Прокурорлық қадағалау ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)



Дата16.06.2016
өлшемі318.5 Kb.
#139588

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/07




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Тарих және құқық факультеті

Құқықтану кафедрасы

«Құқықтану» 050301 мамандық (сыртай оқитын) студенттеріне арналған
Прокурорлық қадағалау

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар



Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38











БЕКІТЕМІН

Тарих және құқық факультетінің деканы

___________А.А.Ақышев

20__ж. «___»__________



Құрастырушы доцент: _________Шалдыбаев Ж.А.


Құқықтану кафедрасы

«Құқықтану» 050301 мамандығының (тарының) сырттай

оқу нысанындағы студенттеріне арналған
Прокурорлық қадағалау
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


200_ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _____________ Ахмеджанова Г.Б. 20__ж. «____» ______
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «___»____________ №__ Хаттама


ОӘК төрағасы ________________ Батталов К.К. 20 ж. «_____»__________


1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Шалдыбаев Жумабек Абдрахманович

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: доцент

Құқықтану кафедрасы ПМУ Ломов көшесі 64  1-корпусында Кафедрада қабылдау уақыты (А-417) топтар бойынша құрастырылған кестелер негізінде.


2 Пән туралы мәліметтер
Ұсынылған бағдарлама заң ғылымының заң мамандықтарында оқыйтын студенттерді оқыту үшін бағытталған. Прокурорлық қадағалау пәні бірінші және екінші семестірлерде 2 кредиттік нысанда оқытылады, 2 кредит бойынша 15 сағат дәріс, 15 сағат тәжрибелік сабақ және 30 сағат студенттің өздік жұмыс сабағына арналған. Сонымен қатар бұл пән бойынша студенттер межелік бақылау тапсырады, бақылау кезінде студенттер реферат жазып тапсырады, бақылау нысаны ауызша және тесттер арқылы қабылданыды емтихан.

3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

1

2

90

6

6










90

78

емтихан

Барлығы

































4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Прокурор іскерлігінің мақсаты - Қазақстан Республикасының егемендік құқығы, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да құқы, заңдылықтың бірлігі және нығайтылуы, заңның жоғары шыңдылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген стратегиялық мақсатқа жетуге төменде көрсетілген әдетті міндеттер мүмкіндік туғызады. Прокурорлық қадағалаудың міндеттері заң шығару және заңасты нормативті базасын меңгеруге арналған келесі салалары және бағытына негізделген:



  • мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар және азаматтардың заңды қолдануын қадағалау;

  • жедел іздеу іскерлігін атқаратын органдардың заңды қолдануын қадағалау;

  • алдын ала іздеу және тергеудің заңды жүргізілуін қадағалау;

  • әкімшілік өндірістің заңдылығын қадағалау;

  • заңды, бостандықты, құқықты сақтауды қадағалау, азаматтың және адам мүддесін қадағалау;

  • соттағы мемлекет мүддесінің өкілеттігі;

  • прокуратура органдарымен іске асатын немесе атқарылатын қылмыстық іздеу;

  • қылмыстық тіркеу;

  • қылмыскерлікпен күрес бойынша құқық сақтау органдарының іскерлігін үйлестіру;

  • халықаралық ынтымақтастық саласындағы прокуратура органдарының өкілеттігі.

Прокурор іскерлігінің мақсаты - Қазақстан Республикасының егемендік құқығы, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да құқы, заңдылықтың бірлігі және нығайтылуы, заңның жоғары шыңдылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Осы конституциялық жағдайға орай, сонымен қатар ҚР Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсаннан «ҚР прокуратурасы туралы» жарлығы бойынша, «Прокурорлық қадағалау» пәнінің оқытылуының негізгі мақсаты: прокурорлық қадағалаудың және прокурор іскерлігінің мазмұнын мемлекеттік іскерлік ретінде тану болып табылады және де мемлекет атынан прокурор-тұлға арнайы уәкілеттігі ретінде заңның нақты орындалуын және бірдей қолданылуын қамтамасыз етілуі керек, әсіресе жергілікті заң шығару және орындаушы өкіметтің, кәсіпорындармен, мекемелер және ұйымдармен, қоғамдық-саяси ұйымадрмен сонымен бірге заңды бұзуды уақытымен жою және кінәлі адамдарға заң бойынша артылатын жауапкершіліктің негізін түсіну болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген стратегиялық мақсатқа жетуге төменде көрсетілген әдетті міндеттер мүмкіндік туғызады. Прокурорлық қадағалаудың бұл міндеттері заң шығару және заңасты нормативті базасын меңгеруге арналған келесі салалары және бағытына негізделген:


  • мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар және азаматтардың заңды қолдануын қадағалау;

  • жедел іздеу іскерлігін атқаратын органдардың заңды қолдануын қадағалау;

  • алдын ала іздеу және тергеудің заңды жүргізілуін қадағалау;

  • әкімшілік өндірістің заңдылығын қадағалау;

  • заңды, бостандықты, құқықты сақтауды қадағалау, азаматтың және адам мүддесін қадағалау;

  • соттағы мемлекет мүддесінің өкілеттігі;

  • прокуратура органдарымен іске асатын немесе атқарылатын қылмыстық іздеу;

  • қылмыстық тіркеу;

  • қылмыскерлікпен күрес бойынша құқық сақтау органдарының іскерлігін үйлестіру;

  • халықаралық ынтымақтастық саласындағы прокуратура органдарының өкілеттігі.

Одан басқа, студенттер прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары және салаларында еркін бейімделу үшін тағы қосымша міндеттер бар.

Олар:


  • студенттердің ҚР прокуратура органдарының іскерлігінде және ұйымдастыру принциптері мен құрылымында, сонымен бірге прокуратура жүйесінде жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту.

  • Тәжірибеде прокурорлық қадағалау актін қолдана алу білімін және іскерлігін арттыру, сонымен бірге одан да басқа құжаттарды құрастыра алу қабілетін қарастыру.

5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Осы конституциялық жағдайға орай, сонымен қатар ҚР Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсаннан «ҚР прокуратурасы туралы» жарлығы бойынша, «Прокурорлық қадағалау» пәнінің оқытылуының негізгі мақсаты: прокурорлық қадағалаудың және прокурор іскерлігінің мазмұнын мемлекеттік іскерлік ретінде тану болып табылады және де мемлекет атынан прокурор-тұлға арнайы уәкілеттігі ретінде заңның нақты орындалуын және бірдей қолданылуын қамтамасыз етілуі керек, әсіресе жергілікті заң шығару және орындаушы өкіметтің, кәсіпорындармен, мекемелер және ұйымдармен, қоғамдық-саяси ұйымадрмен сонымен бірге заңды бұзуды уақытымен жою және кінәлі адамдарға заң бойынша артылатын жауапкершіліктің негізін түсіну болып табылады.



6 Пререквизиттер

Конституция ,Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқық тарихы, ҚР қылмыстық құқығы, ҚР қылмыстық-іс жүргізу құқығы, ҚР әкімшілік құқығы, ҚР азаматтық құқығы, ҚР еңбек құқығы тағы басқалар.



7 Тақырыптық жоспар


ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР



Тақырыптың атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәж.

Зерт.

ОЖЖ

1

2

3

4

5

6

1

Прокурорлық қадағалаудың мәні мен міндеті. «Прокурорлық қадағалау» пәнімен курс жүйесі

1

1




2

2

ҚР Прокуратура органдарының қалыптаса бастауы және дамуы

-

-




4

3

Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыруының құқықтық негіздері


-

-




4

4

ҚР мемлекеттік органдарының жүйеіснде прокуратура органдары

-

-




4

5

Прокуратура қызметінің және ұйымдастыруының принциптері

1

1




4

6

Прокуратура органдары қызметінің мазмұны және негізгі бағыттары

-

-




4

7

Прокурорлық қадағалаудың құқықтық актілері

-

-




4

8

Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және олардың ұйымдастырылуы

-

-




4

9

ҚР Прокуратура органдарына кадрларды сұрыптау, орналыстыру және тәрбиелеу

1

1




4

10

Мемлекеттік басқару органдары мен мекемелерімен, кәсіпорындармен, лауазымдық тұлғалармен және азаматтармен заң қолдануына қадағалау

-

-




4

11

Қылмыс және басқа құқық бұзушылықтарымен күресі жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру

1

1




4

12

Жедел іздестіру қызметі, тергеу мен алдын ала анықтау заңдылыған прокурорлық қадағалау

-

-




4

13

Сотта прокуратура өкілдерімен мемлекеттік атынан мүдде өкілдігі

1

1




4

14

Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау

-

-




4

15

Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау




-




4

16

Прокуратурамен іске асырылатын қылмыстық қудалау

-

-




4

17

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары мен қылмыстық істердің тергеуіне прокурорлық қадағалау

1

1




4

18

Шетел азаматтары мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуіне, халықаралық келісімдердің қолдануына прокурорлық қадағалау

-

-




4

19

Қылмыстарды тіркеу және есебі

-

-




4

20

Қазіргі уақыттағы прокуратура органдарының даму концепциясы

-

-




4

Барлығы

6

6




78



8 Пәннің қысқаша сипаттамасы

  • Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін прокуратура органдарының жүйесін қайта құру қажеттілігі туындады. Студенттердің ҚР прокуратура органдарының іскерлігінде және ұйымдастыру принциптері мен құрылымында, сонымен бірге прокуратура жүйесінде жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту.

  • Тәжірибеде прокурорлық қадағалау актін қолдана алу білімін және іскерлігін арттыру, сонымен бірге одан да басқа құжаттарды құрастыра алу қабілетін қарастыру.

Сондықтан «Прокурорлық қадағалау» курсын оқу процесінде Қазақтан Республикасының заңдарына және нормативтік актілеріне басты назар аудару қажет.
9 Курс компоненттері
1 тақырып ҚР прокурорлық қадағалаудың мәні мен міндеттері. «ҚР прокурорлық қадағалау» курсының пәні және жүйесі
ҚР Конституциясы және 21.12.95 ж. Прокуратура органдары туралы «Прокуратура туралы» ҚР Заңы. Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметінің ерекше түрі ретінде.

«ҚР прокурорлық қадағалау» курсының басқа заң пәндерімен арақатынасы. Прокуратура органдарыының мәні мен міндеттері.


2 тақырып ҚР прокуратура органдарының қалыптаса бастауы және дамуы
Прокуратура органдырының қалыптасуының және дамуының негізгі кезеңдері. Прокуратура органдары реформалауының тарихи шартары.

Прокуратура қадағалау туралы ереже. 1922 . Қаз ОАК 2 шақырылысы.

Прокуратуралық қадағалау туралы ереже.1933 ж.

«Прокуратура туралы» ҚР Заңы .1922 ж.

Қазақстан Республикасының прокуратура қызметшілерінің әскери атақатары және кластық шендері туралы, прокуратура органдарында қызметті өту туралы ереже. 1922 ж.

«Прокуратура туралы» ҚР Заңы 1995 ж.


3 тақырып Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыруының құқықтық негіздері
Прокуратура органдары қызметінің конституциялық негізхдері.

Заң, негізгі ережелері, заң құрылымы.

ҚР қылмсытық – атқарушылық кодексі.

ҚР азаматтық - процессуалдық кодексі. Прокуратура органдарына қатысты сұрақтар.

Прокуратура органдырының алдында тұрған міндеттер.

4 тақырып Прокуратура органдарының жүйесінде прокуратура органдары
Прокуратура органдарының жүйесінде прокуратураның орны және рөлі. Прокуратура және заң шығару билігі.

Прокуратура және атқарушы билігінің органдары. Прокуратура және сот.

Прокуратура органдары және бақылауды іске асыратын органдар.
5 тақырып Прокуратура қызметінің және ұйымдастыруының принциптері
Конституциялық принциптердің түсінігі мен мәні және оларджың салалық принциптерімен арақатынасы. Прокуратура органдарының ұйымдастыруы және қызметі. ҚР прокуратура органдары мекемелер мен органдардың бірыңғай және орталық жүйе ретінде.

Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тәуелденбей прокурорлармен өз өкілдіктерін іске асыру. Прокурорлық кадағалаудың жариялылығы. Прокуратура қызметіндегі алқалығы, прокурор жұмысындағы өнегелі бастамалар.


6 тақырып Прокуратура оргнадары қызметінің мазмұны және негізгі бағыттары
ҚР прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттарының түсінігі. Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттарының прокурорлық қадағалау саласымен арақатынасы.

Прокурорлық қадағалаудың саласымен арақатынасы.

Прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттарының жалпы сиптатамасы және түрлері. Айыпкерді сотқа беру институты.
7 тақырып Прокуратуралық қадағалаудың құқықтық актілері
Прокурорлық қадағалаудың құқықтық актілері жүйесі. Құқытық актілердің түсінігі және мәні.Прокурордың құқықтық актілері: наразылық, қаулы, санкция, жарлық. Прокурорлық қадағалау актілерінің басқа түрлері.
8 тақырып Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және олардың ұйымдастырылуы
Прокуратура органдары жүйесінің түсінігі. Прокуратура органдарының құрылымы. Прокуратура органдырының қалыптастыру тәртібі.Қазақстан Республикасы астанасының және республикалық маңызы бар қалаларының прокуратуралары, облыстық прокуратуралар, ауданаралық, аудандық және оларға теңелген әскери мен басқа арнайы прокуратура органдары, оқу орындар.
9 тақырып ҚР прокуратура органдарына кадрларды сұрыптау, орналастыру және тәрбиелеу

Кадрларды сұрыптау, орналастыру және тәрбиелеу. Прокурор лауазымына тағайындалатын тұлғаларға және прокуратура қызметшілеріне қойылатын талаптар.Аттестацияның және прокуратура қызметшілеріне кластық шенді беру сұрақтары. Прокуратура органдары қызметшілерінің әлеуметтік және құқықтық қорғауы.



10 Тақырып Мемлекеттік басқару органдармен, мекемелермен, кәсіпорындармен, лауазымдық тұлғалармен және азаматтармен заңды қолдануын қадағалау
Мемлекеттік басқару органдарымен, мекемелермен, кәсіпорындармен, лауазымдық тұлғалармен және азаматармен заң қолданылуын қадағалаудың түсінігі және міндеттері. Қадағалауды іске асыру бойынша прокурордың өкілеттігі. Прокурордың құқықытық актілерін орындау міндеттілігі, лауазымдық тұлғалармен заң қолданылуын қадағалау.

-прокурор ұсынысы;

-қылмыстық істі қозғау туралы прокурордың қаулысы- қадағалаудың аталған саласына тән прокуратура акті ретінде.

Тәртіптік және әкімшілік іс жүргізудің прокурор қаулысы. Анықталған құқық бұзушылықты жою туралы прокурор ұсынысы.Сот органдарына прокурор талабы.
11 тақырып Қылмыс және басқа құқық бұзушылықтармен күресу жөнінде құқық қорғау органдырының қызметін үйлестіру
Үйлестіру түсінігі, мәні, мақсаттары және қатысушылары. Үйлестірудің нысандары. Үйлестірудегі прокуратураның жетекші рөлі. Басқа мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және кәсіпорындармен әрекеттесу.
12 тақырып Жедел іздестіру қызметі, тергеу мен алдын ала анықтау заңдылыған прокурорлық қадағалау
Жедел іздестіру қызметі, тергеу және алдын ала анықтау органдармен заң қолдануды қадағалаудың мәні, түсінігі және міндеттері. Актілер және қадағалауды іске асыру бойынша құқықтық құралдар. Прокурор өкілеттігі. Қылмыстық істерді қозғау заңдылығын қадағалау.

Алдын ала тергеу өнідірісінің жалпы шарттарының қолданылуын қадағалау. Прокурормен тергеушінің өзара қарым- өатынастары. Тергеудің тоқтата тұру заңдылығын қадағалау.



Алдын ала тергеудің аяқталу заңдылығын қадағалау. Айыптаушы қортындымен түскен іс бойынша прокурордың шешімі және шаралары.
13 тақырып Мемлекеттік мүддені прокуратураның сотта өкілдігі
Сотта істер қарастырылғанда заң қолдану бойынша прокурордың қатысуы. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер қарастырылғанда прокурордың процессуалдық жағдайы. Аппеляциялық және қадағалау сатылардағы істер қарауында прокурордың қатысуы және рөлі. Прокурор наразылығы - сот төрелігінің заңсыз және негізсіз актіне бағытталған прокурордың негізгі акті. Наразылықты қайтарып алу. Жаңа ашылған мән – жайлар бойынша іс жүргізуінде заң орындауды қадағалау.
14 Тақырып Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау
Әкімшілік іс жүргізуге қадағалау мақсаттары мен міндеттері. Бұл саладағы қадағалауды әске асырғанда прокурордың өкілеттігі. Заң бұзуды анықтағанда прокуратурамен шығарылатын елеу актілері. Әкімшілік іс жүргізу, әкімшілік қаулысының атқару күшін тоқтату және тағы басқа жөнінде прокуордың билік өкілеттігі.
15 Тақырып Атқарушылық іс жүргізу заңдылыған прокурорлық қадағалау
Бұл саладағы прокурорлық қадағалаудың міндеттері.Қылмыс істеуде сезікті мен ұсталғандардың қамау орындардағы заң қолдану қадағалауды іске асыру бойынша прокурордың өкілеттігі. Заңсыз және негізсіз ұстауға прокурорлық елеу. Алдын ала қамау орындардағы қадағалауды іске асыру бойынша прокурордың өкілеттігі. Бас бостандығынан айыру орындардағы прокурорлық қадағалау. Емдеу - профилактикалық мекемелерде заң қолданудың прокурорлық қадағалауы.
16 тақырып Прокуратурамен іске асырылатын қылмыстық қудалау
Қылмыстық қудалау туралы 1995 жылғы 21 желтоқсанның «Прокуратура туралы» ҚР Заңы және Конституциясы. Прокуратурамен іске асырылып жатқан қылмыстық қудалау түрлері және бұл бағыттағы прокурор қызметінің өкілдігі. Прокурордың санкциясы қылмыстық қудалаудың ерекше акті ретінде және прокуратураның басқа актілері.
17 Тақырып Кәмелетке толмағандардың қылмыстары мен қылмыстық істердің тергеуіне прокурорлық қадағалау
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен күресуде прокурордың рөлі. Қылмыстық істерді қозғауына прокурорлық қадағалау. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша алдын ала тергеуге прокурорлық қадағалау. Кәмелетке толмағанға айып тағуда прокурордың қатысуы мен қадағалауы және айыпкер ретіндегі кәмелетке толмағаннан жауап алу. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша бұлттартпау шараларын таңдау.Кәмелетке толмағандардың істері бойынша тергеушінің профилактикалық жұмысына прокурорлық қадағалау.
18 Тақырып Шетел азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуіне, халықаралық келісімдердің қолдануына прокурорлық қадағалау
Шетел азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуіне, халықаралық келісімдердің қолдануына прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері. Прокуратура органдарының халықаралық ынтымақтастығы. ҚР прокуратурасы және халықаралық ұйымдар.
19 тақырып Қылмыстардың тіркеуі және есебі
ҚР Бас прокуратурасының жанында Ақпарат және құқықтық статистика орталығын жасау жөнінде 1997 жылдың 22 сәуірдегі «ҚР құқық қорғау органдарының жүйесін әрі қарай реформалау боынша шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарлығы. 2003 жылдың 28 наурыздағы « Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы » ҚР Заңы. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша комитетінің мақсаттары мен міндеттері. Есеп- тіркеу тәртібіне өкілетті және жауапты бөлімшелерінің құрылымы.
20 тақырып Қазіргі уақыттағы прокуратура органдырының даму концепциясы
ҚР прокуратура дамуының концептуалдық ережелері. Қазіргі кезеңде заң орындауды прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары.

1 тақырып ҚР прокурорлық қадағалаудың мәні мен міндеттері. «ҚР прокурорлық қадағалау» курсының пәні және жүйесі
Семинар сабағының жоспары:

  1. Прокурорлық қадағалау ұғымы.

  2. «Прокурорлық қадағалау» курсының пәні

  3. Прокурорлық қадағалау жүйесі

  4. Прокуратура іскерлігінің және ұйымдастырылуының тұжырымдамалық негізі бар нормативтік актілер

  5. Прокурорлық қадағалауды сипаттайтын факторлар

Әдебиет [1,5,6,8]
2 тақырып ҚР прокуратура органдарының қалыптаса бастауы және дамуы
Семинар сабағының жоспары:

  1. Прокуратура органдырының қалыптасуының және дамуының негізгі кезеңдері.

  2. Прокуратура органдары реформалауының тарихи шартары.

  3. Прокуратура қадағалау туралы ереже. 1922 .

  4. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы .1922 ж.

  5. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы 1995 ж.

Әдебиет [1,4,5]
3 тақырып Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыруының құқықтық негіздері
Семинар сабағының жоспары:

  1. Прокуратура органдары қызметінің конституциялық негізхдері.

  2. Заң, негізгі ережелері, заң құрылымы.

  3. ҚР қылмсытық – атқарушылық кодексі.

  4. ҚР азаматтық - процессуалдық кодексі. Прокуратура органдарына қатысты сұрақтар.

  5. Прокуратура органдырының алдында тұрған міндеттер.

Әдебиет [5,8,9,10,11]
4 тақырып Прокуратура органдарының жүйесінде прокуратура органдары
Семинар сабағының жоспары:

  1. Прокуратура органдарының жүйесінде прокуратураның орны және рөлі. Прокуратура және заң шығару билігі.

  2. Прокуратура және атқарушы билігінің органдары. Прокуратура және сот.

  3. Прокуратура органдары және бақылауды іске асыратын органдар.


5 тақырып Прокуратура қызметінің және ұйымдастыруының принциптері
Семинар сабағының жоспары:

  1. Конституциялық принциптердің түсінігі және мағынасы.

  2. Принциптердің салалық түсінігі мен мағынасы.

  3. Негізгі салалық принциптері.


6 тақырып Прокуратура оргнадары қызметінің мазмұны және негізгі бағыттары
Семинар сабағының жоспары:

  1. Прокуратура органдарының жүйесі ұғымы.

  2. Прокуратура органдарының құрылымы

  3. Прокуратура органдарының іскерлігін ұйымдастыру.

Әдебиет [1,5,6,8,30]
7 тақырып Прокуратуралық қадағалаудың құқықтық актілері
Семинар сабағының жоспары:

  1. Прокурорлық қадағалаудың құқықтық актілері жүйесі.

  2. Құқытық актілердің түсінігі және мәні.

  3. Прокурордың құқықтық актілері: наразылық, қаулы, санкция, жарлық.

  4. Прокурорлық қадағалау актілерінің басқа түрлері.

Әдебиет [5,24-30]
8 тақырып Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және олардың ұйымдастырылуы
Семинар сабағының жоспары:

  1. Прокуратура органдарының жүйесі ұғымы.

  2. Прокуратура органдарының құрылымы

  3. Прокуратура органдарының іскерлігін ұйымдастыру.

Әдебиет [1,5,6,8,30]
9 тақырып ҚР прокуратура органдарына кадрларды сұрыптау, орналастыру және тәрбиелеу

Семинар сабағының жоспары:

  1. Прокурор көмекшісі, прокурор лауазымына тағайындалатын тұлғаларға қойылатын талаптар.

  2. Аттестациялау сұрағы және прокуратура қызметкерлеріне берілетін сыныптық шендер

  3. Арнайы құралдарды пайдалану және атыс-оқ қаруын қолдану.

  4. Прокуратура органдары қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтін қорғалуы

Әдебиет [1,5,6,4,30,34]
10 Тақырып Мемлекеттік басқару органдармен, мекемелермен, кәсіпорындармен, лауазымдық тұлғалармен және азаматтармен заңды қолдануын қадағалау
Семинар сабағының жоспары:

  1. Қадағалау міндеті, мақсаты, мазмұны, мәселесі.

  2. Әкімшілік өндірістің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша прокурор өкілеттігі.

  3. Белгілі саладағы заң бұзушылықты ашу әдісі мен формалары.

  4. Бұзушылықты ашудағы прокурорлық жауап қайтару шаралары.

  5. Прокурорлық қадағалау актілері.

Әдебиет [1,5,6,8,12]
11 тақырып Қылмыс және басқа құқық бұзушылықтармен күресу жөнінде құқық қорғау органдырының қызметін үйлестіру
Семинар сабағының жоспары:

  1. Қылмыстың іздеу ұғымы және түрі.

  2. Қылмыстық іс бойынша Прокурордың өкілеттігі.

Әдебиет [1,5,6,8,15,18,28,33]
12 тақырып Жедел іздестіру қызметі, тергеу мен алдын ала анықтау заңдылыған прокурорлық қадағалау
Семинар сабағының жоспары:

  1. Қадағалау міндеті, мәселесі, мазмұны.

  2. Жедел-іздеу іскерлігінің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша прокурор өкілеттігі.

  3. Белгілі саладағы прокурор қадағалауының актілері

Әдебиет [1,6,9,15,2]
13 тақырып Мемлекеттік мүддені прокуратураның сотта өкілдігі
Семинар сабағының жоспары:

  1. Сотта істер қарастырылғанда заң қолдану бойынша прокурордың қатысуы.

  2. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер қарастырылғанда прокурордың процессуалдық жағдайы.

  3. Аппеляциялық және қадағалау сатылардағы істер қарауында прокурордың қатысуы және рөлі.

  4. Прокурор наразылығы - сот төрелігінің заңсыз және негізсіз актіне бағытталған прокурордың негізгі акті.

  5. Наразылықты қайтарып алу.

  6. Жаңа ашылған мән – жайлар бойынша іс жүргізуінде заң орындауды қадағалау.

Әдебиет [11,16,19,15,12]

Студенттің өзіндік меңгеруіне арналған тақырыптар тізімі
Оқу нысаны – сырттай (2 кредит)
Сыртқы бөлім студенттердің өзіндік жұмыстарының мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына даярлық




сабаққа қатысу

12

2

Семинар сабақтарына даярлық, үй тапсырмасын орындау


конспект

жұмыс дәптері




жеке әңгімелесу,

есеп шешу




12

3

Аудитория сабағына кірмеген материалды оқу

конспект

коллоквиум

24

4

Семестрлік тапсырмаларды орындау

Курстық жұмыс

Курстық жұмысты қорғау


15

5

Бақылау жұмысын орындауы мен қорғауы

Бақылау жұмыс

Жеке қабылдау

10

6

Бақылау шараларына даярлық




АБ1, емтихан

5

Барлығы

78


Мәнжазба тақырыптары:



  1. Өз уақытында кесімді атқару орындауын және заңдылығын қадағалау Әдебиет

  2. Кәмелетке толмағандардың тәрбие колонияларында прокурорлық қадағалаудың ерекшеліктері

  3. Түзеу жұмыстарын өтегенде прокурорлық қадағалау

  4. Мерзімінен бұрын ауру бойынша сотталғандарды босату туралы заң орындалуын қадағкалау

  5. Прокуратура қызметінің конституциялық негіздері

  6. Лауазымдық тұлғалардың заң орындауына прокурорлық қадағалау

  7. Заңсыз және негізсіз ұстауларға прокурорлық елеу

  8. Прокуратура органдырының қызметі мен ұйцмдастырлыуы

  9. Айыпкерді сотқа беру институты

  10. Прокурорлық қадағалау туралы заңдар дамуының негізгі кезеңдері

  11. Прокурордың айыптау сөзі, оның мазмұны және мәні

  12. Қылмыстық қудалау ҚР Прокуратура қызметінің бағыты ретінде

  13. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен күресуіндегі прокурордың рөлі

  14. Мемлекет және заң тұлғалардың мүдделерін, адам мен азаматтың бас бостандығы мен құқықтары бойынша қадағалаудың іске асыруында, заң бұзушылығы анықталғанында елеу құралдары

  15. Әкімшілік жазалар заңдылыған прокурордың қадағалауы


Сынақ сүрақтары:


  1. Прокуратура органдарының құқықтық актілер жүйесі

  2. Қылмыстық қудалау прокуратура қызметінің бағыты ретінде

  3. Прокуратура органдарындағы алқалар

  4. Прокуратура қызметіндегі заңдылық принциптері

  5. Прокуратурдың наразылығы, оның түрі және мазмұны

  6. Азаматтық сот ісін жүргізуінде мемлекеттік мүдделерінің өкілдігін іске асыратын прокурордың өкілеттігі

  7. Прокурорлық қадағалаудың құқықтық құралдарын топтастыру

  8. Қылмыстық істерді тоқтату неегізіділігін және заңдылығын қадағалау

  9. Прокуратура органдарының қызметіне түсетін тұлғаларға қойылатын талаптар

  10. Прокуратура органдары қызметінің мазмұны және негізгі бағыттары

  11. Мемлекет және заң тұлғалардың мүдделерін, адам мен азаматтың басбостандығы мен құқықтарын сақтауын қадағалаудың түсінігі және міндеттері

  12. Прокурордың айыптау созі, оның мазмұны және мәні

  13. Жоғарғы қадағалауды іске асыру тәртібі

  14. Тергеу және анықтау заңдылығын прокурорлық қадағалаудың түсінігі, пәні және міндеттері

  15. ҚР Президент Жарлықтарын, заңдарын және басқа нормативтік құқықтық актілерді қолдануды ұйымдастыру және тексеру

  16. Тергеу және алдын ала анықтау заңдылығының қадағалауын іске асырғанда прокурор өкілеттігі

  17. Прокурордың талап қою арыздары

  18. Прокурорлық қадағалаудың мемлекеттік қызметінің басқа түрлерімен арақатынасы

  19. Заң бұзу анықтаудың құқықтық құралдары, бұзу салдары және оларға болысатын шарттар

  20. Атқару іс жүргізу өндірісінің заңдылығын қадағалау

  21. Прокурорлық қадағалау туралы заң дамуының негзгі кезеңдері

  22. Қадағалауды жүзеге асырғанда прокурордың ұсынысы

  23. Соттар қылмыстық істерді қарастырғанда, прокурордың қатысуы және оның өкілеттігі. Прокурорға қарысылық білдіру

  24. Прокурорлық қадағалаудың конституциялық негіздері

  25. Жедел іздестіру қызметін қадағалау

  26. Азаматтық сот ісін жүргізуінде прокурордың қортындысы

  27. Прокуордың нұсқамасы, оның түрлері және мазмұны

  28. Прокурордың санкциясы

  29. Қылмыстық істерді қозғау сатысында заңдылықты қадағалау

  30. Кеңес үкіметі прокуратурасының жасалуы

  31. Әкімшілік іс жүргізуінің заңдылығын қадағалау

  32. Прокурордың кассациялық наразылығы

  33. Прокуратура органдарының жүйесі және құрылымы

  34. Мемлекет және заң тұлғалардың мүдделерін, адам мен азаматтың бас бостандығы мен құқытарын сақтауының қадағалауын жүзеге асырғанда, заң қолдануды тексеру. Тексеріс өткізудің ұйымдастыруы.

  35. Айыптаушы ретінде қатыстыруының негізділігін және заңдылығын қадағалау

  36. «Прокурорлық қадағалау» курсы сабақтас ғылыми – құқытық пәндердің жүйесінде

  37. Мемлекет және заң тұлғалардың мүдделерін, адам мен азаматтың бас бостандығы мен құқықтарын сақтауының қадағалауын заң бұзуды анықтауына елеу құралдары

  38. Сот талқылауында қылмыстық істер бойынша мемлекет мүдделерінің өкілдігі

  39. Прокурорлық қадағалаудың бағыты және прокуратура органдары қызметінің бағыты

  40. Атқару іс жүргізу өндірісі заңдылығының прокурорлық қадағалауының түсінігі және міндеттері

  41. Прокурормен азаматтық талаптарды беру тәртібі және шарттары

  42. Қылмыстық істерді тоқтата тұру заңдылығын қадағалау

  43. Бас бостандығынан айыру және шектеу орындарда заңдылықты сақтау тексерісі

  44. Үкімдерді орындаумен байланысты сұрақтарды сот шешкенде мемлекеттік мүдделерінің өкілдігі

  45. Азамат пен заң тұлғалардың арыздарын прокурордың қарауы

  46. Азаматтық істерді сот қарастырғанда, прокурордың қатысу түрлері

  47. Әкімшілік іс жүргізуінің заңдылығына қадағалауына іске асырғанда, прокурордың өкілеттігі

  48. Бірыңғай прокурорлық қадағалаудың салалары. Белгілері, анықтамасы

  49. Мемлекет және заң тұлғалардың мүдделерін, адам мен азаматтың бас бостандығы мен құқықтарын сақтау қадағалауының мәні, заты және міндеттері

  50. Қылмыс істеуде сезікті тұлғаларды ұстаудың заңдылығын қадағалау. Ұсталғандар құқықтарының кепілдігін қамтамасыз ету.

  51. Прокурорлық қадағалау обьектісінің түсінігі. Қадағалау обьектісі және заты.

  52. Алдын ала тергеу өндірісінде прокурордың нұсқаулары

  53. Айыпкерді прокурормен сотқа беру

  54. Прокурордың наразылығы және нұсқамасы

  55. Прокуратура ұйымдастыруында және қызметінде заңдылық қағидасы

  56. Прокурормен алдын ала анықтаушының және алдын ала тергеушінің әрекеттеріне шағымдарды қарау

  57. Прокуратура қызметі мен ұйымдастыруындағы бірлік қағидасы

  58. Арыздарды қарау бойынша прокуратура органдырының жұмысы

  59. Басты сот қарауында қылмыстық істер бойынша мемлекет мүдделерінің өкілдігі

  60. Прокуратура қызметі мен ұйымдастыруындағы орталықтандыру қағидасы

  61. Бас бостандығынан айыру және шектеу орындарда заңдылықты сақтауына прокуорлық қадағалаудың пәні

  62. Қамауда ұмтау және алдын ала тергеу заңмен белгіленген мерзімдерінде сақтауын қадағалау

  63. Прокуратура қызметі мен ұйымдастыруындағы басқа мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардан тәуелсіздік қағидасы

  64. ҚР Бас прокурорын және оған бағынатын прокурорларды тағайындау тәртібі және өкілеттігі

  65. Жедел іздестіру қызметіне прокуорлық қадағалаудың түрлері мен әдістері




  1. Мемлекет және заң тұлғалардың мүүделерін, адам мен адамзаттың бас бостандығы мен құқықтарын сақтауының қадағалауын іске асыру бойынша прокуордың өкілеттігі

  2. Азаматтық істер бойынша сот қарауында прокуордың қатысу түрлері

  3. Қылмыстық істерді тоқтата тұру заңдылығын қадағалау

  4. Қадағалау – прокурорлық құқық қатынастары

  5. Қылмыстар тергеуіндегі прокурордың қатысуы

  6. Бас сот қарауындағы прокурор айып тағу тарабы ретінде

  7. Прокуратура қызметін ұйымдастыру

  8. Прокуратура органдарының ғылыми мекемелері

  9. Прокурордың орны мен мәні қылмыстық – процессуалдық қызметінің қатысушысы ретінде

  10. Азаматтық істер бойынша құқықтық инстанциясының соттындағы прокурор өкілеттігі

  11. Прокуратураның «жоғарғы» қадағалау туралы заңдарды дамыту

  12. Қылмыстар туралы мәлімделемелерді және хабарламаларды қабылдау, тіркеу және рұқсат беру туралы заңның талаптарын орындауын қадағалауын

  13. Атқару іс жүргізу өндірісінің заңдылығын қадағалау

  14. Прокуратура органдары қызметінің және прокурорлық қадағалау салаларының негізгі бағыттарының арақатынасы

  15. Тергеу және алдын ала анықтау заңдылығына қадағалауды іске асыру бойынша прокуор актілері

  16. Әкімшілік іс жүргізуінің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша прокурор актілері

  17. Прокуратура қызметі мен ұйымдастыруңындағы бірлік қағидасы

  18. Прокурор санкциясы

  19. Азаматтық істер бойынша бірініші инстанцияның соттында прокуордың қатысу түрлері

  20. ҚР мемлекеттік органдары жүйесінде прокуратураның орны мен рөлі

  21. ҚР Прокуратура дамуының концептуалдық ережелері

  22. «ҚР Прокуратура туралы» Заңы. Заңның құрылымы және негзгі ережелері

  23. Қылмыстар және басқа құқық бұзушылықтармен күресу бойынша құқық қорғау оргнадарының үйлестіру қызметінің түсмінігі және мәні

  24. Басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тәуелденбей прокурорлармен өкілеттіктерін іске асыру

  25. Прокуратура органдары қызметінің негзгі бағыттарының түрлері және жалпы сипатамасы



11. Курс саясаты

Әр студент сабаққа белсенді қатысып, сабақтың барлық түрінде қатысып, өзінің курстастарымен білім алуға тырысу керек. Сабаққа қалып келуге болмайды, түрлі тәртіпсіздік жазаланады, тіпті аудиториядан қуылады.

Сабаққа қалып келген жағдайда төмендегідей жазалау щараларын қолданамын:


  • дәріс пен тәжірибелік сабақта себепсіз болмаса 2 балл минус;

  • уақытылы СӨЖ істелмеген жағдайда 2 балл минус.

Семестірде екі аралық бақылауы бар. Ол не тест , не бақылау жұмысы. Бақылау өткен сабақтар бойынша жүргізіледі.

Бақылау түрлері : ҮТ – үй тапсырмасы, Қ – оқу процесіне қатысу, КТ- конспект тексеру, Р – реферат, МЖ– межелі бақылау.

Әр тапсырмаға дайындалу мен оқылған материалды қайталау міндетті. Сіздердің білімдеріңізді тексеру тәжірибе сабақтарында сұрақтар қою арқылы, тест, бақылау жұмыстары арқылы тексеріліп отырылады. Егер бақылау жазған күні болмасаңыз, келесі сабақта жаза аласыз, ал олай болмаса сіз 0 балл аласыз. Емтихан мониторингкте тестілі түрде өтеді. Пән бойынша рейтинг қорытындысын есептеу әдісі.

Пән бақылау қорытындысы жұмыс оқу жоспарына сәйкес емтихан мен ағымды үлгерімнен тұрады. Оның өлшемі төменгі кестеде көрсетілген:




Бақылау нысаны

Бақылау түрі

өлшемі

емтихан

емтихан

0,4

Ағымды бақылау үлгерімі

0,6

Пән бойынша қорытынды рейтинг баллы мына формуламен есептелінеді:

Мұнда Р1, Р2 және бірінші және екінші рейтингте алынған балл сандары, ВДту,ВДэ ағымды семестр мен емтиханда алынған балл өлшемі.

Пән бойынша қорытында рейтинг баллы сандық эквиваленттке, әріптік және дәстүрлі баға айналып, «Оқушылардың оқудағы жетістіктер журналына» және «Рейтинг ведомосына» тіркеледі.

Егер студент F бағасын алса, онда ол пән бойынша оның қорытынды бағасы анықталмайды да, ведомосқа сынақ есептелмеген болып жазылады.

Ағымды үлгерімнің қорытындысының соммарлы баллы екі рейтинг бойынша студенттің сабаққа қатысуымен, белсенділігімен, сұрақтарға жауап беруімен, бақылау жұмыстарын сапалы орындауымен есептелінеді.



Қорытында баға балл бойынша

Баллдың сандық эквиваленті

Әріптік жүйедегі балл

Дәстүрлі балл

95-100

4

А

өте жақсы

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағат

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

қанағатсыз

Пәннің аралық аттестация ведомосы мен сынақ кітапшасына қорытынды баға дәстүрлі түрде енгізіледі.
Ұсыныстық әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:

1. Н. Алиев Қазақстан Республикасының прокуратурасы Алматы: Өнер,2002

2. М.С. Нәрікбаев Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау Астана: Әділет, 2005

3. Р.Н.Ақпарова. ҚР прокуратура органдары.- Алматы. Данекер, 2000


Нормативттік әдебиет

1.ҚР Конституциясы. Алматы, 1997.

2. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы. Алматы, 1999.

3. ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы: Юрист, 2003.

4. ҚР азаматтық іс жүргізу кодексі. Алматы: Юрист, 2003.
Қосымша әдебиеттер

1. Прокуратуралық қадағалау мәселелері жөніндегі Бас прокуратураның негізгі нормативтік актілер жинағы. – Астана, 2003.



2. Ғ.Қ. Өтебаев. Мемлекеттік айыптаушының соттағы сөзі. Оқулық. Алматы, 2004

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет