Процестері мен аппараттары



Pdf көрінісі
бет20/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
procester men apparattar

Жіктеу (сорттау)біртекті материалды мөлшері, пішіні және сапасы 
бойынша бөлу процесі. Технологиялық талаптар бойынша материалдарды 
өңдеу кезінде жіктеуді жиі қолдану талап етіледі. Бұл кезде материалдардың 
мөлшері, пішіні және сапасы қатаң белгілі бір шектерде болады. Мысалы, 
жемістер мен көкөністерді инспекциялау және консервілеу кезінде аталған 
белгілер бойынша жіктейді. 


41 
Тамақ өнеркәсібінде жиі қолданылатын механикалық процестердің бірі 
престеу болып табылады. бұл кезде арнаулы механикалық құрылғылар престер 
көмегімен сыртқы қысым әсер етеді. Престеу мынадау мақсататрды көздейді: 
- қаты денеден сұйықты ажырату; 
- пластикалық материалдарды қалыптау (формалау); 
- сусымалы материалдарды нығыздау; 
- материалдарды тесіктерден сығып шығарып, қажетті пішінді өнім алу 
(экструзия). 
 
3.2 Ұсақтау машиналарының негізгі типтерінің құрылымы 
Барлық ұсақтау машиналары ұнтағыштар мен диірмендерге бөлінеді. 
Ұнтақтағыштарды ірі және орташа ұнтақтау үшін, ал диірмендерді – орташа, 
ұсақ, жұқа және коллоидты ұсақтауда қолданады.
Барлық ұсақтау машиналарына жалпы талаптар қойылады: 
- ұсақталған материал кесектерінің біркелкілігі; 
- жұмыс кеңістігінен ұсақталған кесектердің жойылуы; 
- шаң қалыптасуы төмен деңгейде болуы; 
- жүктің үздіксіз және автоматты түсірілуі; 
- ұсақтау дәрежесін реттеу мүмкіндігі; 
- жылдам тозатын бөліктерді жеңіл ауыстыру мүмкіндігі; 
- өнім бірілігіне энергияның аз шығымы. 
Негізгі ұсақтау машиналары келесі типтерге бөлінеді: 
- жақты, гирациялық (жартылай дірілді), балғалы ұнтақтағыштар және 
соққылы әрекетті ұнтақтағыштар; 
- үйкеліс машиналары; 
- білікшелі ұнтақтағыштар мен жүгіргіштер; 
- шарлық және сырықты (стержневые) ұнтақтағыштар; 
- сақиналы, дірілді және коллоидты диірмендер. 
11-суретте ұнтақтағыштардың негізгі сызбалары көрсетілген. 
Кесуге арналған қоңдырғылар жіктеледі: 
1) бағыты бойынша – сынғыш, қатты, серпінді және әртекті 
материалдарды кесуге арналған; 
2) әрекет ету принципі бойынша – кезеңді, үздіксіз және комбинирленген; 
3) кесу құралының түрі бойынша – пластинкалы, дискілі, ішекті, көлбеу, 
роторлы, ағынды (сұйықтық және пневматикалық), ультрадыбысты және 
лазерлік.
4) кесу құралының қозғалу сипаты бойынша – айналмалы, ілгері-кейінді, 
жазық-параллелді, бұрылмалы және дірілді қозғалысты; 
5) кесу кезіндегі материал қозғалысының сипаты және оны бекіту түрі 
бойынша. 
Кесуге арналған ең үлкен өнімділікті машиналарды қант зауыттарында 
қолданады. Ет және консерві өнеркәсібінде волчок деп аталатын ет, картоп 
және қызылша кесуге арналған машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен 
қатар етті жұқа ұсақтау үшін куттер деп аталатын машиналар пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет