~ 223 ~
Олардың мысалдары басқа науқастар ҥшін
оң және ынталандырушы
әсер етеді. Емдеудің екі
тҥрі - дәрілік және психотерапияны бip-бipiнe
қарсы қоюға болмайды. Олар ҥйлестіріліп, дҧрыс қолданғанда емдік
әсері кҥшейеді.
Шетелдегі психопатияның шығу тегіне психодинамикалық
кӛзқарасқа байланысты олардың емі психоанализ кӛмегімен жҥргізіледі.
Мҧндай емнің мақсаты – санаға бағынбайтын комплекстерді табу,
науқастардың оларға жауабын қамтамасыз ету, жҥріс-тҧрысты тҥзету
болып табылады. Психоанализ индивидуальды
айлап және жылдап
ӛткізіледі. Психодрама да осындай мақсатта колданылады.
Науқастың
дертті комплекстерге жауап реакциясын шақыру мақсатында арнайы кӛріністер
ҧйымдастырылып, науқас ӛзі қатысушы немесе кӛрермен болады. Оң нәтиже
емнің ерекше тәсілдеріне байланысты емес, оның дертінің пайда болу
механизмін анықтауға бағытталған науқасқа аударылған зейінге байланысты.
Психопатия профилактикасының тиімділігі қоғам ӛмірінің жалпы
әлеуметтік шарттарына, және де
арнайы психогигиеналық және
медициналық шаралардың жҥргізілуіне байланысты. Тҧлға әртҥрлі
әлеуметтік орталық факторлардың активті әсерінің нәтижесінде тҥзіледі.
Ерте сатыда - бҧл жанҧя, балабақша, мектеп, институт және т.б,
болып табылады.
Кеңестік денсаулық сақтау ӛзінің алғашқы қҧрылған жылдарында
психопатия профилактикасын ең нeгiзгi міндет деп жариялады. Coның
ішінде психопатияның біріншілік профилактикасының мақсаттарына
сәйкес келетін ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша; пре - және
постнатальді зақымдану
жағдайларының алдын алу; баланың психикалық
және физикалық дҧрыс дамуына жағдай жасау шаралары маңызды мәнге ие
болды. Психопатияның біріншілік профилактикасында балалар мен
жасӛспірімдердің дамуы ҥшін оптимальды психологиялық климат қҧру
мақсатында психологиялық және педагогикалық әсер ету шараларына
айрықша мән берілді. Ерте балалық шақта жанҧяның, жанҧяішілік қарым-
қатынастың әсері ерекше. Бала бірқалыпты, жылы эмоциональды қатынас
жағдайында ӛсуі керек.
Сәбидің психикалық даму дәрежесіне қарай оған ата-анасының ӛзара
қарым-қатынасы әсер ете бастайды. Ата-ананың
арасындағы жиі болатын
жанжал сәби психикасында терең із қалдырады. Жиі олар жҥріс-тҧрысымен
және мәнерлерімен ата-анасына еліктей бастайды.
Сонымен қатар ата-анасының сәбиге деген қарым- қатынасьның да
маңазы зор. Бала ӛмірінің алғашқы жылдарында белсенділік, тәуелсіздік таныта
бастайды: бір нәрсе жасауға, әкелуге тырысады және т.б. Ата-анасы баласы бір
нәрсеге ҧшырап қалмас ҥшін, және т.б. мақсаттармен, оның талпынысын басып
тастайды. Кейінірек бҧл жағдай оның мінез-қҧлқында әрекетсіздікке әкелуі
мҥмкін. Баланың ҥнемі «неге» деген сҧрағына мән бермеу баланы сенімсіздікке
және толымсыздыққа тәрбиелейді.
~ 224 ~
Жасӛспірімдермен қатынасқа ерекше зейін қою керек. Бҧл жаста балада
айтарлықтай психикалық қайта қҧрылулар болады. Тҥзіліп келе жатқан
тҧлға ретінде ӛзіндік «Менін» саналы тҥсіне бастайды. Бҧл ҥрдіс ӛзіндік
«Менін» дәлелдеу талпыныстарымен жҥреді. Жиі бҧл ата-ана кеңестерін
елемеумен, олармен қатынаста керіскіштікпен және дӛрекілікпен
кӛрінеді. Мҧндай психикалық дисгармония жағдайы акселерация
қҧбылыстарымен асқына тҥседі. Акселерация кезінде кҥшті физикалық даму
және техникалық прогресс жағдайында қалыптасумен қатар жасӛспірімдер
ҥлкен кӛлемді ақпаратты игереді. Сонымен қатар жеке ӛмірлік
тәжірибесінің болмауы ӛздерінің іс-әрекеттерінің әлеуметтік мәнін бҧрыс
болжауға алып келеді. Бҧл жерде ӛсу дерті деп аталатын кезеңді ӛткеруге
кӛмектесетін, жасӛспірімдердің тҧлғалық дисгармониясын одан әрі тереңдетпес ҥшін
ата-ана мен ересектердің жасӛспірімдермен арасындағы қарым-қатынасының жақсы
ойластырылған жҥйесі қажет.
Ата-анасының, педагогтардың және ересектердің
еңбектері қажет нәтиже бермеген жағдайда дәрігер - психиатрға кӛрінген дҧрыс.
Екіншілік,
ҥшіншілік
профилактика
деп
атауға
болатын
профилактиканың тағы бір аспекті тҧлға дисгормониясы кҥшеюнің,
декомпенсация дамуының алдын алуды, тҧлғалық ақауларды компенсациялауға
кӛмек беруді және максимальды әлеуметтік адаптацияны қамтамасыз етуді
кӛздейді. Психопатияның екіншілік және ҥшіншілік профилактикасын жҥргізу
бойынша шаралар арнайы білімді қажет етеді. Бҧл жерде тҧлғаның
дисгармониялық кӛріністерінің ерекшеліктерін және осы белгілердің
кҥшеюіне әкелетін жағдайларды анықтай білу керек. Алдын алушы
немесе сҥйемелдеуші психотерапия қажет. Соңғысының қҧрамында
жанҧялық психотерапия болуы керек, оның мақсаты - жанҧя ішілік
қарым-қатынастарды нормализациялау болып табылады. Науқастың
әлеуметтік реабилитациясында оның профессиональды бағдарына
негізгі рӛл беріледі. Науқастарға еңбектік кеңестер бергенде науқастың
тек білімін, профессиональды бағдарын ғана емес, сонымен қатар
мінез-қҧлық ерекшелігін де ескерген жӛн. Кейде адамның мінез
ерекшеліктері қызмет профилімен сыйымсыз болады. Мҧндайда
профилактикалық мақсатта науқасқа қызметін ӛзгертуге кеңес беру
керек.
Достарыңызбен бөлісу: