Психология бойынша сабақтарды өткізу әдістемелері 18



бет1/27
Дата20.05.2022
өлшемі108.63 Kb.
#458084
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Қазіргі білім беру процесінде психологияның рөлі мен орны


Қазіргі білім беру процесінде психологияның рөлі мен орны


Мазмұны
КІРІСПЕ.. 2
1 ПСИХОЛОГИЯНЫ КӘСІБИ ТҰРҒЫДА оқыту ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТЕОРИЯСЫ... 6
1.1 Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары 6
1.2 Қазіргі білім беру процесінде психологияның рөлі мен орны. 13
2 ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ 18
2.1 Психология бойынша сабақ және оның негізі 18
2.2 Психология курсында -қытудың белсенді әдістерінің топтық формалары.. 25
2.3 Ойынды психологияны кәсіби тұрғыда оқыту құралы ретінде пайдалану әдістеме 30
ҚОРЫТЫНДЫ... 42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 50


КІРІСПЕ
Мемлекет басшысы жыл сайынғы жолдауында бүгінгі таңда негізгі бағыттардың бірі қазақстандық жастардың әлеуетін дамытудағы рөлін арттыру және жетілдіру болып табылатынын атап өтті, сондықтан Президент- 2019 жыл «Жастар жылы» деп, жариялады.
Жас педагогтерге арналған бастамалар бүгінгі қоғамға қажетті өзгерістердің бірі де бірегейі, бұл тапсырмаларды Елбасы жеке назарына алды. «Табысыңның өскенін қаласаң, еңбекқор болуың қажет!» - деп, Елбасының дәйексөзін келтіргім келеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. ХХI ғасыр - бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.
Сондықтанда қазіргі заманғы психологиялық білім мен оның тәжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі психологияны оқытудың әдістемесіне жаңа, әрі тиімді әдістерді енгізуді қажет етіп отыр. Психологияны оқытудың тиімділігі негізінен педагогтың оқу процесін психология ғылымының теориясы мен тәжірибесінің мазмұнына сай ұйымдастыру іскерлігіне байланысты болады.
Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек», - деген екен. ХХI ғасыр – білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру - әрбір ұстаздың міндеті. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг, К.Ушинский А.Макаренко ,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.нымен бірге барлық үйренушілер білім беру жүйесінің белгілі бір сатысында бастапқы, жалпы және тек оларға тән ерекшеліктермен, қырлармен сипатталады.
Бұл, әр білім беру сатысы, әдетте, адам өмірінің белгілі бір кезеңімен теңестірілуімен түсіндіріледі. Мысалы, дүние жүзінде бастауыш мектепте 10 жасқа дейінгі балалар оқиды ( алайда, экстремалды әлеуметтік ситуацияларда, мысалы, сауатсыздықты жоюда бұл сатыға үлкендерде кіреді ).
Жас ерекшелік кезеңдерге бөлу психологиядағы күрделі және бір жақты шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді (А. Валон, Ж.Пиаже, В.Штерн, П.П. Блонский, Л.С. Выготский және т.б.).
Яғни педагог-психологтардың басты міндеті оқушылардың жас ерекшклігіне қарай білім беріп қалыптастыру болып табылатын болса, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты Л.С.Выготский бастауыш мектеп, кіші мектеп және жоғарғы мектеп оқушылары деп үш топқа бөліп қарастырды. .
Бастауыш мектеп оқушысы – бұл адамның іс-әрекет берілген жағдайда оқу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі қоғамдық болмысының бастауы. Осы сапада бастауыш мектеп оқушысы, ең алдымен, оған дайындығымен сипатталады. Бұл оқу мүмкіндігін қамтамассыз ететін физиологиялық және психикалық, ең алдымен интеллектуалдық даму деңгейімен анықталады. Мектепке оқуға дайындық мектепке, оқуға, танымға деген жаңаны ашуға қуану, жаңа дүниеге , үлкендер дүниесіне ену ретіндегі қатынасын білдіреді. Бұл жаңа міндеттерге: мектеп, мұғалімдер, сынып алдындағы жауапкершілікке дайындық. Жаңаны тосу оған қызығу бастауыш мектеп оқушысының мотивациясының негізінде жатыр.
Бұл дайындық бүкіл алдыңғы психикалық дамудың қорытындысы ретінде, отбасындағы және бала бақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың бүкіл жүйесінің нәтижесі ретінде түсіндіріледі. Оларға жататындар: Баланың жалпы физикалық дамуы, жеткілікті білімдер көлемінің болуы, өзін-өзі күтудің, мінез-құлық мәдениетінің, қарым-қатынастың, қарапайым еңбектің, «тұрмыстық» дағдылардың болуы; тілдің дамуы; жазудың алғышарттарының болуы; оқуға ниеттену
Бастауыш мектепте, кіші мектеп оқушысында, осы кезеңдегі жетекші іс-әрекеттің негізгі элеметтері, қажетті оқу дағдылары мен іскерліктері қалыптасады. Осы кезеңде ойлау формалары дамиды, олар ары қарайғы ғылыми білімдер жүйесін меңгеруді, ғылыми, теоретикалық ойлаудың дамуын қамтамассыз етеді. Мұндай оқуда, күнделікті өмірде өз бетінше бағдарланудың алғышарттары қалыптасады. Осы кезеңде «баладан тек елеулі ақыл-ой жұмсауды ғана емес, сондай-ақ үлкен физикалық төзімділікті талап ететін» психологиялық қайта құру жүреді.
Өмір жағдайының өзгеруімен, отбасынан немесе бала бақшадан мектепке ауысуымен байланысты бастауыш мектеп оқушысында үстем беделдер біршама өзгереді. Ата-ана беделімен қатар мұғалім беделі де пайда болады. «Ал мұғалім былай айтты,» - деп бала шешесінің айтқанына қарсы шығады. Осындай балалардың жаңа кезеңге келіп түсініспейтін жағдайлардың пайда болу езднрінде педагог-психологтардың қолдау беріп көмектесуі, кеңестер беруінің пайдасы өте зор. Бастауыш мектептің соңына қарай, дамудың макрофазасы ретінде негізгі бейімделу кезеңі аяқталғанда, оқушы тек қана оқу іс-әрекетінің ғана емес, сондай-ақ, белсенді тұлға аралық өзара әрекеттесудің де субъекті бола бастайды,оның өзі өте маңызды. Кіші мектеп оқушысы жеткіншек бола бастайды.
Білім мен тәрбие - егіз ұғым. Бұл екеуі әрдайым бірге жүргенде ғана адамның рухани байлығы кең болмақ. Ел болу үшін де ең алдымен тәртіп керек. Қазақ халқында «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп тегін айтылмаса керек. Әлемдегі екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани білім керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген. Демек, тәрбиесіз берілген білім апат әкеледі.
Тегінде, тәрбие – үлкен жауапкершілікті, жүйелі көңіл бөлуді талап ететін өзгеше бір әлем. Ғылымда осы өзгеше тәрбие мәселесімен айналысатын педагогика-психология саласы – халық педагогикасын зерделеуге, бала психологиясын, оның эстетикалық талғамын, ұлттың дәстүрлі мәдениетін, әскери мекемелер мен әскерилер психологиясын, өмірдегі жаман-жақсы адамдар психологиясын зерттеуге арналған бірден-бір ғылым. Осы ғылымның терең тамырлы, жан-жақты халықтық тәрбие, еңбек тәрбиесі, әскери тәрбие, патриоттық тәрбие, экономикалық тәрбие салалары бар. Барлық салалардың көздеген мақсаты - біреу ғана, ол – адам тәрбиелеу, яғни бүгінгі ұлттың менталитетіне лайық икемді, жан-жақты жетілген, нарықтық экономикаға бейім, парасатты ұлт азаматын тәрбиелеу.
Сонымен қатар адам бойындағы ешқандай аспаппен өлшеп болмайтын асыл қасиет – адамгершілік нәрін адам бойына сіңіру. Содан кейін ғана еліміздің болашағы – жастарға білім беру жолындағы тәрбие. Әр жастың санасын білім нәрімен сусындатып, оны ары қарай тереңдете жалғастырып, қазіргі заманның талабына сай етіп даярлау, т.б. Бұлардың бәрі – педагог-психологтың қызметі. Міне, осындай түзу жолдан шығып кетпес үшін арнайы педагог-психологтардың кеңесіне сүйенеміз, үйренеміз және өзгеге үйретеміз.
Тек бұл тұрғыдан емес, көзімізді ашып, айналамызға зер салып қарасақ, көптеген қателіктерге толы прцестер болып жатады. Біреуі – арақ пен темекінің соңынан жүріп, түнгі клубтарға барып, нашақорлықпен айналысып, өмірдің мағынасы мен мәнін түсінбейді. Осындай кереғар қылықтармен айналысып, жастайынан түрме азабын көргендер қаншама? Жаңа туған, өмірге шыр етіп келген бөбектерін тастап кеткен аналар қаншама? Неге олар мұндай жолға түсіп кеткен? Осындай өмірдің тар жолдарына түсіп қалған, қара түнекте өмір сүретін жандардың көзін ашуда осы педагог-психологтар бірінші орында тұрады. Олардың көзін ашып, өмірге қайта әкеліп, алдына мақсат қойдырып, оны да елінің кірпіші болып қаланатын психологтардың қазіргі таңда саны жетпейді
Ал өмірде жолы болмай, тек басы қиыншылықтар мен зардаптардан таусылмайтын жандар қаншама? Осы тұрғыдан да қарасақ, педагог-психологтар оларға күш-жігер, бағыт-бағдар берсе, оларға сүйеніш болып әрдайым қолдап отыратын жан – ол педагог-психолог.
Қазіргі педагог-психологтың алдына: болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын жас ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін қалыптасиырып, содан кейін оның жан сапасын, тән сапасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-жақты қолданбалы білім беру міндеттері қойылады. Ол үшін мектептер қаражатпен, техникалық құралдармен, мәдени қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет