Psychology психология Bulimia булимия Ability



Дата19.12.2023
өлшемі17.6 Kb.
#486913
Шатасқан әріптер ағылшын


ЖАУАПТАР ШАТАСҚАН ӘРІПТЕР
Psychology психология
Bulimia булимия
Ability қабілет
Acrophobia акрофобия
Behaviour мінез құлық
Cretinism кретинизм
Dream арман
Fantasy қиял
Frustration фрустрация
Habit әдет


Психология — адамның дара тұлғалықпсихикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. 


Булимия — анорексия сияқты жеткіншектер арасында көп болатын проблема. Ол – тамақты шектен тыс ішу мен тәбеттің тым жоғары болуы.

Қабілет — тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара - психологиялық ерекшелігі.




Акрофобия ёгрекше: «ἄκρος» - жоғарыжәне «φόβος» - қорқыныш) — қорқыныштың биіктіктен қорқу түрі. Негізінен, бұл қорқыныш адамның денсаулығына аса үлкен зиянын келтірмейді. Дегенмен осы қорқыныштың әсерінен адамның басы айналады, жүрегі айниды. Бір сөзбен айтқанда, адам өз денесінде ыңғайлылықты сезудің орнына, қобалжуды сезеді.


Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет.


Кретинизм — Меңіреулік. Бала кемақыл, көбінде саңырау болып туатын жағдай. Бұл әдетте, анасының диетасында йодтың жетіспеуінен болады. Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда, ойлау процесі баяулайды, дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі бұзылады, өсу және жыныстық жетілу тоқтайды. Мұндай ауру кретинизм деп аталады. Егер дер кезінде емдесе, ауру салдарынан арылуға болады.


Арман – адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат.


Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.


Фрустрация - [ лат. frustratio – алдау, сәтсіздік, ақталмаған үміт ] - алға қойған мақсаттарына жете алмаған, жоспарлары күл-талқан болып күйреген адам басынан өткеретін уайым, үрей билеген психологиялық жай-күй.


Әдет— адамның күнбе-күнгі тіршілікқажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет