Психодиагностика ғылым саласы және тәжірибе ретінде Тексеру сұрақтары


Лекция 13. Интеллект психодиагностикасы



бет14/17
Дата18.10.2023
өлшемі193.5 Kb.
#480985
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Лекциялар

Лекция 13.
Интеллект психодиагностикасы.
Ғылыми зерттеудің объектісі ретінде интеллект түсінігін психологияға ХІХ ғасырдың соңында Ф.Гальтон еңгізген. Гальтон бойынша интеллект туқым қуалаушылық жолымен берілетін қабілет. Осындай көзқарас бірінші интеллект тесттердің негізінде жатыр. Бине, Кеттелл, Термен даму жағдайларына тәуелсіз қабілетті өлшейміз деп есептеген. Психологияда интеллект туралы бір көзқарас жоқ. Интеллект мәнісін түсіндіретін бір неше амал бар:

  1. Оқуға деген қабілет (А. Бине, Ч. Спирмен, с.Колвин, Г. Вудроу т.б.)

  2. Абстракциялармен жұмыс істеу қабілеті (Л.Термен, Р.Торндайк, Дж. Петерсон )

  3. Жаңа жағдайларға бейімделу қабілеті (В. Штерн, Л. Терстоун,

Эд. Клапаред, Ж.Пиаже)
Әр амалдың кемшіліктері бар. Мысалы, егер интеллекті оқуға қабілет ретінде қарстыруға болады, бір оқу нәтижесі тек қана интеллект деңгейіне емес көптеген факторларға тәуелді екендігі мәлім. Егер интеллекті абстракті ойлаумен байланыстырсақ, онда интеллект түсінігі шектеледі. Егер интеллектіні бейімделу процессі арқылы қарастырсақ, онда біз интеллекттің функциясын анықтаймыз, бірақ оның мәнісі белгісіз болып қала береді. Сонымен қатар, адаптация терминін психологтар бірдей түсінбейді. Сонымен интеллект мәнісін түсіндіруде байқалған сәтсіздіктер интеллект түсінігін интеллектуалды орындау түсініг арқылы қарастыруға әкелді. «Интеллект деген не?» сұрағы «қандай жүріс-тұрыс интеллектуалды болады?» сұраққа ауыстырылды. ХХ ғасырда пайда болған тесттерге интеллектуалды жүріс-тұрысты (интеллектуалды орындауды) талап етеін проблемалық сұрақтар кірді. Сондықтан, кейбір психологтар интеллект бұл интеллект тесттері арқылы анықталатын құбылыс деді. (Бине, Спирмен. Тернер).
IQ коэфициенті интеллект синонимы ретінде қарастырылды. Ендігі пайда болған сұрақ интеллект тесттеріне кіретін тапсрымалардың мазмұны қандай болу керек? Бұл сұраққа бір жауап табылған жоқ. IQ көрсеткіші бір топ шеңберінде аса өзермейді. Яғни, бала кездегі IQ көрсеткіштері ересек кездегі IQ көрсеткіштерімен тығыз байланысты болып шықты. (корреляция коэфициенті 0.8)
IQ коэфициенті адамның өмір сүру жағдайларын және мәдени ерекшеліктеріне тығыз байланысты екендігі дәлелденген. Яғни, адамның интеллект деңгейіне өмір сүру салты, тәрбиелеу, білім деңгейі, мотивация сияқты факторлар әсер етеді. Осы жайла А.Анастази былай деп жазған: « Интеллект тесттері адамның осы сәтте не істей алатынын көрсетеді. Неге ол тестті осылай орындағанын біз білмейміз. Бұл сұраққа жауап беру үшін біз осы аданың дамуын, мотивациясын, тағы да басқа қасиеттерін зерттеуміз керек». Сонымен, біз интеллектуалды тесттер шын мәнісінде жалпы интеллект деңгейін өлшейді деп айталмаймыз, олар адамның ойлау әрекетінің кейбір ерекшеліктерін және кейбір қалыптасқан білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын анықтайды. Психодиагностикада «тесттік интеллект» немесе «психометрикалық интеллект» деген түсінік пайда болды. Швед психологы С. Боман айтқандай бұл түсінік адамның қабілетін белгілемейді, ол оның тестте берілген сұрақтарға дұрыс жауап беруін белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет