Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07



Дата23.02.2016
өлшемі287.5 Kb.
#6773
түріПрограмма дисциплины
Программа дисциплины Форма

для студентов Ф СО ПГУ 7.18.2/07

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Отан тарихы кафедрасы

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
Қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша
050203 Тарих мамандығы студенттеріне арналған

Павлодар




Лист утверждения Форма

к программе дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.2/11

для студентов

БЕКІТЕМІН

Тарих және құқық

факультетінің деканы

_______________ Акишев А.А.

«___»________200__ ж.

Құрастырушы: аға оқытушысы ___________ Марданова З.Ж.

Отан тарихы кафедрасы

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

Қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша

050203 – Тарих мамандығының студенттеріне арналған
Бағдарлама жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылып

«__» ____________ 200__ ж. бекітілген.


Кафедра отырысында ұсынылған «___» ______________ 200__ ж.

Хаттама № ___


Кафедра меңгерушісі _____________ Ешмұратов А.Қ.


Тарих және құқық факультетінің әдістемелік кеңесінде құпталған

«___» ___________ 200__ ж. Хаттама № ___
ӘК төрайымы _____________ Мошна Н.И.

Оқытушылар жөнінде мәліметтер

Аға оқытушы Марданова Зулейха Женисовна

Бекітілген сағаттар________№ ауд. 544
Пән жөнінде мәліметтер
Атауы: Қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша

Сағат саны: 135

Курс 7 семестрде оқытылады.

Бақылау түрі: емтихан.



Оқу жүргізетін орын: диспетчерлік қызмет орны белгілеген сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі.


дәріс

тәжірибе

СӨЖ

барлығы

30

35

70

135


Аннотация. Тарихнама тарих ғылымының пайда болу, қалыптасу, өзгеру және даму процестерін қарастырады. Тарихи білімінің мазмұны мен түрін ашады, тарих ғылымындағы қозғалысты анықтауға мүмкіндік береді, негізгі кезеңдерді анықтайды. Тарихи танымның әртүрлі әдістерінің жетілу процесін, баламалы тарихи ағымдардың мәні мен мазмұнын бақылайды. Тарихнама, тарих ғылымының пәнінен өзгеше өзінің ерекше мәніне ие бола отырып, сонымен бірге тарих ғылымымен бірдей әдістемелік әдістік қағидаларға жүгінеді.

Тарихнама Қазақстан Республикасының тарихы бойынша объективті білім қалыптастыруға, оның егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Өткен мен болашақты тарихи зерделеу жүйесінде Қазақстан тарихнамасы жеке пән ретінде ерекше орын алады және маман – тарихшылардың кәсіптік – ғылыми дайындықтарын қалыптастыратын іргелі пәндер қатарына жатады.



Курстың мақсаты: қазақстандық тарих ғылымының әр кезеңдегі даму тарихын оқып білу; әртүрлі мәселелердің концептуалдық шешімдерін табудың критерийлерін белгілерін анықтау. Кеңес үкіметі кезіндегі тарихи мектептердің дағдарысқа ұшырауына байланысты Қазақстанның тарих ғылымының қазіргі заманғы даму шағында тарихшылар концептуалды шешімдерін тарих ғылымының бүгінгі талабына сай қайта қарастырулары және олардың еңбектеріне принципиалды және объективті баға берулері керек.

Курстың міндеттері:

  • - отандық тарихнаманың даму кезеңдерін анықтау;

  • - ерте және орта ғасыр тарихында тарихи білімдердің даму деңгейін көрсету;

  • - Қазақстан тарихын оқуда XVIII ғасырдағы орыстың тарихи ойлары бағыттарының және мектептерінің негізгі мазмұнын ашып көрсету;

  • - Х1Х ғасырдың соңында – ХХ ғасырдың басындағы қазақтың саяси элитасы өкілдерінің шығармашылық мұраларды зерттеу: Ш.Құдайбердиев, А.Букейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Тынышбаев, М.Дулатов және т.б.

  • - Қазақстан тарихы ғылымының қазіргі замандағы даму деңгейін көрсету;

  • - Тарихнамалық анализ әдістерін зерттеу жұмыстарында тиімді қолдануды, зерттелетін мәселе бойынша өзінің жеке көзқарасын анықтауды үйрету.

Пререквизиттер: Курсты игеру үшін Қазақстан тарихын және арнайы тарих пәндерін білу қажет.

Постреквизиттер:

арнайы курсты оқу нәтижесінде студент білуі қажет:

- «факт», «тарихнамалық факт» түсініктері;

- тарихнамалық еңбектің құрылымы туралы;



  • тарихнамалық жұмыстардың негізгі түрлері туралы: хронологиялық, тақырыптық, өзектілік, библиографикалық.

істей білуі қажет:

  • тотаритарлық режим кезіндегі тарихи зерттеулерді критикалық талдау жасауды игеру;

  • тарихнамалық талдау әдістерін зерттеу жұмыстарында қолдана білу;

  • тарихнамалық мазмұндама моделін аенықтау;

түсінік болуы қажет:

  • тарихнаманың теоретикалық және әдіснамалық негіздері туралы,

  • әдіснамалық мәселелерді таба білу;

  • өзіндік ғылыми жұмыстың мүмкіндік болашағы туралы;

  • қосымша кеңейтілген және тереңдетілген білімнің қажеттігін түсіну.


Тематический план Форма

дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.2/07




3. Пәннің мазмұны


3.1 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

күндізгі оқу бөлімі студентері үшін






Тақырыптардың атауы

Сағаттар саны

Дәр.

Тәж.

СӨЖ

1

Курсқа кіріспе


3

3

7

2

Қазақстан тарихының ежелгі және орта ғасыр тарихнамасы

3

3

7

3

Мұсылмандық тарихнама

3

3

7

4

Қазақстан тарихының тарихнамалық дәстүрі (XIII-XVII ғғ.)

3

3

7

5

XVIII ғасырдағы тарихи білім

3

3

7

6

Тарихи ойлардың Х1Х ғасырдың 1 жартысында дамуы.

3

3

7

7

Қазақстандағы тарих ғылымының Х1Х ғасырдың 2 жартысында және ХХ ғасырдың басында дамуы.

3

3

7

8

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы тарих ғылымы.

3

3

7

9

И.Сталиннің жеке басына табыну жағдайындағы Қазақстандағы тарих ғылымы (40-50 жж.).

3

4

7

10

Қазақстан тарихнамасы (ХХ ғасырдың 2 жартысы – ХХ1 ғасырдың басы).

3

7

7

БАРЛЫҒЫ

30

35

70


3.2 Пән мазмұны
1 тақырып. Курсқа кіріспе

Қазақстан тарихнамасының объектісі мен пәні отандық тарих ғылымының тарихы ретінде. Қазақстан тарихнамасының тарих пәндері жүйесіндегі, тарихи зерттеулердің құрылымындағы орны мен маңызы.Тарих ғылымыныңдамуындағы негізгі бағыттар.

Қазақстан тарихнамасын зерттеудің теоретикалық және әдіснамаылқ негіздері.Тарихнамалық зерттеулердің жалпыәдістемелік принциптері. Тарихнамалық факт. Түсінік құралдары. Тарихи танымды сатылау принциптері.

2 тақырып. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихының тарихнамасы.

Қазақстанның ежелгі және орта ғасырдағы тарихының тарихи танымдық негіздері.

Тарихжазудың түрлері мен жолдары – кәдімгі-мифологиялық білім, діни дүниетаным – провиденциализм.

Қазақстан тарихы бойынша көне тарихнама. Тарихи процессті идеалистік түсіну.

Геродоттағы объективтік, халықтар мен елдерді суреттеудің тарихи-этнографиялық кестесі.Страбон «Жағырафиясындағы» сак тайпаларының негізгі жағдайлары мен сипаттамалары. Фукидидтың ғылыми-тарихи критицизмы.

Қазақстан халқы туралы қытайдың тарихнамасы (біздің эраға дейінгі 11ғасыр – біздің эраның VIII ғасыры).

Қытай жылнамасының сипаттамасы. Қытай тарихнамасындағы гунндар мәселесі. Сым Цянаның тарихы және этнографиясы, саяси позициясы.

3 тақырып. Мұсылмандық тарихнама.

1Х-Х11 ғасырдағы арабтар мен персілердің Қазақстан тарихы бойынша зерттеулері.

Араб авторларының тарихи көзқарастары. «Жер суретінің кітабы» (812-842), этногеографиялық мәліметтер, ибн-Хордадбехтың (1Х ғ.) зерттеуерінің тарихи-географиялық сипаттары,

М.Кашгаридің тюркология мәселелерін зерттеудегі ғылыми еңбектері. Ал-Марвазидің ғылыми талдауы. Ғалым энциклопедист Иакудтың (1179-1229) тарихи мәліметтері.

4 тақырып. Қазақстан тарихының тарихнама дәстүрлері (XIII-XVII ғғ.)

Тарих ғылымының дамуының әлеуметтік-саяси жағдайлары. Қазақстан тарихы үшін XIII-XVII ғғ. Зерттеулердің маңызы. Тарихи зерттеулердің тақырыптары.

Тарихи ойлардың дамуын анықтайтын жағдайлар: саяси және әлеуметтік негіздер.Зерттеушілердің монгол ішіндегі қарым-қатынастарға және Шыңғысханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуына көзқарастары.

Мұсылмандардың тарихнамалық дәстүрі. Араб зерттеушілерінің ғылыми маңызы.

Мамлюк мемлекеті мен Жошы ұлысының жағдайы және өзара қарым-қатынастарының сипаты туралы жазған араб авторларының шығармалары: әлеуметтік-экономикалық, әскери, саяси, дін. Алтын Орда түрғындарының этникалық тарихы туралы мәліметтер. «Бейбарыс аңызы», Ибн-Батут (Х1У ғ.).

Ғылым, адам қоғамы, қоғам өміріндегі ішкі заңдылықтар, тарих ғылымының міндеттері туралы Ибн Халдунның тарихи-философиялық ойлары.

5 тақырып. XVIII ғасырдағы тарихи білім.

Қазақстанды зерттеуде XVIII ғасырдағы орыс тарихи ойларының теоретикалық-әдіснамалық мәселелері.

Провиденциализмнің рационализммен ауысуы. Россияның Шығыстағы сыртқы саясаты.

Қазақтар туралы этнотарихи түсінік. Бұл түсініктегі екі бағыт: колонизаторлық және гуманистік.

Тарихнамалық жұмыстардың түрлері: кешенді экспедициялық зерттеулер, тарихи өлкетану зерттеулері, картографиялық және тарихи-географиялық материалдар.

6 тақырып. Х1Х ғасырдың 1 жартысындағы тарихи ойлардың дамуы.

В.В.Григорьевтің бурэжуазно-дворяндық тарихнамасы. Қазақтардың ертедегі тарихы туралы еңбектердің сипаттамасы. В.В.Вельяминов-Зерновтың проблематикасы (1830-1904). Қазақ халқына білім бері мәселелері.

Березин И.Н. (1818-1896 жж.) – шығыстанушы. Спасскийдің шығарушылық іс-әрекеттері. «Сібір жаршысы» жорналы. Қазақтардың этногенезі.

7 тақырып. Х1Х ғасырдың 2 жартысында – ХХғасырдың басында Қазақстанда тарих ғылымының дамуы.

Батысевропа тарихнамасындағы Қазақстан тарихының мәселелері, герман тарихнамасы: Ф.Грен, Ф.Шварц, М:Альберхт, Мозер и др.Ағылшын тарихнамасы және «Үлкен ойын» концепциясы. Батысевропаның этнографиялық әдебиеттері.

В.В.Бартольд. В.В.Радлов еңбектерінің сипаттамасы. В.В.Радловтың қазақ этнографиясын зерттеудегі орны. Тарихи концепция.

В.В.Вельяминов, И.В.Мушкетов, П.П.Семенов-Тян-Шанскийдің еңбектері және орыс географиялық қоғамының Қазақстан тарихындағы ролі.

8 тақырып. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстандағы тарих ғылымы.

1917 жылғы Қазан революциясының мәні және мазмұны туралы қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының еңбектері. А.Байтұрсыновтың «Революция және дағдарыс» басылымы. Қазақтың ұлттық интеллигенциясының Қазақстан мен Түркістанның автономизациясына тарихи көзқарастары.

Қазақстандағы азамат соғысының тарихнамасы. Қазақстанда ғылыми-тарих орталықтарын және мекемелерін ұйымдастыру. Тарих ғылымының ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыру. Ғылыми қауымдастықтарды құру. Академорталықтар.

К.Кеменгерұлының "Қазақ тарихынан" зерттеуі.

Т.Шонанұлының еңбектеріндегі жерге байланысты сұрақтарды зерттеу.

Академик В.В.Бартольдтың еңбектері және оның Қазақстан тарихының дамуындағы маңызы. А.Ю.Якубовскийдің, В.Владимировтың еңбектері.

Х.Досмухамедұлының қазақтың батырлары туралы зерттеулері: Исатай, Махамбет, Жалантос туралы. Г.Сафаровтың «Колониялдық революция. Түркістан тәжірибесі және оның маңызы» атты жұмысы.

М.Шоқайдың Түркістанның ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы тарихи тағдыры туралы тариха көзқарастары.

9 тақырып. И.Сталиннің жеке басына табыну жағдайындағы Қазақстандағы тарих ғылымы (40-50 жж.).

Мемлекетке ғылыми-зерттеу орталықтарының, жоғарғы оқу орындарының және тарихшы-зерттеушілердің көшірілуіне байланысты Қазақстанның тарих ғылымының потенциалының күшеюі. М.П.Вяткиннің Қазақстан тарихының мәселелерін құрастыруы.

М.Абдыкалыковтың жетекшілігімен «Қазақстан СРО тарихы ежелгі кезден осы күнге дейін» басылымын дайындауға байланысты ғылыми сөзталастар.

Қазақ ғалымы А.Х.Марғұланның ғылыми қорытындыларын және болжамдарын негізсіз жоққа шығару және оған «буржуазиялық пантюркизмдік», тарихты фалсификациялау, қазақ және орыс достығының түбірін алыстату деген айып тағу

10 тақырып. Қазақстан тарихнамасы (ХХ ғ. 2 жартысы.- ХХIғ. басы.)

Қазақстан тарих ғылымына И.Сталиннің жеке тұлғалық культін әшкерелеудің әсері. Қазақстанды Россияға қосу мәселелері. Оны зерттеудің негізгі сатылары. Орыс-қазақ ара-қатынастары туралы құжаттар мен материалдардың жиынтықтарын баспадан шығару. ..Қазақстандағы хандықтардың территориалды-административтік және саяси актілерінің проблемалары. 1916 жылғы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалыстарының өзекті мәселелерін зерттеу.



3.3 Тәжірибе сабақтарының мазмұны
1 тақырып. Курсқа кіріспе

Тарихты зерттеудің әдістері. Тарихи құбылыстарды өлшеу. Тарихи құбылыстарды санды талдау әдіснамасының негізгі мәселелері. Қазақстан тарихында, тарих ғылымындағы жеке тұлғалық фактор. Тарихи концепцияларды бағалау критерийлері.

Тариха зерттеулердегі қазіргі заманғы әдістемелік концепциялар. Тарихтағы түсіндіру проблемалары. Қазақстан тарихнамасының жеке пән ретінде пайда болу сатылары. Тарихнамалық мазмұндаманың моделі.

2 тақырып. Қазақстанның ежелгі және орта ғасырдағы тарихының тарихнамасы

Қазіргі заманғы Қазақстан ғылымы үшін индоарилердің проблемалары. Индоарилердің шығу тегінің теориясына шолу.

Қазақстан тарихының түрік кезеңіндегі тарихнамасы.

Түрік қағанатының алғашқы тарихшыларының (Тоньюкук, Иолыг-тегин) тариха көзқарастары.

3 тақырып. Мұсылмандар тарихнамасы

Караханид мемлекетіндегі қоғамдық ғылымдардың дамуындағы әлеуметтік-саяси жағдайлар. Ю.Баласагунның «Кутадгу билиг» еңбегіндегі адамзаттың прогресивті даму идеясы.

Аль-Фарабидің «Взгляды жителей добродетельного города», «Существо вопросов», «Об общности взглядов Платона и Аристотеля» еңбектері. Эпостық ескерткіштер тарихнама контекстісінде.

4 тақырып. Қазақстан тарихының тарихнамалық дәстүрі (XIII-XVII ғғ.)

Рашид ад-Динаның түрік және монгол халықтарының тарихы туралы тарихи энциклопедиясы. Қытайдан Испанияға дейінгі әлем мәдениетінің синхронды тарихы. Рашид ад-Динаның әдебиет көздеріне көзқарасы, оның тарихи прогресстің дүниежүзілік сипатына деген ойлары.

Низам ад-Исами (XV ғ. басы) зерттеулеріндегі қазақтар туралы мәлімдемелер.

Аноним Искандер бойынша «өзбек» түсінігі туралы мәліметтер.

XIII ғасырдағы европалық зерттеушілер басылымдарының салыстырмалы сипаттамалары.

Марко Поло, Плано Карпини, Гильмо де Рубрука Монғол империясы мен Алтын Орда тарихы туралы.

5 тақырып. XVIII ғасырдағы тарихи білімдер

Қазақ даласын зерттеудегі алғашқы орыс экспедициясы. А.И.Тевкелевтің күнделігі тарихнама негізі ретінде.

Қазақстанды зерттеудегі 1-ші академиялық экспедиция. Сібір халықтарының тарихын зерттеудегі материалдарды жинастыру бойынша нұсқау. Г.Ф.Миллердің «Сібір тарихы» атты еңбегі.

Қазақстанды зерттеудегі 2-ші академиялық экспедиция. 2-ші академиялық экспедицияның ғылыми-зерттеу еңбектері. Қазақ халқы туралы тарихи-этнографиялық мәліметтер. И.Г.Георгий, Иоган Фальк, Рычков Н.П. 2-ші академиялық экспедициясы жұмысының қорытындысы..

6 тақырып. Тарихи ойлардың Х1Х ғасырдың 1 жартысында дамуы.

Қазақстан туралы орыс тарих ғылымындағы демократиялық бағыттар.Қазақстан тарихын жер аударылған декабристердің зерттеуі. . В.Д.Вольховский, А.Е.Величко, М.И.Муравьев-Апостол, С.М.Семенов, И.В.Виткевич, С.Сераковский, А.Д.Боровков, А.О.Корнилович, Г.С.Батеньков және т.б.

Ресейдің әскери тарихшылары: С.Б.Броневский, М.И.Веньоков.

А.И.Левшиннің қазақ тарихы туралы «Описание киргиз казачьих или киргиз кайсацких орд и степей» атты еңбегі. Қазақстанның Ресейге қосылуын бағалау.

7 тақырып. Қазақстандағы тарих ғылымының Х1Х ғасырдың 2 жартысында және ХХ ғасырдың басында дамуы.

Қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының әйгілі өкілдерінің тарихи көзқарастары. А.Букейхановтың «Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи», «Киргизы» еңбектері. Ш.Құдайбердиевтің тарихи көзқарастары.

Қазақ интеллигенциясының еңбектеріндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс туралы.

8 тақырып. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы тарих ғылымы.

Қазақ интеллигенциясының большевизмнің таптық позициясына көшуі.

Г.Тогжановтың «О Байтурсынове и байтурсыновщине», «О казахском ауле» атты еңбектері. Т.Рыскуловтың «Современный Казахстан» атты еңбегі.

Қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясының И.Сталиннің саяси қарсыластары ретінде құғындалуы. «Ақжол» газеті.

«Алаш» партиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің ролі мен іс-әрекеттерін бұрмалай көрсететін басылымдардың пайда бола бастауы.

9 тақырып. И.Сталиннің жеке басына табыну жағдайындағы Қазақстандағы тарих ғылымы (40-50 жж.).

Е.Б.Бекмаханов – Х1Х ғасырдағы Қазақстан тарихының әйгілі және ел мойындаған маманы. Оның «Х1Х ғ. 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты фундаменталды монографиясы туралы дискуссия. «Қазақстан КСР тарихы»-дағы негізгі ережелер (Алма-Ата, 1949 ж.)

Ғылым академиясын құру. Тарихтан, археологиядан және этнографиядан этнографиялық экспедициялар.

10 тақырып. Қазақстан тарихнамасы (ХХ ғасырдың 2 жартысы – ХХ1 ғасырдың басы).

Қазақстандағы марксистік идеологияны зерттеу. Қазан революциясы мен азамат соғысының тарихнамасы қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде.

Ұлы Отан соғысы кезеңінде Қазақстан тарихын айқын түсіндіру мәселелері. Қазақстанның соғыстан кейінгі тарихын зерттеу. Тың жерді игерудің тарихнамасы. Колхоздар мен совхоздарды құру тарихы бойынша еңбектерді жинау. Аграрлық саясат тарихы мәселелерін құрастыру.

Қазақстан тарихнамасы (ХХ ғасырдың 2 жартысы – ХХ1 ғасырдың басы). Қазақстан тарихнамасы (ХХ ғасырдың 2 жартысы – ХХ1 ғасырдың басы).

3.4 СӨЖ мазмұны

(күндізгі оқу бөлімі студентері үшін)






СӨЖ түрі

Есеп беру формасы


Бақылау түрі мен формасы

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Конспект

Сабаққа қатысу

10

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық

Жұмыс дәптері

Тәжірибелік сабақтарға қатысу

20

3

Қосымша материалдармен жұмыс

Конспект

Баяндама

20

4

Межелік бақылауға дайындық

Бақылау жұмысы

МБ 2


20

БАРЛЫҒЫ

70


Қосымша оқу үшін тақырыптар
1 тақырып. Қазақстан тарихы әдебиеттерін топтастыру

Тарих әдебиеттерін топтастыру критерийлері. Тарих деректерінің типологизациясы. Деректер көздерінің диверсификациясы. Қазақстан деректанушылары. Қазақстан тарихы бойынша деректерді зерттеудің өзіндік ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2, 7, 8, 14, 17.

2 тақырып. Көне деректер

Заттық деректер. Қазақстан тарихының Иран-тілді деректері. Орта ғасыр тарихының деректануы. Деректерді топтастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер: 4, 6, 14, 19, 20, 24, 29

3 тақырып. Орта ғасыр кезеңіндегі деректер

Түріктер тарихы бойынша түріктілді деректер. Түріктер тарихы бойынша ирантілді деректер. Түріктер тарихы бойынша қытай деректері. Қыпшақтар тарихы бойынша түріктілді деректер. Қыпшақтар тарихы бойынша ирантілді деректер. Қыпшақтар тарихы бойынша қытай деректері.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2, 4, 6, 14, 19, 20, 23, 24, 28, 29, 30

4 тақырып. Қазақ хандықтары кезеңіндегі деректер

Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты шығармашылығы. Жылнама - тарихи дерек ретінде. Қазақ хандығы тарихы бойынша заң деректері.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2, 3, 7, 14, 16, 18, 20, 27

5 тақырып. Жаңа дәуір кезеңіндегі тарихи деректер

Проблеманың теоретикалық зерттелу тдеңгейі. Деректер топтамасы. Колониалдық әкімшілік деректері. Іс-қағаздық құжаттар. Заң деректері. Мерзімді баспалар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2, 5, 9, 15, 16, 18

6 тақырып. Қазақстан деректануы.

Деректану қалыптасуы. Тарихшының танымдық әрекетінің өздік ерекшеліктері. Көне деректерді зерттеу. Орта ғасыр деректерін зерттеу. Қазіргі дәуір деректерін зерттеу. Қазіргі дәуір тарихын зерттеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2, 7, 14, 17, 27

7 тақырып. Тарихнаманың қалыптасуы

18 ғасырдағы Қазақстан тарихы бойынша тарихи шығармалар. 19 ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи зерттеулер. Революцияға дейінгі кезеңнің тарихнамасы – тарихи деректер көзі ретінде. Кеңестік тарих ғылымының қалыптасуы.

Ұсынылатын әдебиеттер : 2, 8, 9, 13, 17, 22

8 тақырып. Қазіргі дәуір тарихнамасының өзекті мәселелері.

Қоныс аудару тарихнамасы. Қазіргі дәуірдегі ұлттық-азаттық қозғалыстардың тарихнамасы. Столыпиннің аграрлық реформасының тарихнамасы. Революциялық қатты толғаныс тарихнамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 9, 15, 16, 18, 25

9 тақырып. Ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихнамасы

С.Датов көтерілісінің тарихнамасы. И.Тайманов пен М.Өтемісовтің көтерілістерінің тарихнамасы. Ұлт-азаттық қозғалыстарды зерттеудегі А.Рязановтың ролі. Қасымовтар көтерілісінің тарихнамасы. 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақтар көтерілісінің тарихнамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 5, 7, 8, 10, 11, 13, 17, 22

10 тақырып. 20-30-жылдардағы Қазақстан тарихнамасы

Қазақстанда ғылыми мекемелердің қалыптасуы. Білім беру мекемелері. Қазақстан тарихы және «Шағын курс». Тарихшылар және тоталитарлық жүйе. Бекмаханов эпопеясы. Б.Сулейменов тарихнамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2, 10, 11, 12, 13, 21, 25, 26

11 тақырып. Соғыс кезіндегі тарих ғылымы

Совет Одағы Ғылым Академиясының Қазақстан тарихнамасының дамуындағы ролі. Қазақстан тарихы бойынша жұмыстар. 1943 жылғы Қазақстан тарихы. Понкратованың тарихнамасы. Юдиннің тарихнамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 8, 22, 27

12 тақырып. Соғыстан кейінгі тарихнама

Тарих ғылымының дамуы және ҚазКСР Ғылым Академиясы. К.Сатбаев және Қазақстандағы тарих ғылымы. Қосалқы тарих пәндерінің дамуы және қалыптасуы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 22, 27

13 тақырып. Қазақ қоғамының құқық институтының тарихнамасы.

Қасым және Есім хандардың заңдар жинағының тарихнамасы. Таукенің заңдар жинағының тарихнамасы. Ресей империясы заңдарының деректануы мен тарихнамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2, 7, 16, 20, 27

14 тақырып. Қоғамдастық тарихнамасы

Қазақ қоғамындағы қоғамдастық қарым-қатынасты зерттеу. Феодализм теориясы және қазақтың көшпенді қоғамдастығы. «Азиялық өндіріс тәсілдері» және қазақ қоғамдастығы. Анархизм теориясы және көшпенді қоғамдастық. Мемлекеттің институты және көшпенді қоғамдастық. Қоғамдастық институтының тарихнамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2, 7, 9, 15, 16, 21

15 тақырып. Қазіргі заманғы тарихнаманың өзекті мәселелері

Тарихтағы «Ақ дақтар» тарихнамасы. Қазіргі заманғы тарихнаманың әдіснамасы. Кеңестік өңірден кейінгі тарихнаманың дилетанттығы және мифологизациясының тарихы. Өзекті тарихнамалық зерттеулер. Өзекті тарихи зерттеулер.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.

4. Ұсынылатын әдебиеттер

4.1 Негізгі әдебиеттер
1. Абусеитова М.Х.и др. Казахстан и Центральная Азия в XV-ХХ вв.: историяполитика, дипломатия. Алматы: Дайк-Пресс, 1998.

2. Абылхожин Ж.Б., Масанов Н.Е., Ерофеева А. Научное знание и мифотворчество в современной отечественной историографии. Алматы: Дайк-пресс, 2006.

3. Асфендиаров С. История Казахстана с древнейших времен. А.:"Қазақ университеті", 1993.

4. Бартольд B.B. Древнетюркские надписи и арабские источники.Соч. т.5 Москва, 1968.

5. Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40 годы XIX века. Алма-Ата,1992.

6.Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Т.1.М., 1950.

7. Вопросы историографии и источниковедения Казахстана. Алма-Ата, 1988.

8. Вопросы историографии Казахстана. Алма-Ата, 1989.

9. Дулатова Д.И. Историография дореволюционного Казахстана. Алма-Ата, 1984.

10. Койгелдиев М. Алаш козғаласы. Алматы: Санат, 1995.

11.Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы: "Ататек" 1995.

12.Шоқай М. 1917 жыл естеліктерінен үзінділер. //Таңдамалы.Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", Т.1. 1995.

13.Омарбеков Т.О., Омарбеков Ш.Т. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. Алматы, 2005 ж.

4.2 Қосымша әдебиеттер


14. Атабаев К.М. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002.

15. Есмагамбетов К.Л. Что писали о нас на Западе. Алматы, 1992.

16. Ирмуханов Б.Б.. Прошлое Казахстана в письменных источниках. Алматы, 1999.

17. Казахстан в начале XX века: методология, историография, источниковедение. Сб. статей. Алматы, 1993,1994.

18. Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств XVIII- первой половины XIX в. Алматы, 1999.

19. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источники по истории Средней Азии. М., 1964.

20. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алма-Ата:"Рауан", 1992.

21. Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.Б., Алдажуманов К.С. Коллективизация в Казахстане. Трагедия крестьянства. Алматы, 1992.

22. Козыбаев М.К. Историография Казахстана: уроки истории. Алматы, 1990. 23. Кумеков Б.Ш. Государство кимаков IX-XI вв. по арабским источникам. Алма-Ата, 1972

24. Кюнер Н.В. Китайские известия о народах южной Сибири, Центральной Азии и Дальнего Востока. М., 1961.

25. Мұқатова О.Х. Қазақстандағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы (ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ.). Алматы: «Қазақ университеті», 1999 ж.

26. Омарбеков Т.О. XX ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. Алматы: Қазақпарат, 2002 ж.

27. Проблемы источниковедения и историографии. Материалы научных чтений. М., 2000.

28. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.-Л., 1951.

29. Родословное древо тюрков. Сочинение Абуль-Гази, Хивинского хана. Казань, 1906.

30. Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди. Алматы, 1999.



Курс саясаты

  1. Баға қою критерийлері.

Максималды балл дұрыс және белгіленген мерзім мен сабаққа 100% қатысуы кезінде қойылады



  1. Дәріске қатысу – 2 б.

  2. Семинарда жауап беру – 5 б.

  3. Қосымша тақырыптармен жұмыс істеу – 2 б.

  4. Межелік бақылау – 20 б.

  1. Айып салу шаралары

Сабақты босатуы, кешігуі, плагиат, жұмысты мерзімінде орындамауы кезінде студентке белгіленген ұпайлар қойылмайды.

Егер студент нақты себеппен сабақты босататын болса және растайтын құжаты болса (мед. анықтама, деканаттан жазбаша рұқсат), студент 2 жұма ішінде оқытушы белгіленген мерзімде босатқан күндерін қосымша жұмыс алып, өтеуге құқығы бар. Бұл жағдайда балл 0,5 коэффициентімен қойылады.


III. Межелік және қорытынды бақылауды жүргізу формасы

Межелік бақылау жазбаша өткізіледі. Межелік бақылау сұрақтарын студент 14 аптада алады.

Курсты аяқтаудың бағасы: жалпы үлгерім мен қорытынды бақылаудың максималды балдарын қосқан кезде шығарылады. Қорытынды нәтиже СО ПГУ 8.01.1-05 4 пункті “Студенттердің білімін балл-рейтингілік жүйе бойынша бақылау және бағалау ережелеріне” сәйкес шығарылады.
IV. Аудитория мен емтиханда тәртіпті сақтау ережелері

Студент міндетті:



  1. Сабаққа кешікпеуге.

  2. Сабақ барысында сөйлеспеуі, газет, журнал т.с.с. оқылмауы тиіс .

  3. Ұялы телефондарын сөндіруге.

  4. Сағыз шайнамауы.

  5. Оқу үрдісіне белсенді араласуы.

  6. Сабаққа уақытында келу.

  7. Оқу бөлмелерінде темекі тартпау.

  8. Аудиторияларда қоқым шашпай, тазалық сақтауы.

  9. Сабаққа сыртқы киіммен кірмеуі.

  10. Жиһаз бен көрнекі оқу құралдарын сақтай білу.

Студенттің тәртібі мен этикасы университеттің ішкі тәртібіне сай келуі керек.

Белгіленген тәртіптерді бұзғаны үшін оқытушы студентті аудиториядан шығарып тастау және деканның рұқсатымен сабаққа кіргізу құқығына ие.



Студенттердің білімін бағалау





Қорытынды баға балдармен белгіленеді (Қ)


Балдардың сандық

эквиваленті (С)




Әріптік жүйемен бағалау


Дәстүрлі жүйемен бағалау


Емтихан, диф.сынақ

сынақ

95 -100


4


А


Өте жақсы


Сынақ


90-94


3,67


А-


85-89


3.33


В+


Жақсы


80-84


3,0


В


75 - 79


2,67


В-


70-74


2,33


С+


Қанағаттанарлық


65-69


2,0


С


60-64


1,67


С-


55-59


1,33


D+


50-54


1,0


D


0-49


0


F


Қанағатсыз


Сынақтан өтпеген

«Өте жақсы» бағасы негізгі және қосымша фактілерді толық білуде қойылады; олардан дұрыс қорытынды жасай алуда (заңдылықтарды анықтау); тарихнаманы, мәселенің теориясын игерген жағдайда қойылады. «Жақсы» деп негізгі, қосымша фактілерді білу; оларды түсіндіріп, қорытынды жасай білу; теориялар, тарихнаманың негізін білу кезінде қойлады. «Қанағаттандырарлық» бағасы негізгі фактілерді айтып, оларды дұрыс қорытындылау, тарихнама, теорияларды жалпы айтып өтіп, жалпы білімнің болмауы мен қосымша фактілерді келтірмеуінде бағаланады. «Қанағатсыз» білім мен негізгі фактілер, тарихнама, теориялық сұрақтарына жауап берілмеуі кезінде бағаланады.

Семинар кезіндегі қорытынды, бақылаудың барлық формаларын негізінде пән бойынша әр студенттің қорытынды рейтингісі анықталады. Бақылау түрлерінің үлестік коэффициенті (үлесі) осыны құрайды: өтпелі үлгерімнің бақылауы (ВДту) – 0,4; емтихан (ВДэ) – 0,6. Қорытынды рейтинг мына формул бойынша шығарылады:

И= (Р1+Р2): 2 х ВДту + Э х Вдэ где Р1, Р2, Э – балдар, бірінші мен екінші рейтинг қорытындылары бойынша алынған, емтихан 100 балдық жүйемен; ВДту, ВДэ – өтпелі үлгерім мен емтихандарда алынған үлестер.



Мысалы: бірінші рейтингте студент 76 бал алған болсын, екіншісінде – 80, емтиханды «жақсы» тапсырды, әріптік жүйеде “В-“, бұл 79 балды құрайды. Онда қорытынды рейтинг : И= (76+80) : 2 х 0,4 + 79 х 0,6 = 78,6 болады.

Пән бойынша балдармен белгіленетін (И) қорытынды рейтинг 2 таблицаға сәйкес сандық эквивалентке, әріптік және дәстүрлі бағаға айналдырылады да “Студенттердің білімін бағалау” журналына және “Рейтингі ведомосіне” енгізіледі. Біздің мысалымызда бұл 2,67; В-; «жақсы» болады.

Пән бойынша уақытаралық аттестация ведомості мен сынақ кітапшасына қорытынды баға дәстүрлі формада қойылады.
Апелляция жайында

Емтихандық сессия кезінде объективті емес баға үшін туған жағдайларды шешу үшін сессия басталуына 10 күн бұрын апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның төрайымы болып оқу ісінің проректоры болады,ол апелляциялық комиссияның құрамын белгілейді.

Апелляция студенттің ұсынысымен келесі жағдайларда шақырылады:

- тапсырмалар немесе емтихан сұрақтары дұрыс қойылмаған жағдайда;

- тапсырмалар бірнеше дұрыс жауапты қамтыса, дұрыс жауабы болмаса, бірдей жауаптарды қамтыған болса;

- тапсырмалар немесе емтихан сұрақтарының билеттері пәннің ӘОК белгілеген оқу бағдарламасына сәйкес келмесе.

Апелляцияға арыз апелляциялық комиссияның төрайымының атына емтиханнан соң келесі күннің 13 сағатына дейін арнайы бланкіде тапсырылары және деканмен қабылданады.

Апелляциялық комиссия арызды емтиханнан кейінгі келесі күні 17 сағатта жұмыс күні аяқталысымен қарастыра бастайды және апелляцияға арызды оқып жатқанның қатысуынсыз қарастыра алады. Апелляциялық комиссия апелляция қорытындыларын апелляця жөнінде арыз жасау бланкісіндегі апелляциялық комиссияның әр бір сұрақ бойынша шешімін қарастырады. Апелляцияның қорытындылары декан дайындаған апелляциялық ведомостке енгізіледі.

Апелляция барысында оқып жатқанның семестрлік (емтиханға дейін) рейтингтің ауысуы қабылданбайды.

Жалпы үлгерімді бақылау шараларының күнтізбелік графигі




2 рейтинг (7 семестр)




Апталар

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Барлығы

Аптадағы ең жоғарғы балл

7

9

7

9

7

9

7

9

7

29

100


Дәріске қатысу және дайындық

Бақылау түрі

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

20

Мак. балл

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

Тәжірибе сабағына қатысу және дайындық

СӨЖ түрі

ҮЖ1

ҮЖ2

ҮЖ3

ҮЖ4

ҮЖ5

ҮЖ6

ҮЖ7

ҮЖ8

ҮЖ9

ҮЖ10

50

Бақылау түрі

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Мак.балл

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

Қосымша материалдар бойынша дайындық

СӨЖ түрі




ҮЖ




ҮЖ




ҮЖ




ҮЖ




ҮЖ

10

Бақылау түрі




























КТ

Макс. балл




2




2




2




2




2

Курс тақырыптары бойынша білімді тексеру

тақырып№































20

Бақылау түрі




























МБ2

Макс. балл




























20

Шартты белгілер: ҮЖ1- үй жұмысы №1, Қ-оқу үрдісіне қатысу, Е-есеп, КТ-конспект тексеру, КЖБ1-курс жұмысының №1 бөлімі, Т-тексеру, Т1-тест№1, МБ1-межелік бақылау №1.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет