Прназарова айгерім ералиевна Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді жетілдіру жолдары



Дата24.02.2016
өлшемі360.87 Kb.
#16274
ӘОЖ 364.05:364 Қолжазба құқығында
прназарова айгерім ералиевна
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді жетілдіру жолдары

(Қызылорда облысы мәліметтері негізінде)

6 М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Рефераты


Кызылорда, 2012

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалды


Ғылыми жетекші экономика ғылымдарының кандидаты

А.Қазыбайқызы
Ресми оппонент экономика ғылымдарының кандидаты                                                                   С.Ғ.Серікбаева

Диссертацияны қорғау 2012 ж. ____ маусымда ____ сағатта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. 120014. Қызылорда қ., Әйтеке би к-сі, 29А. ( бас оқу ғимараты, Экономика факультеті, № 308 дәрісхана)

Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. (120014. Қызылорда қ., Байсеитова к-сі, 100.)


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Биылғы жыл еліміздің өз Тәуелсіздігінің 20 жылында жеткен жетістіктеріне қорытынды жасайтын жыл. Тәуел­сіздік жылдары Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жү­йесі құрылды. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақ­стандық моделі базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыз­дандырудың, міндетті әлеу­меттік сақтан­дырудың, жинақ­таушы зейнет­ақымен қамтамасыз етудің және әлеуметтік көмектің өзара үйлесімін қарастырады. Әлеуметтік қамсыз­дандыру деңгейі ел дамуының әрбір кезеңінде оның эконо­микалық және қаржылық мүмкін­дікте­рімен айқындалып отырады.

Табысты жүргізілген қайта құрулар Қазақстан Республи­ка­сының Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың айқындап берген Қазақстанды дамытудың страте­гиялық курсын нақты түрде іске асырды. Бүгінгі күні мемле­кеттің әлеуметтік бағдарланған саясатына сәйкес, еліміз шикізаттық бағыттан арылып, халықтың  әл-ауқатын арттыруға бағыт­талған, Қазақ­стан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының страте­гиялық жоспарын жүзеге асыруда.

Тәуелсіздік алған 20 жыл – бұл қазақстандық қоғамның алға жаңа мақсаттар қойып, өз мүмкіндіктері деңгейін сезінген, жаңа міндеттерді шешу үшін топтасқан мезгілі.

Үстіміздегі жылы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан Дамуының басты бағыты» атты Ел басының Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты басым­дықтары адам капиталын дамыту, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру екендігі нақты айтылған. Осы мақсат­та жүзеге асырылып отырған әлеуметтік бағдарламалар  ең алдымен жұмыс орнын сақтауға, табыс деңгейін арттыруға, халықтың аса әлсіз бөлігін әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Халықаралық зерттеулер нәтижелері әлеуметтік сақтан­ды­рулар және басқа да әлеуметтік қамсыздандырудың жалпыға бірдей жүйелері кедейлікпен күресудің, еңбек өнімділігін арттырудың, тұтастай елдегі әлеуметтік-эконо­микалық даму­дың маңызды құралы болып табыла­тынын көрсетті. Дамыған елдер­дің тәжірибелері еңбекшілерді және барлық халықты әлеуметтік қорғаудың базалық элементі ретінде теңдестірілген әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жү­йелерінің болуы елдің еңбек ресурстарын нығайтып, эко­номикалық өсімнің ұлттық әлеуетін күшейтетінін көрсетіп отыр.

Әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделінің ерекшелігі құқықтық қатынастар субъектілері мүдделерінің –  қызмет­керлер мен жұмыс берушілердің жеке жауапкершілігінің, олардың өзара ынтымақты көмегінің үйлесімділігі болып табылады.

Қазақстандық қоғамның өмір сүру сапасының артуы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері болып табылады. Статистика агенттігінің ақпаратына сәйкес табысы төменгі күнкөріс деңгейі мен азық-түлік себеті құнынан төмен тұрғындар үлесінің төмендеу динамикасы байқалуда.

Әлеуметтік қоғауды қаржымен қамтамасыз етуді экономикаға мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі қатарында қоғамның тұрмыс халінің жоғары деңгейде болуына және одан әрі дами түсуі үшін жағдай жасайтын құрал болып табылады. Бұл саясатты қалыптастырудың механизмінің қызметі өзінен-өзі барлық қоғам мүшелерінің тұрмыс хәлінің ең қажетті деңгейінің өзін қамтамасыз ете алмайтын болып отыр.



Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын теориялық және әдістемелік негізде белгілі-экономист ғалымдар П.Б.Исахова, У.Баймуратов, Д.Тлеужанова, Рыскулова М. М, К.Б.Бердалиев, Г.Н.Дугалова, Р.Е. Елемесов, Ж. Елубаева, Е.Б. Жатканбаев, Ж.И. Ихданов, К.Е. Кубаев, Г.Ж. Қарақұсова, К.С. Мухтарова, Б.М.Мухамедиев, С.С.Оспанов, С.М. Өмірзақов, К.А. Сағадиев, Г.Н. Сансызбаева, А.Н. Тулембаева, Ө.Қ. Шеденов және басқа да отандық, шет елдік экономист ғалымдар еңбектерінде жан-жақтылы баяндалған. Олардың ғылыми еңбектерінде халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етуді жүйелендіріліп, олардың теориялық және тәжірибелік жақтары зерделенген. Дегенмен, әлеуметтік қамсыздандырудың мәселесі арнайы ғылыми зерттеу объектісі ретінде әлі де болса зерттеуді талап етеді.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері Диссертациялық жұмыстың мақсаты халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің теориялық негіздерін жүйелі түрде зерттеу және қаржымен қамтамасыз етудің тетіктерін ұсыну болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:

- ұлттық экономиканың дамуында әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің теориялық негіздеріне сипаттама беру;

- әлеуметтік қорғау стратегиясының мақсаттарын анықтау;

- халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету мәселелерін айқындау;

- Қазақстан Республикасында әлеуметтік қорғау жүйесінің жағдайын талдау;

- Қызылорда облысының әлеуметтік қорғау жүйесін бюджет қаражаттарымен қамсыздандыруды талдау;

- аймақтағы жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін бағалау;

- халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді жетілдіру жолдарын ұсыну;

Зерттеу объектісі - халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету нысандары.

Зерттеу пәніне халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржымен қамтамасыз ету процесіндегі экономикалық қатынастар жатады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі танымал экономист-ғалымдардың еңбектерінде баяндалған халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі пайымдаулар мен қорытындыларға және монографиялық зерттеулерге сүйенеді. Зерттеу жұмысына, сонымен қатар, әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының нормативті және заң актілері, Үкіметтің, Қызылорда облысының экономикалық мәселелер жөніндегі қаулылары мен шешімдері, басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, әдістемелік, анықтамалық мәліметтер тартылды.

Жұмыста ақпарат көзі ретінде Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі, Қызылорда облыстық статистика департаментінің деректері пайдаланылды.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • «әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету» түсінігіне қатысты негізгі теориялық дәлелдеулер жүйелендірілді;

  • халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету мәні айқындалып, оның әдіснамалық негізіне сипаттама берілді;

  • халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру үшін аймақтың дамуына қажетті өкілеттіктерді, қаржы көздерін бөлудің қажеттілігі дәлелденді;

  • халықтың әлеуметтік-тұрмыс тіршілігін, экономикалық белсенділігін арттыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруды енгізу тетіктері қарастырылды;

  • зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдірудің қазіргі таңдағы өзекті мәселелері сараланып, оларды шешу жолдары ұсынылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  • «әлеуметтік қорғау» түсінігімен байланысты теориялық-әдіснамалық негіздемелердің бір жүйеге келтірілуі нәтижесінде аталған ұғымға автордың теориялық тұрғыдан берген анықтамасы негізделді;

  • халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету үдерісінің негізгі тұжырымдамалық сипаттары айқындала отырып, халықтың әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалын жақсартудағы қаржы көздерінің рөлі мен маңызын арттыру қажеттілігі зерделенді;

  • халықты әлеуметтік қорғауда қаржымен қамтамасыз етудің бюджеттік емес көздерден қаржыландыру бағытында ғылыми тұжырымдар жасақталап, ұсынылды;

  • әлеуметтік сақтандырудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасау арқылы осы тәжірибелердің оң тұстарын Қазақстандық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері сарапталды.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығын халықты әлеуметтік қорғау бағдарламаларын зерттеудің нәтижесінде жасалған тәжірибелік қорытынды мен ұсыныстар деңгейінен көруге болады.

Диссертациялық жұмыста келтірілген ұсыныстар, зерттеулер нәтижелері мен тұжырымдарды мемлекеттік халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу іс-шараларын жүзеге асыруда, орта және қысқа мерзімді мемлекеттік немесе аймақтық даму бағдарламаларын даярлауда пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ, тәжірибе жүзінде баяндалған материалдарды Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері, Қаржы министрлігі және қаржылық ағымдарды мемлекеттік реттеу мәселелерімен айналысушы қазақстандық ұйымдар мен ведомствалар өз қызметтері барысында қолдануына болады. Сонымен бірге, диссертациялық зерттеудің ғылыми нәтижелерін жоғары оқу орындарында «Әлеуметтік жұмыс», «Әлеуметтік сала экономикасы», «Қаржыларды мемлекеттік басқару», «Бюджетаралық қатынастарды реттеу», курстары бойынша дәріс оқуда және практикалық сабақтарда пайдалануға ұсынылады.

Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі мен жариялануы. Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары, қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-теориялық конференцияларда баяндалған. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 1,3 шартты баспа табақ 4 ғылыми мақала жарияланды.

Сонымен бірге, ғылыми-зерттеу нәтижелері Қызылорда қалалық экономика бөлімінде есептік баяндамаларында және іс-шаралар жоспарын жасақтауда пайдаланылды.



Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 86 бет көлемінде баяндалған және ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 9 кестеден, 4 қосымшадан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің ғылыми – теориялық негіздері. Әлеуметтік саясат – адамдармен қоғамның жан-жақты дамуы үшін жағдайлар жасау және алуан түрлі әлеуметтік топтардың белгілі-бір құқықтық қалпын сақтау мен қолдауға адамдардың әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттің іс жүзіне асыратын кешенді шаралары болып табылады. Әлеуметтік қорғау жүйесі экономикаға мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі қатарында қоғамның тұрмыс халінің жоғары деңгейде болуына және одан әрі дами түсуі үшін жағдай жасайтын құрал болып табылады. Бұл саясатты қалыптастырудың механизмінің қызметі өзінен-өзі барлық қоғам мүшелерінің тұрмыс хәлінің ең қажетті деңгейінің өзін қамтамасыз ете алмайтын болып отыр.

Әлеуметтік –экономикалық категория ретінде әлеуметтік қорғауды тәуекелдік жағдайында адамның күшінің ұдайы толықтырылуын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық табысты қайта бөлуде пайда болатын қатынастар ретінде қарастыру қажет.

Халықты әлеуметтік қорғау қаржы институты ретінде күрделі құрылымға ие. Оның құрамына әлеуметтік субсидиялаудың жеке қаржылық және жеңілдік беру институттары кіреді, бұлардың өздеріне тән құрылымдары бар. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету осы қаржылық институттардың жиынтық негізде қызмет ету нәтижесінде іске асырылады. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің институционалдық құрылымы және оның жеке институттарының байланысы төмендегі суретте көрсетілген.

Халықты әлеуметтік қорғау қаржылық институты деп ақшалай қатынастарға негізделген арнайы қаржылық механизмдерді қолдану арқылы халыққа қоғамдық қызмет пен игіліктер көрсетуге , әлеуметтік субсидиялауға бағытталған орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржы ресурстарын басқару жүйесін айтамыз. «Қаржымен қамтамасыз ету» ұғымының дәстүрлі анықтамасы кіріс көздерімен қамтамасыз етудің біржақтылық үдерісі ретінде қарастырылса, біздің ойымызша халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету әлеуметтік қорғауға арналған қаржы ресурстарының қалыптасуы және осы қаржы ресурстарын әлеуметтік қорғауға арналған шараларды қаржыландыру, әлеуметтік көмек алушыларға жеткізу үдерісінде қолданылатын ақша ағымдарының екі жақты қозғалысы ретінде қарастырылуы қажет. Осы қаржы ресурстарының қозғалысының екіжақтылық үдерісінің арқасында үй шаруашылықтары әр түрлі әлеуметтік көмектерді алады.

Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасын негізгі теориялық, әдіснамалық өзара байланысты алты проблема арқылы көрсетуге болады.

Бірінші топтағы проблемалар Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің теориялық тұрғыдан зерттелуімен байланысты.

Халықты әлеуметтік қорғау институты мемлекет, кәсіпорын және үй шаруашылығы сияқты үш шаруашылық -құқықтық институттардың байланысын қамтамасыз етеді. Осылардың қызмет ету үдерісінде қаржылық субсидиялау және салықтық жеңілдік беру институты арқылы әлеуметтік қоғамдық игіліктер өндіріледі, бөлінеді және тұтынады. Әлеуметтік көмек үй шаруашылықтарына мемлекеттік бюджеттен қосымша ақша қаражаттарын бөлу, кәсіпорындардың қаржылары арқылы немесе үй шаруашылықтарының салықтық міндеттемелерін төмендету арқылы көрсетіледі.

Біздің көзқарасымыз бойынша қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тұжырымдамасы тұрғысынан қарасақ, халықты әлеуметтік қорғау қаржылық қатынастар негізінде жүргізіледі.

Осы жағдайда қаржыны шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде пайда болатын ақша қатынастары деп түсінетін болсақ, халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық категория және қаржы институты ретінде қарастыруға болады.

Әлеуметтік қорғауды әлеуметтік тәуекелдікті басқару жүйесі ретінде қарастырса да болады, логикалық негізде әлеуметтік залалдарды өтеу мақсатымен ұлттық табысты қайта бөлу әдістер жүйесі ретінде қарастырған жөн.



2 Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз ету жүйесін талдау

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік саладағы саясатының басты мақсаты ха­лықтың тұрмыс жағдайын, өмір сапасын тұрақ­ты түрде арттырып отыруға негізделгені белгілі. Осы­ған орай халықтың әлеуметтік жағдайын қор­ғау және оны мемлекет тарапынан түрлі шаралармен қолдап отыру еліміздің ішкі саясатының ба­сым бағыттарының бірі ретінде қалыптасып отыр.

Егер әлеуметтік саланың даму кезеңдеріне назар аударатын болсақ, тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарында бұрынғы Кеңес одағының ыдырап, қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзі­луі­не байланысты ауыр жағдайдың қалыптас­қан­ы ­еске түседі. Мұның өзі халықтың санына да елеулі әсер етті. Ел тарихының әртүрлі кезеңдерінде сырт­тан келіп орналасқан басқа ұлт өкілдерінің өздерінің тарихи отандарына қарай бет түзеуінің белең алуының ықпалымен осы жағдай ел ішіндегі жаппай жұмыссыздықтың етек алуы, халықтың нақты табысының азаюы, өмір сапасының төмен­деуі секілді үдерістермен қабаттаса жүрді. Мәсе­лен, 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы ішкі жалпы өнім көлемі 38,6 пайызға, халықтың нақты ең­бекақы­сының көлемі 69,9 пайызға, тағайын­дал­ған зейнет­ақылардың көлемі 77,3 пайызға төмендеп кетті.

1991-2001 жылдар аралығында 2,5 миллионға жуық тұрғын елден кетті. Қазақстаннан сыртқа кеткен халықтың басым бөлігін еңбек жасындағы адамдар құрады. Мұның өзі еңбек рыногының жағдайына да елеулі әсер етті. Жұмыс істеушілер азайып, жасы еңбек жасынан асқан немесе еңбекке жарамсыз адамдар саны көбейе түсті. Халықтың та­биғи өсімі де төмендеді. 1975-1990 жылдар ара­лы­ғында осы табиғи өсімнің, яғни туудың өлуден асып түсуінің есебінен халық саны жылына 233-294 мың адам аралығында өсіп отырса, 1998 жылы бұл көрсеткіш 3,2 есе азайып, бар болғаны 68,1 мың адамды құрады. Мұнан кейінгі жылдары та­биғи өсім қайта күшейіп, 2010 жылы оның көр­сет­кіші 220,3 мың адамға жетті. Мұның сыртында шет елдерде жүрген қандастарымыз елге орала бас­тады. Осындай оң үдерістердің нәтижесінде ха­лықтың саны 1990 жылдардағы деңгейге қайта жетіп, қазіргі күні 16,4 миллион адамды құрап отыр.

Халық санының қайтадан өсуіне ең бірінші кезекте елімізде жүргізілген тиімді экономикалық саясаттың ықпалы зор болғандығы белгілі. Тәуел­сіз­дік жылдарының алғашқы сәтінен бастап Ел­ба­сы­мыздың «алдымен – экономика, содан кейін – сая­сат» деген қағиданы басшылыққа алып, жұмыс істегені белгілі. Осының нәтижесінде Қазақстан эко­номикасы тез көтерілді. Бұл әлеуметтік сала­ның жақсаруына да айтарлықтай ықпал етті. Мәсе­лен, экономикамыз жақсара бастаған соңғы 11 жылдың ішінде зейнетақының төменгі көлемі 3500 теңгеден 24047 теңгеге дейін өсіп, 7 есе, орташа зейнетақы көлемі 4462 теңгеден 36 205 теңгеге дейін жетіп, 8 есе, ал жоғары деңгейдегі зейнетақы көлемі 8156 теңгеден 52226 теңгеге дейін өсіп, 6,4 есе артты. Осы аралықта халықтың жан басына шаққандағы табысы да бірнеше есе өскендігі, халықтың әлсіз топтарын қолдайтын түрлі әлеуметтік төлемдердің іске қосылғандығы белгілі. Осылардың нәтижесінде Қазақстан қазіргі күні тек Орталық Азияда ғана емес, ТМД көлемінде халықтың әлеуметтік жағдайы тұрғысынан көш басындағы мемлекеттердің қатарында келеді.

Халықтың тұрмыс деңгейі- халықтың ауқаттылығын көрсететін категория, адамның материалдық, әлеуметтік қызметтер мен игіліктерді тұтынуы және нақты сұранымдарын толығымен қамтамасыз ететін жиынтық көрсеткіш. Осы қызметтер мен игіліктердің бір мезгілде үй шаруашылығында тұтынылуының ақшалай көрінісінің жиынтығы өмір құны деп анықталады.

Статистикада тұрмыс деңгейінің мынадай түрлері бөліп көрсетіледі:

- баршылық, адамның жан-жақты дамуына жағдай жасайтын қызметтер мен игіліктерді қолдану;

- қалыпты деңгей (ғылыми негізделген нормаларды қолдану арқылы адамның табиғи және интеллектуалды күштерін қалпына келтіруге бағытталған қызметтер мен игіліктерді тұтыну);

-кедейлік (адамның жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету деңгейінде қызметтер мен игіліктерді тұтыну);

- жарлы болу- адамның биологиялық өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қызметтер мен игіліктерді ең төменгі мөлшерде қолдану;

Халықтың тұрмыс деңгейінің сипаттамасын алу үшін барлық статистикалық көрсеткіштердің жиынтығы зерттелінеді:

- халықтың жалпы саны;

-халықтың кейбір әлеуметтік және кәсіби санаттары;

-әр түрлі табысы бар үй шаруашылықтары;

Халықтың тұрмыс деңгейін өлшеу барысында Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі мен кедейліктің статистикалық мониторингтің негізін қалайтын көрсеткіштер қолданылады.

Халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштері:

-халықтың ақшалай табыстарының номиналдық (атаулы) көрсеткіші (ай сайын жан басына шаққанда) теңге;

-тұтынуға пайдаланылған табыстар (жан басына шаққанда ай сайын) теңге;

-орташа еңбек ақы,теңге;

-ең төменгі еңбек ақы,теңге;

-номиналдық (атаулы) еңбек ақының ең төменгі еңбек ақыға қатынасы;

-кезең соңында тағайындлған зейнетақы, теңге;

-жасына қарай берілетін ең төменгі зейнетақы, теңге;

-күнкөріс деңгейі (жан басына шаққанда ай сайын) теңге;

- табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлес салмағы, %;

- азық-түлік себетінің құны (жан басына шаққанда ай сайын) теңге;

- табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен халықтың үлес салмағы, %;

Халық тұрмыс деңгейін бағалайтын жоғарыда көрсетілген , елдегі кедейлік деңгейін анықтайтын көрсеткіш-тұтынуға арналған табыстары күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлес салмағы.
Кесте 1 - Халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлары

Көрсеткіштер

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

1. Орташа айлық атаулы жалақы, теңге

52479

60805

67333

77611

86707


2. Ең төменгі күнкөріс минимумы, теңге

9653

12364

12660

13487

15461


3. Зейнетақының орташа көлемі, теңге

10654

13418

17090

23013

35950


4. Орташа АӘК, теңге

921,8

1149,5

1130,5

1762,1

2633,2

5. Орта мерзімді атаулы жалақының ең төменгі күнкөріс деңгейіне ара-қатынасы

18,4/81,6

20,3/79,7

18,8/81,2

17,4/82,6

17,8/82,2

6. Зейнетақының орташа көлемінің ең төменгі күнкөріс деңгейіне ара-қатынасы

90,6/9,4

92,1/7,9

74,1/25,9

58,6/41,4

43/57

7. Орташа АӘК

ең төменгі күнкөріс деңгейіне ара-қатынасы



9,5/90,5

9,3/90,7

9/91

13/87

17/83

Ескерту - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде дайындалды

1 - кестенің мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасындағы халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі әлеуметтік – экономикалық индикаторларына талдау берілген. Талдау деректері бойынша орташа айлық атаулы жалақы 2007 жылы 52479 теңгені құраса, 2011 жылы 86707 теңгені құрап 65,2 пайызға өсіп отыр. Ең төменгі күнкөріс минимумы 9563 теңгеден 2011 жылы 15461 теңгеге дейін өсіп, 60 пайызға жоғарлаған. Зейнетақының орташа көлемі 2007 жылы 10654 теңгені құраса 2011 жылы 35950 теңгені құрады, яғни бұл 2007 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге өсіп отыр.

Кеңес одағы кезінде зейнетақының негізінен бір ғана жүйесі – ынтымақты зейнетақы жүйесі болғаны белгілі. Ол кәсіпорындардың зейнетақы қорына аударған жарналарының есебінен құра­ла­тын. Еліміз тәуелсіздікке ие болған кезде жарна ауда­ратын кәсіпорындар санының күрт төмендеп кетуіне және еңбекақы төлеудің азаюына байла­ныс­ты бұл жүйе дағдарысқа түсті. Оның үстіне 1990-1995 жылдар аралығында еліміздегі зейнеткерлер саны да 2412 мың адамнан 2980 мың адам­ға дейін өсіп, зейнетақы қорына түсетін жүктеме­ні елеулі түрде арттырып жіберген болатын.

Осыған орай 1997 жылы еліміздің зейнетақы жүйесіне реформа жүргізілді. Ол Қазақстанда ха­лық­ты әлеуметтік қорғау жүйесін көп деңгейлі ету­ге бағытталды. 1990 жылы 1 қаңтардан бастап, елімізде қабылданған «Қазақстан Республикасын­да зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес зейнетақымен қамтудың аралас жүйесі іске қосылды. Осы жүйе бойынша зейнетақы төлеудің мемлекеттік бөлу және жинақтау жүйелері пайда болды. Олар халықты зейнетақымен қамтудағы жауапкершілікті мемлекетке, жұмыс берушіге және жұмысшының өзіне бөліп жүктеді.

Осы реформаның ықпалымен қазіргі күні елімізде зейнетақымен қамтудың төрт деңгейі қа­лыптасып отыр.

Бірінші деңгей адамның зейнет жасына то­луы­на байланысты оның еңбек өтілінің немесе басқа да қалыптасқан табыс көзінің болу-болмауына қа­рамастан мемлекеттің беретін базалық зейнет­ақы­сын білдіреді. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері Президенттің 2005 жылғы 18 ақпандағы халыққа арнаған Жолдауындағы талаптарға бай­ла­нысты 2005 жылдан бастап іске қосылған болатын. Осы жылы базалық зейнетақы төлемінің көлемі 3000 теңгені құраса, 2011 жылы ол төменгі күн­көріс деңгейінің 50 пайызына дейін жетіп, 8000 теңгені құрап отыр. Енді Қазақстанның 2020 жыл­ға дейінгі стратегиялық даму шараларының аясында бұл базалық зейнетақы көлемі 2015 жылы төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызына, ал 2020 жылы 75 пайызына жететін болады. Сөйтіп, бірте-бірте бұл зейнетақының көлемін төменгі күнкөріс деңгейіне жеткізу міндеті қойылып отыр.

Зейнетақымен қамтудың екінші деңгейі мемлекеттік бюджеттің есебінен төленетін ынтымақты зейнетақыларды құрайды. Мұндай зейнетақыны 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде 6 айлық еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ала алады.

Елбасының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақ­стан азаматтарының тұрмыс жағдайын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жол­дауының аясында ынтымақты зейнетақының көле­мі 2009 жылы 25 пайызға, 2010 жылы 25 пайызға, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға өсірілді. Бұл осы жүйедегі барлық зейнеткерлер­дің, соның ішінде әскери қызметте болған зейнет­керлердің зейнетақыларының артуына ықпал етті. Осының нәтижесінде қазіргі күні мұндай зейнет­ақының төменгі деңгейі 24047 теңгені, орта дең­гейі 36205 теңгені, жоғары деңгейі 52226 теңгені құрап отыр.

Зейнетақымен қамтудың үшінші деңгейі адам­дар­дың жинақтаушы зейнетақы қорларында өз­дері­нің төлем жарналары арқылы қалыптастырған міндетті зейнетақылардан тұрады.

Зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі реформа басталған кезден бастап жинақтаушы зейнетақы қорларынан қазіргі күнге дейін 201 миллиард теңгенің зейнетақы төлемдері төленді. 2011 жылдың 1 қаңтарында осындай жұмыс істейтін 13 қор бар. Олардағы жинақталған зейнетақы жарналарының көлемі 1994 жылғы 23,5 миллиард теңгеден 2011 жылғы 1 қаңтарда 2,3 триллион теңгеге дейін өсіп отыр. Жүйе бойынша 8 мил­лионға жуық азаматтың зейнетақы жинақтау жө­ніндегі жеке есеп-шоты тіркелген. Яғни, бұл жүйе азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етудің берік тылын қалыптастырды деп айта аламыз.

Зейнетақымен қамтудың төртінші деңгейі жи­нақ­таушы зейнетақы қорларында қалыптастырыла­тын кәсіпорындардың ерікті зейнетақы жарна­лары­нан тұрады. Мұның мәнісі елімізде еңбектің сандаған түрлерінің ішінде денсаулыққа жағымды- жағымсыз әсер ететін ауыр немесе қауіпті түр­лері­нің болатыны да белгілі. Өйткені, әрбір кәсіптің өзіндік қыры мен ерекшеліктері болады. Міне, осын­дай еңбекпен шұғылданатын кәсіпорындар өздерінің табыстарының есебінен жұмысшы­лары­ның атына ерікті зейнетақы жарналарын аударып отырады. Қазіргі күні елімізде ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын құрайтын еңбектің 33 түрлі бағыты қалыптасып отыр. Оларға 2 мыңға жуық кәсіп пен қызмет түрлері кіреді. 2 – кестенің мәліметтері бойынша зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы алушылардың саны 2007 жылы 1635 мың адамды құраса, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 1676 мың адамды құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға өсіп отыр. Зйнетақы алушылардың құрамында жасы бойынша азаматтық халықтың саны 2007 жылмен салыстырғанда 2001 жылы 33,4 мың адамды құрап, 2,1 пайызға артып отыр. Толық көлемде зейнетақы алушылар саны 33,9 мың адамға өссе, толық емес өтілмен зейнетақы алушылар саны 16,6 мың адамға, көп жылдық сіңірген еңбегіне зейнетақы алушылар саны 11,6 мың адамға артып отыр.
Кесте 2 – Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы алушылардың саны

мың адам


Көрсеткіштер

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Зейнетақы алушылар - барлығы

1635

1640

1662,9

1669

1676


- жасы бойынша (азаматтық халық)

1583,6

1586,1

1605,7

1612

1617

- толық көлемде

1540,1

1540,6

1555,7

1565

1574

- толық емес жұмыс өтілімен

43,5

45,5

50,5

56,1

60,1


- көп жылдық сіңірген еңбегіне (әлеуетті құрылымдар)

51,5

54,4

57,2

60,2

63,1


Ескерту – Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің мәліметтері негізінде есептелді

Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" және "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы".

Жәрдемақылар тұрақты немесе біржолғы төлем түрінде беріледі. Тұрақты негізде төленетін жәрдемақыға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жатады.
Кесте 3 – Зейнетақы жөніндегі мемлекеттік орталықтан мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны

мың адам


Көрсеткіштер

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар, барлығы

748,4


756,5


767,3


778,1


781,2


азаматтық халық

- жасы бойынша


12,9

15,1

17,1

20,2

22,5


- мүгедектігі бойынша

408,0

423,0

439,6

454,3

460,7

- асыраушысынан айырылуына байланысты

324,0

315,5

308,0

312,1

315,2


әлеуетті құрылым
















- мүгедектігі бойынша

1,2

1,1

1,1

1,2

1,3

- асыраушысынан айырылуына байланысты

2,3

1,8

1,5

1,4

1,3


Ескерту – Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің мәліметтері негізінде есептелді

3 - кестенің мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасы бойынша зейнетақы жөніндегі мемлекеттік орталықтан мемлекеттік жәрдемақы алушылар санына талдау берілген. Талдау деректерінен көріп отырғанымыздай жәрдемақы алушылар саны 2007 жылы 748,4 мың адамды құраса, ол көрсеткіш 2011 жылы 781,2 мың адамға жетіп, 2007 жылмен салыстырғанда 32,8 мың адамға көбейіп 4,4 пайызға өскен. Оның ішінде жасы бойынша жәрдемақы алушылар саны 2007 жылмен салыстырғанда 9,6 мың адамға немесе 74,4 пайызға өскен. Мүгедектігі бойынша 52,7 мың адамға өссе, асыраушысынан айырылуына байланысты 8,8 мың адамға немесе 2,7 пайызға кеміген. Әлеуетті құрылым бойынша мүгедектігіне байланысты жәрдемақы лушылар саны 100 адамға өссе, ал асыраушысынан айырылуына байланысты 1 мың адамға өскен.
Кесте 4 - Тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері

теңге


Көрсеткіштер

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

1. Жасы бойынша

4431

6013

6859

8573,7

10717,1

2. Мүгедектігі бойынша

8859

11993

13646

17057,5

21321,9

3. Асыраушысынан айрылуына байланысты

7656

10340

11762

14702,5

18378,12

Ескерту – Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің мәліметтері негізінде есептелді

4 – кестенің мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасы бойынша тағайындалған жасы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 2007 жылы 4431 теңгенң құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 10717,1 теңгені құрап отыр. Мүгедектігі бойынша 2007 жылы 8859 теңгені құраса 2011 жылы 21321,9 теңгені құрап 2,4 есеге өсіп отырғанын байқаймыз. Асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақының мөлшеріде 2007 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 2,4 есеге өсіп отыр.
Кесте 5 – Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері

теңге


Көрсеткіштер

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

1. Жасы бойынша

4431

6013

6859

8573,7

10717,1

2. Мүгедектігі бойынша

8856

11987

13647

17057,5

21321,9

3. Асыраушысынан айрылуына байланысты

8262

11159

12660

14702,5

18378,12

Ескерту – Қызылорда облысы статистика департаментінің мәліметтері негізінде есептелді

5 – кесте деректерінен көріп отырғанымыздай Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері жасы бойынша 2007 жылы 4431 теңгені құраса, 2011 жылы 10717,1 теңгені құрап 2007 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге, мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері 8856 теңгеден 21321,9 теңгеге өскен, асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін жәрдемақының мөлшері 8262 теңгеден 18378,12 теңгеге дейін өскен. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері жылдан жылға өсіп отырғанын байқаймыз. Бұл жыл сайынғы жәрдемақының мөлшерінің көбеюіне байланысты.



3 Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жолдары

Елдегі жоғары өмір сүру стандарттарының қарқынды дамуы сол мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Тәуелсіздік жылдарындағы халықты әлеуметтік қорғау және халықтың әл ауқатын жақсарту саласында жүргізілген реформалар Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық басым бағыттарының бірі болды.


Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру ассоциациясының (ХӘҚА) зерттеулері әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қаншалықты маңызды екендігін дәлелдеп, оның мықты жақтарын, сонымен қатар жетіспеушіліктерін де анықтады. Жұмыссыздықтың өсуі жарналардың жиналуына да әсер етті және жәрдемақыларды төлеуге қосымша шығындардың шығуын туындатты. Соған қарамастан көптеген елдердің үкіметтері әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық салдарларымен күрестің маңызды құралы және экономиканың құлдырау кезіндегі тұрақтандырудың тетігі ретінде қолданады.

Әлеуметтік сақтандыру ұйымдарының халықаралық тәжірибелері негізінде 2001 жылы Қазақстанда мүдделердің құқықтық қатынастары – жұмыс берушілер мен қызметкерлердің жеке жауапкершілігіне, олардың ынтымақты өзара көмегіне негізделген халықты әлеуметтік қорғаудың Концепциясы мақұлданды. Нарықтық экономикаға бара-бар қазақстандық әлеуметтік қорғау моделінің ерекшелігі базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың, міндетті әлеуметтік сақтандырудың, жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз етудің және әлеуметтік көмектің үйлесімі болып табылады. 

Қай кезде болмасын халықты әлеуметтік қорғау және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелері мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік қорғау саласының сарапшылары үшін міне биыл үшінші жыл әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің, оның ішінде әлеуметтік сақтандырудың аса өзекті және маңызды мәселелерін бірігіп талқылау үшін Қазақстанда жиналу дәстүрге айналып отыр. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, Астана қаласында үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегінде «Әлеуметтік жаңғырту – жаңа әлеуметтік саясат» тақырыбына өткізілетін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыруда әлеуметтік жаңғыртуды қолға алу жолымен халықтың әл-ауқатын нығайтуға бағытталған өзекті міндеттердің бірі болып табылады. 

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің, атап айтқанда, оның құрамды бөліктері бірінің - жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен - еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:

1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;

2) әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.

Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің мынадай негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады.

1. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті сипаты.

Әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік салық төлейтін жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар төлейді. Сонымен қатар төленген әлеуметтік аударымдар сомасына төлеушілер әлеуметтік салық сомасын азайтатындықтан әлеуметтік сақтандыруды енгізу салық ауыртпалығын түсірмейді. Бұл жағдайда әлеуметтік салық қаражаты мақсатты түрде әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталады. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдар міндетті сипат алатынын атап өткен жөн. Бұл ретте әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдерді жүйеге қатысушылар, яғни әлеуметтік аударымдар төленген тұлғалар ғана алады және әлеуметтік төлемдердің мөлшері төленген әлеуметтік аударымдар көлеміне байланысты болады.

2. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің келесі бір маңызды ерекшелігі - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы болып табылады.

Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыра отырып акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған. Қордың акционерлік қоғам нысанында құрылуы бірнеше мақсатты алға қойды. Ең бастысы заңи тұлға мәртебесінің болуы Қорға мемлекеттік бюджетке салмақ салмай әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерге жауаптылық жүктейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың әлеуметтік төлемдерге төленуі, Қордың қызметін бақылау және қадағалау, оның қызметінің коммерциялық емес сипатын, жеке бухгалтерлік есепті жүргізуін, инвестициялық қызметтердегі және басқа шектеулерді ескере отырып Қордағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктер заңнамалық шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар тиісінше қаржылық және басқа есептеме Қордың акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеуі әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы кез келген міндеттемелерді ескермеуге мүмкіндік бермейді. Соңғы жағдай сондай-ақ әлеуметтік сақтандырудың отандық моделінің қаржылық ерекшеліктерімен өзара байланысты.

3. Резервтерді қалыптастыру - әлеуметтік сақтандыруды қаржыландыру әдісі.

Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік сақтандыруды қаржыландырудың екі негізгі әдісі қалыптасқан. Ынтымақтастық қаржыландыру («pay-as-you-go» немесе «бірден төле» деген мағынаны білдіреді) - бұл жүйеге төленетін ағымдағы жарналар ағымдағы жәрдемақыны төлеу үшін пайдаланылатын қаржыландыру әдісі.

4. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің тағы бір ерекшелігі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары арасындағы қызметтерді бөлу болып табылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қордың қызметіне бақылау және қадағалау жұмыстары бекітілген.



ҚОРЫТЫНДЫ
Халықтың әл-ауқатын үнемі жақсартып отыру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытының басты мақсаты болып табылады. Сондықтан мемлекетіміз азаматтардың әлеуметтік қолдауға зәру секілді белгілі бір топтарын жүйелі және тұрақты түрде ерекше қамқорлыққа алады.

Осы орайда зерттеу жұмысында жүргізілген жан-жақты талдаулар келесідей қорытынды мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

1. Әлеуметтік қорғаудың негізгі даму жүйесі ретінде қоғамның әрбір мүшесінің әлеуметтік әл – ауқатына рационалды бөлудің бес субъектісі: мемлекет, аймақ, жұмыс беруші, жұмыскерлер мен қоғамдық қайырымдылық

Әлеуметтік қамсыздандыру бағыты – қоғам мүшелеріне әлеуметтік кепілдіктер беруге, сондай-ақ мемлекеттің мекемелер тарапынан жәрдемге мұқтаж топтары әлеуметтік қорғауға бағытталады. Ол экономикалық саясаттың келеңсіз зардаптарын азайтуды экономикалық тиімділікпен әлеуметтік әділеттілікті ұштастыруды мұрат тұтады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржыландыру тұжырымдамасын дайындауда негізгі бес институционалдық нысандарды бөліп көрсетуге болады:

- мемлекет бюджеті арқылы қаржыландырылатын әлеуметтік көмектер;

- арнаулы мемлекеттік қызмет атқаратын жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау (әскери қызметкерлер, полиция қызметкерлері);

- міндетті әлеуметтік сақтандыру;

- жұмыскерлер немесе жұмыс берушілер қаржылары арқылы жүргізілетін ерікті жеке сақтандыру;

- жұмыс берушінің қаржылары арқылы жүргізілетін әлеуметтік қорғау, яғни корпоративтік қаржыларды әлеуметтік қорғауда қолдану;

2. Аймақ деңгейіндегі әлеуметтік қорғау жүйесі ғылыми принциптерде қалыптасулары, әлеуметтік проблемаларды практикалық жүзеге асыру әдістерінен тұруы, унификацияланған көзқарастар мен ұсыныстарды дайындаудың мүмкін еместігін алдын ала анықтайтын аймақтық экономикалық, құқықтық демографиялық ерекшеліктерін ескерулері тиіс.

3. Аймақтық деңгейдегі әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасы ету саясатын жүзеге асыруда бірқатар кемшіліктер бар. Қызылорда облысындағы халықтың әлеуметтік осал категорияларын әлеуметтік қорғау бойынша қабылданған жеке бағдарламалар аймақтық әлеуметтік саясаттағы күштердің өзара шиеленісуінің және координациялануының болмауын көрсетеді. Облыс деңгейінде сол немесе басқа проблемалардың болжамы мүмкіндігінің болмауын бюджеттік сияқты жеке тартылған қаражаттарды да жеткіліксіз түрде тиімді пайдалануын білдіретін аймақтың әлеуметтік дамуының өзіндік перспективті бағдарламасы жоқ.

4. Әлеуметтік сақтандыру қоғамдық игілік туралы қамқорлық идеясына негізделген және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігін құрады. Ол, бір жағынан, осы саясатты іске асыру механизмі ретінде, халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың негізі ретінде; басқа жағынан, объекті жалпы бүкіл халық, сол сияқты әлеуметтік тәуекелдердің болу критерийлері бойынша бөлінген жекелеген әлеуметтік топтар болып табылатын қартайған, денсаулықты, мүліктік мүдделерді қорғау жағдайында азаматтарды материалдық қамтамасыз ету жүйесі ретінде болып келеді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қаржылық механизмі әлеуметтік салықтар мен сақтық жарналары есебінен сақтық қорларын қалыптастыруға негізделген.

Әлеуметтік сақтандыру тым жалпы жүйе - әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының бірі болып табылады. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.

5. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті сипаты.

Әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік салық төлейтін жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар төлейді. Сонымен қатар төленген әлеуметтік аударымдар сомасына төлеушілер әлеуметтік салық сомасын азайтатындықтан әлеуметтік сақтандыруды енгізу салық ауыртпалығын түсірмейді. Бұл жағдайда әлеуметтік салық қаражаты мақсатты түрде әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталады. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдар міндетті сипат алатынын атап өткен жөн. Бұл ретте әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдерді жүйеге қатысушылар, яғни әлеуметтік аударымдар төленген тұлғалар ғана алады және әлеуметтік төлемдердің мөлшері төленген әлеуметтік аударымдар көлеміне байланысты болады.

6. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің келесі бір маңызды ерекшелігі - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы болып табылады.

Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыра отырып акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған. Қордың акционерлік қоғам нысанында құрылуы бірнеше мақсатты алға қойды. Ең бастысы заңи тұлға мәртебесінің болуы Қорға мемлекеттік бюджетке салмақ салмай әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерге жауаптылық жүктейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың әлеуметтік төлемдерге төленуі, Қордың қызметін бақылау және қадағалау, оның қызметінің коммерциялық емес сипатын, жеке бухгалтерлік есепті жүргізуін, инвестициялық қызметтердегі және басқа шектеулерді ескере отырып Қордағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктер заңнамалық шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар тиісінше қаржылық және басқа есептеме Қордың акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеуі әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы кез келген міндеттемелерді ескермеуге мүмкіндік бермейді. Соңғы жағдай сондай-ақ әлеуметтік сақтандырудың отандық моделінің қаржылық ерекшеліктерімен өзара байланысты.



ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ
1 Қазақстанда қазіргі жағдайда халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету ерекшеліктері //«Әуелбек Қоңыратбаев оқулары» атты республикалық ғылыми – теориялық конференция материалдары. 15 сәуір, 2011 жыл, Қызылорда.

2 Әлеуметтік қауіпсіздік стратегиясының мақсаттары//Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияның материалдары «Жаһандану жағдайларындағы тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы және бәсекеге қабілеттілігінің өзекті мәселелері», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 2012 жыл, Қарағанды.

3 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау// Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Экономика» факультетінің 20 – жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы – экономикалық өрлеу» атты облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдар жинағы, Қызылорда, 2012 жыл.

4 Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету// Білім және инновация. Оқу - әдістемелік, педагогикалық журнал, № 1(7) 2012 жыл.



РЕЗЮМЕ
Прназарова Айгерим Ералиевна
Пути совершенствования финансового обеспечения системы социальной защиты населения

(на материалах Кызылординской области)
на соискание академической системы магистра экономических наук по специальности 6М050600 – Экономика
Объект исследования – объекты финансового обеспечения системы социальной защиты населения

Предмет исследования – экономические отношения процесса финансового обеспечения системы социальной защиты населения

Цель исследования – систематическое исследование теоретических основ финансового обеспечения системы социальной защиты населения и предложение механизма финансового обеспечения.

Теоретическая и методическая основа исследования – нормативные и правовые акты Республики Казахстан, связанные с финансовым обеспечением системы социальной защиты населения, указы и постановления Правительства по вопросам решения экономических проблем Кызылординской области, другие государственные документы, методические и справочные сведения.

Источниками информации послужили данные Министерства труда и социальной защиты населения, Агентства по статистике Республики Казахстан, Кызылординского областного департамента по статистике.



Научная новизна исследования:

- систематизация теоретических изысканий понятия «финансового обеспечения системы социальной защиты населения»;

- обоснована необходимость выделения средств и открытия представительств для развития региона с целью повышения эффективности финансового обеспечения системы социальной защиты населения;

- проанализированы актуальные проблемы совершенствования пенсионного обеспечения и предложены пути их решения.

Научно-практическая значимость работы. Предложения, концепции и результаты исследования, приведенные в диссертационной работе, можно использовать в разработке государственных и региональных средне- и краткосрочных программ развития, в претворении в жизнь мероприятий по решению социально-экономических проблем населения.
SUMMARY
Prnazarova Aygerim Eraliyevna
Ways of improvement of financial support of population’s social protection system (on materials of Kyzylorda area)
on receiving of the academic degree of the economic science’s master

on specialty 6М050600 – Economy
Object of research – objects of financial support of population’s social protection system.

Subject of research – the economic relations of process of financial security of population’s social protection system.

Research objective – systematic research of theoretical bases of financial support of population’s social protection system and offer of the mechanism of financial support.

Theoretical and methodical basis of research – the standard and legal acts of the Republic of Kazakhstan connected with financial support of population’s of social protection system, decrees and resolutions of the government concerning the solution of economic problems of Kyzylorda area, other state documents, methodical dates.

As sources of information dates of the Ministry of Labour and Social Protection of the population, Agency of Statistics to the Republic of Kazakhstan, Kyzylorda regional department statistically used.



Scientific novelty of research:

- ordering of theoretical researches of concept of «financial security of population’s of social protection system»;

- need of assignment and opening of representations for region development for the purpose of increase of efficiency of financial support of population’s of social protection system is proved;



- actual problems of improvement of provision of pensions are analysed and ways of their decision are offered.

Scientific and practical importance of work. Offers, the results of research given in dissertational work are possible to use in development of the state and regional average and short-term programs of development, in implementation of actions for the solution of social and economic problems of the population.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет