2.Жиындар дәрілік түр ретінде.Жалпы мәліметтер.Жіктелуі.Дәрілік өсімдік
шикізаты.Жиындар технологиясы
Жинақтар ұсақталған немесе бүтін, кейде эфир майлары, тұздар
қосылған және дәрілік
құралдар ретінде қолданылатын, дәрілік өсімдік шикізатының бірнеше түрлерінің қоспасы.
Жинақтар түрінде дәрілік препараттар сыртқа және ішуге де қолданылады және әртүрлі
сырқаттарды емдеуге белгіленеді. Басқа дәрілер сияқты жинақтар құрамы,
тұрақты емес,
сондықтан, қарапайым түрде немесе күрделі қоспалар түрінде қолданылады. Қазақстан
Мемлекеттік Фармакопеясына жалпы «Жинақтар» мақаласы (ҚР МФ, т.1, 570 б.) енгізілген.
Фармакопеяда келтірілген анықтамаға сәйкес жинақтар
кесілген, сирек жағдайда тұтас,
кейде
тұздар және эфир майлары қосылған, кептірілген дәрілік өсімдік шикізатының бірнеше
түрлерінің қоспасы болып табылады. Егер, бұрын жинақтар
тек дәріханаларда дайындалса,
қазіргі кезде олардың едәуірі фармацевтикалық өндірістерде дайындалып, дәріханаларға
дайын түрінде түседі. Кей кезде жинақтарды мөлшерге бөлу үшін белгілері бар брикеттерге
немесе жеке мөлшерлер түрінде пресстейді. Жинақтарды ірі фармацевтикалық өнеркәсіптерде
дайындау дәріханалар
жұмысын жеңілдетеді, өйткені, жинақтың дайындалуы қарапайым
көрінгенімен, дәрілік өсімдіктерді майдалау қиын операцияларға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: