Психология және арнайы білім беру кафедрасы


ХVІІІ-ХІХ ғасырларда жаратылыстану



бет17/52
Дата17.01.2022
өлшемі0.64 Mb.
#454615
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52
Салыстырмалы педагогика және психология

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда жаратылыстану

ғылымындағы жануарлар және адам психикасы туралы түсінік.

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда жаратылыстануда эволюциялық идеялардың дамуы жануарлардың психикалық ерекшеліктері талдауында негізделді. Француз және ағылшын ғалымдары орталық ұғым ретінде жануарлардың бейімделу тәртібінің пайда болуын қарастырды. ХVІІІ ғ. Ж.Ламетри әртүрлі жануарларды зерттеп, олардың инстинктті іс-әрекеттерінің биологиялық бейімделуі жөнінде және жабайы жануардан адамға дейін күрделі дамуы жөнінде пікірін білдірген. Э.Кондильяк инстинкт пен машықтарды салыстырап, инстинкттер уақыт өткен сайын дағдыға айналуын көрсетті. Ш.Леруа қарама-қарсы көзқарасын білдірді: қайталанатын қимылдар нәтижесінде туындаған инстинкттен адамның ойлау қабілеті аса түседі. Леруа адамның машықтары тұқым қуалау нәтижесінде дағдыланады деген пікірді білдірді.

Ең көп таласпікірлер жануарлардың ойшыл қабілеттері мәселесі бойынша қаралды. Ж.Бюффон жануарларда ойлау қабілеті жоқ, ойлау қабілеті тек қана адамда болуы мүмкін деп санаған. Бюффон еңбектерінде жануарлар психикасын объективті зерттеу негіздері салынған.

18 ғ. аяғы - 19 ғ. басында жануарлардың ойшыл тәртібі мәселесі бойынша эксперимент зерттеулері өткізілді. Бұл мәселе бойынша ғалымдар Ф.Кювье, Ж.Б.Ламарк, Мәскеу университетінің профессоры К.Рулье еңбектенді. К.Рулье инстинкттерді сыртқы орта әсерінен пайда болатын бейімделген реакциясы деп санаған. Инстинкттер жануарлардың алған тәжірибесі нәтижесінде өзгеруі мүмкін және бұл құбылыстар кейінгі тұқымға тапсырылады.

Салыстырмалы психологияның дамуына Ч.Дарвиннің еңбектері көп үлес қосты. Ғалым салыстырмалы-психологиялық зерттеулердің ғылыми нұсқасын «Адамдар мен жануарлардың сезімдері жөнінде», «Инстинкт» және тағы басқа еңбектерінде ұсынды. Бұл еңбектер осы күнге дейін пайдалануда. Дарвин ілімінде инстинкттер мен ойлау қабілеттері адамдарда да , жануарларда да бар, бірақ адамда олар жоғары деңгейде болады – бұл адамның жануарлармен салыстырғанда айрықша қасиеті.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап психология бөлек ғылым ретінде ресімделіп, ең басынан жануарлар психикасы жөніндегі және салыстырмалы-психологиялық зерттеулерге айрықша орын бөлініп, психологиялық ғылымның іргелі бағыттары негізінде қаралатын болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет