Презентацияларды қолданылуы» Ұйымдастырушы: «Technogirls»



Дата12.04.2023
өлшемі20.88 Kb.
#472141
түріПрезентация
Дөңгелек үстел тақырыбы


Халықаралық Цифрлы Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжі


Дөңгелек үстел

Тақырыбы: «Мультимедиялық жоба мен презентацияларды қолданылуы»


Ұйымдастырушы: «Technogirls» жетекшісі
Калиева Д.М

Орал қ, 2022
«Мультимедиялық жоба мен презентацияларды қолданылуы» атты тақырыпқа арналған «Technogirls» клубының мүшелері арасындағы дөңгелек столдың
ЖАРҒЫСЫ



  1. Мақсаты студенттерге сабақтарында тиім қолдану, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру
    Көрнекі құралдар: слайд, қанатты сөздер.
    Өткізілу формасы: дөңгелек үстел
    Әдісі:
    әңгімелеу, пікірталас, ойын - жаттығу.

2 Жалпы ережелер
Дөңгелек үстелді өткізу студенттердің ғылыми-ізденіс қызметінің сатысы болып табылады.
Дөңгелек үстелдің ережесі:
1. Сыйластық
2. Тыңдай білу
3. Сөзді бөлмеу
4. Белсенділік таныту
5. Шығармашылық
6. Төзімділік
7. Түсіністік қарым-қатынас
Даналық сөздер:
1. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
2. Байлық-қанағат пен еңбекте
3. Аз жұмысты қиынсынсаң- көп жұмысқа тап боласың.
Азға қанағатқылмасаң-көптен құр қаласың.
4. Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.
5. Еңбек етсең қара жерде береді, құр тастамайды.
6. Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше, ешбір талантта, ешбір кемеңгерде шықпайды.


3 Дөңгелек үстелдің мақсаттары мен міндеттері

  • студенттердің ғылыми-шығармашылық белсенділігінің көтермелеу және арттыру.

  • студенттердің оқыма және ғылыми әдебиеттермен дербес жұмыс дағдыларын дамыту, зерттелген материалды жалпылама сипаттау және анализдеу дағдыларын қалыптастыру, өзіндік шешімдер мен тұжырымдар жасай білу және оны ауызша -және жазбаша түрде баяндай білуді дағдыландыру.

  • студенттер арасында өзін-өзі басқару шараларын дамыту.



4 Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары
«Technogirls» клубының жетекшісі мен төрайымы


Қатысушылар: «Technogirls» клубының мүшелері


5 Дөңгелек үстелді өткізу тәртібі
Дөңгелек үстелде келесі сұрақтарды талқылау жоспарланады:

  • Ақпараттық технологияға жалпылама сипаттама беру.

  • Қазіргі таңда қалыптасқан технологияларды қарастыру.

  • Мультимедалық білім беру құралдары

  • Оқу үрдісінде мультимедалық технологияларды қолдану

  • Презентацияларды безендіру

Өткізудің негізгі түрі - жарияланған баяндамаларды тыңдау және талқыға салу болып табылады. Баяндамашының сөйлеу уақыты – 5 минут.




6 Дөңгелек үстелді қорытындылау
Әбунасыр Әл Фараби: «...адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесекте содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады», - деген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет