~ 32 ~
Кеңес ҥкіметінің алғашқы жылдарында психиатриялық патронаж
ауылдық жағдайда ауруханадан тыс жҥйе ретінде маңызды роль атқарды.
Соңғы кезде ауруханадн тыс кӛмек тҥрінің
дамуына байланысты
психиатриялық патронаж ӛз маңызын жоғалтты.
Кеңес ҥкіметінің алғашқы жылдарында психиатриялық кӛмекті
децентрализациялау және оны тҧрғындарға жақындату психоневрологиялық
диспансер ҧйымы ретінде жҥзеге асты. Бҧрынғы Кеңес Одағындағы
диспансерлік психиатриялық кӛмек психиатриялық кӛмек жҥйесі бойынша
алдыңғы қатарда болып отыр. Диспансерлік психиатриялық кӛмек
арқасында психиатриялық ауруханаларда стационарлы науқастар саны
азайды.
Диспансерлер науқастарға емдік және социальды кӛмек кӛрсетеді.
Ауылдық жерлерде ауруханаларда психиатриялық кабинеттер жҥйесі және
орталық аудандық ауруханаларда психоневрологиялық бӛлімшелер бар.
Осындай кабинеттерде немесе бӛлімшелерде жалпы учаскелік дәрігер және
орта медперсонал психиатр кеңесі арқылы
бекітілген учаскелеріндегі
аурулармен кҥнделікті емдік және профилактикалық жҧмыс жҥргізеді.
Орталық аудандық аурухананың диспансерлік бӛлімінің қҧрамында
психиатриялық,
неврологиялық,
балалар,
психоневрологиялық,
наркологиялық
кабинеттер
бар.
Психоневрологиялық
диспансер
бӛлімшесінің қызметкерлері осы контингент науқастарын, әсіресе алғаш
дерттің белгісі бақыланған науқастарды анықтауға байланысты қомақты
жҧмыс ӛткізді. Бҧл қызметте негізгі кӛмекті ауылдық учаскелік дәрігерлер,
фельдшерлер, акушерлер, ауыл тҧрғындарын
жақсы білетін адамдар
кӛрсетеді.
Соңғы 10 жылда науқасты қоғамдық ортадан аластатпай емдеу тҥрі
дамып, етек алып келеді.
Ауруханадан тыс психиатриялық кӛмек жалпы емханамен тығыз
байланыста жҧмыс жасайды. Психоневрологиялық диспансер мен жалпы
емхана арасындағы интеграция бҧрыннан қалыптасқан, яғни, осы
диспансерлерде қызмет ететін дәрігерлер мен жалпы емхана қызметкерлері
бір аймақта және бір әкімшіліктік ауданда тҧратын
науқастарды еммен
қамтамасыз етеді. Бҧл диспансерлік және емханалық жҧмыстарды
жеңілдетеді, яғни олармен уақтылы кеңес беру, тҧрақты бақылау жасау,
барлық ауруларға уақытында психиатриялық кӛмек кӛрсету, аурулардың
уақтылы дәрігерге кӛрінуі тәрізді жағдайлар жасалуда. Осы қиындықтарды
жеңу ҥшін емханаларда психотерапия бӛлмелерін
ашу туралы шешім
қабылданды.
Психотерапевт бӛлмесін жалпы емхана қҧрамына қосу ҥшін ауруларға
психиатриялық және жалпы дәрігерлік кӛмекті бірдей кӛрсету қажет.
1975 ж. жалпы психиатриялық кӛмек жҥйесінен бӛлек қызмет болып
наркологиялық кӛмек шықты. Наркологиялық кӛмек арнайы жабдықталған
аурухана және алкоголизммен науқастарды емдеуге арналған наркологиялық
диспансер тҥрінде болады. Наркологиялық диспансерлер алкоголизммен,
~ 33 ~
наркоманиямен, токсикоманиямен зардап шегетін науқастарды ерте анықтау
және осы аурулардың алдын алу, емдеу, есепке тіркеу, осы ауруларға қажет
әлеуметтік
кӛмек
кӛрсетуді іске
асырады. Кейбір
мекемелерде
наркологиялық кабинеттер және фельдшерлік наркологиялық пункттер бар.
Достарыңызбен бөлісу: