. Өңдеу тақтасында Видео монтаж таңдап, жүгіртпе жолдан қай жерден басталуы керек болса,сол қажетті бөлігінен бастап, аяғына дейін жылжытамыз.

Жеке жұмыс. 1-тапсырма.


«Қоршаған ортадағы зиянды заттар» тақырыбына презентация жаса.

Дескриптор:


-Интернеттен шағын видеоақпаратты жүктейді;
-тақырыпқа қатысты 3-4 слайдтан тұратын презентация жасайды;
-видеоақпаратты слайдқа қосады.

ҚБ: «Жұлдызша» әдісі


Топтық жұмыс.2-тапсырма. «Венн диаграмма» әдісі


Дескриптор:


-Ұқсастықтарын жазады;
-Айырмашылықтарын жазады.

ҚБ: «Жұлдызша» әдісі



Мұғалімді тыңдайды
Жұмыс дәптерге командаларды жазады

1-тапсырманы орындайды


2-тапсырманы орындайды








Интербелсенді тақта

Жұмыс дәптері


компьютер

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «Күншуақ» тәсілі


«Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.»
«Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл–күйім жоқ.»

Өзін-өзі бағалау.




Плакат слайд

Үй тапсырмасы

§ 24, жұмыс дәптері 41-42-бет













Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет