Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 маусымдағы №81-vі қРЗ


Тексерісті жүзеге асыру кезінде прокурор



бет4/21
Дата15.09.2022
өлшемі46.1 Kb.
#460786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Прокуратура туралы заң

5. Тексерісті жүзеге асыру кезінде прокурор:
1) егер құжаттар, ақпарат тексеріс объектісі болып табылмаса немесе тексеріс нысанасына жатпаса, олардың берілуін талап етуге;
2) тексеріс жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асыруға;
3) тексерілетін субъектінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруге құқылы емес.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-бап. Заңдылықтың жай-күйін талдау
1. Заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізудің, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен ресурстарға қолжетімділікті пайдалана отырып талдау жүргізудің тәртібі осы заңда, өзге де заңнамалық актілерде және Бас Прокурордың актілерінде айқындалады.
2. Заңдылықтың жай-күйін талдау прокурорлардың субъектілерге (объектілерге) бармастан статистикалық деректерді, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін, азаматтық және қылмыстық істердің, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдарын, сондай-ақ өзге де ақпарат көздерін зерделеу арқылы жүргізіледі.
Заңдылықтың жай-күйін талдау нәтижелері анықтама түрінде ресімделеді. Заңдылықтың жай-күйін талдау нәтижелері бойынша осы Заңға сәйкес прокурорлық қадағалау не ден қою шаралары қабылданады.
Прокурор мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардан заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізуге байланысты ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды талап етіп алдыруға құқылы.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-бап. Тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері
1. Тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері прокурорлар тексеріс жүргізген кезде:
1) мынадай: тексерілетін субъектіге тексеріс тағайындау туралы қаулыны бермеген;
құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркеу міндетті болатын кезде, мұндай тіркеусіз тексеріс жүргізілген;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет