Профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы



бет1/3
Дата01.07.2016
өлшемі3.66 Mb.
#171042
  1   2   3



«Инфекциялық аурулардың (обаның,

тырысқақтың) алдын алу бойынша

санитариялық-эпидемияға қарсы

(профилактикалық) іс-шараларды

ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының


3 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (А.Б. Мәтішев) заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылыковқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министр Е. Досаев


«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

___________ Т. Дүйсенова
2014 ж. «____» _________


«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауылшаруашылық министрі

___________ А. Мамытбеков
2014 ж. «____» _________



Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы « » _ _ ____

№ _____ бұйрығымен

бекітілген



«Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу, обаның және тырысқақтың эпидемиялық ошақтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Обаға қарсы ұйымдар, ал олар болмаған жағдайда – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтардағы аумақтық бөлімшелері аумақтық медициналық ұйымдарға консультациялық-әдістемелік көмекті жүзеге асырады.

3. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары (дезинфектанттар, инсектицидтер, родентицидтер) пайдаланылады.

4. Осы Санитариялық қағидалардың орындауын бақылауды Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.



5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

  1. алдын алу іс-шаралары – профилактикалық іс-шаралар;

  2. аса қауіпті инфекциялар – өлім-жітім жоғары болып (эпидемиялық белең алулар мен эпидемиялар), адамдардың көпшілігіне тез таралатын және жұғатын, адамнан адамға берілетін ауру;

  3. бактериологиялық мониторинг – халық арасында және сыртқы ортаның объектілерінде тырысқақ вибрионының пайда болуын уақтылы айқындау мақсатында бактериологиялық зертханалық бақылау жүйесі;

  4. далалық материал – қоздырғыштың айналымын анықтау мақсатында оларға зертханалық зерттеу жүргізу үшін алынған қоршаған ортаның объектілері, зооноздық инфекциялардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар мен таратушылар;

  5. дезинсекция – жәндіктерді және басқа да буынаяқтыларды жою;

  6. дератизация – кеміргіштерді жою;

  7. инфекцияны таратушылар – оба қоздырғышының берілуінің трансмиссиялық тетігін айқындайтын, әсіресе буынаяқтылар, атап айтқанда қансорғыш жәндіктер мен кенелер;

  8. инфекцияны тасымалдаушылар – табиғатта ауру қоздырғышының қоры болып табылатын, бірінше кезекте кеміргіштер мен басқа да сүтқоректі жылықанды жануарлар;

  9. карантин – карантиндік аурулардың әкелінуінің, сыртқа шығарылуының және өзге де таралуларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын әкімшілік және медициналық-санитариялық шектеу іс-шараларының кешені;

  10. карантиндік аурулар – жоғары жұқпалылық дәрежесімен және жоғары өлім-жітімдікпен сипатталатын инфекциялық аурулар;

  11. қ ауіп төндіретін аумақ – адамдардың тырысқақпен сырқаттануы жағдайларының туындау қаупі бар аумақ;

  12. қорғаныс аймағы – инфекцияны тасымалдаушылар және/немесе таратушылар жойылған елді мекеннің айналасындағы аумақ;

  13. оба – инфекциялық үдеріс өте тез дамитын және ауыр өтетін, науқастардың өлім-жітім деңгейі жоғары болатын және эпидемиологиялық әлеуетімен адамды және кейбір үй жануарларын зақымдайтын аса қауіпті табиғи-ошақтық зооноз;

  14. обаның табиғи ошағы – сырттан келмей, бұрыннан белгісіз ұзақ уақыт ауру қоздырғышының айналымы жүзеге асырылатын жер бетінің учаскесі;

  15. обаның табиғи ошақтылығы (энзоотия) – оба қоздырғышының табиғи экожүйелерде адамға қатынасынсыз өздігінен тіршілік етуі;

  16. реконвалесцент – ауырып жазылған адам;

  17. уытты емес тырысқақ – қой эритроцитін гемолиздеуші және холероген шығармайтын, тырысқақ вибриондарынан туындаған ауру;

