Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет96/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Онейроид жағдайындағы науқас 
Онейроид – бағдарлау және ӛзіндік сана бҧзылысымен, фантастикалық 
кҥйзелістермен және елестермен, субъективті әлемде қабылданатын 
кӛріністермен және кататониялық симптоматикамен бірге жҥретін тҥс 
тәрізді, сананың қиял тәрізді кҥңгірттенуі. Психипатологиялық ӛнім 
молдығы, анықтығы, галлюцинаторлы және сандырақтық жағдайлардың 
динамикалылығы мен ауқымдылығы арасында диссоцияция жҥреді және бір 
жағынан, науқастың аң-таң келбетпен бір қалыпта тҧрып қалуы немесе 
біртекті кататониялық қозу жағдайында болуы – екінші жағынан. 
Галлюцинациялар, псевдогаллюцинациялар және сандырақ шынайылықпен 
араласып, науқас және айналасындағы адамдар қатысушылар болып 
есептеледі. Науқас атомдық соғыс, әлем кҥйреуі, ӛзге планеталарға, басқа 
дәуірге орын ауыстыру кҥйлерін кешеді (фантастикалық сандырақ). 
Онейроидтың бастапқы кезеңіне аффект тҧрақсыздығы тән, ҧйқы бҧзылады, 
есімнен адасып кетемін деген қорқыныш пайда болады, дереализация, 
деперсонализация және абдырау кҥшейе тҥседі. Сахналау және 
интерметаморфоза сандырағы дамуы мҥмкін. Сана кҥңгірттенуінің жоғарғы 
шегінде ӛзіндік тҧлғасына қатысты қос бағдарлау, депрессия немесе экстаз 
жағдайы кӛрініс беруі мҥмкін. Ӛте ауыр жағдайда науқас қоршаған ортадан 
ажырап, жауап бермейді, шынайылықты қабылдауды тоқтатады, сана 
толығымен паталогиялық ӛніммен жауланады. Онейроидтан шыққан кезде 
бӛліктік естеліктер болады: біршама толығырақ және ретті тҥрде есте 
сақтағандары – субъективті қҧбылыстар, жеткіліксіз немесе толық жойылған 
- шынайы қҧбылыстар болып табылады. Науқастық фантастикалық 
кҥйзелістермен бірге және болған жайттардың есте толық сақталуымен 


~ 160 ~ 
қоршаған ортаны толық формальды бағдарлау жағдайлары кездескен – 
бағдарланған онейроид. Онейроид жиі кезеңдік шизофрениямен, осы 
аурудың ӛзге формаларының ӛткір сатыларында дамиды; кейде 
инфекциялық, соматикалық, интоксикациялық, эпилепсиялық психоздарда 
кездеседі.
Аменциякеңістікті, уақытты, жеке басын бағдарлау бҧзылуымен, 
шындықты тҥсіну қабілетінің жоғалуымен және осы кезеңнің толық 
амнезиялануымен жҥретін сананың терең кҥңгерттенуі. Аментивті кҥй ауыр 
соматикалық және психикалық зорығу, қажу фонында (сепсис, авитаминоз, 
ашығу) дамиды, ҧзаққа созылады (апталар және айлар) және болжамы нашар. 
Ағымдағы оқиғаларды тҥсіну қабілеті жоғалады, оларды біріктіріп қабылдай 
алмайды алмайды. Сағатқа қарай отырып, оның тілдерін дҧрыс кӛріп отырса 
да, уақытты айта алмайды. Сӛздері байланыссыз, қозу шеңбері аз кеңістікті 
алады, мағынасыз, хаосты және бас, аяқ-қолдарын қозғалтумен кӛрінеді. 
Аффективті кӛріністер ӛзгермелі, иллюзиялар, жеке галлюцинациялар, 
кататониялық бҧзылыстар болуы мҥмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет