Прикладная геодезия 8 дәріс БАСТАПҚЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ БЕРІЛГЕНДЕРДІ ОРНАТУ, КРАСОВСКИЙ ЭЛЛИПСОИДЫ
Орындаған: Даулетханов А.А 19 ГДК-2
Тексерген:Апшикур Б
Бөлу жұмыстарының түсінігі
Бөлу жұмыстары инженерлік-геодезиялық ізденістегі негізгі жұмыстардың бірі болып табылады. Бұл жұмыстар жер бетіде салынбақшы құрылыстың керекті нүктелерінің пландық және биіктік шамаларын және жазықтықтарын жобаға сай анықтау үшін орындалады. Құрылыс жобасын ірі масштабтағы топографиялық планға салады. Осы планда жобаланбақшы құрылыстың жер бетінде, оны қоршаған заттарға салыстыра қарағанда және кеңістіктегі орналасужағдайы анықталады. Сонымен бірге топографиялық план жалпы геодезиялық координаталар жүйесін анықтап, ондағы жобалық нүктелердің осы жүйедегі орнын көрсету.
Ғимараттар мен имараттарды құрылыс алаңға көшіру геодезиялық бөлу негізінің нүктелерінен жүргізіледі. Геодезиялық негіз белгімен бекітілген пункттер торы ретінде жасалынады және сыртқы бөлу торы мен орындаушылық түсірістерді жасау үшін арналған.

Бөлу негізі құрылыс ауданның ішінде орналасады. Ол 1- және 2-разряд жиілікті геодезиялық торға байланыстыру мен құрылыстың бас жоспары негізінде және алдында жүргізілген ізденістер бойынша жүргізіледі.
Өндірістік ғимараттар мен имараттардың бөлу негізін құру үшін құрылыстық торды салу, ал тұрғын үйлер үшін құрылыстың қызыл сызықтарын анықтау қажет.