  18. тырысқақ – қой эритроцитімен гемолизденбейтін және холероген шығаратын, тырысқақ вибриондарынан туындаған жұғу дәрежесі жоғары, организмнің сусыздануымен, уланумен және гастроэнтеритпен, су-тұз, белок алмасуының бұзылуымен сипатталатын, қоздырғышы ауыз-нәжіс механизмі арқылы берілетін антропонозды бактериялы инфекциялық ауру;

  19. эпидемиялық асқыну – эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізуді талап ететін қоздырғыштың халық арасында таралуы;

  20. эпидемиялық ошақ – науқас адамның (мәйіттің) болған орны.



2. Обаның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


  1. Қазақстан Республикасы аумағында обаның табиғи ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.

  2. Оба бойынша энзоотиялық аумақта далалық жағдайларда шаруашылық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар штаттық персоналды және тартылған адамдарды табиғи ошақтағы санитариялық эпидемиологиялық жағдай, жеке қорғаныш шаралары бойынша және обамен сырқаттануға күдіктену жағдайы кезіндегі әрекеттер туралы хабардар етеді, сондай-ақ қауіпті эпидемиялық жағдай туындаған кезде адамдарды  қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.

  3. Аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары денсаулық сақтау ұйымдарымен және обаға қарсы күрес ұйымдарымен бірлесіп, аумақтарды санитариялық қорғау жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың жедел және кешенді жоспарларын әзірлейді, олар:

  1. аумақтың әлеуетті қауіпті дәрежесін ескере ала отырып, обаны тұрақты эпидемиялогиялық қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;

  2. оба бойынша эпидемиялық асқынулар туындаған жағдайда ведомстволық және обаға қарсы күрес ұйымдарын қоса алғанда, аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарының тұрақты даярлығын және өзара іс-қимыл қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;

  3. инфекцияның табиғи ошақтарының аумағында тұратын тұрғындарды  обамен сырқаттануын, оны табиғи ошақтардан әкетілуінің, шетелден әкелінуінің және Қазақстан Республикасы аумағында эпидемиялық таралуының алдын алуға бағытталған жұмыстарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін;

  4. обамен сырқаттанудың бірен-саран және жаппай жағдайлары туындаған кезде сол үшін қажетті күштер мен құралдарды есептей отырып, обаның эпидемиялық ошағын уақтылы таратпауға және жоюға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар кешенін;

  5. оба бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін медициналық құрылымдарды өрістетуге медициналық ұйымдардың әзірлігін қолдауды;

  6. обаның эпидемиялық ошағын оқшаулау және жою үшін өрістетілетін мамандандырылған құрылымдардың медициналық персоналын даярлау тәртібін;

  7. обаның алдын алу мәселелері бойынша халықтың білімін арттыруға бағытталған санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді.

  1. Медициналық ұйымдар эпидемиялық маусым басталғанға дейінгі бір айдан кешіктірмей жыл сайын жылдың ауа райы климаттық жағдайларына байланысты аумақтық обаға қарсы ұйымдар жыл сайын айқындайтын обаға қарсы ұйымдармен келісілген халықтың қауіп төндіретін контингенттерін обаға қарсы вакцинациялауды жүргізеді. Обаға қарсы вакцинациялауды жүргізудің уақтылығы мен толықтығын бақылауды аумақты санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жүзеге асырады.

  2. Ведомстволық тиесілігіне және меншік нысандарына қарамастан, медициналық ұйымдар және жеке медициналық практикамен айналысатын адамдар осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен адамдардың обамен және тырысқақ пен сырқаттануы немесе күдіктену туралы шұғыл хабарлаудың үлгілік схемасына сәйкес обамен сырқаттанудың немесе сырқаттануға күдіктенуді анықталған әрбір жағдайы туралы аумақтық мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау органдарын, обаға қарсы күрес ұйымдарын шұғыл хабардар етеді.

  3. Обаға күдіктену кезіндегі далалық, клиникалық және патологиялық-анатомиялық материалдың зертханалық зерттеулерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Зертханаларға және зертханалардағы жұмыс жағдайларына қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар саласындағы санитариялық қағидаларға сәйкес патогендігі I (бірінші) топтағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге Орталық режимдік комиссияның рұқсаты бар обаға қарсы күрес ұйымдарының бактериологиялық зертханалары орындайды.

  4. Обаға қарсы күрес станциялары өздеріне бекітіліп берілген оба бойынша энзоотиялық аумақта:

  1. халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен жоспарларға және бақылау сандарына сәйкес оның нәтижелерін бағыныстылығы бойынша, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына және жергілікті атқарушы билік органдарына ұсына отырып, эпизоотологиялық зерттеулерді;

  2. обаға күдіктену кезінде ауырған адамдардың материалын зерттеуді;

  3. эпидемиологиялық көрсеткіштер мен бақылау сандарына сәйкес жоспарлы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды орындауды;

  4. шұғыл жағдайларды тіркеу кезінде жоспардан тыс (шұғыл) іс-шараларды жүргізуді – обамен ауыратын түйенің болуы, стационарлы және уақытша елді мекендерге жақын жерлерден, адамның шаруашылық жүргізуінің басқа да объектілері, көлік жолдары және т.б. айналасынан обаның жіті және жайылған эпизоотиясын анықтауды;

  5. энзоотиялық аумақта адамдардың обаны жұқтыруын қатерлі топтарын айқындауды және мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қызмет салауаттылық саласындағы уәкілетті органдарға ақпарат беруді;

  6. энзоотиялық аумақта медицина қызметкерлері үшін обаның клиникасы, диагностикасы, емдеу мәселелері бойынша оқыту семинарларын, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді, адамдарды вакцинациялауды;

  7. ветеринариялық саладағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшілері мамандарымен түйелерде болатын обаның профилактикасы мәселелері және оларды вакцинациялау әдістемесі бойынша семинарларды және нұсқау берулерді;

  8. обаның профилактикасы бойынша халықпен санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді.

  1. Обаның табиғи ошақтарында жүргізілетін негізгі алдын алу іс-шараларының көлемі мен сипатын халықтың санитариялық эпидемиялогиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

  2. Обаның табиғи ошақтары аумағындағы заңды және жеке тұлғалардың объектілерінде:

  1. кеміргіштердің енуі және мекендеуі үшін жағдай туғызбау мақсатында елді мекендердің аумағын күтіп-ұстауға және ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиялық талаптарды орындау;

  2. елді мекендердің аумағында немесе олардың шегінде орналасқан объектілерде (ұйымдарда) дератизациялау және дезинсекциялау жүргізу және ұйымдастыру;

  3. аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), обаға қарсы іс-шараларды жүзеге асыратын обаға қарсы күрес ұйымдары қызметкерлерінің ұйымның аймағына және сол жерде орналасқан объектілерге кіруіне рұқсат ету және дератизациялау, дезинсекциялау жұмыстарын жүргізу;

  4. обаға қарсы күрес ұйымдарының, аумақтық санитариялық эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының және лицензиясы бар ұйымдар мамандарының күшімен өз аумағында және онда орналасқан объектілерде дератизациялау және дезинсекциялау жүргізу;

  5. обаға қарсы күрес ұйымдары және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мамандарының халық арасында обамен сырқаттанушылықтың алдын алуға бағытталған нұсқауларын міндетті түрде орындау қамтамасыз етіледі.

  1. Табиғи ошақтың аумағында орналасқан немесе соған жіберілетін жеке тұлғаларға эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен кезде обаға қарсы вакцинациялау жүргізіледі.

  2. Вакцинациялауды жүргізу мерзімдерін және оны бақылауды, сондай-ақ вакцинациялауға жататын топтарды обаға қарсы күрес ұйымдарының келісімі бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары айқындайды.

  3. Иммундық-профилактиканы аумақтық медицина ұйымдары белгіленген мерзімде және обаға қарсы вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады.

  4. Меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан, медициналық ұйымдар:

  1. дене қызуы жоғары, лимфаденттермен және обаға тән басқа да белгілермен сүйемелденетін аурулармен ауырып жазылған адамдарды анықтау үшін обаға қарсы күрес ұйымдарының мамандарына медициналық құжаттарды беруді;

  2. обамен ауыратын науқастар анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге госпитальдық базаның (обамен ауыратын науқастарға арналған инфекциялық госпитальдың, байланыста болған адамдарға арналған изолятордың, провизорлық госпитальдың) және басқа да медициналық мекемелердің дайындығын;

  3. обаның эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы және профилактикасы мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің дайындығын, обамен ауыратын науқас (күдікті) анықталған кезде алғашқы эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді;

  4. обамен ауыратын шартты науқасты енгізу арқылы оқу-жаттығуларды (сабақтарды) ұйымдастыруды және жүргізуді;

  5. оба бойынша ошақтық аумақтағы халықтың, әсіресе табиғатта обаны жұқтырудың жоғары қаупі болатын декреттелген контингенттердің саны және таралуы туралы мәліметтер жиынтығын;

  6. тұрғылықты тұратын жерлерге барған кезде вахталық қызметкерлерді медициналық қадағалауды;

  7. осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген Медициналық ұйымдардың сынама алуға арналған қорғаныш костюмдермен, жеке қорғаныш заттарымен, дезинфекциялау құралдарымен және тұзды ерітінділермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптарға сәйкес материал жинауға арналған, қорғаныш костюмдердің, персоналдың жеке қорғаныш заттарының, дезинфекциялау құралдары жиынтығының болуын қамтамасыз етеді.

  1. Кеміргіштер арасында обаның эпизоотиялары анықталған орындарда обаға қарсы күрес ұйымдарының ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссиялар қауіп төндіретін аумақта шаруашылық, іздеу және өзге де қызметке мынадай уақытша шектеулер енгізеді:

  1. малды жаюға және айдауға тыйым салу;

  2. аңшылық кәсібін жүргізуге тыйым салу;

  3. жаппай іс-шаралар жүргізуге тыйым салу;

  4. жем-шөптерді, дақылдарды және басқа да эпидемиялық маңызы бар қауіпті жүктерді эпизоотиялық аумақтан тыс шығаруға тыйым салу.

  1. Оба ауруына күдікті түйелер анықталған кезде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары оларды негізгі табыннан бөледі, күре тамырдан шығатын тамырдан алынған жануарлардың қандарын және ұлғайған бездерінен алынған пунктатты жақын жердегі обаға қарсы күрес зертханасында бактериологиялық және серологиялық әдіспен зерттейді. Оқшауланған жануарлар күнделікті термометрлеуден өтуі тиіс, егер дененің қызуы төмендемей, түйелердің жағдайы нашарласа, оларды мал өлекселерін көметін орында сояды. Обамен ауыратын түйелерге емдеу жүргізілмейді. Түйелердің өлекселері өртеледі және көміледі. Түйенің өлген орны және ашып қаралған орны дезинфекцияланады.

  2. Мәжбүрлеп сойылған және өлген түйелердің өлекселері обаға қарсы күрес ұйымынан келген маманның қатысуымен сойылып, ашып қаралады. Секциялық материалды обаға қарсы күрес зертханасында оба қоздырғышына зерттейді.

  3. Сау түйелердің жүні инсектицидтермен өңделуі тиіс, екі қабатталған қорапқа орайды және шектеу іс-шараларды өзгертілгеннен кейін ыстық сумен өңдеу үшін жүнді жуатын жерге жібереді, ол туралы ветеринариялық сертификатқа тиісті белгі қояды. Алдын ала ветеринариялық куәландырылмай, өлген түйелерден алынған терісі мен жүні дезинфекциялануы немесе өртелуі тиіс.

  4. Обаның эпизоотиясының өту кезеңінде әрбір түйе ветеринариялық бақылауға жатады. Бұл уақытта диагнозы қойылмаған ауру түйелерді союға тыйым салынады. Сау жануарларды сою жануарларды он күн бақылағаннан кейін ветеринариялық дәрігердің рұқсатымен жүргізіледі, өлген және мәжбүрлеп сойылған түйелер оба қоздырғышына зерттеуге жатқызылады.

  5. Қазақстан Республикасының барлық аумағында түйелерді алдын ала вакцинациялауды өндірушінің обаға қарсы вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулығында көзделген тәртіппен және мерзімде ветеринария саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің бақылауымен ветеринария мамандары жүргізеді. 14 күн ішінде барлық вакцинацияланған жануарларға бақылау жүргізіледі.

  6. Жануарларды обаға қарсы вакцинациялауды жүргізу вакцинацияланған жануарлардың санын, вакцинаны өндіруші кәсіпорынның толық атауы, сериясы мен бақылау нөмірлері, дайындалған уақыты және жұмсалған вакцинаның санын көрсете отырып, актімен ресімделеді. Актіге мал иесі қол қойған вакцинацияланған жануарлардың тізімі қоса беріледі.

  7. Тиісті аумақтардың мемлекеттік веринариялық-санитариялық инспекторларының талабы бойынша жануарлар обаға қарсы профилактикалық вацинациялануға әкелінуге тиіс.

  8. Жаңадан сатып алынған жануарлар туралы тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларын хабардар ету қажет.

  9. Тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатынсыз түйелерді мәжбүрлеп союға тыйым салынады.

  10. Жануарлардың ауруы, мәжбүрлеп сойылуы немесе өлу жағдайы туралы тиісті аумақтың ветеринариялық-санитариялық инспекторына тез арада хабарланады.

  11. Мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындаумен, қайта өңдеумен, өткізумен айналысатын ұйымдарда жыл сайын және жұмысқа қабылдану кезінде өндірістік қызметі малды бағумен, күтіп-ұстаумен, өсірумен, мал шаруашылығы шикізаты мен өнімін сақтаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және сатумен байланысты қызметкерлерді обаның алдын алу қағидаларына оқыту жүргізіледі.

  12. Аумақтық ветеринариялық-санитариялық бақылау органдары және жергілікті атқарушы органдар обаға қарсы күрес ұйымдарын оба белгілері бар түйелердің ауруының барлық жағдайлары, аурудың белгісіз клиникалық көрінісі бар және түйелердің белгісіз себептермен өлген жағдайлары туралы хабардар етеді.

  13. Халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыратын ұйымдарда көлік құралдарының иелері және мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің басшылары санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын обаға қарсы күрес ұйымдары және санитариялық бақылау жүргізетін аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мамандарының эпизоотологиялық тексеру жүргізу үшін ұйымның аумағына, оба бойынша қолайсыз елдерден келген көлік құралдарына, сондай-ақ жүктер мен тауарларды уақытша сақтау үй-жайларына кіруіне рұқсат етілуін қамтамасыз етеді.

  14. Халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыратын ұйымдар және көлік құралдарының иелері мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның шешімі бойынша обаны жұқтыруға күдік тудыратын, келген көлік құралын санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) обаға қарсы күрес іс-шараларын жүргізу үшін санитариялық тұраққа (айлаққа, тұйыққа, алаңға) жібереді.

  15. Ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тыс тауарлары мен жүктері бар контейнерлер мен лихтерлерді алғаннан және ашқаннан кейін оларда кеміргіштер немесе олардың сол жақта тіршілік ету іздері, сондай-ақ эктопаразиттері анықталған кезде ол туралы тез арада аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарын хабардар етеді.

  16. Қазақстан Республикасының аумағына ветеринариялық сертификатсыз әкелінген терісі бағалы жануарлардың (сарышұнақ, суыр және т.б.) терілері «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес жойылуға жатқызылады.

  17. Алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар науқастың обамен сырқаттануына немесе қайтыс болған адамның обамен сырқаттанғанына күдік туындағаннан кейін ошақты ресми ашқанға дейін жүргізіледі.

  18. Алғашқы эпидемияға қарсы іс-шараларға мыналар жатады:

  1. Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес обаға күдікті науқас немесе қайтыс болған адам анықталғаны туралы тез арада ақпарат беру;

  2. науқасты оқшауланған палатаға немесе (боксқа) емдеуге жатқызу, мәйітті мәйітханаға жеткізу немесе (оларды медициналық мекемелерге жеткізу мүмкін болмаған жағдайда) сол жерде науқасты немесе мәйітті және олармен байланыста болған адамдарды саралап оқшаулау;

  3. кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету және оқшаулау жағдайларын, жеке қауіпсіздігін (бірінші типтегі қорғаныш костюмін қолдану) қамтамасыз ету үшін қажетті сақтық шараларын сақтай отырып, мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін жұқпалы аурулар бөлімшесіне науқасты тасымалдау; науқасты тасымалдаудың мүмкіндігі немесе қажеттілігі болмаған кезде (обаның өкпе немесе ішек түріне күдіктенгенде, ауыр жағдайы, мамандандырылған көліктің болмауы) оның тұратын жеріне мамандар бригадасын шақыру;

  4. эпидемиологиялық анамнез жинау;

  5. науқастың (мәйіттің) болған орнын, оның ішінде оны тасымалдаған құралдарды, сондай-ақ жұқтыруы мүмкін болған басқа да объектілерді дезинфекциялау.

  1. Обаның эпидемиялық ошағы төтенше жағдайлар бойынша аумақтық комиссияның арнайы шешімімен «оба» диагнозы ресми қойылғаннан кейін ашылады. Осы шешіммен обаға қарсы күрес ұйымының немесе мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінің ішінен ошақтың бастығы сайланады, сондай-ақ ошақ штабы құрылады, соның басшылығымен төменде көрсетілген іс-шаралар жүзеге асырылады.

  2. Обаның эпидемиялық ошағындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар ұйымдастыру және функционалдық екі бөліммен байланысты, ол ошақты таратпаудан және оны жоюдан тұрады.

  3. Обаның эпидемиялық ошағын таратпау және жою бойынша іс-шаралар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.

  4. Іс-шаралардың көлемі мен сипаты оба жағдайының анықталғаны туралы қорытындыны алғаннан кейін тез арада жүргізілетін эпидемиологиялық тексеру деректерімен айқындалады.

  5. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде обаның эпидемиялық ошағы аймағындағы карантин Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді, сондай-ақ халық тұрмысының және кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметті жүргізудің ерекше шарттары мен режимдерін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  6. Обаның эпидемиялық ошағында шектеу іс-шараларын қамтамасыз ету үшін басқа ведомстволардың күштері мен құралдарын тарту, ауыл шаруашылығы және үй жануарларын бақылау мәселелері төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссияның қарамағында болады және жергілікті атқарушы билік органдарының келісімі бойынша және аумақтық кешенді жоспарға сәйкес шешіледі.

  7. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жедел жүргізу және жұмыстың эпидемияға қарсы режимін қамтамасыз ету мақсатында обаның эпидемиялық ошағында медициналық жасақтардың персоналы оның ашылу сәтінен бастап және ресми түрде жабылуына дейін казармалық жағдайға ауысады.

  8. Обаның ошағын таратпау бойынша іс-шаралар науқастан немесе мәйіттен адамға жұғуының алдын алуға және биологиялық және биологиялық емес сипаттағы залалданған объектілердің аумақтық таралуын шектеуге бағытталған. Ошақты таратпау мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:

  1. обамен ауыратын науқасты анықтау;

  2. обамен ауыратын науқасты емдеуге жатқызу;

  3. обадан қайтыс болған адамдарды анықтау;

  4. обадан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін жерлеу;

  5. обаны жұқтырған объектілермен байланыста болған адамдарды анықтау және оқшаулау;

  6. карантиндік іс-шаралардың қажеттілігін, мерзімдері мен көлемін айқындау және оларды іске асыру;

  7. обаға күдікті белгілері бар адамдарды провизорлық емдеуге жатқызу;

  8. обаның диагностикасы мен науқастарды оқшаулауды жеделдету үшін медициналық мекемелерге қаралу кезінде және тұрғылықты мекенжайы бойынша тұрғындарды медициналық бақылау;

  9. ағымдағы және қорытынды дезинфекциялау жүргізу.

  1. Обаның эпидемиялық ошағы:

  1. обамен ауыратын науқасты (науқастарды) емдегеннен және емдеп шығарғаннан кейін;

  2. жұқтырылған объектілермен байланыста болған адамдарды профилактикалық емдегеннен және емдеп шығарғаннан кейін;

  3. дератизация, дезинсекция және қорытынды дезинфекция бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін жойылған болып есептеледі.

  1. Емдеу аяқталғаннан кейін пациентті мынадай шарттар сақталған кезде шығарады:

  1. аурудың клиникалық белгілерінің болмауы;

  2. қанның және зәрдің зертханалық талдауларының қалыпты болуы;

  3. обаның терілік, ангинозды және бубонды түрлерінде 6 күн ішінде немесе өкпе және септикалық түрлерінде 10 күн ішінде, сондай-ақ менингит және ішек асқынуларында дене қызуы тұрақты қалыпты болғанда;

  4. антибиотиктік терапия аяқталғаннан кейін бір тәуліктен соң алынған материалдың бактериологиялық зерттеуінің бір реттік теріс нәтижесі.

  1. Шығарылғаннан кейін реконвалесцент үш ай бойы диспансерлік бақылауға алынады.

  2. Эпидемиологиялық ошақ болған кезеңде медициналық ұйымдар:

  1. аула ішін тексеру түрінде халыққа медициналық бақылауды жүзеге асыру кезінде халыққа медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде обаның белгілері бар науқастарды анықтауды және алғашқы эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді;

  2. науқастарды мамандандырылған автокөлікпен тасымалдауды, оларды емдеуге жатқызуды, клиникалық-эпидемиологиялық және зертханалы  зерттеуді, емдеуді, сондай-ақ дезинфекциялау жүргізуді ұйымдастыруды;

  3. науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулауды, тексеруді және шұғыл алдын алуды;

  4. обаның бірінші белгілерімен ауыратын барлық науқастарды провизорлық емдеуге жатқызуды; барлық инкубациялық кезең ішінде медициналық бақылау және шұғыл профилактика жүргізе отырып, байланыста болған адамдарды оқшаулауды;

  5. оба ауруының бар болуына күдікті, этиологиясы белгісіз жіті инфекциялық аурулардан қайтыс болған адамдарды, сондай-ақ медициналық көмекке қаралмаған адамдардың тез арада қайтыс болуының барлық жағдайларында патологиялық-анатомиялық диагнозды белгілеу және зерттеу үшін тиісті материалды алу мақсатында белгіленген тәртіппен ашып қарауды қамтамасыз етеді.

  1. Обадан қайтыс болғандарды ашып қарау, олардан алынған материалды оба қоздырғышына зерттеу және оны мамандандырылған зертханаларға тасымалдау обаға қарсы ұйымдардың мамандарының қатысуымен:

  1. мәйітті жерлеу орнына тасымалдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Зертханаларға және зертханалардағы жұмыс жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар аясындағы санитариялық қағидаларға сәйкес жинақталған I типтегі қорғаныш киіміндегі эвакуаторлар бригадасы металл немесе ағаш табытта арнайы бөлінген көлікпен жүргізіледі;

  2. обадан қайтыс болғандарды жерлеуді аумақтың коммуналдық қызмет күштері жалпы зиратта жергілікті салт-жора дәстүрлерін ескере отырып, жүргізеді.

  1. Ведомстволық тиесілілігі мен меншік нысанына қарамастан, жеке және заңды тұлғалар обаның эпидемиялық ошағында осы Санитариялық қағидаларға сәйкес эпидемиялық ошақта оба ауруының таралуының алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет